Ғылыми конференциясының материалдары



бет88/131
Дата28.03.2024
өлшемі5,96 Mb.
#200351
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   131
Байланысты:
treatise40297

Әдебиеттер


1. «Мәдени мұра» бағдарламасы. 13 қаңтар 2003 ж. №1277 жарлығы.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995.
3. ҚР тіл саясатының тұжырымдамасы // Тіл және қоғам. 2004. № 2. 7-б.
4. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы // Егемен Қазақстан.1997.15. 07.
САНЖАР АСФЕНДИЯРОВ – ҚАЗАҚ ТАРИХЫНДАҒЫ ҰЛЫ ТҰЛҒА

Саид Сабер Надим (Ауғанстан)
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ
Ғылыми жетекшісі: Канленова Б.Н.

Қазақтың тұңғыш дәрігерлерінің бірі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-тарихшы Санжар Жапарұлы Асфендияров 1889 жылы 20 қазанда Ташкент қаласында дүниеге келген. Әкесі Сейітжапар (Жағыпар, Сейітжағыпар) – сұлтан, Әбілқайыр ханның үлкен ұлы Айшуақ ханның ұрпағынан тараған патша әскерінің полковнигі шенінде отставкаға шыққан. Жарты ғасырдан астам уақыт Түркістан өлкесінде қызмет еткен қазақ қайраткері. Ал анасының есімі – Гүландам Қасымова (кейбір деректер бойынша Кенесары Қасымовтың ұрпақтарынан тараған). Ол Ташкенттегі реалдық училищесінде, содан кейін Санкт-Петербургтағы әскери-дәрігерлік академиясында білім алған. Академияда үздік оқығаны үшін алтын медаль алған. Санжар өзінің әскери-медициналық қызметін Түркістан генерал-губернаторлығы мен Бұқара әмірлігінің шекарасындағы Термез мекенінде, жергілікті лазаретте кіші дәрігер ретінде бастады. Самарқандта және Ашхабадта шоғырланған атқыштар полктарында дәрігерлік қызметпен айналысады. 1914 жылы тамызда Санжар 5-ші Түркістан атқыштар полкының аға дәрігері қызметінде І дүниежүзілік соғыстың Шығыс майданына аттанады. Осы майданда 1914 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында болған ұрыстарда Санжар жараланған және науқас болған сарбаздарға медициналық көмек көрсетумен айналысты. 1914 жылы желтоқсанда жоғары әскери басшылықтың өрескел қателіктерді жіберу салдарынан 5-ші Түркістан атқыштар полкы Лодзь (қазіргі Польшаның ірі қалаларының бірі, ол уақытта Шығыс Пруссия территориясында орналасқан) неміс қоршауына түсіп, басына ауыр жарақат алған Санжар жау тұтқынына түседі. Неміс тұтқынында Санжар патша үкіметі тағдырдың тәлкегіне тастаған мыңдаған жауынгерлердің қатаң тағдырына ортақтасып, күрделі санитарлық жағдайларда иммитацияланған лазареттерде медициналық қызметпен шұғылданып, Торн, Кутно, Александровка концентрационды лагерьлерінде бір жылға жуық уақыт өткізеді. Осы кезде Санжар неміс тілін үйреніп меңгеріп алады. 1915 жылдың аяғында Қызыл Кресттің көмегімен, Балтық теңізі арқылы алдымен Щвеция, сосын темір жол арқылы Санкт-Санкт-Петербургқа қайтып оралады. Арнайы медициналық қараудан өтіп, денсаулығы нашар деп танылған Санжар Түркістан әскери-медициналық басқарманың резервіне жіберіліп, 1919 жылы қаңтардың басында Ташкентке қайта оралып, Кеңестердің жұмысына қатыса бастайды. 1918-19 жылы Асфендияров аштықпен күрес жөніндегі төтенше комиссиясының Сырдария облысы бөлімшесін басқарды. 1925–28 жылы Мәскеуде Шығыстану институтының директоры болды. 1928 жылдан бастап ол Қазақстанда еңбек етті. Ол республикадағы алғашқы оқу орындары мен ғылымын ұйымдастыруға көп күш салады. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің алғашқы ректоры (1928 – 31), Алматы медицина институтының ұйымдастырушысы және тұңғыш ректоры (1931 – 33) қызметтерін атқарды. Асфендияров осы институтта жалпы химия, биология, физика пәндерімен бірге анатомия, қалыпты физиология, ішкі аурулар, гистология, микробиология, фармакология, биологиялық-химия, гигиена бөлімдерін және хирург кафедраларын ашты. Асфендияров сол кезде көп таралған жұқпалы аурулармен күреске, аурулар мен індеттердің алдын алу шараларына, халыққа ақысыз дәрігерлік көмек көрсету жұмыстарын жолға қоюға көп еңбек сіңірді. Халық арасында жиі кездесетін туберкулез, шешек, оба, сүзек, тері ауруларына қарсы медицина көмек ісін ұйымдастырды. Орта дәрежелі оқу орындарында, қысқа мерзімді арнаулы курстарда әртүрлі буындағы медицина мамандарын көптеп даярлауға күш салды. Асфендияровтың қызметі әрқашанда Қазақстандағы және Орта Азиядағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени өзгерістермен байланысты болды. Басқарушы қызметкер бола жүріп, ол тұрмыс ерекшеліктерін, Шығыс халықтарының тарихы мен мәдениеті мәселесі жөнінде жақсы білетін еді және Қазақстан тарихының күрделі мәселелерін зерттеген белгілі ғалым болды. Ол — Қазақстан тарихы жөніндегі көптеген еңбектердің авторы, сондай-ақ қабілетті зерттеуші-филолог және жазушы. Асфендияров Шығыс халықтарының өмірі туралы "Шатер мира" деген повесть, қазақ ұлтының мәдениеті жөнінде мақалалар жазды. «Шатер мира» повесі 1935 жылдың басында жарыққа шығып, көлемі жағынан үш баспа табақтан асатын, орыс тілінде шығарылған, алты бөлімнен тұратын еңбек болып табылады. Шығармадағы басты оқиғалар Түркістан өлкесі тарихының аса күрделі болып табылатын кезеңі - 1907-1921 жылдарды қамтып көрсеткен. Ол өзінің ана тілі – қазақ тілінен басқа орыс, ағылшын тілдерін жетік білген, тіпті оның қытай тілін үйренуге ден койғанын аңғартатын да мәлімет кездеседі. Ғалым-дәрігер Санжар Асфендияров шығыстанумен шұғылданатын ғалымдар үшін қытай тілін білу қажеттілігін шәкірттеріне айтып отырған. Туған халқы үшін аянбай адал еңбек еткен ғалым жалған жаламен ату жазасына кесілді. Жұбайы Рабиға да жазықсыз жазаланып, 5 жыл айдауда болды. Ұзақ жылдардан кейін ғана Санжар Асфендияровтың аяулы есімі 1958 жылы 26 мамырда ақталды. 1990 жылы Алматы медицина институтына ғалымның ардақты есімі берілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет