Өлгеннен кейiнгi
өмiр
» (Ақ. – 1995. №1), «
Халық әртiсiн
тiрiдей жерлегенi
несi?
»
(Айғ. – 17.05.2006), «
Белгiлi де белгiсiз
Жаһанша Досмұхамедов
»
(З-Қ. – 09.08.1997), «
Мүмкін еместі болдырған…
» (ЕҚ. – 12.12.2014).
«Фигураның бір түрі – сөз тастап кету яки
эллипсис
(грекше
«түсіріп тастау», «аттап айту») – сөйлем ішінде немесе өлең шумағында
атап айтпаса да түсінікті кейбір сөздерді әдейі жазбай тастап кету»
[141, 240]. Осындай «сөз тастап», «сыр бүгудің» әдебиетте, әсіресе
жаңалық жеткізуші публицистикалық мәтіндерде, прагматикалық
әсері жоғары. Шын мәнінде, баспасөз тіліндегі эллипсистің өзіндік
ерекшелігі – мұнда автордың жазбай кеткен сөздері барлық кезде
түсінікті әрі алдын ала болжамды бола берейді. Тілшілер аталмыш
фигураның осындай қырын біле тұра, оның адресат санасына әсер
етушілік, экспрессивті қасиеттерін мақала тақырыпатын айшықты ету
үшін мейлінше пайдалануға тырысады. Газет беттерінен өзіне қажетті
де қызықты ақпаратты іздеп отырған реципиент үшін «
Сегiзбай +
Ақшай = ...
» (ЕҚ. – 06.03.2011), «
Қазақстанда дарынды балалар бар,
бiрақ...»
(ЖА. – 04.09.1999), «
Елемесов елші ме, әлде?
» (ЖА. –
01.08.2013), «Көршiң тыныш болса...» (Ақ. – 2000. №2) сияқты мақала
атауларына кезігу оның қызығушылығын оятып, мәтініне жүгіну
арқылы «көп нүктенің» орнын алынған ақпаратпен толықтыру
құлшынысы пайда болатыны хақ.
Достарыңызбен бөлісу: |