Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Құдай біздің рухымызды жасытуды қаламайды



бет8/82
Дата21.07.2020
өлшемі126,17 Kb.
#63625
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   82
Құдай біздің рухымызды жасытуды қаламайды
Құдайдың мақсаты біздің рухымызды басып-жаншу емес. Рухы жасыған адам тұтас тұлға болып табылмайды. Құдай да мұндай адамдарға Өзінің қызметін сеніп тапсырмайды.

Жоқ. Құдай біздің рухымызды езуді қаламайды. Ол біздің қырсық, бір беткей еркімізді сындырғысы келеді. Ол мұны біздің өмірімізде Оның еркі орындалуы үшін істейді. Ал ол әрқашан батаға жетелейді.

Әрбір ата-ана баласының қырсық, өзімшіл болып туатынын біледі. «Менікі» және «Жоқ» –осы екі сөз балалардың ең сүйікті сөздері деуге болады. Бұл екі сөз баланың өзімшілдігі мен өз өмірін өзі басқаруға деген тілегінен туындайды.

Жақсы ата-аналар, дегенмен, бала мойынсұнғыш болу үшін ата-анаға ғана емес, кез келген басқа билікке, сондай-ақ Құдайдың билігіне мойынсұнғыш болу үшін мұндай қырсықтық пен өзімшілдікті түп-тамырымен жою керектігін біледі. Баланың қырсықтығын оның рухын жасыту үшін емес, бірақ оған табысты, заңға бағынатын, жомарт және сүйетін жұбай, үлгілі ата-ана, адал дос, білікті азамат болу үшін, әрі Мәсіхтің Денесінің мүшесі болып өсуіне көмектесу үшін жеңу керек.

Қырсықтық пен тәкаппарлық көрсететін бала нашар мінез-құлықпен, кейде тіпті қылмыстық әрекетке бейім болып өседі. Мұндай адамның жанында болудың өзі жағымсыз. Ондай адамда сүйіспеншілікті қабылдау немесе сыйлаудың кез келген қабілеті толықтай дамымауы ықтимал.

Бетін қайтармай, қырсықтық пен тәкаппарлықта өскен балада қуаныш, сүйіспеншілік, қанағаттануды сезіну қабілеті қалыптаспаған.

Ата-аналардың өз балаларының тәкаппар қырсықтығы мен саналы бағынбаушылығын тыйып тастайтындары сияқты, Құдай да біздің Мәсіхке ұқсап сүйетін және жомарт адам болуға кедергі жасайтын тәкаппарлығымыз бен мойынсұнбаушылығымызды жасытуға тырысады.


Каталог: cms -> files -> books
cms -> Контактные данные областных, городских и сельских акиматов
cms -> Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль-жол академиясы
cms -> «келісілді» «бекітілді» Спорт және дене шынықтыру Алматы қаласы Шаңырақ ш/а істері комитетінің төрағасы оррммик рмм директоры
cms -> Телжан селолық округінің әкімі Б. Х.Қадіровтың 2010 жылы атқарылған жұмыстары және әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары мен алға қойылған міндеті туралы есебі
cms -> Имени ы. Алтынсарина
cms -> Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль жол институты
cms -> Досай кенжетай: «Аллаға оралу мекені Сирияда емес, әркімнің жүрегінде, өз Отанында»
cms -> Қазақстан республикасы дін істері агенттігі дін саласындағЫ Өзекті мәселелер бойынша 20 СҰРАҚ-жауап 4-шығарылым: Дін және қоғам Астана – 2014 ж
cms -> Жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы
books -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет