Классикаға дұрыстап мойын бұра алмай жүргендердiң қадірі қашуы мүмкiн. Ал классиканың қадiрi ешуақытта қашпайды. Өйткенi, ол – классика. Классика деген – мәңгiлiк тағдыр тапқан, мәңгiлiк тарих тапқан рухани дүние.
Әшірбек Төребайұлы Сығай
Тарих рақымсыз. Ол – ғұламаны да, бiлгiрдi де, өнер иесiн де, хандар мен патшаларды да аямайды. Ол өз заңына қарсы келгендердiң бәрiн езiп-жаншып жүре бередi. Тарих заңдары керi қайтуды бiлмейдi және оны жаратпайды.
Баласы арақ ішсе, шешесі у ішеді. Маскүнем жаман бала жақсы ананы ажалынан бұрын көрге кіргізеді.
Әзілхан Нұршайықов
Көре алмаушылық - жүректегі у.
Франсуа Мариаруэ Вольтер Ұят
Дала қызының назданған еркелігінде мұң да бар, жігер де бар, жалынышты мен жалыны да бар. Жан тазалығы, саудаға салмас ар-ұят тазалығы да бар. Сондай қолтума өнерінен кіршіксіз ләззат ала аласың...
Ғабит Мүсірепов
Ежелгі заманда адамдар көп сөйлеуді ұнайтпайтын. Өз сөзінен артта қалу олар үшін ұят болды.
Конфуций
Ақымақ болып туылу ұят емес, ақымақ болып өлу ұят.
Ремарк Эрих Мария
Көшеде көлденең тұра қылып бірінің ернін бірі жұлып жіберердей боп жалмап, жұрт көзінше сүйісіп жатқан қыз бен жігітте ар да, ұят та болмайды. Ондай әдеттен без, ондай құрбыдан аулақ бол.
Әзілхан Нұршайықов
Алтын ұяң – Отан қымбат, Құт-берекең атаң қымбат. Аймалайтын анаң қымбат. Мейірімді апаң қымбат. Асқар тауың әкең қымбат. Туып-өскен елің қымбат. Ұят пенен ар қымбат, Өзің сүйген жар қымбат,
Қазыбек би Келдібекұлы
Мәселе ар мен ұятқа таянғанда көпшілік дауысы арқылы шешім қабылдау дұрыс емес.
Махатма Ганди
Ұят деген - адамның өз бойындағы адамшылдығы...
Абай Құнанбаев
Ынсап, рақым, ар, ұят табылмаса, Өлген артық дүниені былғағаннан.
Шәкерім Құдайбердіұлы
Ұялмайтын бетке, Талмайтын жақ береді
Кенен Әзірбаев
Ұятсыз адам иттен де жаман.
Саиф Сараи
Ұялу — жақсы сезім, ең жақсысы — өзіңнен өзің ұялу