Инженерлі технологиялық институты



бет84/103
Дата27.04.2020
өлшемі1,97 Mb.
#64861
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   103
Байланысты:
Мелиорат. зем.на каз

Бақылау сұрақтары:

1. Орман мелиорациясы дегеніміз не

2. Орман мелиорациясының агрономиялық маңызы

3. Екпе ағаш отырғызбаларының әсері


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Зубаиров О.З., Тлеуқұлов А.Г. Суару мелиорациясы, Алматы, 2010 ж.

2.Әуезов Ә.Ә., Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш. Егіншілік, оқулық, Алматы, 2005 ж.

3.Атақұлов Т.А., Кененбаев Т.С. Ауыл шаруашылық мелиорациялары, Алматы, 2003 ж.




ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ №4

Тақырыбы: Агрохимиялық мелиорация

Сабақтың мақсаты: Топырақты химиялық мелиорациялауды үйрету.

Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары: слайдтар, суреттер, плакаттар.

Дақылдардың көбісі топырақ реакциясының бейтарап (нейтралды) болуын қалайды. Топырақ ерітіндісінің реакциясы қышқылды, немесе сілтілі болса онда өсімдік нашар өседі. Мұндай топырақтың реакциясын бейтарапты реакцияға келтіру үшін оған әк немесе ғаныш енгізеді, бұл шараларды топырақты химиялық мелиорациялау деп атайды.



Қышқыл топырақтарды әктендіру. Орманды алқаптардың күлгін, шымды-күлгін топырақтары қышқыл реакциялы болып келеді. Ондай топырақты бейтарапты реакцияға келтіру үшін оны әктендіру қажет. Әктендіру нәтижесінде топырақтың құнарлылығы жақсарады, онда егілген дәнді дақылдардың өнімі әр гектардан 4-5 ц, қант қызылшасының өнімі -50-60 ц, сүрлемге арналған жүгерінің өнімі 60-90 ц көтеріледі. Әктенген жерде дақылдардың өніп өсуіне тыңайтқыштардың тигізетін әсері де арта түседі.

Топырақтың қышқылдығын азайту үшін әктің, доломиттің ұнтақтары қолданылады.



Сор топырақтарды гипстендіру. Сор топырақтың көлемі ТМД бойынша 120 млн. га, яғни барлық жердің 5,4 пайызын алып жатыр. Сор топырақтар әртүрлі аймақтарда кездеседі. Әсіресе шөлейт далада, шөл аймақтарда жиі кездеседі. Мұндай жерлер Қазақстанда да жиі кездесетін болғандықтан, сор топырақтың құнарлылығын көтеру шараларына көбірек көңіл бөлеміз.

Сор топырақтың құрамында натрий көп болады да, топырақ ерітіндісінің реакциясы сілтілікті көрсетеді. Сондай тұзды топырақтар сортаң және сор топырақтар болып екіге бөлінеді.

Сор топырақтар. Егер топырақтың барлық қабатында (соның ішінде үстіңгі қабатында да) суда тез еритін тұздар көбірек (0,6-дан 3% және одан да көп) болса, сор топырақтар деп атайды. Тұздың концентрациясы жоғары болғандықтан, онда өсімдіктердің суды, қоректік заттарды сіңіруі қиындайды. Сондықтан мұндай топырақтарда өсімдіктер жөнді өспейді, өссе де тек галофиттер – тұзға төзімді өсімдіктер ғана кездеседі. Сор топырақтар әдетте ойпаттау жерлерде, суы ащы теңіздер мен көлдердің жағасында кездеседі. Cop топырақтар құрамында кездесетін тұздардың түріне қарай хлоридті-натрийлі, хлоридті-сульфатты, кальцийлі-натрийлі, сульфатты, кальцийлі-магнийлі және т.б. болып бөлінеді. Мұның ішіндегі ең зияндылары NаCl және NaHC03+Na2C03 тұздары. Cop топырақтың құнарлылығын көтеру үшін химиялық мелиорациялау – гипстендіру керек. Топыраққа ғанышты (CaSO4) енгізгенде оның құрамындағы кальций ионы топырақ сіңіру кешенінен натрий ионын ығыстырып шығады. Осының нәтижесінде топырақтың физикалық, биологиялық қасиеттері жақсарады.

Сортаң топырақтар. Мұның сор топырақтан айырмасы тұзы мол топырақ жердің төмендеу жатқан қабатында (В1 қабатында) кездеседі. Үстіңгі – А қабатында тұз аз болады. Тұзы көп В1 қабатының астында гипс, карбонаттары мол В2 қабаты орналасады, онан төменде аналық қабат С болады. Сонымен сор топырақтың әртүрлі қабаттарының құрамы да, қасиеттері де күрт өзгеріп тұрады.

Тұзды жерді химиялық мелиорациялауға көп гипс керек. Сондықтан көбінесе топырақтың өзін-өзі мелиорациялауына жағдай жасалады. Ол үшін гипсі бар В2 қабатын жоғары шығарып сортаң қабатпен араластырады. Бұған жерді терең жыртатын плантаждық соқалар қолданылады. Гипсі бар қабат пен тұзды қабат араласқан кезде топырақ ерітіндісінің сілтілік реакциясы азаяды. Топырақтың құнарлылығы артады. Ал егер топырақты сумен шаю, органикалық, минералдық тыңайтқыштар қолдану шаралары қоса жүргізілсе, топырақтың құнарлылығы одан да жоғары артады, бұл жерге көптеген дақылдарды егіп, олардан мол өнім алуға мүмкіндік туады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет