Ғылыми конференциясының материалдары


БІЛІМДІ ҰРПАҚ-ЕЛ БОЛАШАҒЫ



бет78/131
Дата28.03.2024
өлшемі5,96 Mb.
#200351
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   131
Байланысты:
treatise40297

БІЛІМДІ ҰРПАҚ-ЕЛ БОЛАШАҒЫ


Каргар Бабур (Ауғанстан)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Тилеужанова Г.Т.

Тәуелсіз ел болашағы – білімді ұрпақ. Бүгінгі таңда басты мәселе бәсекелестікке қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген нақыл сөзден қазақ халқының бұрынғы замандардан-ақ білімнің қадірін білгендігін аңғару қиын емес. Қазақтың бұл мақаланың өзі бүгінгі күні айрықша мәнге ие болып отыр. Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымда болатын уақытқа келдік.


Білімді ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің міндеті. Қазақстанның Елбасы халыққа Жолдауының басты бөлімдерінің бірінде “Қазір бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман”, -деп айтқандай, дарынды, білімді ұрпақ еліміздің ертеңгі тұтқасы болатыны даусыз.
XXI ғасырдың басты талабы - оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу екендігін ескеріп, заман талабына сай енгізілуде. Оқытудың жаңа технологиялық әдістерін пайдалана отырып, өздіктерінен ойлана алатын, ізденгіш, шығармашылықпен жұмыс істейтін тұлғаны тәрбиелеу тиімді болатыны сөзсіз. Білім саласының қызметкерлерінің бүгінгі таңда жауапкершілігі мен маңызы күшейіп отыр. Н.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, қазіргі уақыт адамзат биігін білекпен емес, біліммен бағындырудың заманы. Елбасы «Тілдердің үштұғырлығы» бағдарламасын ұсынды. Мемлекеттік тіл — қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі — орыс тілін және халықаралық тіл — ағылшын тілін халықтың неғұрлым көп бөлігінің меңгеруіне бағытталады.
Жолдаудың басты бағытының бірі – білім саласы. ХХІ ғасырда қоғам мен мемлекет дамуының басты тетігі білім беру болып отыр. Қазақстанның білім беру жүйесі санға ғана емес, сапаға негізделуі – бүгінгі күн талабы. Мұғалімдер мен оқытушылардың біліктілігін көтеру жұмыстарын жандандыру және білім сапасын тексеруде тәуелсіз сарапшылар рөлін күшейту жұмыстары жүргізілуде.
Білім мен ғылымның дамуы - адамзат өркениетінің өлшемі. Білім саласы үнемі жетіліп, жаңарып отыруды қажет етеді.
Тәрбие мен оқу-білімді егіз дүние. «Бала тәрбиесі – мемлекеттің маңызды міндеті» деген сөзді Платонның өзі де бекер айтпаған болар. Өйткені ұрпақ тағдыры дегеніміз – ұлт тағдыры.
Ұлы ойшыл, кемеңгер Әбу-Насыр әл-Фараби: «Адамға ең алдымен білім емес тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім–адамзаттың қас жауы »деп айтқан. Олай болса, өскелең жас ұрпақты болшақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу – әр ұстаздың, оқытушының, тәрбиешінің, қоғамның міндеті. Осы міндеттерді атқару баршамыздың азаматтық парызымыз болмақ. Тәрбие арқылы берілетін білімнің болашағы әрқашан баянды Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің негізгі мақсаты — жастардың бойында азаматтық пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру. Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді жастар.
Ауған Ислам Республикасындағы отыз жылдық қақтығыстың нәтижесі Ауғанстанның білім беру жүйесі мен институттарының талқанын шығарды. Әйелдер мен қыздардың білім алуға мүмкіндіктері болмаған. Ал 2002 жылы шамамен 900 000 бала мектепке барды. Содан бері, Ауған үкіметінің, Ауғанстанның Білім және ғылым министрлігінің, USAID қолдауымен, 186.000-нан астам оқытушылар жұмысқа қабылданған және оқытылған,13000-нан астам мектеп салынды. Қазіргі уақытта Ауғанстанда сегіз миллионнан астам студент, соның ішінде 2,5 миллионнан астамы қыздар. 2013 жылы бір миллион ауған оқушылары USAID қолдауымен мектептерде оқыды және 5 миллионнан астам бастауыш сынып оқушыларына USAID-тан көмек бөлінді.
Ауғанстандағы тұратын халықтың жүз пайыз білім алуға мүмкіндіктері жоқ. Оның себептері көп. Соның бірі- мемлекетте болып жатқан қақтығыстар. Ал қақтығыс болып жатқан аймақта халықтың әлеуметтік жағдайының төмен болады, яғни кедейшілік. Қазіргі уақыттың өзінде, діни көзқарастағы адамдар қыздарының білім алуына қарсылық білдіреді. Сонымен қатар мемлекет елдің болашағы үшін, жастарға шетелде білім алуға мүмкіндік жасап жатыр. Мысалы: Үндістанда, Түркияда, Пәкістанда, Қытай Халық Республикасы мен Ресей Федерациясында және т.б. мемлекеттерде. Америка Құрама Штаттарында ауған қыздарының тегін оқуына мүмкіндіктері бар. Шет мемлекеттерде білімді ақылы және ақысыз түрде алуға болады.Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім арқасында, біз де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде білім алып жатырмыз. Осында білім алып жатқан тыңдаушылар – Ауғанстанның болашағы. Бүгінгі жастар- халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет