ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
|
Ғылыми-Әдістемелік Кеңес
мәжілісінде бекітілді
№ 5 хаттама, « 21 ».04. 2016 ж.
Оқу жұмысы жөніндегі проректор
_______________ Д.Ж. Ахмед-Заки
|
|
|
6M020100 – «ФИЛОСОФИЯ» МАМАНДЫҒЫНА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МАМАНДЫҚ БОЙЫНША МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
АЛМАТЫ, 2016
Бағдарлама «6M020100 - Философия» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпыға білім беру стандартына сәйкес құрастырылған. Бағдарламаны құрастырушылар: философия ғылымдарының докторы, профессор Г.Ж.Нұрышева, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Т.Ю.Лифанова, философия ғылымдарының кандидаты Ж.А.Әмірқұлова.
Бағдарлама «Философия» кафедрасының мәжілісінде қарастырылған
Хаттама 2016 ж.
Кафедра меңгерушісі ____________________________ Г.Ж. Нұрышева
Философия және саясаттану факультетінің әдістемелік бюросында мақұлданған
Хаттама 2016 ж.
Әдістемелік бюроның төрайымы ____________________ Ж.С.Жұбаназарова
Ғылыми Кеңес мәжілісінде бекітілген
Хаттама 2015 ж.
Ғылыми кеңес төрайымы,
факультет деканы _________________________________ Ә.Р. Масалимова
Ғалым хатшы _________________________________ Ә.Өмірбекова
МАЗМҰНЫ
1. Мамандық бойынша түсу емтиханының мақсат-міндеттері
Бағдарламаның мақсаты: магистратураға түсушілердің әлеуметтік философияның негізгі теориялық мәселелері, қазақ және қазіргі заман философиясының ерекшеліктері туралы білімдерін айқындау, философияны оқыту әдістемесін меңгеру деңгейін анықтау.
Міндеттері:
философияның мәні туралы білімді меңгеру деңгейін анықтау;
қазақ философиясы, оның тарихи даму кезеңдері мен философиялық ілімдердің негізгі өкілдері жайында білім деңгейін айқындау;
әлеуметтік философияның іргелі ұғымдары мен принциптері, қоғам, адам мен табиғатты зерттеуде дүниетанымдық аспектілері мен методологиялық әдістерін білу деңгейін айшықтау.
кредиттік жүйе бойынша оқу жағдайында философияны оқыту методикасын игеру деңгейін нақтылау.
заманауи философияның негізгі бағыттары мен мәселелері туралы білім деңгейін бағалау.
түсушілердің ақиқатты сыни зерделеу деңгейңн айқындау.
2. «6М020100 – Философия» мамандығы бойынша магистратураға түсетін талапкерлердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
«6М020100 – Философия» мамандығы бойынша магистратураға түсетін талапкерлер келесі біліктіліктерге ие болуы тиіс:
философияның генезисін, ғылым жүйесіндегі орны мен рөлін, тарихи-философиялық білімнің даму кезеңдері мен маңызды салаларын, негізгі философиялық ғылыми мектептерді, бағыттар мен концепцияларды білу;
философия тарихы, қазақ философиясының тарихы, әлеуметтік философия, әлеуметтік антропология мен эпистемология, тұлға философиясы салаларын жетік білу; заманауи құқық және саясат философиясының, тарих философиясы, тіл және сана философиясы салаларының негізгі концепцияларын меңгеру;
адам мен қоғам табиғатын тануда социогуманитарлық әдістемені, философиялық пәндерді білім беру мекемелерінде оқыту әдісін білу және оны педагогикалық практикада қолдана білу;
заманауи ақпараттық технологиялар негізінде философия саласында зерттеу жүргізу мен ұйымдастырудың әдістерін игеру;
әріптестер және студенттермен араласу этикасы мен психологиясына ие болу;
өз бетінше білімін жетілдіруге және өз бетінше оқуға бейім болу, әрдайым кәсіби біліктілігін жетілдіруге ұмтылу, білім және ғылым саласында жұмыс істеу;
әлеуметтік жағдайларды жетілдіруді жасай алу қабілетінің болуы және жанжалдарды күшкөрсетпеу жолымен шешу, әлемдік мәдениет принципі негізінде өмір сүруге ұмтылу.
3. Білім беру бағдарламасының пререквизиттері
1. IOF 1304 Қазақ философиясының тарихы (3 кредит)
2. MPF 3306 Философияның оқыту әдістемесі (3 кредит)
3. SF 2417 Әлеуметтік философия (3 кредит)
4. Емтихан тақырыптарының тізімі
«Қазақ философиясының тарихы» пәні
1 тақырып. Түркі өркениеті және оның ерекшеліктері.
Әлемдік өркениеттегі түркі мәдениетінің маңызы. Көшпелі және жартылай көшпелі халықтардың материалдық мәдениеті. «Орхон-Енисей» ескерткіштері және олардың түркі халықтарының жазба мәдениетінің қалыптасуындағы маңызы. «Қорқыт ата кітабы» − түркі мәдениетінің көрнекті ескерткіші.
2 тақырып. Қазақ философиясының қалыптасуы мен даму ерекшеліктері.
Қазақ философиясының қалыптасуы мен даму ерекшеліктері. Қазақ философиясының тарихын кезеңдерге бөлу. Арғықазақтардың дүниетанымдық бағдарлары мен алғашқы категориялары және олардың арақатынасы.
3 тақырып. Тәңіршілдік және шаманизм.
Қазақтардың дәстүрлі наным-сенімдері. Тәңірі, Жер-Су, Ұмайға табыну. Түркі және қазақ шаманизміндегі Зороастрлік негіз. Тәңіршілдік және оның қазақ дүниетанымындағы орны.
4 тақырып. Көшпелі түркі мемлекеттерінің философиясы.
Түркі халықтарының этногенезінің әлеуметтік-мәдени ерекшеліктері. Түркі халықтары мәдениетінің дамуының мемлекеттік кезеңі. Түркі халықтарының көршілес елдермен мәдени өзара қарым-қатынасы. Түркі халықтарының діні мен наным-сенімдері. Көшпелілердің космологиялық түсініктері. Түркі халықтарының тілі, жазу мәдениеті, халық медицинасы. Түркі халықтарының музыкалық мәдениеті.
5 тақырып. Қазақстан территориясындағы Мұсылман Ренессансы Қазақстанға ислам дінінің таралуы және оның қазақ халқының рухани болмысын қалыптастырудағы ықпалы. Мұсылман Ренессансы және Түркі өркениеті.
6 тақырып. әл-Фараби философиясы.
Әл-Фарабидің шығармашылық өмірбаяны. Әл-Фараби философиясы. Әл-Фарабидің әлеуметтік-саяси көзқарастары. Ғылымдарды жіктеу.
7 тақырып. Ж.Баласағұнның философиясы және Махмұд Қашқаридің әлеуметтік-философиялық көзқарастары
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегіндегі негізгі ойлар. Махмұд Қашқари және оның «Диуани-лұғат-ат-түрк» / «Түркі тілдерінің сөздігі» шығармасы.
8 тақырып. Йассауи философиясы
Сопылық – исламдағы діни-философиялық ағым ретінде. Қожа Ахмет Йассауи және оның «Диуани Хикмет» еңбегі. Қазақстан территориясындағы сопылықтың дамуы.
9 тақырып. 15-18 ғасырлардағы қазақ ақын-жырауларының философиялық идеялары.
Қазақ фольклорының дүниетанымдық мазмұны. 15-18 ғасырлардағы қазақ ақын-жырауларының философиясы. Шалкиіз. Ақтамберді жырау. Доспамбет. Бұқар жырау.
10 тақырып. Қазақ Ағартушылығы
Қазақ ағартушылығының қалыптасуы. Қазақ ағартушылығының негізгі ерекшеліктері және оның тарихи негіздері.
11 тақырып. Ш. Уәлихановтың философиялық көзқарастары.
Ш.Уәлихановтың философиялық және ғылыми-жаратылыстанулық көзқарастары. Ш.Уәлихановтың әлеуметтанулық концепциясы, этикалық және эстетикалық көзқарастары.
12 тақырып. Ы. Алтынсариннің философиялық көзқарастары.
Ы.Алтынсариннің философиялық көзқарастары, дінге қатысты ойлары. Ы. Алтынсариннің педагогикасы.
13 тақырып. Абай мен Шәкәрім философиясы.
Абай Құнанбаев, оның философиялық ойлауының ерекшеліктері. Адамшылық-этикалық концепциясы. Абайдық ағартушылық исламы және қазақ халқы туралы ойлары. Шәкәрім. «Үш анық».
14 тақырып. ХХ ғасыр басындағы қазақ философиясы
Шәкәрім Құдайбердіұлының философиялық ілімі. Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан және қазақ халқының ұлттық ояну философиясы. Міржақып Дулатұлы және оның қазақ халықының тарихы философиясы. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың философиялық дүниетанымының негізгі белгілері. Қазіргі кездегі қазақ философиясының өзекті мәселелері мен даму үрдістері.
15 тақырып. Қазақстандағы марксистік философия
Қазақстандағы маркстік-лениндік философияның ерекшеліктері. Қазақстанда марксизмнің таралуы. Қазақстанда кәсіби философияның қалыптасуы. Диалектикалық логиканың Алматылық мектебі. Қазақстандағы марксистік философияның жетістіктері мен қарама-қайшылықтары.
16 тақырып. Қазақстан Республикасы философиясының ерекшеліктері
Қазақстандағы постмарксистік философия. Қазақ философиясының тарихын зерттеудің тарихи-философиялық принциптерін негіздеу. Арғытүркілер мен түркілердің философиялық мұрасын зерттеу. Дәстүрлі қазақ философиясын зерделеу. Қазақ халқының рухани мәдениеті мен эстетикасын зерттеу.
«Философияны оқыту әдістемесі» пәні
1 тақырып. Философияны оқыту әдістемесі.
Философияны оқытудың мәні. «Философияны оқыту әдістемесі» ұғымы: объектісі, пәні, құрылымы, қызметтері, мақсат, міндеттері және принциптері. Педагогика – әдістеме − дидактика: ұғымдары, ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Оқыту – пропедевтика , ағартушылық, білім беру және дүниетанымдық мәдениетті және философиялық талғамды қалыптастыру құралы ретінде. Зерттеу университетіне өту жағдайындағы «философияны оқыту әдістемесінің» ерекшеліктері.
2 тақырып. Қазіргі заманғы білім беру мәселелік оқыту ретінде.
Қазіргі заманғы білім беру философиясы. Дәстүрлі білім берудің дағдарысы. Қоғамдық сананың, философиялық және педагогикалық білімнің трансформациясы. Білім беру мәселелері жөніндегі әлемдік ғылыми пікірталасқа қосылу. Философиялық білім берудің ұғымы, мазмұны, мақсаттары мен мәні. Философияны оқыту үдерісінде философиялық принциптерді өзектендіру. Философия мен философиялық пәндерді оқыту үдерісінде ойлаудың философиялық мәдениетін қалыптастыру.
3 тақырып. Орта білім беру жүйесіндегі дәріс.
Дәрістер: мақсаттары міндеттері, қызметтері. Дәрістерді өткізу түрлері. Дәрістің әдістемелік құрылуы; жалпы міндетті элементтер мен шығармашылық бастаудың бірлігі. Дәрісті классикалық әдістемелік құру: жоспар, уақыт есебі, кіріспе, мақсаттар, міндеттер, негізгі ұрандар, қорытынды. Философияның жалпы курсы, философия тарихы, мәдениет философиясы, ғылым философиясы, дін философиясынан дәріс оқудың ерекшеліктері: мақсат-міндеттері мен қызметтері.
4 тақырып. Орта білім беру жүйесіндегі семинар
Seminarium: семинар жүргізудегі дәстүрлі және инновациялық негіздер. Семинарлар: мақсат-міндеттері мен қызметтері. Семинарларды әдістемелік құру: жалпыға міндетті элементтер мен шығармашылық бастаулар. Семинарды әдістемелік құрастыру. Семинарлардың негізгі пункттері мен кезеңдері, белгілі бір формада жүргізідетін семинарларға «технологиялық» және әдістемелік тұрғыда дайындалудың ерекшеліктері. Әртүрлі әдістемелердің мүмкіндіктері мен кемшіліктері.
5 тақырып. Өзіндік жұмыс және білім алушылардың білімін бақылау формалары
Қазіргі заманғы білім берудегі өзіндік жұмыстың орны мен рөлі. Білім беру және білімді өз бетінше жетілдіру. СӨЖ ұғымы, мақсат-міндеттері, түрлері мен өткізу мерзімдері және оғани арналған бағдарламалар мен тапсырмаларды құрастырудың ерекшеліктері. СӨЖ-дің түрлері. Оқушылардың, гимназистердің, лицеистердің, колледж студенттерінің өзіндік жұмыстары: ерекшеліктері, формалары, жоспарлау, ұйымдастыру мен өткізу мәселелері.
6 тақырып. Жоғары және орта арнаулы оқу орындарындағы сабақтан тыс жұмыс
Факультативті және қосымша сабақтар түсінігі, мақсат-міндеттері мен қызметтері. Сабақтан тыс білім жүйесіндегі үйірмелер мен клубтардың орны. Философиялық пәндер бойынша сабақтан тыс жұмыстардың тиімді түрлерінің әдістемесі. Киноклуб, оқырмандар клубтары мен конференциялары, көрмелерді бару, т.б. және олардың білім алудағы, ағартушылық, тәрбиелік, эвристикалық қуаты және қоғамтанушы педагогтың, ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысының ерекшеліктері. Философияны оқытудағы дәстүрлер мен жаңашылдықтар.
«Әлеуметтік философия» пәні
Тақырып 1. Әлеуметтік философия: мәртебесі, қызметі мен мәні
Философияның генезисі. Әлеуметтік философияның ғылыми статусы. Әлеуметтік философияның қызметі. Әлеуметтік философияның ғылыми және гуманитарлық білім саласындағы орны. Әлеуметтік философияның даму логикасы.
Тақырып 2. Әлеуметтік-философиялық білімнің тарихы.
Адамзат тарихының мәні. Әлемдік діндердегі қоғамның моделі (христиандық, ислам, буддизм). Философия тарихы және әлеуметтік философия – генезис, арақатынас және ерекшеліктері. Философия тарихы: антика, орта ғасыр, Жаңа заман, гегельшілдік, марксизм. XX ғасырдағы әлеуметтік философия: К.Поппер, Т.Адорноның концепциялары және т.б.
Тақырып 3. Әлеуметтік-философиялық методолгияның проблемалары
Метод және методология жайлы жалпы ұғым. Әлеуметтік философия әлеуметтік таным методологиясы проблемасының контексінде. Марксизмнің диалектикалық-материалистік методологиясы. Франкфурт мектебінің диалектикалық және әлеуметтік философиясы (Адорно, Маркузе, Хоркхаймер, Фромм және т.б.). Қоғамды сараптауда синергетиканың жүйелі методологиясы мен принциптері.
Тақырып 4. Қоғам: философиялық сараптама негіздері
Қоғам болмысы. Қоғамдық болмыс және қоғамдық қатынастар ұғымы. Қоғам жүйе ретінде. Қоғамдық болмыстың көпқырлылығы, қоғамдық қатынастар ұғымы және көптүрлілігі. Қоғамдағы әлеуметтік жүйесі ұғымы. Қоғам іскер ретінде: қоғамдық өндіріс ұғымы, материалдық және рухани өндіріс. Қоғам өмірінің саласы. Әлеуметтік институттар: жалпы анықтамасы мен сипаттамасы. Қоғам түрлері.
Тақырып 5. Әлеуметтік философиядағы формациялық тәсіл.
Адамзат тарихының тұтастығы мен алуан түрлілігі. Тарихтың формациялық бөлігі. Қоғамдық-экономикалық формация. Формацияның негізгі элементтері. Тарихты материалистік тұрғыдан түсіндіру. Марксшілдіктің формациялық теориясы: оның тарихы, негізгі ұғымдары мен принциптері.
Тақырып 6. Әлеуметтік философиядағы өркениеттік тәсіл.
«Мәдениет» және «өркениет» әлеуметтік философияның проблемасы ретінде. Тарихтың өркениеттік бөлігі. Өркениеттік әдістің мәні. Заманауи өркениет. Әлемдік қауымдастық жүйесіндегі технико-технологиялық Қазақстан: жаһандану проблемасы және әлеуметтік жаңғырту.
Мәдениет және өркениет теориялары: Н.Данилевский, О. Шпенглер, П. Сорокин, А. Тойнби және т.б.. Л.Н. Гумилевтің этнологиялық теориясының философиялық қырлары.
Тақырып 7. Заманауи ақпараттық қоғам философиялық сараптаудың объектісі ретінде
Әлеуметтік-тарихи даму қарқынының үдеуі. Ақпарат әлеуметтік феномен ретінде. Бұқаралық ақпарат құралдары. Әлеуметтік байланыс жүйесі. Ақпараттық-байланыс технологиялары. Жаһандану және ақпараттық революция. Ақпараттық қоғам мен постиндустриялдық даму теориясы: Э.Тоффлер, Д. Белл, Ж. Бодрийяр, М. Кастельс, Э. Гидденс, Й. Масуда және т.б. Заманауи қоғам дамуындағы желілік технологиялардың дамуы. «Желілік жүйе қоғамы».
Тақырып 8. Адам болмысының әлеуметтік-мәдени негіздері.
Адамдағы биологиялық және әлеуметтілік. Адамның әлеуметтік табиғаты туралы. Әлеуметтіліктің биологиялықпен сәйкессіздігі. Тұлға ұғымы және «жүйесі» Тарихи және харизматикалық тұлға ұғымы. Тұлға, бостандық, құндылықтар: ұғымдары, табиғаты және мәні. Адам бостандығының онтологиясы, феноменология және аксиологиясы, олардың байланысы.
Тақырып 9. Әлеуметтік даму
Қоғам тарихтың субъектісі ретінде: объективті заңдылық және адамдардың саналы қызметі. Әлеуметтік заңдылық ұғымы. Әлеуметтік даму прогресс ретінде: тарихтың біртұтас және әралуандық проблемасы. Тарихи процесстегі революциялық және эволюциялық. Әлеуметтік революциялар: заңдылығы, жүйелілігі, маңыздылығы. Әлеуметтік мобильділік. Әлеуметтік ауысудың типологиясы. Вертикальді мобильділік типологиясы. Қоғамдық прогресс.
Тақырып 10. Қоғамның экономикалық болмысы.
Материалды өндіріс тарихи зерттеудің объектісі ретінде.
Өндірістің технологиялық әдісі. Технологиялық детерменизм концепциялары. Техниканың салыстырмалы тәуелсіздігі. Техникалық революциялар. Технологиялық қатынастар. Өндірістің экономикалық әдісі. Өндірістік күштер. Өндірістік қатынастар жүйесі. Негізгі және туындаушы қоғамдық қатынастар.
Тақырып 11. Қоғамның әлеуметтік болмысы
Әлеуметтік құрылым ұғымы. Қоғамның этникалық құрылымы. Ру және тайпа. Халық. Ұлт. Қоғамның демографиялық құрылымы. Тап және таптық қатынастар. Таптардың қалыптасуы. Әлеуметтік стратификация. Қауымдар мен касталар. Қазақстандық қоғамдағы страттар.
Тақырып 12. Қоғамның саяси болмысы
Қоғам «саяси ағза» ретінде: саяси жүйенің ұғымы мен элементтері. Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның философиялық қырлары. Саясат және құқық философиясы әлеуметтік философия контексінде. Мемлекеттің пайда болуы. Мемлекет және азаматтық қоғам. Азаматтық қоғамның құрылымы. Саяси партиялар.
Тақырып 13. Әлеуметтік таным
Әлеуметтік танымның эмпирикалық деңгейі. Қоғамтанудағы бақылау. Әлеуметтік эксперимент. Әлеуметтік танымның теориялық деңгейі. Әлеуметтік болжам мен жоба негізі. Әлеуметтік болжам. Ғылыми болжамның мәні. Адамзат жаһандық мәселелермен бетпе-бет. Планетарлық сананың қажеттілігі.
5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер:
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына Жолдау. Астана, 11 қараша, 2014 ж.
Назарбаев Н.Ә. Мемлекеттілікті нығайту жолындағы бес институционалдық реформа. Астана, 12 наурыз, 2015 ж.
Абай. Қара сөздер. Алматы, 2010.
Абишев К.А. Философия. − Алматы, 2000.
Аль-Фараби и современность. Под ред. Мутанова Г.М., Алматы, 2014.
Әл-Фараби және қазіргі заман. Мұтанов Ғ.М. ред. Алматы, 2014.
Едильбаева С.Ж. Философия образования. Алматы, 2015.
Ильин В.В. Философия. − М., 2012.
Лифанова Т.Ю. Кртическое мышление. Алматы, 2015.
Нұрышева Г.Ж. Философия. Алматы, 2013.
Петрова В.Ф., Хасанов М.Ш. Философия. Алматы, 2011.
Сегизбаев О.А. Казахская философия XV - начала XX века. − Алматы, 2001.
Қосымша әдебиеттер:
Алтаев Ж.А. Ортағасырлық классикалық ислам философиясы. – Алматы, 2015.
Аль-Фараби. Философские трактаты. – Алматы, 2014.
Касымжанов А.Х. Аль-Фараби. – Алматы, 2000.
Методические рекомендации к базовому курсу «Философия» / И.В. Ватин, В.Е. Давидович и др. − Ростов-на-Дону, 2012.
Мынбаева А.К. История, теория и технологии научной деятельности высшей школы. − А., 2010. − 257 с.
Проблемное обучение и преподавание философии. − Минск, 2010.
Білімдерді бағалау шкаласы
Әріптік жүйе бойынша бағасы
|
Баллдардың сандық эквиваленті
|
%-тік мазмұны
|
Дәстүрлік жүйе бойынша бағасы
|
А
|
4,0
|
95-100
|
Үздік
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
В
|
3,0
|
80-84
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
Қанағаттанарлық
|
С
|
2,0
|
65-69
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D-
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
Қанағаттаннарлықсыз
|
Eмтиханды өткізу барысында білімдерді бағалау келесі критерийлерге сүйенеді:
«Үздік» баға – барлық бағдарламалық материал бойынша терең білім, қарастырылып отырылған үрдістер мен құбылыстардың мәні мен өзара байланысын түсіну, пәннің негізгі тұжырымдамалары бойынша нақты білім, емтихан билетінің барлық сұрақтары мен емтихан комиссиясы мүшелерінің қосымша сұрақтарына логикалық тұрғыда дәйекті, мағыналы, толық дұрыс және нақты жауаптар, сұрақтарға берілген жауаптарда барлық ұсынылған әдебиетті қажетінше қолдану.
«Жақсы» бағасы – барлық бағдарламалық материал бойынша нақты және толық білім, қарастырылып отырылғын үрдістер мен құбылыстардың мәні мен өзара байланысын дұрыс түсіну; жекелеген сұрақтар бойынша ескертулерді еркін түзетуде дәйекті, мағыналы, дұрыс және нақты жауаптар.
«Қанағаттанарлық» бағасы – бағдарламаның негізгі сұрақтарын түсіну және нақты білім, қойылған сұрақтарға қатесіз жауаптар, емтихан қабылдаушылардың көмекші сұрақтары арқылы маңызды емес қателер мен дәлелсіздіктерді жоя білу, сұрақтарға жауап беруде ұсынылған әдебиетті жеткіліксіз дәрежеде қолдану.
«Қанағаттанарлықсыз» бағасы – негізгі сұрақтардың біреуіне болса да дұрыс жауап бермеу, жауапта дөрекі қателердің болуы, қарастырылып отырған сұрақтарды түсінбеу, қосымша сұрақтарға сенімсіз және дәл емес жауаптар.
Достарыңызбен бөлісу: |