«Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің Әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұны 1-дәріс. Тақырыбы: «Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы»



бет44/150
Дата20.11.2023
өлшемі0,64 Mb.
#192083
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   150
Байланысты:
Дәрістер

Педагогикалық теориялар.
1. Тұлға теориясы. Іс-әрекет теориясы.
2. Құндылықтар теориясы. Басқару теориясы.
3. Тұтас педагогикалық процесс теориясы
Негізгі ұғымдар: тұлға, іс-әрекет, құндылықтар, басқару, тұтас педагогикалық процесс теориялары.
Ғылыми теория - білімдердің жүйесі бола отырып, айналадағы обьективті шындықты танудың негізгі құралы болады. Ғылыми теория мұғалімнің іс-әрекетін танымдық деңгейде талдап, педагогикалық құбылыстардың өзара байланыстылығын сипаттайды. Осының негізінде кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің теориялық негізі туралы ұғымды, теория мен практиканың өзара әрекеті негізінде оны одан әрі дамыту мүмкіншілігін айқындап тереңдетеді.
Педагогикалық теория дегеніміз педагогикалық сан алуан құбылыстарды зерттейтін, бейнелейтін және түсіндіретін білімдер жүйесі, Педагогикалық теория оқыту мен тәрбиелеудің нәтижесін тек практикаға ғана қатысты емес, оны зерттеу нәтижесінде пайда болатын теорияны алдын-ала болжауға мүмкіндік береді. Сонымен, педагогикалық теория мұғалімнің педагогикалық тәжірибесін жасаудың негізі ретінде қарастырылады.
Педагогикада тұлғалық-бағдарлық, іс-әрекеттік, құндылықтар, мектепті басқару, тұтас педагогикалық процесс, т.б. теориялар білім беру ұйымдарында кеңінен қолданыс тауып отыр.
Тұлғалық-бағдарлық теория адамның тұлға ретінде әлеуметтік, әрекеттілік және шығармашылық мәні туралы мәселені қарастырады. Ол тұлғаны тарихи-қоғамдық даму нәтижесі және мәдениет жаршысы ретінде таниды. Тұлғалық-бағдарлы теория педагогикалық процесті жобалап, бағдарлауда тұлғаны мақсат, субьект, оның нәтижесі мен негізгі өлшемі ретінде қарастырады. Тұлғалық көзқарас негізіне, сонымен бірге бала жайында терең білімді, оның өз басына тән қасиеттері мен мүмкіндіктерін, қабілеттерін жетік білу және оны басқалар немесе өзі қалай қабылдайтыны жайлы көзқарастар жүйесі. Сондықтан да ұстаз осы бағыттағы қандай да болмасын өзінің әрекетінде тұлғаның дара екрешелігін тануды мақсат етеді.
Іс-әрекеттік теория - тұлға дамуының негізі, құралы және шешуші факторы болып есептелінеді. Бұл сана мен әрекеттің бірлігі идеясына негізделіп, тәрбиеде жаңа жүйені қалыптастырады. Мұндай көзқарас педагогикалық зерттеу жұмыстары және практикалық әрекеттер барысында тұлғалық-бағдарлық ұстаныммен тығыз қарым-қатынаста болып, оның жүзеге асуына тікелей ықпал етеді. Іс-әрекеттің мақсаты - адамдардың ақиқат өмірін қайта жаңғыртуға бағытталады. Сондықтан адамның барлық деңгейдегі заттық және рухани әрекеті еңбек негізінде пайда болып, оның негізгі ерекшелігін бойына сіңіріп, айналадағы өмірді шығармашылықпен қайта жаңғыртады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет