27-билет 1. Үйсіндердің әдет-ғұрыптары мен діни-наным сенімдері.
2. Бөкей ордасындағы ұлт-азаттық көтеріліс пен К. Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістерді салыстырыңыз.
Тәуке ханның ”Жеті жарғысында” қарастырылған мәселелерді кесте бойынша толтырыңыз, маңызын түсіндіріңіз.
Жауабы:
1.Үйсіндердің әдет-ғұрыптары мен діни-наным сенімдері
Үйсіндердің салт-дəстүрі
Үйсіндердің салт-дəстүрі туралы ғылыми деректер аз. Ертедегі үйсіндердің түсінігінше, өлген адам тіріледі деп сенген. Сондықтан да адамды жерлегегде оған о дүниеде керек болады-ау деген заттардың бəрін қосып көмген. Тірі кезінде пайдаланып жүрген заттардың бəрін қоса көмген. Көптеген бейіттерді қазғанда табылған заттар осыны дəлелдейді. Тамақ ішетін ыдыс-аяқтар, тұрмысқа қажетті басқа да бұйымдар жиі кездеседі. Ер адамдардың жанына сауыт-саймандар, қару-жарағы: садақ, жебелер, қанжар, найза, қамшы, пышақ секілді заттар қойылған.
Діни нанымдары
Табылған заттары мен əшекейлері, қару-жарағы жоғарғы көркемдігімен қатар үйсіндердің діни ұғымын, өмірге көзқарасын да көрсетеді.
Диадемадағы жапырақтар əлемді тіршілік ағашының көзі, өмір нəрі, жан беруші əйел бейнесі болып табылады. Бұл ағаш жер ортасындағы тау шыңына өсіп, дүниенің төрт бұрышын жəне əлемнің үш бөлігін: тамыры тереңге кететін жер астын- о дүниені, адамдар мен жан-жануарлар өмір сүретін жер үстін- бұл дүниені, құдайлар мен құстар мекені- аспан əлемін жалғастырып тұр.
Жерлеу орындары
Бейіт басына тұрғызылған обаның үлкен-кішілігі марқұмның қоғамдағы алған орнының, байлығының қандай болғанын білдірген. Қазба жұмыстары кезінде үлкен обалардан үлкен əшекейлер, қару-жарақ, ыдыс-аяқ түрлері көп шығады. Теңлік қорымындағы қабірден киімге тігілген алтын қапсырмалар, алтын сырғалар, алтын сыммен оралған темір түйреуіш, қола айна табылды. Көлемі жағынан орташа обадан бірнеше қыш құмыралар, ағаш тостаған, қола сырға, түйреуіш, білезік шықты. Қару-жарақтан темір қанжар, пышақ, үш қырлы жалпақ жебе ұштары бар. Кішкентай обалардан бір-екі қыш ыдыс, темір пышақ, қола сырға, моншақ табылды.
2.Бөкей ордасындағы ұлт-азаттық көтеріліс пен К. Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістерді салыстырыңыз.
Бөкей ордасындағы көтеріліс (1836-1837) — әлеуметтік-әділетсіздік пен патша үкіметінің езгісіне, отарлаушылық саясатына қарсы қазақ шаруаларының көтерілісі. Оған ИсатайТайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басшылық етті. Көтеріліс өз дамуында үш кезеңнен өтті: Көтерілісшілер қозғалысының басталуы мен күшеюі, дала шонжарларының қоражайының талқандалуы;Жазалаушы отрядтармен қарулы күрес, хандық территориясында көтерілісшілердің жеңіліске ұшырауы;Көтерілісшілер ұйтқысының Жайықтың сол жағалауына өтуі, жаңа қол жинап, соңғы рет бас көтеруі.
Көтеріліс Орданың барлық халқының үштен бірінен астамы көшіп-қонып жүретін оңтүстік белігінде басталып өрістеді. Мұндағы жер жағдайы көшпелі шаруашылықты жүргізуге өте қолайлы еді. Дәулетті руластары мен байлардың шаруашылығынан немесе осы жердегі балық кәсіпшіліктерінен немесе орыс помещиктері мен өнеркәсіп иелерінің жеке меншік иелерінен жұмыс табуға дәмеленген, жері жоқ, малы аз адамдар — бәрі осы оңтүстік бөлікке ағылды. Алайда көшпелі халықтың тұрмыс жағдайы нақ осы бөлікте өте мазасыз, ауыр болды. Хан өкіметі елдің оңтүстігіне өзінің өкілдері мен салық жинаушыларын жіберді. Қылмыскерлерге, бүлікшілерге қарсы күресуді, қазақ ауылдарынан «жасырынып жүрген» орыс қашқындарын ұстауды сылтауратып, шекаралық органдар бұл аймаққа тергеуші, шенеуніктер тобын, әскери отрядтарын жіберіп отырды, олар осында көшіп-қонып жүрген қазақ ауылдарының есебінен баюды көздеді, жергілікті халық арасына үрей тастап, абыржытумен болды. Бұған жер тапшылығы мен жайылым таршылығы келіп қосылды. Одан алдымен кедей шаруалар жапа шекті. Қарапайым халық екі жақты қысымға — жергілікті билеушілердің озбырлығына және отаршылдық езгіге ұшырады. Хан тәртібі мен қанаушыларға деген ашу-ыза, өшпенділік қазақ рубасыларын осылайша ашық күреске итермеледі
Бөкей хандығы қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісінде орта ғасырлық шаруалар қозғалысына тән белгілер болды. Бұлар: көтерілісшілердің батылдығы мен жеке отрядтарының бытыраңқылығы, саяси мақсаттарының айқын болмауы мен ұйымшылдықтың нашарлығы. Бүған патриархалдық-рулық қатынастар мен көшпелі мал шаруашылығы басым дамыған қазақ қоғамының ерекшеліктерін қосуға болады. Көтеріліс Бөкей хандығында жеңіліске ұшырағанымен, халықтың әлеуметтік бостандығы жолында күресуші кейінгі ұрпақтың ойы мен есінде мәңгі сақталып қалды.
К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847) — қазақтардың патшаүкіметіне қарсы барынша бұқаралық және ұзаққа созылған көтерілістерінің бірі болды.
1837 жылы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс басталды. Ол Қазақстандағы ірі көтерілістердің бірі еді. Оған үш жүздің қазақтары түгел қатысты. Кенесары тарихсахнасына өзінің ұлы бабасы Абылайханның ісін жалғастырып, алға алып барушы ретінде шықты.
Сұлтан Кенесары 1802 жылы дүниеге келген. Ол Қасым сұлтанның бел баласы, Абылай ханның туған немересі еді. Көтерілістің болашақ басшысы Кенесары бала кезінен-ақ ат құлағында ойнады, құралайды көзге атқан мерген болды. Қанжығасы қанды ғажайып аңшылығымен, қара қылды қақ жарған әділдігімен, ерік-жігері, қажымасқайратымен және жүрек жұтқан батылдығымен, қайтпас қайсар қаһармандығымен тaнылды. Оның бойында ұйымдастырушылық және әскери қолбасшылық талантымол болатын. XIX ғасырдың орта кезіндегі орыс зерттеушілерінің бірі Л. Майер «Кенесарыға көзсіз ерлік тән еді» деп жазды.
Замандастарының сипаттауына қарағанда, ол ашық жүзді, орта бойлы және жауырыны қақпақтай төртпақ тұлғалы болған. Аз сөйлеп, көп тыңдайтын, өзін-өзі аса байсалды ұстай білетін. Әңгімелескен адамының пікіріне әрқашан мұқият назар аударатын. Қонақжай қасиеті ерекше күшті еді. Әкесімен және ағаларымен бірге жүрген кездерінде олардан қолбасылық тәжірибесін едәуір үйреніп алған болатын.
1841 жылдың қыркүйек айында үш жүздің өкілдері бас қосқан жиында Кенесары Қасымұлы хан сайланды. Сөйтіп Қазақ хандығы қалпына келтірілді. Патша үкіметі бұл жайсыз хабарды өте өкініш сезімімен естіп-білді. Ендігі жерде Кенесары бастаған көтеріліс ұйымдасқан сипат ала бастады. Ұлт-азаттық күресті табысты жүргізу үшін Кенесары хан бір орталықтан басқарылатын мемлекет құрды. Оны ханның өзі басқарды. Ханның жанынан жоғарғы кеңесші орган - өзіне барынша адал берілген батырлардан, билерден, сұлтандар мен жақын туыстарынан тұратын арнайы Кеңес құрылды. Кенесары хандықты өзінің сенімді адамдары - жасауылдар арқылы басқарды. Жасауылдар сот ісімен, шаруашылық мәселелерімен, дипломатиялық жұмыстармен, алым-салық жинаумен және әскери істермен айналысты. Жасауылдар сонымен қатар орталық өкімет билігі берген нұсқаулардың мұқият орындалуын, мал жайылымдарының дұрыс бөлініп, тиімді пайдаланылуын бақылады, халықтың көңіл күйін де қадағалады. Хан билігі қызметінің оңды нәтижелері ретінде оның қол астындағы халық арасында алауыздық пен барымта алу жойылды.
3. Тәуке ханның ”Жеті жарғысында” қарастырылған мәселелерді кесте бойынша толтырыңыз, маңызын түсіндіріңіз.
1-жарғы.Көтеріліс жасап,бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын.(Бұл жарғы мемлекеттің бүтіндігі талабынан туды).
2-жарғы.Түркі халқының мүддесін сатып,елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын.(Бұл жарғы халықтың ортақ мүддесі –елдің бүтіндігін қорғаған біртұтас қоғамдық сананың жемісі).
3-жарғы .Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын.(Бұл жарғы да жабайылықтың төменгі сатысына тән кісі өлтірішулікке тыйым салған және мәдениеттіліктің белгісі ретінде танылуға тиіс өте елеулі жаңалық).
4-жарғы.Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап,ақ некені бұзушыларға өлім жазасына бұйырылсын.(Бұл жарғы да шаңырақтың бірлігін қамтамасыз еткен,неке парызына адалықты талап еткен маңызы зор жаңалық).
5-жарғы.Өреде тұрған,тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын.(Ол кезде «ер қанаты – ат» елдің,мемлекеттік соғыс күші ретіне бағаланады).
6-жарғы.Төбелесте мертігудің түріне қарай төмендегіше мүліктей құн төленсін: а)біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді,ал қызы жоқ болса қыздың қалыңмалын береді. ә)төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді.
7-жарғы.Ұрланған жылқы, өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеттірілсін