Хабаршысы вестник



Pdf көрінісі
бет3/164
Дата06.02.2022
өлшемі2,77 Mb.
#79413
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   164
Байланысты:
№1 (56)-2020

Негізгі сөздер: 
ерте темір дәуірі, мәдениет, дәстүр, жерлеу салты, 
сарматтар, мекендеу аймағы. 
 
Бүгінгі таңда тас дәуірінен бері сақталып, анықталған көне тұрақтар, 
ерте темір дәуірлік сарматтық қорғандар мен құмтөбелі қабірлер, 
ортағасырлық қалалар мен керуен сарайлар, Атырау өңірі көне заманнан 
адамдар мекендеген аймақ екенін дәлелдеуде.
Атырау облысының аумағында көптеп кездесетін археологиялық 
нысандардың бірі – көне обалар, қорғандар. Қазіргі уақыттың өзінде тарихи-
мәдени мұра объектілерінің тізіміне енгізілген мұндай археологиялық 
нысандардың саны жүздеп саналады. Олардың негізгі бөлігі Құрманғазы, 
Исатай аудандарының солтүстік бөлігі, Махамбет пен Индер аудандарының 
батыс аумағында кездеседі.
Тек Батыс Қазақстан аймағында ғана кездесетін сарматтық «Құмтөбелі 
қабірлер» өзінің құрлысымен ерекшеленеді. Бұл қабірлер тек б.э.д.VІІІ-І 
ғасырларда сарматтар мекендеген Тайсойған, Бүйрек, Нарын, Сарықамыс 
[2], құмдарында пайда болған.
Сонымен бірге бұл аймақта тастан жасалған сәулет құрылысының 
ерекше түрлері «қойтас», «қошқартас», жәшік-саркофагтар (сандықтастар), 
қабір үсті белгілері, күмбезді мазарлар мен құлпытастар шоғырланған 



кешендердің саны басым. Сонымен қатар, олардың құрамында ХІХ ғасырға 
жататын көне мешіттер де кездеседі.
Индер, Махамбет, Исатай аудандарының аумақтарында жоғарыда 
аталған ескерткіштерді негізінен шикі кірпіштен (саман тас) тұрғызған. 
Ресеймен шектесетін Құрманғазы өңірі мен Исатай ауданының батыс 
бөлігінде сағанатам мен мазарлар ағаштан жасалған.
Құрманғазы ауданы жеріндегі Нарын құмындағы обалар туралы 
мәліметтер: - «Исатай және Құрманғазы аудандары. Атырау - Алматы, 2012. 
ІІ том», - ескеркіштер жиынтығында жарияланды. [3] 
Соңғы 
уақыттарда 
анықталған 
археологиялық 
ескерткіштерді 
зерттеуде археологтар З.Самашев пен Л.Л. Галкинің үлесі зор.
Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының Ә. Марғұлан атындағы 
Археология институтының «Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясы», 
1989-2004 жылдар аралығында З.Самашевтың басшылығымен Жылыой, 
Мақат, Құрманғазы аудандарына археологиялық зерттеу жұмыстарын 
жүргізу нәтижесінде неолит және ерте темір дәуіріне жататын көптеген 
тұрақтар мен қорғандар анықталды.
Сонымен қатар, соңғы уақытта тарих және мәдениет ескерткіштерін 
анықтауда Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының да 
үлесі бар. [4]. 
2019 жылдың тамыз-қыркүйек айлары аралығында жүргізілген зерттеу 
жұмыстары Атырау облысы аумағына енетін Нарын құмы аумағында жүзеге 
асты. Мақсаты, аталмыш құмды аймақтың археологиялық және сәулеттік 
маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштерін анықтау болып табылады. 
Өйткені, бұл аймақ күні-бүгінге дейін тыңғылықты зерттелінбеген 
аумақтардың бірі саналады [5].
Нарын құмы – Каспий маңы ойпатының солтүстік-батыс бөлігінде, Еділ 
мен Жайық өзендері аралығында орналасқан. Әкімшілік тұрғыдан Атырау 
облысының Исатай, Құрманғазы, Махамбет аудандарын және Батыс 
Қазақстан облысыныңБөкей Ордасы, Жаңақала және Ақжайық ауданының 
оңтүстік бөлігін қамтиды. Аумағы 40 мың км². Құмды өңір орта есеппен теңіз 
деңгейінен 21 м, төмен жатыр. Өңір Каспий теңізініңХвалын және Хазар 
кезеңдерінің шөгінділерінен түзілген. Батпайсағыр, Бозанай, Қосдәулет, 
Ментеке Теректіқұм, Жаманқұм, Орда, массивтерінен тұрады. Солтүстік – 
шығысын Қамыс - Самар жайылмасы алып жатыр. Аңызақ жел, шаңды дауыл 
жиі соғады. Тұрақты ағатын өзен-жылғалары жоқ. Жер астының тұщы су 
қоры (1,5–2 м., тереңдікте) мол. Құдықтар мен шұрайлы жерлер көп. 
Қараөзеннің және Сарыөзеннің көктемгі жайылма ағыны кейде Нарын 
құмының солтүстік жағын суландырады. Топырақ жамылғысы негізінен 
бозғылт қоңыр, құмдақты-саздақты, сортаңды сұр топырақтан тұрады.
Нарын құмы аумағына жүргізілген кешенді этно-археологиялық зерттеу 
жұмыстары нәтижесінде барлығы 84 тарихи-мәдени мұра нысаныанықталды. 
Оның ішінде археологиялық объектілердің саны – 58, сәулет 
ескерткіштерінің (ансамбль) саны – 26.



Анықталған нысандардың негізгі бөлігін тас пен қола дәуірлерінің және 
ерте темір дәуірінде мекен еткен қауымдардың белгілі бір уақытқа 
тұрақтанған мекендері (тұрақтары) және ерте темір дәуірлік қорғандар және 
ХІХ – ХХ ғасырдың бас кезіне жататын сәулет ескерткіштері болып 
есептелетін құлпытастар шоғырланған қорымдар құрайды. Бұл аймақта 
осындай тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің көптеп анықталуы, бұл 
жерлерді көнеден адамдардың мекен еткендігін дәлелдеп отыр. Қазірдің 
өзінде Нарын құмы алқабы жер асты тұщы суы мол, шөбі шүйгін мал 
шаруашылығын дамытуда ең қолайлы аймақ саналады. Табылған обаларға 
сипатама берейік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет