Қысқаша түйіндеме


Маржан Мурзағалиқызы Асылбаева



бет17/17
Дата30.01.2017
өлшемі4,06 Mb.
#8304
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Маржан Мурзағалиқызы Асылбаева

математика пәнінің мұғалімі

11 мамандандырылған



физика-математика мектебі

Маңғыстау облысы

Ақтау қ.
«Педагог – рухани бай тұлға. Ол адамдардың қарым-қатынасына, әлем сұлулығына ерекше мән береді. Онда эмпатия мен рефлексия жоғары дамыған. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі болып табылады. Қоғам үшін, ел болашағы үшін ұстаздық жолды таңдаған адамдарға терең теориялық біліммен қатар, оған ерекше қабілет пен асқан біліктілік, балаға деген сүйіспеншілік қажет.

Шынымен де, ұстаздық жол – қызығы мен қиындығы қатар жүретін өте қасиетті жол. Осынау қасиетті жолмен білім әлемінің тылсымына бойлай отырып, бала жүрегінен жол табу ұстаз үшін үлкен бақыт».

Мұғалімдердің тиімді жұмысы және мектепте нәтижелі оқыту ортасын құруда олардың материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік ресурстармен қамтамасыз етілудің маңызы зор.



Мектептердің ресурстары

Мектептің сапалы оқу-әдістемелік ресурстары және дамыған материалдық-техникалық базасы (МТБ) елдің білім беру жүйесін жетілдірудің басты аспектілері болып табылады. 2015-2016 оқу жылында күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер оқушыларының 97% оқулықтармен толық қамтамасыз етілді. Ақтөбе (оқушылардың 27%-ы оқулықтармен қамтамасыз етілмеген), Оңтүстік Қазақстан (8%) және Солтүстік Қазақстан (3%) облыстарынан басқа, барлық өңірлерде тұрақты жағдай (99-100%) байқалды. 4, 5, 6 және 11 сынып оқушылары оқулықтармен толық қамтамасыз етілді, ал бірінші сынып оқушылары үшін бұл мәселе әлі де өзекті болып отыр (94%).

Оқулықтардың сапасы ерекше көңіл бөлуді талап ететін факторлардың бірі болып қалып отыр. 2015 жылы «Оқулық» РМҚК  сараптамасының нәтижесі бойынша оқулықтар мен ОӘК-нің тек 50% ғана пайдалануға ұсынылды. 2015 жылы қарауға келіп түскен 3 255 баспа және электрондық оқу басылымы атауларының 50% елдің білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат берілмеді. Оқулықтардың сапасын жетілдіру мақсатында ғылыми және педагогикалық сараптамаға қойылатын талаптар күшейтілді.

Мектептегі білім беру жүйесінің МТБ контексінде апаттық жағдайдағы мектептер саны азаюының тұрақты үрдісі байқалады. Бұл білім берудің жаңа объектілерін іске қосу есебінен болып отыр. 2015-2016 оқу жылында Қазақстанда 69 апаттық жағдайдағы мектептер болды. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда (136) шамамен екі есе аз. Апаттық жағдайдағы мектептердің көбі Жамбыл (12), Қызылорда (15) және Оңтүстік Қазақстан (18) облыстарында шоғырланды (2.2.3-кесте). 69 мектептің 66 ауылдық жерде орналасты. Күрделі жөндеу жұмысы 1 012 мектепке керек болды (2014ж. 1 203), олардың 67% (675) ауылдық жерде орналасты.



5 жылда жергілікті және республикалық бюджеттің қаражатына 586 мектеп салынды (2.2.20 - сурет). Бұл ретте барлық мектептердің басым бөлігі (158) 2015 жылы салынды. Білім беру объектілерінің неғұрлым көп саны Оңтүстік Қазақстан облысында – 204 мектеп салынды, бұл халық тығыздығының ұлғаюына байланысты болды16.
2.2.20-сурет. Мектептерді салу, бірлік, 2011-2015 жылдары

Дереккөз: ҚР БҒМ

Мектептердің шаруашылық қызметінің негізгі элементтерін жабдықтау олардың тиімді жұмыс істеуінің маңызды құрама бөлігі болып табылады. 2015 жылы елде күндізгі жалпы білім беретін мектептердің 47-ында (3 372) абаттандырудың барлық түрлері болды (орталық сумен және жылумен жабдықтау, жылы әжетханалар) (2.2.21 - сурет). Дегенмен, мектептердің 17% (1 211) болмады (ауладағы әжетханалар, әкелмелі су, пештік жылу), олардың 92% ауылдық жерде орналасты. Мектептердің 36% (2 575) жартылай абаттандырылды.



2.2.21 - сурет. Абаттандыру типі бойынша мектептер, бірл., 2015 жылы




Дереккөз: ҚР БҒМ
2015-2016 оқу жылында елдегі мектептердің 85% (6 082) 2 527 848 оқушыға арналған ыстық тамақ беру ұйымдастырылды. Мектептердің
8% (550) 75 862 балаға арнап буфеттік тамақтануды ұсынды. Тегін тамақпен ҚР бойынша 461 866 бала (17%) қамтылды.

Оқытудың ыңғайлы процесін қамтамасыз ету үшін мектептерде қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайдың болуы маңызды. Ауладағы әжетханалар мектептердің 41% болды, 28% әкелмелі суды пайдаланды.


5 мыңнан астам мектеп жеке жылытылды, өз кезегінде 50% пештік жылытуды қолданды (қатты отын) (2.2.22 - сурет).

Үшауысымдық мәселесі де әлі өзекті болып отыр. Үшауысымды


87 мектепте 11,5 мың оқушы білім алды. 2014 жылмен салыстырғанда үшауысымды мектептердің саны 8-ге азайды, бұл 2011 жылғы көрсеткіштен артық (70 мектеп).
2.2.22-сурет. Жылыту түрлері бойынша мектептерді абаттандыру, бірл., 2015 жыл

Дереккөз: ҚР БҒМ

Сабақты үш ауысыммен жүргізетін мектептер санының өсуі сәйкес жылдары бірінші сыныпқа баратындар санының өсуімен түсіндіріледі. Осылайша, 2015-2016 оқу жылында Қазақстанның мектептері бірінші сыныпқа 340 мыңнан астам оқушыны қабылдады. Бұл көрсеткіш 2014-2015 оқу жылымен салыстырғанда 12 мыңға және 2013-2014 оқу жылымен салыстырғанда 41 мыңға артық (2.2.23-сурет).



2.2.23-сурет. Үшауысымды мектептердің және бірінші сынып оқушыларының саны

Дереккөз: ҚР БҒМ

Соңғы 5 жылда бірінші сыныпқа қабылдаудың тұрақты өсуіне қарамастан, 2013 жылдан бері үшауысымды мектептердің саны азайып келеді. Оқу орындарының жетіспеушілігімен мектептер санының азаюы да тіркелді (2.2.24-сурет).



2.2.24-сурет. Оқу орындарының жетіспеушілігі бар екі ауысымды мектептер, адам



Дереккөз: ҚР БҒМ

Ерекше білім беру қажеттіліктерімен балаларды ыңғайлы оқытуға жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді. Елімізде санитарлық бөлмелерде арнайы қондырғылармен, арнайы оқу құралдарымен (парталар, ұстелдер), сонымен қатар пандустармен және көтеру құрылғылармен жабдықталған 3 210 мектеп жұмыс істеді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында


2,5 мың мектеп бейнебақылау камераларымен жабдықталды.

Елімізде орта білім беруді ақпараттандыру бойынша іс-шаралар іске асырылып жатыр. Елде 1 компьютерге оқушылардың орташа саны


10 адамды құрады (қалада - 11 және ауылда - 9).

Күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін 7 088 мектепке Интернет желісі қолжетімді болды. Олардың 5 440 мектебіне жылдамдығы


512 Кбит/сек және одан да жоғары болатын Интернет қолжетімді болды, оның ішінде 1 965 мектеп кең жолақты Интернетке (КЖИ) қосылды. Дегенмен, мектептердің 23%-ында (1 648) қосылу жылдамдығы
512 Кбит/сек төмен болды. Бұл мектеп оқушылары мен мұғалімдерінің Интернет желісіндегі жұмысын шектейді. Мектептерді жылдамдығы жоғары КЖИ-пен қамтамасыз ету білім беру процесін ақпараттандырудың маңызды шарты болып табылады.

Заманауи ғылым мен танымдық мәдениет компьютерлік технологиялардың қарқынды дамуымен сипатталады. АКТ-сауаттылық халық өмірінің барлық салаларында – білім, кәсіптік қызмет және қоғамдағы қарым-қатынаста табысты қызмет ету және ақпарат алмасу үшін өте қажет. Сондықтан АКТ қолжетімділігі халықтың өзін-өзі тиімді танытудың маңызды шарты болып табылады. Әлемнің дамыған елдерінде оқушының АКТ-дағдыларды қолдану қабілеті – мектептегі оқудың ажырамас бөлігі.

Көптеген елдерде мектептерді тиісті компьютерлік құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге кең ауқымды инвестициялар жұмсалды. Өз кезегінде оларды пайдаланудың тиімділігі туралы объективтік деректер әлі жоқ17. Қазақстан алғаш рет қатысуды 2018 жылға жоспарлаған ICILS компьютерлік және ақпараттық сауаттылықты халықаралық зерттеуі бұл сұраққа жауап алуға мүмкіндік береді. Тестілеу оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық сауаттылығының сапасын және оны жетілдіру үшін мектептерде жасалған жағдайды бағалайды. Бұл зерттеуге толыққанды қатысу Қазақстанның мектептерін қажетті ресурстармен, оның ішінде КЖИ қолжетімділігімен толық қамтамасыз етуді қарастырады.



Елдің 4 876 жалпы білім беретін мектебі жалпы сыйымдылығы 66 022 оқушы болатын жаңа модицикациялы кабинеттерімен (физика, химия, биология, лингафон кабинеттері) жабдықталды. Бұл кабинеттердің 71%-ы (3 456) ауыл мектептерінде жабдықталды.

Орта білім беруді қаржыландыру және оны сала ішінде үйлестіру мектеп қызметінің барлық аспектілерінің тиімділігіне себепші болатын басты факторлары болып табылады. Мектептерді қаржыландырудың сараланған тәсілі керек. Бұл ауыл мектептерінің аудан орталықтарынан шалғай орналасуы және білікті кадрлармен қамтамасыз етілуі сияқты ерекшеліктерді ескеруді қарайды. Шешім қабылдауда автономиясын кеңейту арқылы мектеп басшыларының жауапкершілігін арттыру мектептегі білім беруді одан әрі тұрақты дамыту үшін керек.



2011 жылмен салыстырғанда, Қазақстанда орта білімді қаржыландырудың көлемі 376 млн. теңгеге өсті (2.2.25 - сурет).

2.2.25 - сурет. Орта білім беруді қаржыландыру

Дереккөз: ҚР БҒМ

2015 жылы орта білімге 886,2 млн. теңге бөлінді, бұл ЖІӨ-нің 2,15% құрады. Ал ЭЫДҰ елдері бойынша орта есеппен орта білімге жұмсалатын шығыстардың үлесі ЖІӨ-нің 3,5% құрайды (2.2.26 - сурет).

2.2.26-сурет. ЭЫДҰ елдеріндегі орта білімге жұмсалатын шығыстар,

ЖІӨ-нен %, 2015 жылы





Дереккөз: ҚР БҒМ , ЭЫДҰ

Қазақстан мектептерінің елеулі айырмашылық - олардың материалдық-техникалық жағдайы мен мезгілдік қажеттіліктер (жылыту және көлік тасымалы), жыл сайын бюджеттен бөлінетін үлесінің тіркелген көлемі мектеп басшылығын және ЖАО атаулары бірдей шығыстарды игеруді міндеттейді. Мектепті қаржыландыру және менеджмент жүйелерін жетілдіру мақсатында Қазақстанның 63 мектебінде жан басына қаржыландырудың апробациясы жүргізіледі. Бұл тәсіл Ұлыбритания, АҚШ, Аустралия, Грузия сияқты елдерде табысты қолданылады. Қазақстанда жан басына қаржыландыру апробациясының операторы «Қаржы орталығы» АҚ болып табылады.

4-КІРІСТІРМЕ.

_______________________________________________________________________________________________

Жан басына қаржыландырудың қағидаттары
Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру орта білім беру ұйымдарының білім беру процесіне және білім беру ортасына жұмсалатын қаржы шығыстарын қамтиды.

Орта білім беру ұйымының білім беру процесіне жұмсалатын шығыстарына: еңбекақы, жұмыс берушінің салымдары, сауықтыру төлемақысына шығыстар, оқуға жұмсалатын шығыстар (1 оқушыға 1 АЕК (қосымша оқулықтар, ОӘК, оқу, көрнекі оқу материалдары мен құралдары), сыйақылар және педагогикалық қызметкерлерді ынталандыратын үстемақылар және білім беру процесіне байланысты мектептің басқа да қажеттіліктеріне жұмсалатын шығыстар (жоғарыда аталған шығыстарынан 10%) жатады.

Орта білім беру ұйымдарының білім беру ортасына жұмсалатын шығыстар мынадай атауларды қамтиды: коммуналдық қызметтер және байланыс қызметіне, ағымдағы жөндеу жұмысы, ғимарат пен құрал-жабдықтарды, мектепалды интернаттарды күту және қызмет көрсету, оқушыларды көлікпен тасымалдау және тамақтандыру, Баршаға арналған оқудың қоры, оқулықтар мен ОӘК сатып алу және жеткізу және басқа да қызметтер.

Орта білім беру ұйымының білім беру процесін қаржыландыру республикалық бюджеттен мақсаттық ағымдық трансферсттер есебінен, білім беру ортасын қаржыландыру жергілікті бюджет қаржысы есебінен жүзеге асырылады.

Қолданыстағы әдістеме жан басына қаржыландырудың принциптерін толық қамтып көрсетпейді, өйткені, халықаралық сарапшылардың пікірінше:

- әдістеме мұғалімдердің еңбекақы қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталып, оқушылардың қажеттіліктеріне назар аудармайды;

- жан басына қаржыландырудан ШЖМ және басқа типті мектептерді шығару орта білім беруді қаржыландыру жүйесінің тиімсіздігін және әділетсіздігін күшейтеді, бұл қаржыландырудың бірнеше тетіктерінің болуында көрініс тауып, басқаруға жұмсалатын шығыстарды көбейтеді;

- коэффициент санының көп болуы жан басына қаржыландырудың формуласын күрделендіреді және әр мектеп үшін оны өзгеше етеді, ал формуланы қолдану күрделі, қымбат және ашық емес процеске айналады.

Жан басына қаржыландыру формуласын қайта қарау пилоттық жобаның мәселелерін анықтауға және олардың әсерін енгізу мерзімінде азайтуға мүмкіндік береді. Бұл мектептерді, оның ішінде ШЖМ біркелкі қаржыландыру арқылы сапалы білім берудің тең қолжетімділігін жақсартуға ықпал етеді.

Дереккөз: «Қаржы орталығы» АҚ

Білім берудің сапасы

Білім беру саласындағы ұлттық саясаты білім берудің сапасын бағалау халықаралық және ішкі құралдарының нәтижелерін ескеру арқылы жүзеге асырылады. ҰБТ және ОЖСБ ұлттық емтихандары елдің ішінде қорытынды және аралық бақылау негізінде білім алушыларының білім деңгейі туралы ақпаратты ұсынады, ал халықаралық салыстырмалы зерттеулер (PISA, TIMSS, PIRLS) Қазақстанның білім беру жүйесінің жетістіктерін әлемдік тәжірибемен салыстыруға мүмкіндік береді.

2015 жылы қазақстандық оқушылар математика және жаратылыстану-ғылыми білімнің сапасын бағалаудың кезекті зерттеуіне қатысты (TIMSS18). Бұл зерттеу 4 сынып оқушыларының олардың негізгі мектепті аяқтау мерзіміндегі (8 сынып) прогресін қадағалайды. 2015 жылы Қазақстаннан 9,5 мың оқушы қатысты.

14 облыстың, Астана және Алматы қалалары шамамен 8 мың оқушысы PISA19 халықаралық зерттеуіне қатысты. Іріктеу білім беру ұйымдарының 15 жастағы оқушылар арасында жүргізілді. Оқушылар арнайы/коррекциялық білім беру ұйымдарында оқыған жағдайда немесе денсаулығына байланысты зерттеуге қатыса алмаған жағдайда зерттелетін жиынтықтан шығу мүмкіндігі бар. TIMSS-2015 және PISA-2015 нәтижелері 2016 жылғы желтоқсан айында жарияланады.

2015 жылы Қазақстанда алғаш рет мәтінді оқу және түсінудің сапасын бағалаудың PIRLS-2016 зерттеуі басталды. Апробациялық зерттеу өткізілді. PIRLS20 зерттеуінің мақсаты – мәтінді оқу және түсіну саласында бастауыш мектеп оқушыларының құзыретін салыстырмалы бағалау.
Ол 4 сынып оқушыларының оқу дағдыларының қалыптасу деңгейін негізгі мектеп шекарасында қадағалауға мүмкіндік береді. Бұл болжамдау және оқушылардың тиісті құзыреттіліктерін одан әрі жетілдіру үшін маңызды.

PIRLS шеңберінде бастауыш сынып оқушыларына, мұғалімдеріне және мектеп әкімшілігіне сауалнама да өткізіледі. Сауалнама Қазақстандағы жалпы білім берудің сапасына әсер ететін факторларды анықтауға, білім беру стандарттарының мазмұнын әртүрлі елдердің оқушылары жалпы білім беру даярлығына қойылатын талаптармен салыстыруға мүмкіндік береді.

Апробациялық зерттеуге еліміздің 14 өңірі 34 мектебі (оның ішінде 14 ауылдық) 4 сыныптың 1 388 оқушысы қатысты21. Оқушылар 6 буклетке бөлінген оқу сауаттылығы бойынша тестілеу тапсырмаларын орындады. Әр буклетте ашық типті 18-20 тесттік тапсырма ұсынылды. Тесттік буклеттегі тапсырмалар қайталанбады, олардың күрделілік деңгейі, мағыналық жүктемелілігі және тақырыбы әр түрлі болды. Жазбаша жауап жазу талап етілді. 6 буклет ашық типті 115 тесттік тапсырманы қамтыды.

Апробациялық зерттеуді талдау қорытындысы бойынша төртінші сынып оқушыларының тесттік тапсырмаларды орындаудың республика бойынша орташа деңгейінің көрсеткіші 61% құрады. Өз кезегінде, ауылдық және қалалық мектептері оқушыларының нәтижелерінде – сәйкесінше 62% және 61% - айырмашылық анықталмады.

Ұлттық қорытынды емтихан ретінде ҚР БҒМ жыл сайын ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) өткізеді. Соңғы жылдардағы ҰБТ нәтижелерін талдау 2015 жылға дейін жалғасқан түлектердің жалпы санынан қатысушылар үлесінің азаю үрдісін көрсетеді (2016ж. - 84 041, 69,4%; 2011ж. - 125 993, 79%) (2.2.27 - сурет).

2.2.27 - сурет. Сәйкес жылдың жалпы түлектердің санынан



ҰБТ қатысушыларының үлесі



Дереккөз: «ҰТО» РМКК
ҰБТ-ға қатысатын түлектер үлесінің азаюы халықаралық олимпиадалардың және ғылыми жобалардың, жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жарыстардың қатысушыларын ҰБТ-дан босатылуына жартылай байлынысты (ҚР БҒМ 2015 жылғы 22 мамырдағы №320 бұйрығы). Сонымен қатар, Қазақстан мектептері түлектерінің шетелдік ЖОО-ға түсуі де орын алады. 2015 жылы ҚР БҒМ деректері бойынша 1 221 түлек (0,9%) шетелге кетті. Өз кезегінде статистикалық деректердің болмауы олардың шетелдік ЖОО-ға нақты түсуі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді.

Мектеп түлектері көрсететін білім сапасының орташа көрсеткіші, орташа балл кенет төмендеген 2011 жылмен салыстырғанда (86,7), 2012 жылдан бері (70,9) көтерілді. ҰБТ-2016 ҚР бойынша орташа балы 2015 жылғы мәннен 1,84 балға жоғары болды (2.2.28 - сурет).


2.2.28 - сурет. ҰБТ орташа балы
Дереккөз: «ҰТО» РМКК
Ауылдық және қалалық мектептер түлектерінің білім деңгейіндегі үрдістер сақталуда. ҰБТ-2016 қорытындысы бойынша айырмашылық
7,95 балды құрады (қала – 85,13, ауыл – 77,18). 2015 жылы бұл айырмашылық 7,4 балға тең болды (қала – 83,02, ауыл – 75,67), 2014 жылы ол 9,37 көрсеткішті құрады (қала – 81,56, ауыл - 72,19).

Өңірлер тұрғысынан да белгілі үрдістер байқалады. Осылайша соңғы жылдары ҰБТ-ның ең төмен көрсеткіші Атырау облысы – 70,01 көрінді (2015ж. – 61,01, 2014ж. – 62,21, 2013ж. – 74,1). Аз ғана ілгерушілік Маңғыстау (2016ж.-78,5, 2015ж. – 75,75, 2014ж. – 74,49, 2013ж. – 69,68) және Алматы облыстарында (2016ж.-79,56, 2015ж. – 76,37, 2014ж. – 72,6, 2013г. – 71,21) байқалады.22

ҰБТ орташа балы бойынша дәстүрлі түрде Астана және Алматы қалалары көшбасшы.23 ҰБТ тұрақты жоғары көрсеткіштерін, басқа өңірлермен салыстырғанда, Ақтөбе облысы да (2016ж. - 82,79, 2015ж. - 82,69, 2014ж. – 83,97) көрсетті24. 2016 жылы салыстырмалы жоғары нәтижені (88,17) Павлодар облысының түлектері көрсетті.

ҰБТ түрінде білімді қорытынды бағалаумен қатар, оқушылардың аралық академиялық жетістіктерінің мониторингі ОЖСБ рәсімі шеңберінде өткізіледі. 9 сынып оқушыларының білімін тексеру жыл сайын қағаз жүзінде және компьютерлік тесттер арқылы жүзеге асырылады.


2014 жылдан бастап тесттік тапсырмалардың 30% оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалауға бағытталды.

ОЖСБ алғаш рет өткізілген 2012 жылдан басқа, ҚР бойынша орташа балы әлі де 50 балдан төмен болып қалуда (2.2.29-сурет). 2012-2015 жылдары тестілеу әрқайсысына 1 балдан берілетін 80 тапсырманы қамтыды. 2016 жылы 60 тапсырма кезіндегі ОЖСБ максималды балы 75 балл болды25. ҚР бойынша ОЖСБ-2016 орташа балы, 2015 жылғы нәтижемен салыстырғанда, 4,11 балға төмен және 2014 жылмен салыстырғанда 6,33 балға төмен болды.


2.2.29-сурет. ОЖСБ орташа балы

Дереккөз: «ҰТО» РМКК

ҰБТ нәтижелері сияқты, ОЖСБ талдауы қалалық оқушылар олардың ауылдық құрдастарына қарағанда неғұрлым жоғары нәтижелерді көрсетті. Осылайша, ОЖСБ-2016 қорытындысы бойынша, ауылдық оқушылар қалалық оқушылардан орташа есеппен 5,34 балға артта қалды (2012ж. –1,82 балға, 2013ж. – 3,95 балға, 2014ж. – 3,94 балға, 2015ж. – 3,81 балға).26

Әртүрлі типті мектептер оқушылары жетістіктері деңгейінде де айырмашылық тіркелді. Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер ОЖСБ нәтижелері бойынша көшбасшы болды (2015ж. - 50,2, 2016ж. – 45,95). Ең төменгі нәтижелерді жалпы білім беретін мектептер көрсетті (2015ж. - 35,9, 2016ж. – 32,24). Осылайша, бұл мектептер арасындағы айырмашылық 2016 жылы 13,61 балды құрады.

Компьютерлік және бланктік тестілеу нәтижелерінде де айырмашылық болды. 9 сынып оқушыларының 33% (9 863) компьютерлік тестілеуге қатысып, орташа есеппен 38,65 балды жинады. Ал ОЖСБ-ны қағаз түрінде тапсырған оқушылардың қалған 67% орташа есеппен 30,58 балл алды. ОЖСБ компьютерлік нұсқасын тек қалалық мектептер ғана қолданғанын атап өткен жөн.

2016 жылы ОЖСБ-ге алғаш рет 4 сынып оқушылары (14 525 бала) қатысты. Тестілеу қорытындысы бойынша төртінші сынып оқушыларының орташа көрсеткіші 18,59 балды құрады (мүмкін болатын 25-тен).

Неғұрлым жоғары нәтижелерді Алматы және Астана (22,69 және 21,72 балл) қалаларының, сонымен қатар Қостанай облысының (20,28) төртінші сынып оқушылары көрсетті. Ең төменгі орташа балл Оңтүстік Қазақстан (16,74), Солтүстік Қазақстан (16,76) және Маңғыстау облыстарында (16,78) анықталды.



9 сынып оқушыларының ОЖСБ көрсеткіштері бойынша Алматы қаласы (52,25) және Астана қаласы (46,18) көшбасшы болды. Ақмола облысы елдің басқа өңірлерімен салыстырғанда жоғары нәтижені (38,24 балл) көрсетті. Ең төменгі орташа балды Атырау (25,52) және Солтүстік Қазақстан (26,48) облыстарының тоғызыншы сынып оқушылары жинады (2.2.30-сурет).

2.2.30-сурет. ОЖСБ-2016 орташа балы

Дереккөз: «ҰТО» РМКК

5-КІРІСТІРМЕ.



_______________________________________________________________________________________________
Әлсіз мектептерді қолдау бойынша халықаралық тәжірибе

Голландия. 2008 жылы Білім беру Инспектораты және Қамқоршылық Кеңестің артта қалып жатқан мектептердің қызметіндегі рөліне ерекше назар аударылған өте әлсіз мектептерді дамыту жоспары әзірленді. Жоспар алты негізгі принципті:

- өте әлсіз мектептерді бағалағаннан кейін бір жылдан соң қосымша бағалауды;

- инспектор тарапынан қадағалауды күшейтуді;

- қамқоршылық кеңес пен мектеп менеджментінің әлеуетін күшейтуді;

- артта қалып жатқан мектептердің кластерлерін құруды (неғұрлым мақсаттық шаралар қолдану үшін);

- «Жақсы білім беру, жақсы менеджмент» жаңа заңын бекіту арқылы білім министрлігінің мектепті жабу және санкциялар қолдану құзыреттерін кеңейтуді;

- өте әлсіз мектептерді жетілдіру жөніндегі жобаларды әзірлеуді қамтиды.

Мектептердің сапасын бақылауды күшейту шараларымен қатар, әлсіз мектептер және оларды қолдау жөніндегі ерекше жобалар неғұрлым тығыз орналасқан өңірлерді қаржыландыру күшейтілді. Артта қалып жатқан мектептерге кеңес беретін сарапшылардың «ұшқыш топтары» құрылды, үлгілі және артта қалып жатқан мектептердің тәжірибе алмасуы үшін «жұптық жобалар» бастама алды. Ақырында өте әлсіз мектептердің саны <120-ден <100-ге дейін қысқарды. Осылайша, олардың санын жалпы саннан 1% кем етіп азайту жөніндегі үкіметтің мақсатына екі жылда қол жеткізілді (жоспарланған үш жылдың орнына).



Чили. 1990 жылдардың соңында үкімет27 мектептегі білім беру жүйесін жетілдіру бойынша өткізген бірнеше реформа ауыр қиындықтарға тап болды.

Осылайша, әлеуметтік-экономикалық мәртебесі төмен отбасылардан шыққан оқушыларды оқыту өзекті мәселесін шешу үшін қолайсыз оқушыларға арналған қосымша ваучер (+50%) енгізілді; бастауыш мектепке студенттерді іріктеу негізінде қабылдау жойылды. Сонымен қатар, жүйелі тестілеудің құралы (4, 8, 10 сыныптар) мектептерді жетілдіруге ынталандырудың әдісі ретінде қолданылатын болды. Тестілеу нәтижелері ашық түрде жарияланады, бұдан кейін мектептерге қатысты мадақтау/санкциялары жасалады.

Чили Үкіметімен оқушылардың оқу үлгеріміне байланысты барлық мемлекеттік мектептерге үш критерий бойынша рейтинг жасау ұйғарылды (баланың әлеуметтік-экономикалық мәртебесін ескерумен). Белгілі категорияға жатқызылу мектептің бөлінген қаржыны пайдаланудағы автономиясына әсер етеді. Ең төменгі санатқа жататын мектептер даму жоспарын әзірлеуге міндетті және оларға қатаң қадағалау жүргізіледі. Бұл іс-шаралардың қорытындысы бойынша балаларды мектептегі біліммен қамту жоғарылады. PISA нәтижелері өңірде ең жоғары болды.

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласын бақылау комитетінің деректері бойынша 2012-2015 жылдарда мемлекеттік міндетті аттестациядан 4 741 мектеп өтті (2.2.31-сурет). Мектептің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына (МЖБС) сәйкес келуін бағалауға жыл сайын 1000 мектеп қатысады (2012 жылдан басқа).


2.2.31-сурет. Мектептердің мем. аттестациясының нәтижелері28

Дереккөз: ҚР БҒМ

Мемлекеттік аттестация кезінде МЖБС сәйкес келмейтін мектептердің саны ерекше көңіл бөлуді талап ететін фактор болып табылады. Осылайша, 2014 және 2015 жылдары аттестацияға қатысқан мектептердің жартысына дерлік теріс қорытынды берілді. Мұның негізгі себептерінің бірі – оқушылардың білім сапасының төмен болуы – бақылау кезінде олар шекті деңгейден төмен болатын тапсырмаларды орындаудың пайыздық нәтижесін көрсетті. Мектепті нормативтік бекітілген әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдаудың болмауын да атап өткен жөн.

Осыған байланысты әлемнің дамыған елдерінде тәжірибе жүзінде қолданылатын мектептердің аттестациядан кейінгі (инспекциядан кейінгі) қолдауына көңіл бөлген орынды. Белгілі болғандай, тексерістің нәтижесі бойынша жауапты органдар қолданатын іс-шаралар (мадақтау/жаза қолдану) мектеп жұмысының сапасына тікелей әсер етеді (Ehren және Shackleton, 2015). Сонымен қатар, теріс мінездеме алғаннан кейін мектептерге «қалпына келу» процесіне қажетті әдістемелік қолдау көрсету немесе жоғары көрсеткіштермен тиімді мектептің қолдау көрсетуі дамыған елдерде мектептегі жүйелерді жүйелі жетілдірудің танылған құралдары болып табылады.

Осылайша, Нидерландыда және Ұлыбританияда, мектеп қойылған талаптарға сәйкес келмеген кезде, оған инспекциялық комиссиямен бірнеше кездесу өтетін мерзім (ереже бойынша 1 жыл) белгіленеді. Мектептің талап қойылатын салаларының жою/жетілдіру процесіне мониторинг жасалады (оқушылардың білім сапасы, ұйымның өмірлік қызметін қамтамасыз ету және т.б.).

Қазақстанда мемлекеттік аттестациядан өтпеген мектептер (5 жылда бір рет өтуге міндетті) келесі 6 айдың ішінде қайтадан аттестациядан өтеді. Осы мерзім мектеп ұжымы анықталған кемшіліктерді жою бойынша жұмыс жасаумен түсіндіріледі. Дегенмен, бұл процестен мектептер дербес өтеді. Оның тиімділігін арттыру үшін озық халықаралық тәжірибе мысалында теріс мінездеме алған жағдайда мектептерге әдістемелік қолдауды қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастыру орынды.

6-КІРІСТІРМЕ.



_______________________________________________________________________________________________
Мектептерді инспекциялау бойынша халықаралық тәжірибесі

Англия29. 2015 жылы қыркүйекте Ofsted ағылшын мектептерін инспекциялау рәсіміне өзгертулер енгізді. Оның құрамына білім берудің мазмұнын бағалауын енгізу кірді («Көшбасшылық және менеджмент» критерийі). Мектептердің директорлары мен басқару органдары мектептегі оқу процесінің сапасына сәйкес бағаланатын болады. Осылайша, материал көлемінің релеванттылығы, меңгеру тереңдігінің ресми талаптарға және оқушылар мен мұғалімдердің қажеттіліктеріне сәйкес келуі жергілікті және ұлттық ауқымда тексеріледі. Мектепті басқару да оқыту бағдарламаларын үйлестіру және балаларға кәсіптік кеңес беру тұрғысынан бағаланады (түлектерді оқытудың келесі деңгейіне сапалы дайындығы үшін).

Мектептерді инспекциялау рәсіміне енгізілген жаңалықтардың арасында табысты және әлсіз мектептерге сараланған тәсіл қолдану да бар. Осылайша, ұзақтығы 1 күн болатын «қысқа инспекциялар» (үш жылда 1 рет) алдыңғы тексерістің қорытындысы бойынша «жақсы» деп бағаланған мектептер үшін енгізілді. Мектеп комиссия келерде жарты күн бұрын ескерту алады және табысты мектептің мәртебесін келесі критерийлер бойынша дәлелдеуі керек: мектепті басқару, даму жоспарының болуы, мектептің өмірлік қызметінің тиімділігі және оның мәдени ортасы.

Соңғы тексерістің нәтижесі бойынша «үздік» деп танылған мектептер жүйелі инспекциялардан (оның ішінде қысқа инспекциялардан) босатылады. Инспекторат негіз туындаған жағдайда инспекция өткізу құқығын сақтайды.

Голландия30. 2008 жылғы бағдарлама қабылданғаннан кейін Инспектораттың қадағалау ролі бірте-бірте кеңес беру роліне ауысты. Инспекция тәуекел негізінде өткізілетін болды. Басқа сөзбен айтқанда, тәуекелдердің жылдық талдауы мектеп жағдайының нашарлау мүмкіндігін көрсетсе, оған ескерту жасалады немесе ол ұсынатын білім беру қызметтерінің сапасы толық инспекциялық тексерістен өтеді.

Осылайша, назар мектептердің жалпы санынан неғұрлым әлсіз мектептерге аударылды. Бұл инспектораттың мектептермен формалды қарым-қатынасының көлемін төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, білім берудің мазмұнына нақты талаптар қою және өлшемді көрсеткіштер бойынша басым бағалау бұл өзара қарым-қатынасты лайықты сенім қағидатына негіздеп жасауға мүмкіндік берді.

Бұл қағидат, Англиядағыдай, табысты мектептерге инспекциялық комиссиялар неғұрлым аз келетінін, ал артта қалып жатқан мектептер қатаң қадағалау жағдайына түсетінін көрсетеді. Осындай мектептер көрсеткіштердің прогресін көрсетуге міндетті екі жылдың ішінде Инспекторат қамқоршылық кеңеспен тығыз жұмыс жасайды және ұсыныстарды жүзеге асырудың мониторингін жасайды.

Білім берудің мазмұнын жаңарту

12 жылдық білім берудің моделін енгізу мектептегі білім беруді әлемдік тәжірибенің талаптарына сәйкестендірудің қажеттілігімен түсіндіріледі. 11 жылдық мектеп түлектерге Еуропалық біліктілік жиектемесінің тек 3-деңгейіне ғана шығуға мүмкіндік береді. 12 жылдық мектептегі оқыту ұлттық деректерді халықаралық деңгейде салыстыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, білім берудің білім-орталықшыл моделінен құзыреттілік моделіне өзекті өтуді толыққанды жүзеге асыру мектептегі оқытудың қосымша бір жылын керек етеді.

Баланы мектептегі білім беру процесіне ерте енгізудің экономикалық аспектілері де бар – баланың 6 жасына дейін біліміне жұмсалған мемлекеттік салымдардан қайтарымы, басқа жаспен салыстырғанда, максималды. Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің индексі рейтингінің үздік 30 мемлекетінің 26 оқыту
12 жылдық үлгісі бойынша жүргізіледі (тек Малайзияда 11 жылдық), бір елде 14 жылдық (Ирландия) және екеуінде 13 жылдық мектеп жұмыс істейді (Нидерланды және Норвегия). Сонымен қатар, ЭЫДҰ
34 мемлекетінің 23 елінде 12 жыл, 8 елде 13 жыл және 3 елінде 14 жыл оқытады.

Бастауыш білімнің жаңартылған мазмұнына өтуді қамтамасыз ету Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА және НЗМ Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білімнің стандарты (МЖББС)31 әзірленді. Білім берудің жаңартылған мазмұнын сүйемелдеудің нормативтік-құқықтық базасын әзірлеу барысында негізгі және жалпы орта білімнің МЖС32, білім алушылар білімін бағалаудың критерийлері33, бастауыш білімнің оқу жоспарлары және бағдарламалары34 бекітілді.

МЖББС келесі түбегейлі жаңа сипаттармен ерекшелінеді35:

1) алғаш рет білім берудің құндылықтары, Қазақстан халқын біріктіретін жалпыұлттық идеялар нақты жазылды: «Мәңгілік ел», «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз», «Қазақстан – менің Отаным» стандартта құндылықтар ретінде ұсынылады;

2) мектептен «шыққанда» күтілетін нәтижелер алғаш рет кең спектрлі дағдылардың тізбесі түрінде: сыни ойлау, зерттеу жұмыстарын орындау, АКТ қолдану, коммуникативтік қарым-қатынас тәсілдерін пайдалану, оның ішінде тілдік дағдылар да, топта және жеке жұмыс жасау, білімді шығармашылық қолдану белгіленді. Білім беру салалары, оқу пәндері, бөлімдері және тақырыптары бойынша күтілетін нәтижелер түрінде бастауыш мектепте оқыту мақсаттарының көпдеңгейлі жүйесі құрылды;

3) бала дамуының өтпелі (дағдарыс) кезеңдерінің психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерін ескерумен ұзақтығы 1 жылға ұзартылған бастауыш мектептің жаңа моделі құрылды. Бастауыш мектептің мерзімін ұзарту барлық компоненттерді: оқытудың мақсатын, мазмұнын, әдістерін, нысандарын, құралдарын жаңартуға бағытталды;

4) белгілі критерийлер бойынша (білу, түсіну, қолдану, талдау, жасау) оқушылардың оқу жетістіктерін қадағалау негізінде білім сапасын бағалаудың жүйесі құрылды. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың бұл жүйесі оқушының прогресін объективті бағалауға және әр оқушыға өз дамуының жеке траекториясын құруға мүмкіндік береді;

5) мектептегі өмірдің жаңа философиясы негізінде оқытудың қолайлы, мейірімді және қауіпсіз ортаны жобалаудың алғышарттары жасалды.

2015-2016 оқу жылы 30 пилоттық мектептің 143 жиынтық сыныпта (1 сынып) МЖББС апробациясы басталды. Бірінші сынып оқушыларының саны - 3 454, оның ішінде қазақ тілінде оқитын сыныптарда 1 915 бала болды.

Бастауыш сыныптың 143 мұғаліммен қатар, апробацияға 286 пән мұғалімі қатысты (2.2.32 - сурет).



2.2.32 - сурет. МЖББС апробациясына қатысатын пән мұғалімдері, адам

Дереккөз: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА

МЖББС апробациясының мониторингін білім берудің жаңартылған мазмұнының тәжірибесін трансляциялау орталығы (Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА) НЗМ қолдауымен жасайды. Мониторингтің басты мақсаты - білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша оқу бағдарламаларының және ОӘК сапасын және тиімділігін, сонымен қатар критериялық бағалау жүйесін бағалау. 30 пилоттық және 16 бақылау мектептерінің бірінші сынып оқушыларына «кірістегі» диагностикалық тестілеу өткізілді. Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА ауылдық мектептердің қалалық мектептерден білім сапасы жағынан артта қалуын атап өтті, бұл республика бойынша жалпы көріністі де айқындайды. Пилоттық және бақылау мектептерінің бірінші сынып оқушылары өзінің отаны, Қазақстанның мемлекеттік рәміздері, сонымен қатар табиғат мезгілдері туралы танымдары бойынша неғұрлым төмен көрсеткіштерді көрсетті, бұл «Әлемтану» пәнінің мазмұнын жаңартудың өзектілігін куәландырады. Бірінші сынып оқушылары тура және кері есеп, қисынды пайымдау, заттарды салыстыру, сонымен қатар есеп, сан және геометриялық фигураларды білуден неғұрлым жоғары нәтижелерге ие болды.



Оқу жылының аяғында «шығыстағы» диагностикалық зерттеу өткізілді. Нәтижесінде балалардың оқу көрсеткіштерінің орташа балы, оқуда болған прогреске қатысты айтарлықтай жақсарғаны анықталды (2.2.33 - сурет).
2.2.33-сурет. Пилоттық және бақылау мектептерінің бірінші сынып оқушыларының апробацияға кірістегі және шығыстағы нәтижелері, 2016 жылы



Дереккөз: «Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА» РМҚК

Пилоттық мектеп оқушыларының «шығыстағы» орташа балы 137,7 құрады, бұл бақылау мектептері білім алушыларының орташа балынан 7,3-ке артық (130,4). Сонымен қатар, пилоттық мектептердің бірінші сынып оқушылары, бақылау мектептерінде білім алушыларға қарағанда (+11,9 балл), орташа балдың айтарлықтай прогресін (+24,8 балл) көрсетті. Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА пилоттық мектептер оқушыларының мұндай артықшылықтарды барлық пәндер бойынша атап өтеді. Бұл білім берудің жаңартылған мазмұны бағдарламаларының пилоттық мектептер оқушыларының білімі мен дағдыларын қалыптастырудағы тиімділігін көрсетеді.

Оқушылар көрсеткіштерінің қала/ауыл тұрғысынан айтарлықтай жақсаруын да атап өткен жөн. Осылайша, 2,7-балдық айырмашылықпен, қалалық жердегі пилоттық мектептердің орташа балының ілгерілеуі +25,3, ауылдық жерде +22,6 болды. Қалалық жердегі бақылау мектептерінде бұл көрсеткіш +13,6, ауылдық жерде +6,9, яғни 6,7-балдық әртүрлі болды (2.2.34-сурет).

2.2.34-сурет. Пилоттық және бақылау мектептерінің бірінші сынып оқушыларының апробация нәтижелерінің ілгерілеуі, өсім балы, 2016 жыл





Дереккөз: «Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА» РМҚК

Білім берудің жаңартылған мазмұнының оқулықтар мен ОӘК апробациясының қорытындысы бойынша да пилоттық мектептер бастауыш сынып мұғалімдеріне сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға қатысқан пилоттық мектептер мұғалімдерінің басым бөлігі «Алматыкітап» және НЗМ баспаларының оқулықтарын таңдады (олардан басқа «Мектеп», «Атамұра», «8&8» баспаларының оқулықтары бағаланды).

Білім берудің жаңартылған мазмұнының 1 сыныпқа арналған оқулықтары мазмұнның оқу бағдарламасына сәйкес келуі, ұлттық және жас ерекшеліктерді ескеру және материалдардың бөлімдер, тақырыптар бойынша тиімді үйлестірілуі, олардың бір-бірімен байланысы және т.б. критерийлер бойынша бағаланды.

Көптілді білім беру бастамасы бүкіл әлемде өзекті. Ағылшын тілінің жалпыға бірдей тану, заманауи ғылым тілі ретіндегі бірегей позициясы қажетті ақпараттың абсолюттік көп бөлігі осы тілде қолжетімді екенін білдіреді.




Қазақстанда жаратылыстану-математикалық циклдің пәндерін ағылшын тілінде оқытатын 101 мектеп болды. Бұл мектептерде математика, биология, физика, химия, информатика, география пәндерін ағылшын тілінде 796 сыныпта 432 мұғалім оқытты (көп бөлігінде 7-11 сынып оқушылары қамтылған). Астана қаласының 17 мектебінде үш тілде оқыту енгізілді36. Оқу пәндері инварианттық және варианттық компоненттерден алынды.


7-КІРІСТІРМЕ.

_______________________________________________________________________________________________

Үш тілде оқыту: НЗМ тәжірибесі


Халықаралық сарапшылармен бірлесіп, НЗМ үштілдік білім беру моделі әзірленді. Ол үш тілді меңгерген, осы тілдерде пәндік салаларды білетін, қызметтің әртүрлі салалары бойынша диалогты табысты жүргізе алатын және өз және басқа халықтың мәдениетін сыйлайтын түлектің тұлғасын қалыптастыруға бағытталды. Модель еуропалық модельдің37 мысалымен тілдерді меңгерудің 6-деңгейлік жүйесіне негізделеді және оқушының тілдік ортаға кезең-кезеңмен енуін көздейді.

Оқудың барлық мерзімі ішінде (1 сыныптан 12 сыныпқа дейін) қазақ тілі мен әдебиетін, орыс тілі мен әдебиетін, ағылшын тілін жеке пән ретінде оқу қаралған. Бастауыш мектепте оқу жоспарының жалпы білім беретін пәндері оқушының туған тілінде оқытылады. Бұл пәндерді табысты меңгеру ары қарай оқудағы маңызы зор.

Зияткерлік мектептерде үш тілде оқыту коммуникативтік тәсілге негізделген. Бұл - сөйлеу қызметінің төрт дағдысын: тыңдау, сөйлеу, оқу және жазуды дамыту. Екінші және үшінші тілді оқыту бағдарламалары CEFR ережелерімен сәйкестендірілді (5 сыныпты аяқтағаннан кейін қазақ және орыс тілдерін меңгеру А2–В1 деңгейіне жетеді деп болжамдалады). Оқушыға гуманитарлық пәндерді осы тілдерде оқу арқылы бірінші және екінші тілдердің білімін ары қарай жетілдіруге бұл деңгей жеткілікті.

«Әлемтану», «Қазақстан тарихы», «География», «Құқық негіздері», «Қазіргі заманғы Қазақстан» сияқты тілдік емес пәндер қазақ тілінде оқытылады. «Дүниежүзілік тарих» және «Информатика» пәндері орыс тілінде оқытылады. Жоғарғы мектепте «Физика», «Химия», «Биология», «Информатика», «Экономика», және «Жаһандық перспективалар және жобалық жұмыс» ағылшын тілінде жүргізіледі. Бағалау оқыту тілінде жүзеге асырылады.

Осылайша, НЗМ жоғарғы сыныптарда жұмыс тілі туған тілімен қатар ағылшын тілі де болады. Бұл оқушыларға 12 сыныпты аяқтағаннан кейін ағылшын тілін В2-С1 деңгейінде меңгеріп алуға мүмкіндік береді. Бұл қосымша тілдік дайындықсыз халықаралық және отандық жоғары оқу орындарына түсу үшін жеткілікті.

Әлеуметтік сауалнаманың нәтижесі38 Қазақстан оқушылары ата-аналарының көп бөлігі (81%) оның баласының ағылшын тілді білгенін қалайтынын куәландырады. Бұл ретте, ата-аналардың үштен бір бөлігі (27%) балаға ақылы қосымша сабаққа баруын қамтамасыз ету мүмкіндігі болмағандықтан, мектеп олардың балалары үшін ағылшын тілін оқудың жалғыз жолы деп айтады.


Қазақстан оқушыларының бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату және оларды оқытудың келесі деңгейіне және/немесе кәсіптік қызметке кешенді дайындау үшін Қазақстанда жоғарғы мектепте үштілдік оқытуды кезең-кезеңмен енгізу жұмысы басталды (79-қадам, «100 нақты қадам» ұлт жоспары).

Жоғарғы сынып оқушыларына (10-11 сынып) пәндерді 3 тілде оқытуды енгізу 2019 жылдан бастап жоспарланып отыр. 2016 жылдан 2019 жылға дейін педагогикалық кадрларды үш тілде оқытуға даярлау жұмысы жүргізіледі.

Мектептегі ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттырудан өндірістен алшақтамай өту жоспарланды және 1-5 ай мерзімінде өтеді (олардың тілді меңгеру деңгейіне байланысты). Бұл курстардан мұғалімдер тегін өтеді. Тілдік біліктілікті арттырудың негізінде өзін мақсат ретінде емес, тиімді қарым-қатынас құралы ретінде насихаттайтын ағылшын тілін оқытудың коммуникативтік әдістемесінің принципі жатыр.

Осылайша, елдің мектептегі білім беру жағдайының салыстырмалы талдауы оның дамуының негізгі аспектілерін белгіледі. Мектеп жасындағы балалар санының жыл сайын өсуі, үш ауысымдық мектептердің болуы сияқты білім берудің жаңа объектілерін жедел қарқынмен енгізу қажеттілігін дәлелдейді. Ауылдық және қалалық мектептер оқушыларының академиялық көрсеткіштердегі сақталып отырған айырмашылық ауыл мектептері мұғалімдерінің кадрлық әлеуетін жетілдіру қажеттілігіне байланысты. Еңбекақының сәйкес деңгейімен қатар мұғалімнің мансаптық баспалдағын әзірлеу және енгізу ЖОО неғұрлым перспективалық түлектерін мамандыққа тартуға мүмкіндік береді. Мектептер ұсынатын білім беру қызметтерінің сапасын объективті бағалау үшін білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестациясының қолданыстағы жүйесін қайта қарау керек. Мектептер аттестациясының қолданыстағы үлгісінің (өтті/өтпеді) орнына сатылы үлгіні енгізу өзекті. Аттестация нәтижелерін алғаннан кейін мектептің тиімді ілгерілеуі оларға әдістемелік және кеңестік қолдау көрсету шараларын әзірлеуді талап етеді.


Мектеп дамуының барлық басты бағыттарын жүзеге асыру сапалы инклюзивтік білім беруді – елдің әр оқушысы үшін тең білім беру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету бойынша Қазақстанға жүктелген міндетті орындауға мүмкіндік береді.


1 Fadel, Bialik and Trilling (2015), Four-dimensional education: the competencies learners need to succeed.

2 «Ай-Нұр» ЖЛГ, Іле ауданы, «Арыстан» мамандандырылған лицейі, Талғар ауданы, «Дана» БМ, Талғар ауданы.

3 «Светоч» ОМ ЖМ, Целиноград ауданы

4 Шағынжинақты мектеп – білім алушылар контингенті шағын, сынып-жинақтары біріктірілген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар жалпы білім беретін мектеп (ҚР «Білім туралы» Заңы 09.04.2016ж. енгізілген өзгертулер мен толықтырулармен)

5 Астана және Алматы қалаларында ШЖМ жоқ.

6 Деректерді «Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» РМҚК ұсынды.

7ЮНЕСКО, 1994, «The Salamanca statement and framework for action on special needs education» (Саламанка жиектемелік келісімі және ерекше қажеттіліктері бар балалардың білімі туралы өтініш), Саламанка, Испания.

8 Arnesen, A. & Lundahl, L. (2006). Still Social and Democratic? Inclusive Education Policies in the Nordic Welfare States. Scandinavian Journal of Educational Research, 50(3), 285-300.

9 «НЗМ» ДББҰ деректері

10 2011-2020жж. БДМБ жүзеге асырумен игілік алушылардың қанағаттану деңгейін бағалау

11 OECD, (2005). Teachers Matter: Attracting, Developing and Retaining Effective Teachers: POINTERS FOR POLICY DEVELOPMENT (б. 1-18). OECD publishing. http://www.oecd.org/edu/school/48627229.pdf арқылы қолжетімді

12 OECD (2014), “Indicator D6: What does it take to become a teacher?” в Education at a Glance 2014: OECD Indicators, OECD Publishing.

13 Немцан Т.Н. Ауылдық елді мекендер мен шағын қалалар білім беру ұйымдарында энергия және су үнемдеуді енгізу мүмкіндіктері / А.В. Белыйдің жалпы редакциясымен. Астана, 2015

14 National Professional Qualification for Headship (NPQH) - Detailed guidance - GOV.UK. (2014).

15 Schleicher, A. (ред.) (2012), Preparing Teachers and Developing School Leaders for the 21st Century: Lessons from around the World, OECD Publishing.

16 ЖАО-ға ведомстволық бағынысты жалпы орта білім беру ұйымдарының 2 775 308 оқушысының 590 158 (21%) Оңтүстік Қазақстан облысында тұрады.

17 International Association for the Evaluation of Educational Achievement (IEA) 2014, 4-б.

18 Trends in International Mathematics and Science Study (мектептегі математикалық және жаратылыстану-ғылыми білімнің сапасын зерттеу)

19 Programme for International Student Assessment (оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бағдарламасы)

20 Progress in International Reading Literacy Study (мәтінді оқу және түсіну сапасын зерттеу)

21 Қарағанды облысы және Астана қ. IEA халықаралық қауымдастығы қалыптастырған іріктеуге түспеді

22 Бұл өңірлердің нәтижелері 2014ж. және 2015ж. ең төмен болды. 2013 жылы орташа балы ең төмен облыстардың қатарына Алматы, Маңғыстау және Ақмола (70,32) облыстары кірді.

23 2015ж.: Астана - 86,7, Алматы. - 92,1, 2014ж.: Астана – 87,58. Алматы - 92,68.

24 Ескертпе: ҰБТ нәтижелері туралы деректер «Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелерін талдау» жинағынан сәйкес жылдары бойынша алынды («АТО» АҚ).

25 Күрделілік деңгейі әртүрлі тапсырмаларға әртүрлі балдар беріледі.

26 «9 сынып оқушыларының оқу жетістіктерін сырттай бағалау нәтижелерін талдау», «АТО» АҚ, 2015ж.; 2016 жылғы деректерді «ҮТО» РМҚК ұсынды.

27 Elacqua, Alves (2015) ‘Rising Expectations in Brazil and Chile’ Education Next, 14(1).

28 Мемлекеттік және мемлекеттік емес мектептер

29 Ofsted (2015) The common inspection framework: education, skills and early years

30 ЭЫДҰ: van Twist, M. Және т.б.. (2013), ‘Coping with Very Weak Primary Schools: Towards Smart Interventions in Dutch Education Policy’

31 ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №327 қаулысы

32 ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысы

33 ҚР БҒМ 2016 жылғы 21 қаңтардағы №52 бұйрығы

34 ҚР БҒМ: 2016 жылғы 30 наурыздағы №233 бұйрығы, 2016 жылғы 08 сәуірдегі № 266 бұйрығы

35 Дереккөз: ҚР БҒМ

36 – №4, №5, №64, №9 мектеп-гимназиясы, «Зерде», №48, №59, №70, №73 мектеп-лицейі, ер балалар мен қыздарға арналған ҚТЛ, «Мирас», «Нұр-Орда» ҚТЛ, «Көгілдір парус», «Астаналық Лицей», «Почемучка», «Нұр-Орда» халықаралық мектебі, «Haileybury»

37 Жалпыеуропалық шетел тілін меңгерудің құзыреттері: A1 (базалық), A2, B1, B2, C1, C2 (мінсіз)

38 «Қоғамдық пікір» Зерттеу Институты, «АТО» АҚ тапсырысы бойынша, 2016ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІ МЕН ДАМУЫ ТУРАЛЫ



ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет