Икт крит руководство для учителя 1 каз indd



Pdf көрінісі
бет158/358
Дата11.05.2022
өлшемі7,84 Mb.
#142594
түріБағдарламасы
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   358
МҰҒАЛІМДЕРДІ БАҒАЛАУ
Бағдарламаның түйінді идеялары мен мазмұны мұғалімдердің тиісті сапалық деңгейге қол 
жеткізуіне бағытталған. Ол сапалық деңгей Мұғалім өзін кәсіби тұрғыдан ой толғауға қабілетті, 
өзінің оқыту және оқу тәжірибесін өзгертуге дайын маман ретінде таныту үшін қажет.
Кәсіби даму бағдарламасының өн бойында мұғалімдер Бағдарламаның өзара байланысты 
тақырыптарымен танысады. Олар бұл тақырыптарды өз сабақтарының жоспарларына қосу 
арқылы өзінің тәжірибелік қызметі тұрғысынан тақырыптарды түсінетіндігін көрсетулері 
керек. Нәтижесінде мұғалімдер өз тәжірибесіне қандай өзгеріс енгізгені, ол өзгерісті қалай 
енгізгені туралы рефлексиялық есеп жазады. Мұғалімнің Бағдарламаны табысты игерудің 
төмендегі үш критерийіне сәйкестік деңгейін анықтауда олардың оқудың соңында жазатын 
рефлексиялық есебі айрықша мәнге ие болады:
1. Бағдарламаның түйінді идеяларын білу және түсіну.
2. Өзінің оқыту және оқу тәжірибесінде Бағдарламаның түйінді идеяларын қолдану.
3. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді енгізу туралы ойлану және одан әрі дамытуға 
арналған тәсілдер мен идеяларды белгілеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   358




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет