«геология» кафедрасы



бет2/3
Дата20.12.2021
өлшемі340,91 Kb.
#103965
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
карто метод
1513533160, ПРАКТИКА 1, Шолпан, Chaykovskij Neapolitanskij-tanec
Тәжірибелік жұмыс №1

Масштабтар және олармен жұмыс

Жұмыстың мақсаты: Масштаб түрлерімен танысу, масштабпен жұмыс жасап
үйрену.

Теориялық бөлім:
Жер бетін планда немесе картада кескіндегенде жер конту-рынын. горизонталь проекцияларын табиғи шамасымен бірме-бір кӛрсету мүмкін емес. Демек, план немесе карта жер контурының горизонталь проекцияларының кішірейген кескінін береді. Пландағы, яғни картадағы кесінді ұзындығының жердегі тиісті кесіндінің горизонталь проекциясына қатынасы планның немесе картанын масштабы деп аталады. Масштаб:


және т. с. с. алынады.
Осындай масштаб сандық масштаб деп аталады, оның бӛлімі жердегі сызықтардың план мен картаға кескіндеу кезінде каншалықты кішірейгенін көрсетеді. Мәселен, 1 : 1000 масштаб планда барлық ұзындық өлшемдер 1000 есе кішірейгенін, яғни пландағы 1 см жердегі 10 м-ге сәйкес келетінін көрсетеді. Масштаб әрбір план мен карта бетінің рамкасының оңтүстік қабырғасының астында сандық (сандық масштаб) және графикалық (сызықтық масштаб) түрде керсетіледі. Сандық масштабты біле отырып, картада жердегі өлшенген кесіндінің ұзындығын, керісінше картадағы ара қашықтықты өлшеп, оның жердегі шамасын табуға болады. Мысалы, егер жердегі горизонталь ара қашықтығы 145,3 м-ге тең (яғни, 1 см 10 м-ге тең) кесіндінің масштабы 1:1000, пландағы үзындығы 145,3 : 10== 14,53 см. Егер картадағы кесіндінің үзындығы 9,13 см, ал картаның масштабы 1 : 10000 (яғни 1 см — 100 м) болса, онда жердегі сызықтың горизонталь ара қашықтығы 9,13-100 = 913 м болады.
Планды не картаны жасағанда жердің әрбір сызығының үзындықтарын әрдайым бір санға кішірейту қажет; оған сызықты масштабты пайдаланған кезде қол жеткізуге, болады. Сызыктық масштаб масштабтың негізі деп аталып, мысалы, әрбір 1—2 см сайын тең кесінділерге бӛлінген тік сызық болып табылады. Мұндағы шеткі сол жақтағы кесіндіні әдетте 10 тең бөлікке бөледі. Сызықтық масштабтағы әрбір кесіндіге жердегі белгілі бір кесінді сәйкес келеді. Нӛлдік сызықшадан оңға қарай салынған кесінділер 1 : 2000 масштабта жердегі 20, 40, 60, 80, 100, 120, 140, 160 м-ді, ал солға қарай 2, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20 м-ді керсетеді. Масштабтағы аb кесіндісіне жердегі 88 м ұзындығы сәйкес (1-сурет) келеді.
Сызықтық масштабтың көмегімен 0,5 мм дәлдікпен ара қашықтықты ӛлшеуге және салуға болады. Ара қашықтықты ӛте дәлдікпен анықтау үшін кӛлденең масштабты

қолданады. Қӛлденен масштаб кесінділерді пропорционал бӛлуге негізделген


4





  1. -сурет

график болып табылады. Кӛлденең масштабты салу үшін түзуге бірнеше рет 2 см-лік кесіндіні салады, ол масштабтың негізі деп аталады. Бӛлінген нүктелерден перпендикулярлар тұрғызылады. Масштабтың негізіне параллель тен аралықта перпендикулярлар арқылы түзулер жүргізіледі. Масштаб негізінің шеткі сол жақтарын жоғарыдан және тӛменнен 10 бӛлікке (2 мм-ден) бӛледі. 2-суретте керсетілгендей, алынған нүктелерді кӛлбеу түзулермен қосады. ВЕ сызығына параллель кӛлбеу сызықтардың арасындағы кесінділер АВ табанының оннан бір бӛлігіне тең болады, яғни ЕО = АВ/10, ал ВD перпендикуляры мен ВЕ кӛлбеуінің арасында жатқан кесінділер масштаб табанының жүзден бір бӛлігіне тең. Сірә,


осы кесінділердің ең кішісі (t) ЕD кесіндісінен 10 есе кем, яғни t=ED/10 =AB/100. Осындай масштаб нормальды жүздік көлденең масштаб деп аталалы.




  1. -сурет

Көлденең масштабты қолданып өлшеу жүргізу алдында оның негізгі бӛліктері жердегі қандай ара қашықтықтарға сәйкес келетінін анықтау, яғни 2 см, 2 мм, 0,2 мм план масштабының бӛліміне кӛбейтілгенде неге тең болатынын білу қажет. Мысалы, 1 : 5000 масштабтағы план үшін — 100 м, 5 м, 0,5 м.


Ӛлшеу кезінде циркуль ашасының инесін диаметрі 0,1 мм шеңбер ретінде кабылдауға болады. Осы шамадан кем кесінділерді сызбаға түсіру іс жүзінде мүмкін емес. Планның 0,1 мм нақты масштабына сәйкес келетін жердегі ара қашықтық масштабтың дәлдігі деп аталады. Мысалы,1/500, 1/1000, 1/2000, 1/50000, 1/10000 масштабтары үшін олардың дәлдігі 0,05 м, 0,1 м, 0,2
м, 0,5 м, 1,0 м-ге тең. Демек, осы кӛрсетілген кесінділерден кем кесінділер берілген масштабтағы планда кескінделмейді.

5



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет