Зерттеудің теориялық мәнділігі: зерттеуде отбасы құндылығы және сапалары эмоционалды, когнитивті және мінез-құлықтық деңгейде ерекшеліктері көрсетілген. Алынған мәліметтер: отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілері, отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынас процесіне психокоррекциялық жұмыстар жүргізу жолдары жүйелі түрде талданған.
Зерттеудің тәжірибелік мәнділігі:отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық процесінің аспектілерін анықтауға пайдаланылатын әдістер қазақ тіліне аударылып, осы ортаға бейімделіп қолданылды, нәтиже көрсеткіштері тепе-тең деңгейде мәселені қарастыруға әкеледі. Зерттеу көрсеткіштері мен қолданылған психокоррекциялық әдістемелер психолог әрекетінің құрылымы мен стратегияларын әсерін жоғарылатуға әкеледі.