Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет42/237
Дата25.11.2022
өлшемі3,36 Mb.
#159747
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   237
Байланысты:
Имани гүл
85872, 85872 (2), Дәрілік өсімдіктер , Жалпы химия , Бағалаудың өлшемдік технологиялары , СЖМТ 1 ДЕҢГЕЙ 28-42, 509386, Презентация на тему Күн энергетикасы , 358029, санды техника (1), улжан (копия), 1 рубежка икт, 9 -сынып әдебиет бжб №2
Оның (с.а.у.) нұрлы жүзі –
пайғамбарлығына дәлел
Кез келген жанның бет-әлпеті – тани алатын 
адам үшін иесі жайлы мағлұмат беретін кітап тәрізді. 
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) нұрлы жүзінде тек туралық 
көрінетін. Мұны байқаған яһуди ғалымдарынан Абдуллаһ 
ибн Сәлам Пайғамбарымызды бір көргеннен: 
«Мына 
жүзде еш жалғандық жоқ»
деп дереу иман келтірсе, 
Абдуллаһ ибн Рәууаха былай дейді: 
«Егер Оның (с.а.у.) 
пайғамбарлығын қуаттайтын айқын мұғжизалар 
болмаған жағдайда Оның нұрлы жүзінің өзі – көрген 
адамның иман келтіруіне жеткілікті еді» 
дейді.
20
Ән-нурул-халиду Мухаммадун мафхаратул-инсания.


81
ИМАНИ ГҮЛ
Егер Пайғамбарымыздың пайғамбарлығына дейін, 
я болмаса пайғамбарлығынан кейін сөзінде немесе іс-
әрекетінде титтей де жалғандық, көзбояушылық болса, 
дос-дұшпан тарапынан сезіліп, байқалатын еді. Сөйтіп, 
тырнақ астынан кір іздейтін дұшпандар қылыш, найзаға 
жүгінбестен тапқан олжаларын әлемге жария ету арқылы 
күн сайын үдеп бара жатқан жаңа дінге тосқауыл қояр 
еді ғой. Алайда, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірінен 
ешбір қате, ешбір көзбояушылық таба алмай діңкелеген 
дін дұшпандары амалсыз жаңа дінге қылыш, найзамен 
тосқауыл қоюға тырысты.
• Көз бояушы, өтірікші, алаяқ адамның сенімді 
серігі, бар мүмкіншілігін жолында пида ете алатын 
жора-жолдасының болуы мүмкін емес. Ал енді бір мезет 
Пайғамбырымыздың (с.а.у.) айналасына шоғырланған нұр 
жүзді сансыз сахабаларға, кейінгі ғасырларда өмір сүре 
келген әулие, ғалымдарға, жалпы Оның дінімен нұрланған 
қияметке дейін келіп-кетер адамзатқа қараңызшы. Олар 
Ол (с.а.у.) үшін мал-мүлік дүниелері емес, керек болса, 
жандарын да пида етуге әзір. Олар Оның (с.а.у.) есімі 
аталғанда, Оған (с.а.у.) салауат айтып, сәлем жолдауды 
өздеріне борыш санайды.
Әз сахабалардың өмірінен бір-екі үзінді келтіріп, 
Оның (с.а.у.) қаншалықты қадір-құрметке, махаббат пен 
сүйіспеншілікке ие болғанын баяндап көрелік.
Алғашқы кезде мұсылмандар құлшылықтарын 
еркін орындау үшін хазіреті Әркәмнің үйіне құпия жи-
налатын. Оның үйі кіріп-шығуға қолайлы, көзден таса, 
әрі сырттан келген-кеткендерді бақылауға оңтайлы еді. 
Күндердің бірінде осы үйге жиналған сахабалар Алланың 
бір екендігін мүшріктерге ашық түрде жария ету үшін 
Пайғамбарымыздан (с.а.у.) рұқсат сұрайды. Араларында 
Әбу Бәкір де бар болатын. Алайда, пайғамбарымыз оның 


82


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет