I тарау. Объектілі бағдарлы программалау объект ұғымы



бет2/25
Дата06.02.2022
өлшемі0,87 Mb.
#79285
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
ОБП
мультимедиа
1.2 ОБП қасиеттерi
ОБП инкапсуляция, мұра, полиморфизм деген қасиеттерден тұрады.
Инкапсуляция – дегеніміз ол объектінің өзіне қолданылатын қажетті детальді жасыру.инкапсуляция тек өзіне тән әдістері арқылы ғана берілгендерге кіруді ұйымдастыратын бірден бір тәсіл. Инкасуляция- жаңа объект түрiн өңдеудегi берiлгендердiң процедура және функциялармен бiрiгуi болып табылады.  "Инкапсуляция" терминi- бұл жалпы бiр "қабыққа" (Object ... End) берiлгендер мен әдiстердi бiрiктiру мағанасын бередi.
Жоғарыда айтылғандай, ОБП әдiстемесiмен келiсе отырып, берiлгендердiң мәндерiн өзгерту мақсатында, берiлгендермен тура байланысуға болмайды. Объект берiлгендерi әдiстер арқылы өңделуi тиiст. Бұл инкапсуляция болып табылады. Private cипаттауы арқылы берiлгендер мен әдiстердiң бiр бөлiгiн объектен тыс пайдалануға мүмкiншiлiк туғызбауға болады.
Type
NewObject=object
Public
Берiлгендердi сипаттау{ашық бөлiгi}
Әдiстердi сипаттау {ашық бөлiгi}
Private
Берiлгендердi сипаттау{жабық бөлiгi}
Әдiстердi сипаттау {жабық бөлiгi}
End;
Жабық берiлгендердi тек қана осы объектiнiң әдiстерi ғана өңдей алады алады.
Инкапсуляция принципі бойынша объект және оған орындалатын іс-әрекеттер біріктіріліп объектінің ерекше бір түрінде қарастырылады. Яғни, әрбір объект және оған орындалатын іс-әрекеттер жеке класс ретінде ұйымдастырылады.
Біздің мысалда объектіні сипаттау init-инициялизациясының процедурасы және getX, getY функциялары бөлек өзінше объект бола алмайды. Ол - location объекті типінің бөлінбейтін бөлігі. Егер программада берілген типтердің бірнеше айнымалыларының сипаттамасы келтірілген болса, онда әр айнымалы берілгендерді сақтау үшін өзінің есте сақтау облысы болады, ал функциялар мен процедураларға кіретін нүктелердің нұсқаулары үшін жалпы есте сақтау облысы болады. Әр әдісті шақыру мүмкіндігі тек қана өзінің құрама атының көмегімен ғана орындалады.
Өзінің бұрынғы қасиеттерін пайдаланып, дамыта және өзгерте отырып, мұрагерлік жаңа объектілерді анықтауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет