Батыс Түрік қағанатының бірінші басшысы-қаған жоғарғы билеуші және әскербасы саналды. Қағанның билігі шексіз мұрагерлік жолмен беріліп отырды. Одан кейінгі билік қаған сайлаған ұлықтың қолына берілді. Қағанаттағы жоғарғы лауазымдар қаған руынан шыққан ақсүйектер өкілдерінің қолында болған. Оларға ябғу, шад, елтебер сияқты атақтар беріліп отырған. Ал сот істерін бұрықтар мен тархандар атқарған. Жергілікті жерлерде қағанның негізгі тірегі бектер болған. Қарапайым халықты «қара бұдандар» деп атаған. Түрік қағанатында салықтың «қанмен өтейтін» түрі де болған. Ондай әскери міндетті атқарушы адамдар майдан шебінің алдыңғы қатарында жүрген. Түрік қоғамында «татсыз түрік болмайды» деген теңсіздікті білдіретін тіркес болған. «Тат» сөзі құл деген мағына береді.
Сақ қоғамына тоқтала кетсек, сақ патшалары құдіретті билеушілерге айналды. Олар соғыс пен бейбітшілік мәселелерін шешті, келісімдер жүргізді. Елшілер тағайындады, әскерді басқарды. Патша билігі мұрагерлік жолмен қалдырып отырылды. Патшадан кейінгі тұлға-тайпа көсемі. Оны тайпа мүшелері өз жиналыстарында сайлады. Тайпа көсемі бас қолбасшылық қызметін де атқарып, тайпалар мен рулардың арасындағы даулы мәселелерді шешті. Көсем өз тайпасының қарумен, азық-түлікмен қамтамасыз етілуін қадағалап реттеді. Жер бөлісумен айналысып, оны пайдалану жолын белгіледі. Айта кететін ерекше жағдай сақтарда әцелдерді құдіреттеп, қастерлей сыйлаған. Тіпті, олар да тайпа көсемі бола алған. Сақ қоғамы үш топтан тұрды, олар: 1.абыздар, 2. жауынгерлер, 3. Малшылар мен егіншілер.
Ұқсастықтары: сақтар патшаға, ал түріктер қағанға шексіз билік берді. Екеуінде де ел басқару мұрагерлік жолмен беріліп отырған. Сомен қатар, қоғамдық құрылысында ұқсастықтар өте көп. Тек сақтарда қоғамдық құрылыс 3 таптан тұрса, түріктерде 5 таптан тұрады және олардың өмір сүру кезеңі әр түрлі. Сақ тайпалары б.з.б. 8-3ғ.ғ. Батыс Түрік 603-704ж.ж.
ІІ-билет