Мен, Мақсат Ахметұлы Нүсіпбеков, 1983 жылы, 14 қаңтарда Алматы обылысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылында тудым. Менің ұлтым — қазақ. Алматы каласы, Бостандық ауданындағы №81 орта мектебін 2000 жылы бітірдім. 2004 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетінің 1 курсына оқуға түстім. Ата-анам бар; әкем — Ахмет Абимолдаұлы Нүсіпбеков циркте жұмыс істейді. Анам — Салтанат1 Әріпжанқызы Алпысбекова, ауруханада жұмыс істейді. Мен үйленбегенмін. Қазір осы жоғары оқу орнының 2-курсында оқып жүрмін. Мақсатым — жоғары білім алып, маман болып шығу. Мекен жайым: Алматы қаласы, «Орбита-3″ ықшамауданы, 26-үй, 48-пәтер, тел. 29-48-56.