«География» пәнінен Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 9-сынып
osh fo geografija 9-klass kaz
ҒТР-ның басты белгілері мен құрамдас бөліктерін анықтайды; ғылыми-техникалық революция үдерісінің даму бағыттарының ерекшеліктерін кесте түрінде талдайды. 58
Тақырып Оқу мақсаты Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі Адам әлеуеті даму индексінің көрсеткіштері 9.5.2.2 Қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде адам әлеуетінің даму индексі көрсеткіштерін анықтап, елдерді салыстырады Білім алушы Адам әлеуетінің даму индексі көрсеткіштерін ажыратады Қазақстанның АӘДИ көрсеткіштерін салыстырады Қолдану Жоғары деңгей дағдылары Тапсырма Әлемдегі Адам Даму Индексін көрсететін картаны (2017 жыл) қолданып, кестені толтырыңыз.
Берілген графикке сұрақтар арқылы талдау жасаңыз. Білім беру индексі кейбір жылдарда төмен болуының 2 себебін жазыңыз. Адам әлеуетінің даму индексі елімізде қай жылдары жоғары көрсеткішке ие? Халықтың материалдық және әл-ауқаты көтерілу деңгейіне 2 дәлел келтіріңіз. 59
ҚР азаматтарының денсаулық индексі қай жылдары төмендеді? Себебін түсіндіріңіз. Дескриптор Білім алушы АӘДИ көрсеткіштері жоғары 10 елді анықтайды; АӘДИ көрсеткіштері орташа 10 елді анықтайды; АӘДИ көрсеткіштері төмен 10 елді анықтайды; графикті сұрақтар арқылы талдайды. 60
Бөлімше___5.2_Әлеуметтік-экономикалық_ресурстар____Тақырып'>Бөлімше 5.2 Әлеуметтік-экономикалық ресурстар Тақырып Оқу мақсаты Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі Тапсырма Қазақстанның индустриялы-инновациялық даму бағыттары 9.5.2.4 Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағыттарын анықтап, болжам жасайды Білім алушы Қазақстанның индустриялық-инновациялық бағыттарын анықтайды, болашағын болжайды Жоғары деңгей дағдылары даму
Мәтінді оқып, Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағыттарын анықтаңыз. Маңыздылығын түсіндіріңіз. Жаңалық пен ғылымды, технологияны, техниканы өндіріспен тығыз байланыстыру мақсатында Қазақстанда «индустриялық-инновациялық даму» бағыты көзделген. Бүгінде біз үлкен мүмкіндіктері бар ел ғана емес, сол мүмкіндіктерді нақты жүзеге асырып отырған алып мемлекетке айналудамыз. Мемлекеттің бәсекеге қабілетін көрсететін басты көрсеткіш — оның экономикасы. Экономиканың бәсекеге қабілетті болудың басты бағыты — индустриялы-инновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыта отырып, инновациялық процестерге бет бұру. Қазақстанда ең алғашқы үдемелі индустрияландырудың қажеттілігі жөнінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев ««Қазақстан–2050» Стратегиясы. «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында жариялады. Бұл Жолдауға сәйкес, үдемелі индустрияландыру — бұл жаңа салаларды қалыптастыру үдерісі, сондай-ақ экономиканың бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын инновацияларды және жоғары технологияларды енгізу негізінде дәстүрлі салалардың дамуы. Елімізде үдемелі индустрияландырудың тәжірибелік жүзеге асуы Қазақстан Республикасының 2010–2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасын қабылдаудан басталды. Одан кейін мемлекет басшысының «Қазақстан–2050» Стратегиясы: «Қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты» Жолдауын жүзеге асыру мақсатында Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанның әлемнің барынша дамыған 30 елінің қатарына кіру бойынша тұжырымдамасы қабылданды. Бағдарламаларда әр түрлі мәселелер қамтылды: адами капиталдың дамуы; институционалдық ортаны жетілдіру, ғылыми сыйымды экономиканы дамыту, ғылыми сыйымды экономиканың инфрақұрылымын жедел қалыптастыру және т.б. Даму бағыттары 61
Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму болашағына болжам жасаңыз. ФОРСАЙТ немесе көзделген болашақ Біздің болашаққа болжау жасау (болжау қанағаттандыра ма әлде қанағаттандырмай ма?) Қандай болашақ бізді толықтай қанағаттандырады? Көзделген болашаққа қол жеткізу үшін бізде не бар не жоқ? Барды қалайша ұтымды пайдалануымыз керек?
Жоқты қалай бар қыламыз?
Көзделген болашаққа қол жеткізу үшін біз не істеуіміз керек? Көзделген болашаққа жету үшін шаралардың реттілігі қандай болмақ? Дескриптор Білім алушы - Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағыттарын анықтайды; - Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағыттарының маңыздылығын түсіндіреді; - Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағыттары бойынша өз болжамын ұсынады. 62
Бөлімше 5.2 Әлеуметтік-экономикалық ресурстар Тақырып Оқу мақсаты Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі Тапсырма Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымы 9.5.2.5 Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымының жағдайын талдап, дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейді Білім алушы Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымының жағдайына баға береді Жоғары деңгей дағдылары Мәтінді оқып, Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымының жағдайын SWOT арқылы талдаңыз. Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымы Инновациялық қызмет инфрақұрылымы немесе инновациялық инфрақұрылым–бұл иелігіндегі субъектілерге инновациялық процестердің шарттарын іске асыруды тікелей экономикалық тиімді принциптер негізінде қамтамасыз ететін ұйымдастырушыэкономикалық институттар кешені. Инфрақұрылым келескелес функционалдық салалар бойынша бөлінеді: көлік және байланыс; ақпарат және телекоммуникация; несиелік–қаржылық сала; қор нарығы; делдалдар институты; арнайы және консалтингтік сипаттағы қызмет көрсететін компания мен фирмалар. Инновациялық инфрақұрылым құрудың маңызды бағыты өнеркәсіптік, аймақтық және инновациялық саясат элементтерін біріктірудің арқасында өсімді ынталандыру стратегиясын жүзеге асыратын инновациялық орталықтарды, ғылыми және технологиялық парктер мен инкубаторларды қалыптастыру болып табылады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, экономика дамуындағы мемлекеттің рөлі макроэкономикалық тұрақтылықты ұстап тұратын және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін реттейтін саясатты әзірлеумен ғана шектелмейді. Сондай-ақ, ол экономикалық процестердегі стратегиялық және үйлестіру функцияларын өзіне жүктеуі тиіс. Осы функцияларды іске асыру тетіктерінің бірі даму институттары, технопарктер, конструкторлық бюролар, арнайы экономикалық аймақтар болып табылады. Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымына кіреді: Даму институттары. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы №1201 «Инновациялық даму институттарының тізбесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес 5 инновациялық даму институттары анықталған: «Ұлттық инновациялық қор» АҚ, «Ғылым қоры» АҚ, «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ, «ҚазАгроИнновация» АҚ, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ. Конструкторлық бюро. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыз №958 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша кәсіпорындардың қажеттіліктеріне қызмет көрсету үшін – ауыл шаруашылығы, электротехникалық, тау-кен, көлік және мұнай-газ машиналарын жасау сегменттері бойынша 5 конструкторлық бюро құру қарастырылған. Технопарктер. Технопарк – ғылыми-зерттеу институттары, индустрия объектілері, кеңсе 63
және іскерлік орталықтары, көрме алаңдары, оқу орындары, сондай-ақ көлік құралдары, кірме жолдар, тұрғындар кенті, күзет сияқты қызметі көрсететін объектілер біріктірілген мүліктік кешен. Технопарк құрудың мәні мамандардың жалпы кәсіби қызметін бірыңғай аумақта топтастыру болып табылады. Ғалымдар технопаркте ҒЗИ зерттеулер жүргізуге, оқу орындарында сабақ үрдісіне қатыса отырып, өз зерттеулерінің нәтижелерін енгізуге мүмкіндік алады. Технопаркті басқаруды сыртқы басқарушы компания жүзеге асырады. Арнайы экономикалық аймақ. Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттіктің 8 технопаркінің бірі болып табылатын Алматы қаласы Алатау аулында орналасқан «Алатау» ЖШС Технопаркі аумағында «Инновациялық технологиялар паркінің» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істейді. Технопарктің тарихы 2003 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылы 18 тамыз №1166 Жарлығымен «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймақ құрылған уақыттан басталады. «Ақпараттық технологиялар Паркі» АЭА атауы 2011 жылдан бастап инновациялық технологиялар Паркі деп аталды. Парктің Стратегиялық мақсаты – экономиканың «білім–ғылым–технология–өндіріс» басым қағидаты бойынша ғылыми-білім, жобалық-конструкторлық және өндірістік құрылымды біріктіретін жеткілікті инновациялық кластерді құру: ақпараттық технологиялар; жаңа материалдар; баламалы энергетика; мұнай-газ технологиясы; электроника және аспап жасау; ядролық технологиялар.
жүктеу/скачать 5,07 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |