Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет29/237
Дата25.11.2022
өлшемі3,36 Mb.
#159747
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   237
Байланысты:
Имани гүл
85872, 85872 (2), Дәрілік өсімдіктер , Жалпы химия , Бағалаудың өлшемдік технологиялары , СЖМТ 1 ДЕҢГЕЙ 28-42, 509386, Презентация на тему Күн энергетикасы , 358029, санды техника (1), улжан (копия), 1 рубежка икт, 9 -сынып әдебиет бжб №2
«Оның 
еш ұқсасы жоқ»
7
. «Оның еш теңдесі жоқ»
8
– дейді.
5. Қиям би нәфсиһи.
Бар болу үшін басқа біреуге мұқтаж болмау деген 
мағынаны білдіреді. Алла Тағала бар болу үшін басқа 
бір жаратушыға яки, белгілі бір мекенге, арнайы бір 
уақытқа, жалпы себепке мұқтаж емес. Егер Алла да бар 
болуы үшін басқа бір себепке мұқтаж болса, жаратушы 
емес жаратылған болар еді. Ал Хақ Тағаланың жарату-
шы һәм жаратылған болуы ақылға теріс. Алланың бар 
болуы сырттан басқа бір күштің жаратуы арқылы емес. 
Өйткені Оның барлығының бастауы жоқ, яғни, кейіннен 
пайда болмаған − әзәли.
Алла Тағала еш нәрсеге мұқтаж емес. Керісінше 
күллі жаратылыс Алла Тағалаға мұқтаж. Егер Алла 
Тағала мына ұшы-қиыры жоқ әлемнен бір мезет байла-
7
Шура сүресі/11
8
Ықылас сүресі/4.


59
ИМАНИ ГҮЛ
нысын үзсе, күллі жаратылыс быт-шыт болып тарыдай 
шашылып, әлемдегі жалпы жүйе бұзылар еді.
Алла Тағала 
«Фатыр»
сүресінде былай дейді: 
«Ей, 
адамдар, Аллаға мұқтаж болған сендерсіңдер. Ал 
ешкімге мұқтаж емес, әрі күллі мақтауға лайық тек 
Алла ғана».
Субути сипаттары
Алла Тағала – барлық кемел сипаттардың шынайы 
иесі. Ондағы барлық сипаттар шексіз және кейіннен 
пайда болмаған әрі соңы жоқ, мәңгі. Жаратылыстағы 
әсемдік пен сұлулық – Ұлы Жаратушының еш 
теңдессіз көркемдігінің белгісі. Әр нәрседегі шеберлік 
– Оның теңдессіз шеберлігі мен құдіретінің дәлелі. 
Жаратылыстағы тіршілік – Оның тірі екендігінің айғағы. 
Ғаламдағы үлкенді-кішілі барлық тіршілік атаулының 
рызықпен қамтамасыз етілуі – Оның 
«Раззақ»
яғни, рызық 
беруші екендігінің көрінісі. Адамға ілімді, қалауды, күш-
қуатты, өмірді берген Ұлы Иеміздің ілімсіз, қалаусыз, 
құдіретсіз, тірі болмауы мүмкін емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет