«интернет технологиялар» ПӘнінен оқУ-Әдістемелік кешен 5В070400 «Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету» мамандығына арналған ОҚУ-Әдістемелік материалдар семей



бет3/21
Дата22.08.2017
өлшемі8,25 Mb.
#24513
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Дәріс 5. Электрондық почта



Дәріс сабағының құрылымы:

  1. Электронды почта туралы түсінік.

  2. Хатты толтыру.

  3. Телеконференциялар.

  4. Файлдың серверлері.




  1. Электрондық почта қашықта орналасқан абоненттермен компьютер арқылы байланысудың ең ыңғайлы түрі болып табылады. Мәліметті өте жылдам, әрі толық күйінде оны өзгертпей барар жеріне сенімді түрде жеткізетіндіктен, қазіргі почта қызметінің ертеңі электронды почта болады деп күтілуде.

Электрондық почта кез келген құжатты – ол мейлі қызмет жайлы жалпы мәлімет бола ма немесе жай хабар түріндегі мәтін бола ма – бәрі бір олардың ақпараттық негізін бірдей түрде нық ұстап, нақты әрі сенімді түрде жеткізе алады.

Электрондық почтаны пайдалану кезінде компьютерде әр түрлі арнаулы программалар қолданылады және олардың қажеттілігіне қарай бірінен біріне жеңіл ауысып отыруға болады. Мұндай программалар мынадай жұмыс атқарады:



  • алынған мәліметтерді талдау және жаңа мәліметер дайындау;

  • байланыс торабымен жылдам мәлімет алмасу.

2. Кәдімгі почта тәрізді электрондық почта да бір абонент пен екінші абонент арасында мәлімет алмасу үшін қолданылады. Жіберілетін мәліметте екі адрес көрсетілуі тиіс: хатты жіберуші және оны алушының аты-жөні мен онынң компьютерінің желідегі адресі көрсетіледі. Хат иесінің адресін компьютер автоматты түрде өзі толтырады. Бұған қоса электрондық почта адрестерінде мынадай мәліметтер жазуға болады:

- мәлімет тақырыбының қысқаша сипаттамасы;

- хаттың көшірмесі тағы қандай адрестерге жіберілуі тиіс.

Электрондық почта жұмысы барысында хаттың тақырыбына қоса оның жіберілген мерзімі, уақыты т.с.с. керекті мәліметтер тіркеліп қлады.

3. Көптеген желілер алғашқы ретте ғылыми, конструкторлық және оқу орындарын байланыстыратын жүйе ретінде жасалған болатын. Сондықтан ұжымдық пікір-талас жүргізуге арналған желі мүмкіндігі телеконференция деп аталып, ол белгілі бір салад ғана қолдануға негізделген еді. Бірақ кейінен желілер практикада кең пайдаланылып, оның алғашқы ғылыми семинар, конференцияға арналған мүмкіндігі біршама шетте кала бастады.

Телеконференция ұйымдастыру кәдімгі кітапхана немесе архив жұмысына ұқсас жүргізіледі. Мұнда да көпсатылы тақырыптық каталогтар мен олардағы мәліметтерді сақтау ісі ұйымдастырылады.

4. Бірсыпыра байланыс тораптарының файлдық серверлері өз абоненттеріне өздерінде жинақталған ақпараттық материалдарды, яғни файлдар архивін пайдалануды ұйымдастырып жүр. Ол материалдар мәтіндік құжаттардан, кітаптардан, сызбалардан, компьютерлерге арналған программалардан т.б. тұрады. Бұл мәліметтер ұзақ уақыт сақталады және олардың көлемі де үлкен болады.
Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:


  1. Электронды почта деген не?

  2. Электронды почтамен қалай жұмыс істеу керек?

  3. Электронды почтанынң кәдімгі почтадан айырмашалаға қандай?

  4. Хатты толтыру қалай жүзеге асады?

  5. Телеконференциялар деген не?

  6. Файлдың серверлері қанадй қызмет атқарады?



Ұсынылатын әдебиет:

1. Олифер В.Г., Олифер Н.А. Компьютерные сети. Учебник.-СПб: Питер, 1999.

2. Комер Д. Принципы функционирования Интернета СПб: Питер,2002

Дәріс 6. SDH желілері



Дәріс сабағының құрылымы:

  1. SDH технологиясының пайда болуы.

  2. SDH хаттамалары.

1. 1988 жылы мәліметтер жіберудің синхронды сандық иерархия (SDH) стандартының пайда болуы транспортық желілердің дамуының жаңа кезеңінің негізін қалады. SDH технологиясы сенімді мәлімет жіберу ұйымымен кең пайдаланылады. Ол төмендегідей мақсаттар үшін қолданылады:

Желілік қызметтерді қамтамасыз етуші правадерлердің қарым-қатынасы үшін стандартты хаттама алу;

Американдық, Европалық және Жапондық сандық жүйелердің углифликациясы;

Гега бит-тық жылдамдықта мультиплексерленген сандық сигналдарды қамтамасыз етеді;

Эксплуатация функцияларын қолдауды және OALM техниканың қызмет көрсетуді (Operation, administration and maintenase-функциялану, администрация және техниканың құызмет) қамтамасыз ету;

Синхронды жіберу жүйесі алдындағы жүйе (PDH) шектеулерін жеңіп қана қоймай, сонымен қаттар ақпаратты жіберудің (накладнные) шығыны төмендетті. Уникалды артықшылықтар қатары: барлық ақпаратты мультипексерлемей – ақ төменгі жылдамдықтағы командырға рұқсаттың болуы, (высокая отказоустойгивость) маниторингі және басқарудың дамыған құрылғылары, тұрақты абонеттік байланыстарды жұмсақ (гипкость) басқару. Бұл жүйелер жаңа кезеңді бірінші желілерінің негізі болады.

2. SDH хаттамалардың етігі үш негізгі деңгейдегі хаттамалардан тұрады.

Байланыс деңгейі – желінің ені қолданушылардың арасындағы мәліметтерді жіберуді бақылайды;

Мәліметтерді жіберуді басқару деңгейі – физиканың және административтік бақылау операцияларын қамтиды, желідегі бір элементтің қайтып келуі (отказ) жағдайында әр түрлі реконфигурациялық операцияларды жүзеге асырады.



SDH желісін ұйымдастыру

Физикалық деңгей, стандартына фотон (Photonic) деп аталады – свет модуляциясының көмегімен ақпарат биттерін кодтаумен жұмыс істейді. Қазырғы кезде SDH технологиясы перспективаны ғана емес, сонымен қатар транспорттық желі құру үшін де апроберивті табылады. Оны инвестициялық, эксплатациялық және пайдаланушылық көз қараспен қарағанда бір неше артықшылықтар қатары бар.

Ол артықшылықтарға томендегілер жатады.

Монтажға, эсплатацияға және желінің дамуына, сонымен қатар жаңа тораптарға қосылудың шығындарын төмендететін тұрақты құрылымдық күрделілігі;

Мүнкін болатын жылдамдықтың кең диапазоны -155,520 МБит\с – тан 2,488 ТБит\с – қа дейін (SТМ – 16) және жоғары;

Командамен интеграция мүмкіндігі, себебі РDH – ның сандық командалары SDH желісі үшін кіретін командалар болып табылады;

Орталықтандырылған маниторинг және басқару арқасында жүйенің жоғарғы сенімділігі, сонымен қатар резервтегі командаларды пайдалану мүмкіндігі;

Қызметті динамиканың түрде ұсыну мүмкіндігі – жүйені инфроқұрлысына өзгертулер енгізбей – ақ, абоненттер үшін командалар диномикалық түрде құрылуы және басталуы мүмкін;

Жүйе кеңейтілімін және интеграциясын жеңілдететін технологиясын жоғарғы деңейдегі стандартизациясы әртүрлі өнеркәсіптер құрылғылардың қолдануға мүмкіндіктер береді;

Әлемде SDH стандартының кең таралуы;

Айтылған артықшылықтар SDH технологиясына негізделген, инвестиция көз қарасынан рационалды болып табылатын шешім қабылдайды.




Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:

  1. SDH технологиясы туралы түсінік.

  2. SDH технологиясы қалай пайда болды?

  3. SDH хаттамалары деген қандай хаттамалар?

  4. SDH технологиясының артықшылықтары қандай?


Ұсынылатын әдебиет:

1. Олифер В.Г., Олифер Н.А. Компьютерные сети. Учебник.-СПб: Питер, 1999.

2. Комер Д. Принципы функционирования Интернета СПб: Питер,2002


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет