Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы


Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы



бет2/8
Дата23.10.2020
өлшемі129,5 Kb.
#70923
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Астана
2001 ж.


 

1. Бағдарламаның паспорты


 

Атауы

Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы

Әзiрлеуге негiздеме

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 5 қазандағы N 4106 Жарлығымен бекiтiлген Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасының 3-тармағына сәйкес әзiрленген

Негiзгi әзiрлеушiлер

Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi

Мақсаттары

Қазақстан халықтарының тiлдерiн дамытудың стратегиясы үш негiзгi мақсатты айқындайды: мемлекеттiк тiлдiң әлеуметтiк-коммуникативтiк қызметiн кеңейту мен нығайту; орыс тiлiнiң жалпы мәдени қызметiн сақтау; этникалық топтардың тiлдерiн дамыту.

Мiндеттерi

Мақсаттарды іске асыру үшiн мынадай мiндеттердi шешу көзделедi:

мемлекеттiк тiлдiң мемлекеттiк басқару тiлi ретiнде қолданылуын қамтамасыз ету;


нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру;
іс жүргiзудi мемлекеттiк тiлге көшiру кестесiн (нақты мерзiмдер мен iс-шараларды көрсете отырып) белгiлеу арқылы барлық мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында мемлекеттік тiлдiң іс жүргiзудегi негiзгi тiл ретiнде қолданылуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 және 93-баптарын iске асыру мақсатында республика көлемiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттiң, ұйымдардың қаржылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен тыйым салынбаған басқа да көздерi есебiнен азаматтарға мемлекеттiк тiлдi тегiн оқыту курстарының бiрыңғай жүйесiн құру;
Мемлекеттiк ұйымдар мен жергіліктi өзiн-өзi басқару органдарында ресми қолданылатын тiл ретiнде орыс тiлiнің қызмет етуiн қамтамасыз ету;
орыс тiлiнiң қолданылуын ғылыми-лингвистикалық тұрғыда қамтамасыз ету;
этникалық қауымдастықтар (диаспоралар) өкiлдерiнiң ана тiлiн оқытуға мемлекеттiк қолдау көрсету.

Қаржыландыру көздерi

Бағдарламаны қаржылай қамтамасыз ету осы Бағдарламаны iске асыруға бөлiнетiн республикалық бюджеттен, жергiлiктi бюджеттер қаражаттары есебiнен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен тыйым салынбаған басқа да көздерден жүзеге асырылады. Бағдарламаны iске асыруға арналған бюджет қаражатына ең төменгi есептiк қажеттiлiк 3087,7 миллион теңгенi құрайды. Оның жыл сайынғы көлемi тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нақтыланатын болады.

Күтiлетiн нәтижелер

Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру Қазақстан аумағында қолданылатын тiлдердiң қажеттi функционалдық арақатынасына қол жеткiзумен айқындайтын, оңтайлы әлеуметтiк-лингвистикалық кеңiстiк құруды көздейдi.

 

Каталог: kaz
kaz -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
kaz -> БАҒдарламасы қазақ әдебиеті кафедрасы Астана-2013
kaz -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
kaz -> Қазақ лирикалық прозасының даму арналары С. Ш. Айтуғанова
kaz -> Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова жоспар
kaz -> БАҒдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізімі
kaz -> Ғылыми-Әдістемелік Кеңес мәжілісінде бекітілді
kaz -> Сабақтың типі: Пысықтау сабағы Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу, мінездеме, салыстыру, ой-түйін
kaz -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
kaz -> М. Мақатаев- қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет