Iii нұсқа 1-билет ХV-ХVІ ғасырлардағы ақын- жыраулар.


-билет 1. Батыс Сібір хандығы



бет31/37
Дата06.02.2022
өлшемі9,24 Mb.
#39450
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37
25-билет
1. Батыс Сібір хандығы.
2. ҚР “Тіл туралы” заңының тарихи маңызы.
3.1905-1907 жж. буржуазиялық-демократиялық революция кезеңіндегі қазақ жеріндегі ірі бас көтерулер болған аумақтарды картаға белгілеп, маңызын түсіндіріңіз.
Жауабы:

  1. Батыс Сібір хандығы (XIII-XV)

Сібірдің жерінде біршама түрік тайпалары мекен етті. Батыс Сібір алдымен Жошы ұлысына, кейіннен Шайбани хандығына қарайды. Батыс Сібірдің орталығы- Тұра қаласы. 1428 жылы Батыс Сібірді Әбілқайыр басып алды.
Көшім тұсындағы Сібір хандығы
Территориясы: Батыс Сібір, Орал өңірі, Ертіс, Тобыл өзендерінің алабы. Құрамындағы тайпалар: керей, қыпшақ, найман, арғын, жалайыр, ханты, мансы, т.б. Астанасы: Искер қаласы. 1563 жылы хан тағына Көшім отырды. Алтыұл тайпасынан шыққан Көшім 1510 жылы Ноғай ордасында дүниеге келген. Ол 1555 жылы Сібірде билік жүргізген Тайбұға мен соғысып, оны жеңеді.
Экономикасы және мәдениеті
Көшімнің кезінде Сібір хандығында көптеген қамалдар мен бекіністер, ғимараттар салынады.
Көшімнің тұсында Сібір халқы ислам дінін қабылдайды. Сібір хандығында, негізінен, сауда мен аңшылық дамыды.
Саяси құрылысы
Жоғарғы билеушi-хан, хан кеңес-диван, кеңесшілер-аталықтар, уәзірлер-қараша.
Сібір-Ресей қатынасы
Сібір ханы Көшім Ресейдің шығысқа қарай ұмтылуына кедергі жасауға тырысты. 1574-1575 жылдары Сібірге барлауға жіберілген Иван Грозныйдың отрядын Көшім хан қырып тастайды. 1582 жылы Көшім әскерлері атаман Ермактың отрядынан жеңіледі. 1582 жылы күзінде атаман Ермак 600-ге жуық казагымен Искер қаласына шабуыл жасайды. Көшім әскері жақсы қаруланған Ермак отрядынан жеңіледі. 1584 жылы Көшімнің адамдары Ермакты өлтіреді. 1598 жылы орыс әскерлеріне қарсы ұйымдастырылған шайқаста Көшім жеңіліп, Шығыс Қазақстан жеріне қашады. Сібір хандығы осылай Ресей империясының құрамына кіреді.
2. ҚР “Тіл туралы” заңының тарихи маңызы.
Қазақстанның мемлекеттік тілі қазақ тілі, ұлтаралық тіл орыс тілі және басқа тілдердің ережелері мен заңдастықтарын растайтын және зерттейтін нормалар жиынтығы.
Қазақстан Республикасының “Қазақстандағы Республикасындағы тіл туралы” заңы 1997 жылғы 11 шілдеде қабылданды. Атап айтқанда, 1998 жылғы 14 тамызда “Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы”, Елбасының 1998 жылғы 5 қазанда №4106 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» тағы басқалары. Бас аяғы 4-5 жылдың ішінде 17 құжат қабылданыпты.
Тілімізді сақтау үшін жасалынған ұсыныстар
1. Мемлекеттік органдарда іс қағаздарын жүргізуде қос тілділіктен, бір тілділікке, яғни қазақ тілінде жүргізуге көшу керек. Ол үшін тіл туралы Заңның тиісті баптарына өзгеріс енгізу қажет.
2. Ата заңымыздың жетінші бабының “Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады” деген екінші тармағын алып тастау қажет.
3. Тіл туралыы заңның 24-ші бабында “Қазақстан Республикасының тіл туралы Заңының бұзылуына кінәлі мемлекеттік органдардыңғ кез келген меншік нысанындағы ұйымдардың 1-ші басшылары, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жауапты болады” делінген. Заңның осы қағидасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет.
4. Аталған Заңның 25-ші бабына және ҚР Үкіметінің биылғы жылғы 8-ші қаңтарындағы №16 Қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес, тілдер туралы Заңдардың сақталуына бақылау жасауды өз шегінде Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық келісім Министрлігі жүзеге асырады. Осы Ережеге сәйкес облыстық ақпарат және қоғамдық келісім Департаменті, прокуратура ргандарымен бірігіп, тіл туралы Заң талаптарының орындалуына дәйекті түрде бақылау жасауды қамтамасыз ету керек.
5. Мемлекеттік органдарда бос лауазымдарға қызметкерлер қабылдағанда, олардың біліктілік талаптарының тізбесіне міндетті түрде қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізе алатындығы енгізілуі тиіс.
3. 1905-1907 жж. буржуазиялық-демократиялық революция кезеңіндегі қазақ жеріндегі ірі бас көтерулер болған аумақтарды картаға белгілеп, маңызын түсіндіріңіз.
1905 жылдан 1907 жылға дейінгі кезеңде бірінші орыс революциясы болып өтті. Оның жаңғырығы Қазақстанға да жетті. Патша үкіметінің 1905 жылғы 9 қаңтарда қарусыз шеруге шыққан жұмысшыларға оқ атып, қырып салғаны оның қанішер зұлымдық саясатын әшкерелеп берді. Бұл хабар халықтың кекке толы ашу-ызасын келтірді. Қазақтың белгілі ақыны әрі этнограф, тарихшы, шежірешісі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы осы оқиғаға арнап «Қанды жексенбі» деген өлең жазды. Өлеңнің «Айқап» журналына жарияланғалы жатқанын сезіп қалған жергілікті отаршыл әкімшілік оны басып шығаруға тыйым салды. Автор қуғын-сүргін көрді. Ташкент, Қоқан жағында және Ішкі Орда аумағында бой тасалауға мәжбүр болды.
Верный, Перовск, Қазалы, Орал, Ақтөбе, Петропавл мен Семейде жұмысшылардың наразылық жиналыстары мен митингілері болып өтті. Ақмола облысы мен Далалық өлке орталығы Омбы қаласында да халық наразылық шеруіне шықты.
Қазақстанда жұмысшылардың өре көтерілуі мен ереуілдері темір жол бекеттерінде ерекше орын алды. Алайда олардың патша үкіметіне қарсы қарулы қақтығыстары бола қойған жоқ. Өйткені жұмысшы табының қатары әлі аз еді. Саяси жағынан пісіп жетілмеген, көтеріліске әзірленбеген болатын. Жұмысшы табы енді ғана қалыптасып келе жатқан-ды. Оның үстіне, шет аймақтың ұлттық ерекшелігі де тежеуші әсерін тигізбей тұра алмады. Патшалық самодержавие мұнда еуропалық ұлт өкілдерінің ат төбеліндей аз жұмысшылары мен жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақ жұмысшылары арасына от тастап, оларды бір-біріне қарсы қоюға тырысып бақты.
Бұл кезенде патша үкіметінің отаршылдық саясаты күшейіп, барған сайын асқына түсті. Мұны мынадан айқын көруге болатын еді. Біріншіден, қазақтардың жерлерін қоныс аударушы орыс шаруаларының және қазақтардың қорын жаппай тартып алу одан әрі жүріп жатты. Патшаның 1904 жылғы жарлығы бойынша бұрынғы Сібір шекара шебіндегі ені он шақырымдық бейтарап алқап казак әскерлерінің «мәңгілік» пайдалануына берілді. Патша үкіметінің осы және басқа да озбырлық әрекеттері салдарынан дала тұрғындары жаппай жерсіз қала бастады. Мәселен, XX ғасырдың бас кезінде бір ғана Семей облысының өзінде 147 мыңға жуық қазақ жерсіз қалды. Сондықтан да жерсіз қазақтар жерді Сібір қазақтарынан, император әулетінің Алтай таулы округіндегі меншікті аумағынан, Томск, Тобыл губернияларындағы орыс шаруаларынан, сондай-ақ Қытай империясының әкімшіліктерінен жалға алып пайдалануға мәжбүр болды.

  • Екіншіден, өлке аумағынан мал өнімдері шикізаты, минералдық ресурстарды көптеп тасып әкету күшейді. Кеніштерді, шахталарды, зауыттар мен фабрикаларды болмашы арзан бағаға сатып алған шетелдік кәсіпкерлер елдің табиғи қазба байлығын тасып әкетуде алдарына жан салмады. Үшіншіден, жұмысшыларды, соның ішінде әсіресе қазақтарды қанау әлдеқайда қатыгездік сипат алды. Қазақтардың жалақысы көрер көзге төмендетілді, олар мамандық деңгейі төмен, ең ауыр қара жұмыстарда істеді. Орыс жұмысшыларымен салыстырғанда тұрғын үй жағдайлары да адам төзгісіз еді. Төртіншіден, патша үкіметі қазақ өлкесінде православие дінін уағыздаушы миссионерлерді қаптатып жіберді.

  • Жергілікті халықтың тарапынан әлдебір келеңсіз әрекеттердің жасалып кету мүмкіндігінің алдын алу үшін 1906 жылғы 6 қаңтардан бастап патшаның арнайы жарлығы бойынша Ақмола және Семей облыстарының бүкіл аумағында әскери төтенше жағдай жарияланды. Патша үкіметі бұл аймаққа қосымша әскери күш жеткізді. Жұмысшы қозғалысының жетекшілерін қамауға алу, жер аудару, кәсіпорындағы жұмысынан босату шаралары басталды.

  • 1905—1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы жеңіліске ұшырады. Бірақ ол қазақ халқының қоғамдық сана-сезімін арттыруға, өлкедегі демократиялық қозғалысты дамытуға орасан зор ықпал етті. Ресейдегі революциялық оқиғалардың әсерімен қазақ халқының көрнекті перзенттері саяси сахнаға көтерілді. Халықтың таңдаулы өкілдерінің Ресей Мемлекеттік Думасына қатысуы Қазақстан тарихында аса маңызды рөл атқарды. Қазақ халқының көшбасшыларына айналған зиялылар Ресей империясының өкілетті органының мінберінен ең маңызды проблемаларды, жерге қатысты мәселелерді принципті түрде батыл көтере білді.

  • Бірінші орыс революциясы жылдарындағы оқиғалар қазақ халқымен Қазақстандағы басқа да ұлыстардың саяси белсенділігін арттырды. Қазақ жұмысшылары өз алдына дербес саяси күш ретінде көріне білді. Солай бола тұрса да ол жылдардың оқиғалары Қазақстандағы ұлттық-демократиялық және жұмысшы қозғалысының әлсіз, әлі де жетілмегенін көрсетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет