Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342



бет12/26
Дата15.09.2017
өлшемі10,1 Mb.
#33269
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26

Бірақ мұндай сөйлемдерден кейін іле-шала жауал берілмеуі де мүмкін. Сондықтан амандасқанда айтылатын сұраулы сөйлемдердің бірқатары тұрақталып, амандасу сөздеріне айналып бара жатыр. А.мансыз ба, есенсіз бе тәрізді оқшау сөздер осындай сұраулы сөйлемдерден ықшамдальш жасалған.

Ескертпе сөйлемдер
Қыстырма сөйлемдер сияқты, сөйлем мүшелерімен синтаксистік қарым-қатынасы жоқ, бірақ мағынасы жағынан негізгі сөйлемдегі айтылған ойға жол-жөнекей әр түрлі ескертпелер жасайтын қосымша (сынамалы) сөйлемдер (кейде жеке сөздер мен сөз тіркестері) болады. Олардың шын мәніндегі қыстырмалардан айырмасы — бұлар сөйлеушінің айтылған ойға қатынасын білдірмейді, сөйлемнің тұтас өзіне немесе оның ішіндегі кейбір сөздерге қосымша түсінік (мәлімет) береді немесе ондағы оқиғаның мекені мен мезгілін, себебін т. б, дәлдей, анықтай түседі. Сондықтан оларды қыстырма сөйлемдерден ажырату үшін ескертпе сөйлемдер деп бөліп қараған дұрыс.

Жә, біздің ауылдың кісілері! Ахкем үйінде қонақ болдың, ішер асыңды іштің (А х к е м д е п о л қайнағасы Т ә к е-жанды айтатын), енді қайтыңдар (Әуезов). Көп кешікпей Асқар Арысқа шейін (Ташкент п е н Т ү р к і с т а н қ а л а л а р ы н ы ң а р а- с ы н д а) абақты вагонында ртырып кеп... одан Шу өзеніне айдалды (Мұқанов). Мұрат енді аялдай алмады (о л е к і н ш і с м е н а д а оқитын), жалма-жан қалтасындагы 20 тиынды қолына алды. да, столға төнді (Иманжанов). Бұрынғы және сол кездегі елдің билері, батырлары ру ұранының астында күресіп келсе (б ұ л бір кездерде Исатайдың өз б а с ы н д а болуы д а мүмкін), Исатай оның орнына басқа күресті патша, хан, сұл-тандарға қарсы күресті үндейді (Жұмалиев).

Көркем әдебиетте біреудің сөзін (тұтас төл сөзді) бөліп жібермес үшін сол төл сөздің иесіне қатысы жоқ кейбір сөздері ескертпе ретінде қолданылады:

— Кел, Серғазы, мұнда! (С е р ғ а з ы т ү р е г е п к е л д і). Жер шарының құрғағы нешеге бөлінеді?

Бері кел, Сағит! (С ағ и т к е л д і). Россияның патшалығы тұратын қаланың аты не? (Мұқанов).

Ескертпелердің бірқатары жеке сөздер немесе сөз тіркестері бо-лып та келеді; олар сөйлем ішіндегі бір сөзді ғана айқындай, дәлел-дей түседі, кейде оның аудармасы, синонимі т. б. болып келеді. Олардың ескертпе сөйлемдерден және қыстырма сөздерден айырмасы сол — ескертпе сөздер қай сөзді айқындап тұрса,

109
сол сөзбен, көбінесе тұлғалас, қызметтес, сұрақтас келеді. Мұндай ескертпе сездер меж сөз тіркестері әсіресе ғылми, педагогикалық және публицистикалық стильдерде жиірек қолданылады:

Кәлен... самауыр құйып отырған жас келіншектің (А л д а б е р

г е н н і ң б ы л т ы р үйленген ү ш і н ш і ә й е л і н і ң) жанына, тері тулаққа тізе бүкті (Нұрпейісов). Байжан бұрынғы Ақмола облысының Қызылжар (Петропавл) уезіндегі бір аулында... туған (Мұқанов).
Одағай сөздер
Сөйлеуші айтылған ойға өзінің қатынасын тек қыстырма сөздер (және қыстырма тіркестер мен сөйлемдер) арқылы емес, одағайлар арқылы да білдіреді. Сонымен қатар одағайлардың бірсыпырасын сөйлеуші басқа адамға (немесе адамдарға және хайуанаттарға) қара-та әрқилы мақсатпен айтады. Сөйтіп, одағайлардың қай-қайсысы да сөйлем мүшелерімен белгілі синтаксистік тәсілдер арқылы қарым-қатынасқа түспейді, сөйлем мүшелерінің белгілі сұрақтарына жауап бермейді, демек, сөйлем ішінде оқшау тұрады (одағайлар туралы беттерді қара)
ҚАРАТПА СӨЗДЕР
Жалпы мәлімет
Сөйлеуші сөзін арнап отырған адамның назарын аудару үшін, сол адамға қарата оның аты-жөнін атайды. Кейде сөйлеушінің сөзін қарата айтып отырғаны адам болмай, жансыз нәрселер де болуы мүмкін, бұл, көбінесе, бейнелеп айтылатын жерлерде кездеседі.

Сөйтіп, белгілі бір ой қаратыла айтылған адамның (кейде жансыз заттың) назарын аудару үшін арналған сөзді немесе сөз тіркесін қ а- р а т п а дейміз.

Қаратпалар сөйлемнің басқа сөздерімен белгілі синтаксистік тә- сілдер (қиысу, қабысу, жанасу, матасу) арқылы байланыспайды, бес түрлі сөйлем мүшесінің ешбіреуіне де жатпайды, біраң сөйлем құрауға қатысып, белгілі бір эмоциялық-модальдық, өзіне тән арнаулы мағыналық қызмет атқарады. Қаратпалар сөйлемнен тысқары жеке келуі де мүмкін, сөйлем ішінде келуі де мүмкін. Сөйлемнен тысқары жеке келген қаратпалар леп белгісімен, кейде көп нүктемен ажыратылады. Сөйлем ішінде келген қаратпалар сөйлемдегі басқа сөздерден үтір арқылы бөлінеді. Каратпа бір сөз болып та (жалаң), бірнеше сөз болып та (жайылма) келеді.

Қаратпалар, көбінесе, көркем әдебиетте, диалогтарда, сондай-ақ ұран, үндеу, бұйрық, хабарландыру, хат сияқты жазу түрлерінде қолданылады.



Неге жүдеусің, Ә б і ш, денің сау ма? А б а й ағ а, дәл осы жайды мен жазамын (Әуезов). Сүйкімді б о л а т қ а н ж а р,\ тұрсың жайнап. С о р л ы О н е г и н, жолды өзің біл, қай тарапка қаңғырар (Абай). К е л і н, ә к е л і н, деді ол (Мұқанов). Ж ү р е г і м, ойбай, соқпа енді! (Абай). Тыңда, д а л а, Жамбылды! Тыңда, Қ а с т е к, Қаскелең! (Жамбыл). Әдебиет пен и с к у с с т в о қайраткерлері! Шығармалардың жоғары идеялылығы және көркемдік шеберлік үшін күресіңдер (газеттен). Қалық е л і м, қ а з а ғ ы м, қайран ж ұ р т ы м, ұстарасыз аузыңа түсті мұртың (Абай).

110
Қаратпа болатындар:

1) Тыңдауышының а т ы-ж ө н і, яғни жалқы есімдер және адамның кәсібіне, туыстың жайына, ж ы н ы с ы н а, жасына байланысты айтылатын сөздер мен тіркестер.

Ойларың мен сөздерің ашуы жеткен удай қатты тиді-ау, Б а з е-ке! Е, қайғылы шал қайда болса табылады, маған қажырыңды бер, Абайі (Әуезов). Ж е ң е ш е, қайтамыз ба? деді Шұға. Ойбай, т е н т е к ж а н, жүр, ауылдың адамдары жүгіріп келеді (Майлин). Ата, жібере салсаңызшы! Балам, тәртіп дегенді білу керек (Иманжанов). А қ с а қ а л, төрге шығыңыз! Т а қ с ы р, балық аз (Нұрпейісов). Сіз ұялмай-ақ қойыңыз, к е л і н, ұяты болса өзіне келеді ғой, деп Қайырбай сұрланайын деді. Жоқ, қ а й н а ғ а, ол екі араға делдал болмай-ақ қойыңыз, деді Раушан (Майлин).

2) Біреуді еркелетіп, жақсы көріп немесе ж е к к ө р і п айтатын сөздер де қаратпа бола алады.



Ж а н ы м, есен жеттің бе? С ә у л е м, ұзағынан сүйіндірсін!' Көп сағындырдың ғой, қ у ат ы м! Сапарың құтты болсын, қ а р а ғ ы м! (Әуезов). Қой, ш ы р а ғ ы м, қала сәнін ауылға әкеліп опа табам демей-ақ қой. Қ о ң ы р қ о з ы м, ботам, келші (Нұрпейісов). О, сиқыр, тағы келдің бе қасыма? (Мүсірепов). Не деген имансыз едің, к ә р і т ө б е т! Ей, қ ұ д а й ұ р ғ а н, тұра тұр, бәлем! Бұны кім үйретті, д о ң ы з? Қой, ж а р ы қ т ы ғ ы м, жетті енді (Әуезов). Б а р б о л ғ ы р, жай болушы ма еді (Мүсірепов).

3) Адамнан басқа тірі ж а н-жануарлардың аттары да (олардың атаулары немесе оларға қойылған аттар) қаратпа ретінде қолданыла алады:



Ей, аққу, сәлем деші жолыққанда! (Сейфуллин). Айтақ, айтақ, жеңдер! Ж о л д ы а я қ, Бөрібасар, Бөрібасар! (Әуезов). Ә у е д е ұшқан алты қ а з, етің шекер, сорпаң баз («Қыз Жібек»). Айналайын Шұбар ат, Қолтығыңда бар қанат («Алпамыс»); Құр-р, жануар, құр-р! (Мүсірепов).

4) Жансыз, дерексіз заттардың атауы да қаратпа бола алады:



Т і л і м, саған айтайын, Осы сөздің келісін тап. Қ о л ы м, сені қайтейін, Қаламды тұрсың қатты ұстап. Жүрегім, нені сезесің, Сенен басқа жан жоқ па? Дүниені, к ө ң і л і м, кезесің, Тиянақ жоқ па, қой, тоқта (Абай); Домбыра, мұнша шешен болдың неге? (Аманжолов); Қош, т у ғ ан жер! (Мұқанов). 3 е ң г і р т а у, сен боласың да мұңдасым! А й с ы з т ү н, сен боласың да сырласым! (Мүсірепов).

5) Нақтылы біреуге немесе бір нәрсеге қарата айтылмай, ж а л- п ы л ы қ-б е л г і с і з д і к мағынадағы бірдеңелерге (құдайға, жасағанға, тәңірге т. т.) қарата айтылған сөздер де қаратпалардың бір түрін құрайды.



Бер, т ә ң і р, берекеңді! Менің сиынғаным бір әруақ, бір құдай! Өзіңсің, бабам! Азған мен бұзғанды өзің тап, ә р у а қ т ы, к и е л і

а т а! деді Оразбай (Әуезов). Құда й-а у, қай жерде, қашан ғана қыз бер деп сұрап ем сенен (Мүсірепов).

6) Сөйлеушінің өзіне қарата айтылып, оның эмоциялық қатына-сын (өкінгенін, қайғырғанын т. б.) білдіретін сөздер мен тіркестер.



Солай ма еді, аңқау басым! (Мүсірепов). Бұл не пәле? Қайда кеп түстім, с о р л ы б а с ы м-а у! (Әуезов).

Ескерту. Құдай-ау, жасаган, алла-ай т. б. сияқты сөздердің одагай ретін-де әр түрлі эмоциялық сезімді білдіретінін олардың қаратпа больш келетін жағдайларымен шатастырмау керек. Одағай туралы тақырыпты қараңыз.

111
Қаратпаның эмоциялық реңкін күшейте түсу үшін, ол екі (кейде үш) рет қайталап та келеді, мұндайда араларына одағай қосып алуы да мүмкін. Кейде бір қаратпаның өзі бірнеше түрлі сөзбен қайталап та айтылады.

К е л і н, ә к е л і н, деді ол (Мұқанов). Қош, қалқам, қалқам!деді Шұға (Майлин). — Телғара! Айналайын Т е л ғ а р а! Соқталдай азамат боп кетіпсің-ау! О й, О с п а н! А й н а л а й -ы н ! Қалқатайым, қой! Қоя қой (Әуезов). Қ алың е л і м, қ а -з а ғ ы м, қайран ж ұ р т ы м, ұстарасыз аузыңа түсті мұртың (Абай).

Бірнеше адамға арналған әр түрлі қаратпалар қатар келе береді. Ондайда араларына үтір, кейде леп белгісі қойылады.

К ә к і т а й, Д ә р м е н, М а ғ а ш! Мұнда келіңдер. Т ә к е- ж а н, Қ а р а ж а н, сендер де тыңдаңдар! (Әуезов). Қ а р а ғ ы м ¥ л п а, құлыным Бақыт! Не күйде екенсіңдер! (Майлин).



Қаратпа сөздер құрылымы жағынан жалаң (бір сөзден тұрған) және жайылма (бірнеше сөзден құралған) болып келеді. Жалаң қа-ратпа сөздер жалқы есімдерден басқа мынадай тұлғалардан жаса-лады.

1. Атау тұлғадағы жекеше, көпше түрдегі, тәуелдік жалғаулы және тәуелдік жалғаусыз зат есімдер немесе зат есім орнына қолданылған есімше, сын есім, сирек болса да реттік сан есімдер.



Жігіттер, ойын арзан күлкі қымбат. Сергі, к өң л і м, сергі енді. Өрбі, с ө з і м, өрбі енді (Абай). Б а л а, сен не білдің (Мұқанов). Немесе, ж а з ғ а н, айтсайшы (Майлин). Айыңа да, күніңе де ортақ болмадым демейін, ж а с ағ ан, осы күнімді батыра көрме!

Шілік пен емен бір күн сөйлесіпті.

Аллаға неден жаздың, с о р л ы? депті (Абай).

2. Жасы кіші адамға, балаға, жақсы көрген адамға айтылатын қарағым, жаным, сәулем, шырағым, қалқам, күнім, айнам, құлыным, ботам, қозым сияқты сөздер I жақ жекеше тәуелдік жалғауда тұрып, қаратпа сөздер ретінде қалыптасқан. Бұлар жеке тұрып та, басқа жалқы, жалпы есімдермен қатар келіп те қаратпа болады.

Зорлық жоқ, жаным! Қ а р а ғ ы м Ә б і ш, әкең екеуіңнің сөзің бір жерден шықты-ау! Әй, шы.рағым балам, әуелі ар жағыңда әкең тұр... сәлем бер! (Әуезов). Қарағым, жылыт, та-мақ бер, Жаз шыққанша асыра. Қалқам-ай, мен үндемей жүремін көп (Абай). Жоқ, қалқам, сендер араласпаңдар. Рай шырағым, бүгін кешке біздікінде боларсың (Нүрпейісов). К елін шырағым, сені коммунист дейді (Майлин). — Апа! деді Кенжетай есіктен кіре, Әу, құлыным! Тоңдың ба? (Мұқанов). Тоқталдым дедің бе, күнім? Қайда кеттің, Ақтоқты? Жүрші, сәулешім! (Мүсірепов). Бақытты бол, қ ұ л ы н ы м, бара ғой (Мұқанов).

3. Әй, ау, ей, өй, уа, уай тәрізді одағайлар да қаратпа сөз ретінде жұмсалуы мүмкін.



Ә й, тұрсайшы үйге барайық (Майлин).

У а, үйде кім бар? У а й, бұл не түге? (Әуезов). У а й, қайда әлгі Сердәлі (Мүсірепов). А у, қастарыңда тағы біреулер бар емесі пе еді. Ә й, тұр, тұр енді (Нұрпейісов). Ә й, егеуді қалдырма, егеуді (Мұстафин). У а, ер, кәне, еретінің (Мүсірепов).

Жайылма қаратпалар құрамы жағынан әр түрлі болады. Олардың жиірек ұшырайтын түрлері мыналар:

112
1. Жалқы есім мен туыстық қатынасқа, адамның жасына, кәсібі-не, әскери шеніне, қызмет дәрежесіне т. б. байланысты сөздердің тіркесі.

А б а й а ғ а, менің аузымдағы сөзімді Шұбар айтты (Әуезов). А у ы л н а й ж о л д а с, сыбырыңды тоқтатып, жиылысыңды аш-саң, қалай болар еді (Майлин). Қазір бітеді, ж о л д а с С е м е н о в (Қабдолов). Ж а л м ұ қ а н м ы р з а, ауыз басқанікі, айтақ сенікі екен ғой. Қазір, ж о л д а с с а р д а р. Ж о л д а с комиссар! Қала жаудан тазаланды (Мүсірепов).

2. Бір немесе бірнеше сөзден жасалған анықтауышы бар қарат-палар. Ол анықтауыштар сын есім, есімшеден жасалуы да, ілік сеп-тіктегі сөз болуы да мүмкін.



А с қ а қ т а ғ а н сұлу, сөз тыңда! Қ о р қ а қ жау, осы ма еді аңдыған жерің! Күңіренген қ ос а н а м, қос кеудені бір иіскетіңдерші. Қош болыңдар, құшағыңда ө с і р г е н е к і мұн- дық! Қош, алтын б е с і г і м ө с к е н е л, т у ғ ан ж е р! (Мүсірепов). Сүйікті қайным-а у, осы сен не деп тұрсың? (Нұрпейісов). Мың сәлем саған, м ә ң г і ж о л д а с М а й ы м! (Мұқанов); Т о л ғ а у ы т о қ с а н қызыл т і л, сөйлеймін десең өзің біл (Абай); Жастықтың оты, қайдасың? (Абай). Амансың ба,

Қ а р а у ы л д ы ң қ ы з-ж і г і т і (Мүсірепов). Ақ-қарамды тексермедің бе, өңшең қан жұтқан қ а р а б е т! Әй, ш а л ағ а й б а л а м-а й, көңлің түзу болғанмен жолдан тыс жайылып отырсың ғой. Қ а д і р л і М а ғ ы ш, мен сізден кешірім өтінгелі келдім (Әуезов). С о ры қ а й н а ғ а н с о р л ы л а р-а й, шын сорлы енді болдыңдар ғой (Мұқанов).

3. Адамның аты, әкесінің аты, кейде фамилиясы қатар айтылып, олар да жайылма қаратпа болады.



Г а в р и и л Г а в р и и л о в и ч, есіттіңіз бе? (Мұқанов). И б р а- г и м Кунанбаевич, көңілсіз жолға барасыз (Әуезов). С а р б а з Мұ- ң а й т п а с Көпжасаров, бүгіннен бастап сен жүзбасы боласың да, Кете батырға жәрдемші болып барасын (Мүсірепов).

4. Қаратпа ал сөзімен тіркесіп те келеді:



А л құрбым, мен даяр: енді үшінші шартыңды айт! (Мүсірепов). Сөз осы, а л жігіттер, аттарыңды қамдаңдар! (Мұқанов). А л а ғ а й ы н, мін енді тегіс аттарыңа! (Әуезов). А л а р д а қ т ы

а ғ а, қ ұ р б ы-замандастар, көп қалады дегесін алдарыңа келдім (Мүсірепов).

5. Есім мен етістіктің тіркесінен жасалған қаратпалар тілек, қар-ғыс, ұрсу т. б. сәттерде айтылады. Мұндайда етістік -ңыр, -ғыр, -кір, -гір жұрнақтарын жалғаған тұлғада тұрады.



Қ ан ж а у ғ ы р, өңімде болса, не қалатын еді, түсімде тағы (Мүсірепов). Ой, е р н і ң, а с қ а т и м е г і р! (Нұрпейісов). К ө з і ң аққыр, көзің ақсын! деп Бөжей айқай салды. Қ ұ д а й с і л е г і р, кетші былай! Тыныштық бермедің ғой (Әуезов). Әй, Бәтима, құ- рып қ а л ғ ы р, мұнда келші! (Майлин).

Қаратпалар, көбінесе, әй, уа, ау, уай, уәй, өй, е, о деген одағай-лармен тіркесе келеді. Мұндайда одағайлар қаратпа сөз немесе сөз тіркесіне әр қилы экспрессивтік реңк береді, сонымен қатар одағай-лар қаратпа сөзге баса назар аудартады. Одайғалар қаратпаның тура алдында тұруы да, қашықтап тұруы да мүмкін.

Әй, Бүркітбай, деді Итбай, мынау Андрей итің аш жатқызбай ма екен бізді? Ә й, тоқташы, ж и е н (Мұқанов). Ө й, б а л а м-а у, мына жер жау жатағы! У а, қой деймін, б а л а! У а й, Құнанбай, мені құдайдың жылатқаны аз ба еді! Е й, Б а й с а л, сен бата бермегенмен, мынау болайын деп тұрған бала ғой

113


(Әуезов). Е, Р а у ш а н, ауылнайлық қалай екен. Ау, Қ у а н д ы қ - а у, қойсаңшы. У а, Т ұ т қ ы ш, жол болсын (Майлин). 0, қ ұ д а й, қыз бермедің, пәле берген екенсің ғой (Мусірепов).

Қаратпаларға -ай, -ау деген шылаулар тіркесе айтылып, оларға белгілі бір модальдық мән береді.



Қ ұ л ы н ы м-а у, не деп кеттің? Ж ә к е-а й, жаңа ұқтым ғой ойыңды, (Мүсірепов). А п а-а й, енді бақсы-құшнаш боп, елтірі-сең-сең жинағанша, Тонтекеңе тартқаным көш ілгері емес пе? (Әуезов). Жұртым-а й, шалқақтамай сөзге түсін (Абай). Ш е ш е - а у, мына суреті несі?
Қаратпалардың сөйлемдегі орны
Сөйлем ішінде қаратпалардың тұрақты орны жоқ, ол сөйлемнің басында да, ортасында да, соңында да келе береді. Бірақ кейбір рет-терде қаратпаның қызметіне, жалпы сөйлемнің мағынасына қарай оның, көбінесе сөйлемнің басында немесе аяғында тұратын жағдайы да болады.

Диалогтарда тыңдаушының тікелей назарын аудару үшін қолда-нылған қаратпалар және ұрандарда, үндеулерде, бұйрықтарда, баян-дамаларда, жиналыста сөйленген сөздерде, хаттарда қолданылған қаратпалар, сондай-ақ жайылма қаратпалар, көбінесе, сөйлемнің ба-сында келеді.



Б а л а, сен не білдің? Ш ә к і ж а н, бар, балалармен ойна (Мұқанов). Б а р л ы қ елдердің пролетарлары, бірігің-дер! (ұран). Жолдастар! Жиналысты ашық деп жариялаймын. У а, алысқан а р ы с т а н, жұлысқан жолбарыс с и я қ т ы алыптарым Қ о -з ы, Қ о д а р, бері келіңдер! (Мүсірепов).

Сөйлем ішінде қаратпа сөзге қатысты басқа сөздер екі рет қай-талайтын болса, қаратпа, көбінесе, сөйлем ортасында тұрады:



Келе ғой, б а л а, келе ғой (Мұқанов). Не іздейсің, к ө ң л і м, не іздейсің? (Абай). Сүйінші, апа, сүйінші! Қуан, а н а қуан! Ақ ботаң үйге келе жатыр. Жылама, б ә й б і ш е, жылама! (Мүсірепов).

Қаратпа сөз амандасу, қоштасу, рұқсат сұрау, ризалық білдіру, алғыс айту сөздерімен қатар жұмсалғанда, көбінесе, олардан кейін қолдаңылады. Сондай-ақ қаратпалар жарайды, мақұл, кәне, я, жоқ сияқты сөздерден де кейін келеді.



К ә н е, С ә б и т, сен де киін! Қ о ш, т у ғ ан ж е р! (Мұқанов).

Б а ғ а р көбейсін, ш а л ы м! (Мүсірепов). К е ш е г ө р, а ғ а т а й! (Әуезов). Ау, Петрамысың? А м а н б ы с ы ң, д о с ы м! Ж оқ, П е- т я, келісім бола алмайды мұнымен (Мүсірепов).

Одағайлы сөйлемдерде де қаратпа одағайдан кейін (қатар, кейде араларына сөз салып) келеді.



А у, абайла, а н а! Е, ш а л ы м, енді шошқа бақтың ба? (Мүсірепов). У ә у, жігіттер! Сендердің өлең жазамын деп қыр-қысқан таласың тіпті жақсы! (Әуезов). У а, ж о қ, ж а н ы м, ке-шіре гөр, Қайтсем сенен безе алармын: О й б а й, ш ы р а ғ ы м, тоқтай тұр! (Мүсірепов). Ән үйренгің келе ме, әй, бала? (Мұқа-нов).

Өлеңдерде қыстырмалар сөйлемнің кез келген жерінде тұра береді.



Менің сырым, ж і г і т т е р, емес оңай. Сыналар, ей, жігіттер, келді кезің (Абай); Тыңда, д а л а, Жамбылды. Бөгелме, Ж а м б ы л, сөйлеуден (Жамбыл); Кел, б а л а л а р, оқылық! Ыбырай).
III. СӨЙЛЕМНІҢ ТҮРЛЕРІ
Сөйлемдердің хабарлы, сұраулы, бүйрықты болып бөлінуі олар-дың ішкі мазмұнына, грамматикалық форма ерекшеліктеріне сүйе-неді.

Хабарлы сөйлем пікірді (суждение) білдіреді. Адамның ойлау жұмысы — табиғаттағы, қоғамдағы құбылыстарды тануға бағыттал-ған процесс. Ол процесс бірнеше сатыдан құралады. Осы процестің қортындысы — пікір (суждение). Пікір белгілі құбылыс, не зат тура-лы тұжырымды ойдың формасы. Хабарлы сөйлем — ойдың осы формасына балама ретінде жұмсалатын тілдік бітім.

Бірақ пікірге жету үшін адам ойдың объектісіне тән предикатты, сапаны іздейді. Ол іздену, түрлі сұрақтар қою арқылы белгілі ізбен, жоспармен іске асады 5. Сұрақтар ой жұмысына бағыт беріп, ізге са-лады. Сұрақ, сонымен, — ойлау жұмысының іздену, бағыттау саты-сына лайық форма. Ойлаудың бұл формасына балама ретінде жұмса-латын тілдік бітім — сұраулы сөйлемдер.

Бұйрық мәнді сөйлемдер де пікірді білдірмейді, ойлау жұмысы-ның бастапқы формасын білдіреді. Ол форма сөйлеушінің ойды, зат, құбылысты тануға жұмылдыру кезеңін танытатын форма 6.

Хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдер мағынасына сай ерекше грамматикалық тұлға алып құралады. Олардың әр қайсына тән баяндауыштық формасы, интонациясы бар.
ХАБАРЛЫ СӨЙЛЕМ
Хабарлы сөйлем деп бір оқиға, бір зат туралы пікірді, хабарды баяндайтын сөйлемді айтамыз.

Хабарлы сөйлемдердің баяндауыштары ашық рай етістіктен, есім сөздерден болады.



Әйтеуір қызық жандар. Сыпыңдаған жүріс-тұрыстары, сөйлеген сөздері, әрбір қылықтары өзгеше (Тілегенов). Кенеттен артиллерия бұрқыратып берді (Момышұлы).

5 П. А. Б е р н ш т е й н, А. Н. Ш р а м м. О логической форме вопроса и грамматических средствах его выражения. Ученыө записки Калининградского пединститута, 1959, вып. 6, 192-бет.

6 И. В. Ч е с н о к о в. Понятие о суждении, вопросе, побуж-дении н логической фразе. Уч. записки Ростовского пединститута, 1955, вып. 4(4), 13-бет.

115
Хабарлы сөйлем бірыңғай баяу интонациямен айтылады. Дауыс ырғағы сөйлемнің басында да, аяғында да бір қалыпта келіп, тек ек-пін тусетін сөз ғана сәл көтеріңкі айтылады.


СҰРАУЛЫ СӨИЛЕМ
Бір нәрсе туралы хабар алу үшін қойылған сұрақты білдіретін сөйлемдерді сұраулы сөйлемдер дейміз.

Сұраулы сөйлемдер ерекше форма беретін амалдар — сұраулық есімдіктер, сұрау мағынасындағы сөздер (қашан, қалай т. б.), сұрау-лық шылаулар (ма, ме, па, пе, ше), интонация. Бұлардың бірі лекси-калық амал болса, екіншісі (шылау, интонация) синтаксис саласына жататын амалдар.

Сұраулы сөйлемдер лексикалык; амалдарды, синтаксистік амал-дарды қатыстырумен қатар, әр уақытта ерекше интонациямен айты- лады. Сұраулы сөйлем бас жағында баяу интонациямен айтылады да, екпін түсетін сөзде дауыс көтеріліп, соңы қайта төмендейді.

Кейбір жағдайда сұраулы сөйлемдер лексикалық амалды, шы-лауларды қатыстырмай-ақ тек интонацияның көмегімен құрылады.

Сұраулы сөйлемдердің өзіне тән амалдарды талғаудьг білдіретін мағынасына, диалогтік ситуация үстінде жұмсалу ерекшеліктеріне байланысты.
Сұраулы сөйлемнің қызметі жағынан бөлінуі
Сұраулы сөйлемдер диалог, сөйлесу ситуациясының әр кезеңіне сай түрліше құрылып жұмсалады. Сұраулы сөйлемдерді бұл жөнін ескергенде үш топқа бөлуге болады: негізгі сұрақты б і л д і р е т і н сөйлемдер, жетек сұрақты білдіретін сөйлемдер, анықтағыш сұрақты білдіретін сөйлемдер.

1. Негізгі сұрақты білдіретін сөйлем диалогке желі болып отырған таңырыпты әңгімелеудің бастапқы кезеңінде жұмсалады. Негізгі сұраққа мысал ретінде мына сөйлемдерді келтіруге болады: Ей, сен бала директордың шопыры емессің бе? (Нұрманов). Қай ауылдың баласысың, шырағым?

Негізгі сұрақ сұраулы сөздердің (не істеді, қашан, қанша, кім, не, кімде, қайда, неге т. б.), ма, ме, па, пе шылаулардың қатысуымен жасалады. Бұл негізгі амалдарға көмекші ретінде интонация қаты-сады.

Сұраулы сөйлемдердің бұл түрі бір заттың, құбылыстың белгісін білу үшін қойылған бастапңы, әрі негізгі сұрақты білдіреді. Оның ерекшелігі жетек сұрақтармен салыстырғанда толық көрінеді.

2. Жетек сұрақ негізгі сұраққа жауап алу үстінде қосымша туған ойға байланысты сұрақты білдіреді. Бұл сұрақтың функ-циялық ерекшелігін мына мысалдан көруге болады.

Бұл құрылысқа бас инженер қылып кімді тағайындасақ екен?

Бұған Ілияс дайын тұр. Білімі де, тәжірибесі де сай.

С е н ө з і ң ш е?

Бұл мысалдағы негізгі сұрақ «Бұл құрылысқа бас инженер қылып кімді тағайыпдасақ екен?» Сөйлеуші осы сұраққа жауап ала отырып, тыңдаушыға іліктес тағы сұрақ қойып отыр. Сен өзің ше? Соңғы — жетек сүрақ.

Жетек сұрақтар әр уақытта негізгі сұраққа арка сүйеп жұмсалады. Бұл оның құрамына әсер етеді. Жетек сұрақтар толымсыз болып құралады, көбіне тек сұрақ мағыналы сөзден ғана тұрады.

116
Естіп пе ең, келді ғой?

Кім?

Әбіл.

Қайда?

Осында! (Майлин).

Жетек сұрақ тек сұраулы сөзден құралғанмен, оған қатысты сөз-дер негізгі сұрақтан көрініп тұрады.

Ашық сұрақ мағынасындағы сөйлемдер жетекші қызметінде кел-генде ілгергідей ңұралады. Ол тек сұрак, мағыналы сөздерден құра-лады.

Жетек сұрақ альтернативтік мағынада келгенде ше шылауының қатысуымен құралады. Бұл жетек сұрақ та толымсыз болып келеді. Альтернативті білдіретін мүше ше-ні қосып сөйлем құрайды. Қаты-сатын сөйлем мүшелері бастауыш, толықтауыш, пысықтауыш. Жетек сұрақ баяндауыш мүшені қатыстырып құралмайды. Өйткені бұл сөйлем негізгі сұраққа, негізгі сұрақты білдіретін сөйлемге сүйеніп жұмсалады. Соңғы жағдай — жетек сұрақ білдіретін сөйлемдердің еш уақытта баяндауыш мүшеден құралмауына себеп, мыс.:

Әлде Донбастың күші жетпеді ме? Донбастың күші жете-тін еді, соғыс басталып кетті де, біз үлгіре алмадық.

А л соғыстан бұрын ше? (Әбішев).

Жетек сұрақ кейде шартты бағыныңқы сөйлем + шылау ше фор-масында келеді.

Су шықпайтын жер екен.

Жауын көп қой.

Ж ауын б о л м а й қ а л с а ш е?

Мұнда да жетек сұрақ білдіретін сөйлем тиянақты форма алмай тұр. Өйткені бұл формада да жетек сұрақ негізгі сұрақтың жетегінде жұмсалады.

Бұл формадары жетек сұрақ негізгі сұрақты екінші жақ сөйлесу-шінің жауабына қарай коррективтеп қайта қояды. Бірақ ол негізгі сұрақты қайталамай, тек сұрақтың толықтырылган, жаңарған бөлі-гін — жаңа ситуацияны ғана — білдіреді.

Жетек сұрақты білдіретін сөйлем — сөйлесу процесін ықшамды, жинақы ету мақсатынан пайда болған форма.

Канал «Қараойға» жетті ме?

Жоқ.

Жалтырға ше?

Соңгы сұрақты «Ал жалтырға жетті ме?» деп те айтуға болар еді. Бірақ тілімізде, көбіне, қосымша сұрақты ықшам білдіру үшін арнап жасалған форма басым жұмсалады.

Сонымен, ше шылау сөзі арқылы құралған сөйлем — стильдік мақсаттан туып, белгілі ситуацияға бейімделген синтаксистік форма, сұраулы сөйлемдердің бір түрі. ше шылауын қатыстырып ерекше тұлға алуы — жетек сұрақтың тілде орын алған ерекше синтаксистік категория екенін дәлелдейді.

3. Анықтауыш сұрақты білдіретін с ө й л е м д е р. Бұл сұраулы сөйлемдер екінші жақтың сөзін анықтап алу үшін қойылған сұрақты білдіреді.

Бұл кісілер қай елдікі?

Сабынкөлдікі.

Сабынкөлдікі?

Иә, Сабынкөлдікі (Майлин).

Мирон: Біз мұны. заводсыз-ақ дәл мехцехтың өзінде жасап шы-ғарамыз.

Мырқал: Мехцехтың өзінде?

117
Мирон: Иә, өзінде (Әбішев).

Бұл диалогтегі анықтағыш сұрақты білдіретін сөйлем тек инто-нация арқылы форма алып тұр. Оған шылау, сұраулық сөздер қатыс-паған. Бұл амал — анықтағыш сұраққа тән амал. Және бұл хабар білдіретін сөзге қатысты қойылатын анықтағыш сұрақтың формасы.

Екінші жақтың сұрағына қатысты қойылғанда анықтағыш сұрақ басқа формада құралады.

Күздік бас алды ма?

Күздік пе, күздік биыл кеш көтерілді.

Бұл диалогте күздік пе — анықтағыш сұрақты білдіреді. Ол екінші жақтың сұрағын анықтап алу үшін айтылып отыр. Сөйлеуші кейде оған жауап күтпейді.

Анықтағыш сұрақ екінші жақ қойған сұраққа байланысты қой-ылғанда анықтағыш сұрақты білдіретін сөйлем ма, ме, па, пе, ба, бе шылауларының көмегімен құралады.

Анықтағыш сұрақтар да диалогтік ситуацияға сүйеніп жұмсала-тын болғандықтан ылғи толымсыз болып келеді.
Сұраулы сөйлемнің мағынасына қарай бөлінуі
Ілгергі тарауда сұраулы сөйлемдердің диалогтік ситуацияның әр кезеңіне сай түр-түрге бөлініп жұмсалатынын айттық. Сұраулы сөй-лемдер сұрақтың ішкі логикалық мазмұнына қарай да өз ара бөлініп; жатады. Сұрақтың іштей логикалық мазмұнына қарай бөлінуі тілден арнайы форма табады. Сондықтан да тіл ғылымы сұраулы сөйлем-дердің бойындағы бұл құбылысты да елеусіз қалдыра алмайды.

Сұрақты логиктер мазмұнына қарай,негізінен,екі топқа бөліп жүр7. Топтаудың принципі логиктердің бәріне ортақ болғанмен, дұрыс тұжырымдап, тиісті атауын дәл тауып бергендер — П. А. Бернш- тейн мен А. Н. Шрамм 8. Бұл авторлар сұрауды жалпы сұрақ (общий вопрос), альтернативтік сұрақ (альтернативный вопрос) деп екі топқа бөледі. Біз сұраулы сөйлемдердің логикалық мазмұнына негізделіп бөлінуін танығанда осы авторлардың принципін, қолданған терминдерін ескеріп отырдық.

Сұраулы сөйлемдерді логикалық мазмұнын, логикалық мазмұ- нына сай форма қалыптастыруын ескергенде біз төрт топқа бөлдік: ашық сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер, а л ь т е р н а т и в т і к сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер, р и т о р и к а л ы қ мазмұндағы сұраулы сөйлемдер, түрткі сұрақты білдіретін сөйлемдер.
Ашық сұрақты білдіретін сұраулы сөйлем
Сұраулы сөйлемдердің бұл түріне тән мағыналық ерекшелік - мұнда сұраққа негіз болып отырған, іздеулі болып отырған мүше белгісіз болып келеді. Сондықтан іздеулі мүшенің орнына кім, не, қайда, неде, қандай, не істеді деген сияқты сұрақ мағыналы сөздер жұмса-| лады.

Ау, Несібәлі қайда?

Мен мұндамын (Майлин).

7 Сұрақты логикалық мазмұнына қарай ажырату алғаш мына еңбектерді байқалады: П. С. Попов. «Суждение и предложение». В сб. «Вопросы синтаксиса современного русского языка». М., 1950, 12-бет; П. В. Ч е с н о к о в. Жоғары аталған еңбегі, 15-бет.

8 П. А. Б е р н ш т е й н, А. Н. Ш р а м м. Аталған еңбек, 197-бет.

118
Бұл сұраулы сөйлемде іздеулі болып отырған — мекен мағыналы предикат мүше. Ол мүше, оның белгілері туралы сұрақ қоюшы ешнәрсе білмейді. Сондықтан да ол сұрақты ашық түрде қойып отыр. Бұл сұрақтың жауабы еркін болады. Мен мұндамын, Немесе: Мен үйдемін т. б.

Ашық сұрақ өз ара мағына ерекшелігіне қарай іштей бөлінеді. Соған қарай ашық сұрақты білдіретін сөйлемдер де өз ара бес топқа бөлінеді 9.

1. Субъектінің іздеулі екенін білдіретін сұраулы сөйлемдер. Бұл сөйлемдер кім? не? деген сөздердің қатысуы арқылы құралады.

Оның сілесін к і м қатырыпты?

Тағы, н е боп қалды? (Әбішев).

2. Субъектінің ісін, предикативтік сапасын, сынының іздеулі еке-нін білдіретін сұраулы сөйлемдер. Бұл сөйлемдер не істеді? қайтті? кім? не? қандай? неше? қайда? деген сұраулы сөздердің қатысуымен құралады.

Келгеніңізге екі ай болды, не істедіңіз? ...сонда айтпағың не? На-мыс қайда, жігер қайда? (Әбішев).

3. Іс, қимыл объектісі іздеулі екенін білдіретін сұраулы сөйлем-дер. Бұл сөйлемдер кімді? нені? кімге? неге? деген сұраулы есімдік-тердің қатысуымен құралады.



Сәулеш, сен кімге ызаландың, маған ба? (Әбішев).

4. Іс, қимылдың сапасының, себебінің, мекенінің, мезгілінің із-деулі екенін білдіретін сұраулы сөйлемдер. Бұл сөйлемдер қалай? не үшін? неге? қашан? қайда? т. б. сөздердің қатысуымен құралады.



Қайда әлгі Мырқал? Олар не үшін қалды? Ол айдаудан қашан қайтыпты? (Әбішев).

5. Зат сапасының, сынының іздеулі екенін білдіретін сұраулы сөйлемдер. Бұл сөйлемдер қандай? неше? қай? деген сөздердің қатысуымен құралады.


Альтернативтік сұрақты білдіретін сұраулы сөйлем
Альтернативтік сұрақта жауаптың ізі белгілі болады. Ашық сұ-рақта іздеулі мүше түгел белгісіз болып, оның орнына сұраулық мағынадағы сөздер жұмсалатынын ілгеріде айтқанбыз. Альтернатив-тік сұрақта іздеуге із болып альтернатив сапа, іс аталады. Ол сапа, іс атаулы сөздер арқылы көрінеді де, олардың сұраулық мағынада ай-тылып тұрғанын шылау ма, ме (ба, бе, па, пе) білдіреді.

Осы сөзге сен тоқтайсың ба, тоқтамайсың ба?



Қыр соңыңнан қалмай жүрген қыздар ма, қырсық па? (Әбішев). Жауап осы альтернатив сапа, істі негізге алып құрылады. Негізге алып, ескеріп құрылады дегеніміз — жауап сұрақта айтылған альтернативтің аясында ғана қалып қоймайды. Жауап, сұрақ берушінің білгенінен, жорамалынан шет болуы мүмкін. Альтернатив сұрақ тек сұрақ қоюшы жақтың білімін, жорамалын танытады.

А,құдай, немене, Нұрлан келді ме?

Жоқ, сіздің Абзалыңыз обкомның екінші секретары болыпты, (Әбішев).

Бұл айтқандарымыз — альтернативтік сұрақты білдіретін сөй-лемдердің мағыналық ерекшелігі. Мағынасына сай бұл сөйлем-дердің



9 Сұраулы сөйлемдерді бұлай бөлгенде, біз 0. А. Арзумянның еңбегін еске алын отырмыз. О. А. А р з у м я н. Вопросительные предложения в персидском языке. Автореферат канд. диссертации. М., 1965.

119
өзіне тән грамматикалық формасы бар. Ол форманы қалыптасты-ратын — ма, ме (па, пе, ба, бе) шылаулары.

Альтернативтік сүрақты білдіретін сөйлемде іздеулі мүшелердің екеу болып келуі шарт емес. Кейде ол мүше біреу-ақ болып келеді.

Ертең біздікіне келесіз бе? Бірсыпыра істер бар еді, соны қа-лай қылу туралы сөйлесеміз бе? (Майлин).

Мұндайда да сұрақ альтернативтік мәнінен ажырамайды. Өйткені екінші альтернатив мүше (келмейсіз бе?) ойда тұрады.

Сұраулы сөйлемдегі альтернатив екі мүше бірі болымды, бірі бо-лымсыз формада тұрған бір сөзден болғанда, екінші сыңары болып кейде тек жоқ жұмсалады 10.

Барамысың, жоқ па? (Майлин).

Сен осы колхоздың бастыгысың ба, жоқ па?

Бұл — сөзді жинақы ету мақсатынан туған стильдік амал.

ма, ме — баяндауыштың позицияға қатысты жұмсалатын шылау. Ол, негізінен, баяндауыш мүшеге жалғасып жұмсалады. Шылаудың бұл қасиеті сұраулы сөйлемнің құрамына, іздеулі мүшені альтернатив ретімен таныту амалына әсер етеді.

ма, ме іздеулі объект баяндауыш мүше арқылы білдіргенде ғана сөйлемнің қалыпты тәртібін бұзбай жұмсалады: Қаз қайтты ма? 0т қалың ба? т. б.

Іздеулі мүше баяндауыштан басқа болғанда оны ситуация, сөйлем мүшесінің орын тәртібі, екпін байқататын болады. Бұл жай мына мысалдардан жақсы көрінеді.



Профессор мені шақырды ма?

Мені профессор шақырды ма?

Бірінші сөйлемде іздеулі альтернатив мүше мені ме, екінші сөй- лемде — профессор ма. Осы екі жайда іздеулі мүшелер екпінмен ай-тылады, әрі толықтауыш, бастауыш мүшелер іздеулі объектіні білдірген жайда, олар баяндауышқа жақын тұрып орын таңдайды.

Бірақ тілде бастауыш және басқа тұрлаусыз мүшелер іздеуліі болғанын анық, дәл білдіру үшін жұмсалатын параллель конструк-циялар бар. Ол конструкцияның ерекшелігін мына мысалдар таны-тады.

Бәтеңкенің тұмсығы қ а н д а й, ж а й п а қ па, с ү й і р ме?(Майлин). Сәулеш, сен к і м г е ызалысың, мағ ан б а (Әбішев)!

Құдалар қ а й д а н қайтты, Қаракемерден б е?

Астыққа н е ш е қатынадың, б е с п е?

Сұрау алдымен ашық түрде құралады да, соңынан сұрақ альтер -натив мазмұнға еніп анықтала түседі. Бұл тек ой процесінің ізін бағып құралған конструкция емес, бүл ма, ме шылауларының жұмсалу ерекшелігіне, позиция таңдауына байланысты қалыптасқан конструкция.


Риторикалық сұрақты білдіретін сөйлем
Сөйлеу практикасында сұраулы сөйлемнің формасы ерекше мақ -сат үшін жұмсалып тұрады. Көлік кеше қайтпап па еді! дегенде сөйлем сұрау формасында тұрғанмен, беретін мағынасы өзгеше.
10 Сұраулы сөйлемнің құрамындағы бұл альтернатив сыңар жауап сөйлемнің басында ұшырасатын сөзді қатыстыру арқылы жасалады.

Тауға жол түсіп пе?

Жоқ, түскен жоқ.

Жоқ — альтернатив жауаптың бір сыңары. Сондықтан да ол сұраулы сөйлемге төл сөз ретінде қатыстырылады. Бірақ қазір ол төл сөз мәнінен ажырап, болымды формада айтылған мүшенің альтерна-тиві ретінде жұмсалады.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет