Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет40/237
Дата25.11.2022
өлшемі3,36 Mb.
#159747
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   237
Байланысты:
Имани гүл
85872, 85872 (2), Дәрілік өсімдіктер , Жалпы химия , Бағалаудың өлшемдік технологиялары , СЖМТ 1 ДЕҢГЕЙ 28-42, 509386, Презентация на тему Күн энергетикасы , 358029, санды техника (1), улжан (копия), 1 рубежка икт, 9 -сынып әдебиет бжб №2
ИМАНИ ГҮЛ
қара деп саналып, ақиқат жалғанға бұрмаланып, залымдық 
бейне бір әділдіктей көрінген бұл қоғамда әлсіздер 
құлға айналып, бар құқықтары бәзбір адам бейнесіндегі 
жыртқыштардың аяғында тапталып жатты. Міне, осын-
дай бір қоғам – қияметке дейін келіп-кетер күллі адам-
затты бойындағы асыл қасиеттерімен таң қалдырып, 
көркем де сұлу мінез-құлқымен тәнті еткен Алла елшісін 
(с.а.у.) тәрбиелеп, жетілдіруі мүмкін бе? Жай қатардағы 
бір адам бұл қоғамның тыныс алған зиянды вирусынан 
еш зақымданбай дін-аман, сау-саламат құтылуы мүмкін 
бе? Мұндай қараңғы қоғам өзінде жоқ қасиеттерді басқаға 
қалай бермек? Демек, Пайғамбарымызға бұл көркем де 
әсем қасиеттерді беріп, арнайы тәрбиелеп жетілдірген 
Әлемдердің Раббысы – Алла екендігі еш күмәнсіз. Адам 
баласына қыстың күні мұз бетінде бәйшешек сыйлаған 
Раббымыз 
«надандық дәуірде»
Пайғамбарымыздай нұрлы 
тұлға жетілдіріп, ғаламға рақым сыйлады. Пайғамбары-
мыз (с.а.у.) бір хадисінде: 
«Раббым Мені Өзі тәрбиеледі 
және тәрбие болғанда да ең керемет үлгіде» 
– деп осы 
айтқанымызды айқындай түседі.
Иә, Оның бойындағы керемет мінез-құлқы – Оның 
пайғамбарлығының белгісі, нышаны екені еш шүбәсіз.
• Адам баласының мінез-құлқы жас кезінен қалыпта-
са бастайды. Ер жете келе бойына әбден сіңіп, отыз жастан 
кейін тұрақтап адам табиғатына айналады. Ал, қырықтан 
кейін бойындағы қалыптасып, тұрақтаған мінезді өзгерту 
өте қиын. Енді пайғамбарымыздың қырық жасына дейінгі 
(пайғамбарлық жүктелген шақ) өміріне көз жүгіртіп 
көрейікші. Ол (с.а.у.) қырық жасына дейін адамдардың 
арасында ең сенімді тұлға деп қабылданғандықтан, 
Мекке халқы оны 
«Мухаммадун Амин»
, яғни, 
«Сенімді 
Мұхаммед»
деп атаған. Мекке халқынан кез келген адам 
сапарға шығар болса, қолындағы ең құнды затын еш 


79


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет