Біртұтастық білім - ғылым, философия және діни сенімнің бірлігі, синтезі;
Герменевтика (грек., герменойтикос - түсіндіруші, ұғындырушы деген сөзін білдіреді, ежелгі грек құдайы Герместің атынан шыққан) - ұғыну, түсіну философиясы, тұспалдап сөйлеу тәсілін зерттейді, мәтіндерді түсіндіру өнерін, практикасы мен теориясын қарастыратын философиялық бағыт.
Прагматизм - гректің «прагма» - «іс-әрекет» деген сөзді білдіреді. Бұл философия XIX ғ. 70-жылдары АҚШ-та пайда болған. Прагматизм - абстрактті ақиқатты, ұғымдардың танымдық рөлін терістеді, ұғымның орнына белгілерді қарастыруды ұсынды. Ұғым тек субъектке ғана қатысты болып, оның мағынасы нақты салдардың (пайдалы, тиімділік) нәтижесі болып табылды.
Экзистенциализм (лат.т. «өмір сүру, тіршілік» деген мағынаны білдіреді) философиялық ағым ретінде XXғ. 20-жылдарында, ең алдымен, неміс жерінде, ал 40-жылдары француз жерінде пайда болған. Экзистенциализм адам өміріне қатысты көптеген мәселелерді қарастырады.
Абсурд (лат.т.) - мағынасыз, қисынсыз деген мағынаны білдіреді. Абсурд Камюдің шығармаларында философиялық мәнге ие болады. Ол өзінің «Сизиф туралы аңыз» атты еңбегінде «Мағынасыздық – адамзат өркениетінің тағдыры, осыны түсінген тұлға тағдырын жеңіп шығады», - дейді.
Онтология– болмыс фундаментальды үрдіс пен құрамның құралы болатын философия бөлімі.
Болмыс - барлық тіршілікті қамтитын абстрактілі философия категориясы.
Субстанция - жойылмайтын және жоқтан пайда болмайтын, болмыс формасын өзгертіп отыратын болмыс негізі.
Плюрализм- бірлікті жоққа шығарады, болмыс түрінің бірнеше тәуелсіздігін және сәйкес келмеуін мойындайды.
Дуализм - тең кұқылы және бір - біріне сәйкес келмейтін бастаманың рухани және материалдылығын мойындайды.