Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011


ИМАНИ ГҮЛ бұл турасында былай делінеді: «Уа, Расулым! Саған



Pdf көрінісі
бет38/237
Дата25.11.2022
өлшемі3,36 Mb.
#159747
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   237
Байланысты:
Имани гүл
85872, 85872 (2), Дәрілік өсімдіктер , Жалпы химия , Бағалаудың өлшемдік технологиялары , СЖМТ 1 ДЕҢГЕЙ 28-42, 509386, Презентация на тему Күн энергетикасы , 358029, санды техника (1), улжан (копия), 1 рубежка икт, 9 -сынып әдебиет бжб №2
ИМАНИ ГҮЛ
бұл турасында былай делінеді:
«Уа, Расулым! Саған 
түсірілгенді адамдарға жеткіз. Егер мұны орындамасаң, 
елшілігіңді (пайғамбарлық миссияңды) жеткізбеген 
боласың...»
19
.
Ақырғы пайғамбар – Мұхаммедтің (с.а.у.)
хақ екендігінің дәлелдері
Тіліміз бен жүрегімізден терең орын алған 
«Лә иләһә 
иллаллаһ», «Алладан басқа тәңір жоқ»
сөзінің ажырамас 
бөлігі 
«Мухаммәдур-расулуллаһ»
яғни, 
«Мухаммед Оның 
Елшісі»
сөзі – ислам дінінде негізгі сенімдердің бірі. 
Төменде Оның Алланың адамзатқа жіберген шынайы 
елшісі екендігін білдіретін нақты дәлелдер келтірілген. 
Оның шынайы пайғамбарлығының дәлелдерін қамтып 
жазу ешкімнің қолынан келер іс емес екені анық. Өйткені 
Оның (с.а.у.) киелі аузынан шыққан әрбір сөзі, әрбір іс-
қимылы, қысқасы, өмірінің әрбір сәті – күндей жарқырап 
ғаламға сәуле шашқан нұрлы елшілігіне дәлел.
Оның (с.а.у.) адамзатты тәнті еткен көркем
мінез-құлқы – пайғамбарлығына дәлел
Адамзат Оның (с.а.у.) мінез-құлқына тәнті. Ғасырлар 
озып, ғылым дамып, мәдениет өркендесе де, күллі адам-
зат Оның (с.а.у.) бойындағы асқақ та, биік қасиеттеріне 
қайран қалумен келеді. Оның күннен-күнге көбейе түскен 
үмбеті қайталанбас өмір жолын, көркем мінез-құлқын 
«қасиетті сүннет»
, деп өнеге етіп ұстануда. Тарихта 
Оның өміріндей ешбір дақ түспеген таза да пәк, ғибратқа 
толы екінші бір ғұмыр жоқ. Алла елшісінің (с.а.у.) дүние 
салғанына он төрт ғасырдан астам уақыт өтсе де, Ол бар-
19
Мәида сүресі 67-аят.


75
ИМАНИ ГҮЛ
ша мұсылманның жүрегінде тірі, тіпті сүннетімен бірге 
жүр. Оның мүбәрак есімі әрбір азан мен қаматта үнемі 
қайталанып, жүрегімізде жаңғыруда. Иман нұрынан нәр 
алған әрбір адам Алла елшісінің (с.а.у.) тек бір сүннетімен 
өмірін өрнектеу үшін қолындағы бар құндысын жұмсауға, 
тіпті жанын пида етуге дайын.
Абай атамыз халықты Пайғамбарымыздан (с.а.у.) үлгі 
алуға былай деп үндейді:
«Алла мінсіз, әуелден пайғамбар хақ,
Мүмин болсаң үйреніп сен де ұқсап бақ.»
Иә, он төрт ғасыр бұрын ғұмыр кешкен Алла 
Расулының көркем де әсем мінез-құлқы әрбір мұсылман 
баласының аңсарына айналды. Себебі, Ондағы бұл 
асыл қасиеттер – адамзатты адамдықтың асқар шыңына 
шығарар еш өзгермес ереже-қағида, барлық жақсылық 
атаулыға бағыт көрсетер темірқазық іспетті.
Пайғамбарымыздың бойындағы қасиеттер мүлдем 
ерекше дедік. Кез келген адам бір-біріне қарама-қайшы 
екі көркем қасиетті бір-біріне араластырып, шатас-
тырмастан алып жүруі өте қиын. Мысалы, бір адам 
жомарт болуы мүмкін, бірақ бұл жомарттығын асы-
рып, ысырап дәрежесіне дейін апаруы мүмкін немесе 
қолындағысын үнемдеймін деп жүріп сараңдыққа бой 
алдыруы да ықтимал. Батыр, қаһарман болуы мүмкін, 
бірақ бұл ержүректік қасиеті өз арнасынан шығып
алды-артын аңдамайтын, жақсы-жаман деп талғамайтын 
соқырлық дәрежесінде қатігездікке ұласуы ғажап емес. 
Ал, Пайғамбарымыз болса, ешбір жақсы қасиетті екінші 
бір қарама-қайшы қасиетпен араластырмаған. Өз ар-
насынан асырмаған. Алла елшісі ержүрек, батыр және 
мұнысымен қоса құмырысқаны байқамай басып кетсе, 
жүрегі елжіреп, діріл қағатындай аса мейірімді, рақымды 
және кішіпейіл еді. Өте кішіпейіл, мейірімді боламын 


76


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет