Фонетиканың ғылыми салалары (жалпы фонетика, жеке фонетика, сипаттамалы, салыстырмалы, тарихи т б) қызметі жөнінде айтыңыз


Дыбыстардың акустикалық (физикалық), артикуляциялық(физиологиялық), лингвистикалық (функционалдық, фонологиялық)сипаттамалары туралы баяндаңыз



бет4/29
Дата09.02.2023
өлшемі73,63 Kb.
#168078
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
лексикалогия казакша
Ежелгі Түркі мәдениеті-melimde.com
5. Дыбыстардың акустикалық (физикалық), артикуляциялық(физиологиялық), лингвистикалық (функционалдық, фонологиялық)сипаттамалары туралы баяндаңыз.
Сөйлеу дыбыстарын қарастыру аспектісі.Фонетика тілдің дыбыс жүйесін, оның жүйелі заңдылықтарын тексереді дедік. Тіл дыбыстарына толық мінездеме беріп, жан-жақты тану үшін тілдің дыбыстау мүшелерінің қызметін біліп, дыбыстың ырғағы, күші мен әуенін анықтап, сөз жасауға қабілетті дыбыстардың сөйлеу кезеңіндегі ерекшеліктеріне көңіл аудару қажет. Демек, тіл дыбыстары үш қырынан тексеріледі, яғни үш түрлі аспектіде қарастырады,Дыбыстардың акустикалық (физикалық)сипаттамасы. Табиғаттағы кез-келген бір заттың қозғалуынан дыбыс пайда болатыны сияқты тіл дыбыстары да физикалық құбылысқа жатады. Дыбысталу ерекшеліктерін, оның жалпы заңдылықтарын физиканың акустика саласы қарастырады. Акустика дыбыстың ырғағы, күші, әуені, созылыңқылығы т.б. мәселелер туралы мәлімет береді. Ауа тербелісінен дыбыстың ырғағы пайда болады да, тербеліс жиі болса, солғұрлым дауыс ырғағы да жоғары болады. Тербеліс қарқыны көбейген сайын дыбыс күші де арта түседі. Ал дыбыс әуені негізгі тон мен көмекші тонға байланысты. Негізгі тон дауыс шымылдығының дірілінен, ал тамақ, ауыз қуысының резонаторлық қызметінен көмекші тон (обертон) пайда болады. Бір дыбыстың екіншісінен өзгеше болуы да осы көмекші тонға, яғни дыбыс әуеніне байланысты болады. Дауысты дыбыстар тонмен байланысты болса, дауыссыз дыбыстар салдырға тәуелді. Дыбыс шығарудағы ауаның тербелісін кимограф, осциллограф, интонограф сияқты т.б. техникалық аспаптарға түсіріп, әр түрлі толқынды ирек сызықтар түріндегі суретін де көруге болады. Сонымен тіл дыбыстарының айтылуын, яғни физикалық қасиетін акустикалық аспект тұрғысынан қарастырамыз.Дыбыстардың артикуляциялық (физиологиялық) сипаттамасы. Адамның тілі – ең алдымен биологиялық құбылыс, яғни ол – дыбыстау органдарының, оны басқарып отырған орталық нерв жүйесінің қызметінің нәтижесі.Адам организмінде тіл дыбыстарын айтуға арналған арнайы органдар жоқ. Мұны әр түрлі физиологиялық қызмет үшін жаралған органдар (мәселен, өкпе, тіл, таңдай, тіс, ерін т.б) қосымша атқарады.Тіл дыбыстары және олардың жасалуын түсіну үшін, дыбыстау мүшелерінің әрқайсысының қызметін білу керек. Дыбысты жасауға қатысатын мүшелер: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, көмей, ауыз қуысы, тамақ қуысы, мұрын қуысы, тіл, кішкене тіл т.б. Бұларды сөйлеу аппараты деп те атайды. Дыбыстау өкпедегі ауаның сыртқа шығу кезінде ауа жолына орналасқан дыбыстау мүшелерінің белгілі бір тәртіппен атқаратын қызметіне, яғни қимыл-әрекетіне негізделген.Дыбыстау мүшелері актив және пассив болып екіге бөлінеді. Актив мүшелер дыбыстау кезінде қимыл, қозғалыс жасайды. Олар: тіл, ерін, жұмсақ таңдай, бөбешік, дауыс шымылдығы т.т. Бұлардың ішінде тілдің орны ерекше.Дыбыстау мүшелерінің ішінде әсіресе дауыс шымылдығы (желбезек сияқты) жиырылып, келіп тұрады. Керілген кезде (ауаның әсерінен) дірілдейді де, одан үн пайда болады. Оны тіл білімінде дауыс немесе тон деп атайды. Дауысты дыбыстар, аты айтып тұрғандай, осы дауыстан (тоннан) жасалады. Ал дауыссыздарда тонның дәрежесі әр түрлі: үнділерде – көбірек, ұяңдарда – азырақ болады да, ал қатаңдарда, мүлдем болмайдыоның есесіне қатаңдар салдырдан жасалады.Салдыр фонациялық ауаның ауыз қуысында тосқауылға ұшырауынан пайда болады.Адам организмінде сөйлеу үшін арнайы жаратылған дыбыстау мүшелері жоқ. Адамзат өзінің талай ғасырға созылған дамуында бойындағы тіршілік етуге жаратылған кейбір мүшелерін тіл дыбыстарын жасауға бейімдеп, сөйлеуге қызмет еткізе білген. Дыбысты жасауға өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, көмей, тілшік, тіл, ауыз қуысы, тіс, тіл, таңдай, ерін, жақ, мұрын қуысы, тамақ қуысы т.б. мүше қатысады. Бұл мүшелер – тілдің дыбыстау (сөйлеу) аппараты. Негізінен бұлар физиологиялық қызмет атқаратын органдар болғандықтан адам тілі биологиялық құбылыс болып табылады. Сондықтан тіл дыбыстарын ең алдымен анатомия-физиологиялық аспект тұрғысынан қарастырамыз. Дыбыстардың лингвистикалық (функционалдық) сипаттамасы(фонология).Қарым-қатынас құралы тіл тек дыбыстар арқылы ғана өмір сүреді. Сондықтан тіл дыбыстарын тек акустикалық, физиологиялық, құбылыстар ретінде қарау жеткіліксіз. Ең бастысы, осы дыбыстардың адамдардың қатынас құралы тілдің қызметін қамтамасыз етудегі лингвитикалық мәнінде деп қарау керек. Осыдан дыбыстарды қарастырудың лингвистикалық аспектісі келіп шығады. Мұны фонология деп атайды. Алғашқы екеуін осы лингвистикалық аспектінің табиғатын дұрыс танып, білуге көмектесетін жолдар түрінде қараса да болады.Қысқасы, лингвистикалық аспект дыбыстарға фонема тұрғысынан, фонемалардың қызметі тұрғысынан қарайды.Тіл – қоғамдық құбылыс. Сондықтан тілдің басты қасиеті – қарым-қатынас құралы, ойлаудың, ойды жарыққа шығару құралы болуы. Демек, қарым-қатынас құралы болған тілдің дыбыс жүйесінің, әсіресе, сөз жасаушы дыбыстардың қызметін білудің маңызы ерекше. Тіл дыбыстары – сөздер мен грамматикалық тәсілдердің өмір сүруінің формасы. Тіліміздегі лексика-грамматикалық құбылыстар тілдің дыбыс жүйесімен байланысты болады. Сондықтан тіл дыбыстарының сөз, сөйлем ішіндегі, яғни сойлеу процесіндегі, адамдардың қарым-қатынас құралы ретіндегі функциясын анықтаудың әлеуметтік мәні бар. Бұл – тіл дыбыстарының лингвистикалық қызметін арнайы зерттеу нысанына алатын лингвистикалық (функционалдық) аспектінің міндеті. Мұны фонемалардың қызметін зерттейтіндіктен фонология (дыбыс туралы ілім) деп атайды. Қазіргі таңда қазақ тілі дыбыс жүйесін зерттеу бағыттары мен әдістері теориялық жағынан дамып, әлем лингвистикасы жетістіктерімен байланыста қарастырылып келеді. Қазақ ғалымдары Ә.Жүнісбеков, Ж.Әбуов, М.Жүсіпұлы т.б. ізденістері түркі және жалпы тіл білімідеңгейіндегі салмақты зерттеу еңбектер деп білеміз. Қазақ фонетикасы мен фонологиясы теориялық жағынан қазіргі ғылым жетістіктері тұрғысынан терең қарастырылып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет