Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет41/237
Дата25.11.2022
өлшемі3,36 Mb.
#159747
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   237
Байланысты:
Имани гүл
85872, 85872 (2), Дәрілік өсімдіктер , Жалпы химия , Бағалаудың өлшемдік технологиялары , СЖМТ 1 ДЕҢГЕЙ 28-42, 509386, Презентация на тему Күн энергетикасы , 358029, санды техника (1), улжан (копия), 1 рубежка икт, 9 -сынып әдебиет бжб №2
ИМАНИ ГҮЛ
күмәнданбастан Пайғамбарымызға аманаттап тапсыра-
тын. Пайғамбарымыз (с.а.у.) ешбір аманатқа қиянат ет-
пеген. Өйткені оның дінінде аманатқа қиянат ету, уәдеде 
тұрмау және жалған сөйлеу – екіжүзділіктің нақ белгісі. 
Тіпті, Пайғамбарымыз Меккеден Мәдинаға көшуге 
мәжбүр болған кезде де қолындағы Мекке халқының 
аманатын иелеріне тапсыру үшін хазіреті Әлиді орнына 
қалдырған. Иә, Ол (с.а.у.) осылайша өзіне қарсы шығып, 
тіпті өлтіруді жоспарлап, елінен, жерінен кетуге мәжбүр 
еткен пенделердің де аманаттарына қиянат етпеген. Не де-
ген сенімділік, не деген туралық десеңізші!
Мекке халқы Оның қырық жасына дейін бір рет бол-
сын жалған сөйлегеніне куә болмаған. Әбу Бәкір Сыддық: 
«Қырық жасына дейін бір де бір өтірік сөйлемеген 
адам мінез-құлықтың өзгерместей толық қалыптасып, 
тұрақтаған осы жасынан кейін қалайша өтірік айт-
сын?»,
– деп Пайғамбарымыз әкелген жаңа дінге иман 
келтіріп мұсылман болған. Иә, кішкентай бір мәселеде, 
аз ғана бір қоғамның алдында өтірік айтпаған адам қалай 
ғана бойындағы берік боп, қалыптасқан қасиетін бір күнде 
өзгертіп, дін сияқты үлкен бір мәселеде дүйім жұртқа, 
тіпті, қияметке дейін келіп-кетер адамзатқа шімірікпестен 
«Мен пайғамбармын»
– деп өтірік айтсын?!
«Нағыз шындық – дұшпанның да мойындағаны»
демекші, дін дұшпандары да Пайғамбарымыздың (с.а.у.) 
туралығын, шыншылдығын еріксіз мойындаған. Әлі 
мұсылман бола қоймаған Әбу Суфиян Оның (с.а.у.) 
туралығын былай баян етеді:
Алла елшісі көрші елдің патшаларына хат жіберген 
болатын. Осы хаттардың бірі Рим императоры Гераклге 
арналған-ды. Геракл хатты басынан аяғына дейін оқып 
шығып, сол кездерде Шам аймағында жүрген мені (Әбу 


80
ИМАНИ ГҮЛ
Суфиян) шақыртып алды. Сосын екеуміздің арамызда мы-
нандай сұқпат жүрді:
– Оған ең көп қосылып жатқан кімдер, байлар ма, ке-
дейлер ме?
– Кедейлер.
– Оған иман еткендердің ішінен бас тартқандар бол-
ды ма?
– Қазірге дейін бола қойған жоқ.
– Сандары артып жатыр ма, әлде кеміп жатыр ма?
– Күн сайын артуда.
– Өмірінде жалған сөйлегенін естіп көріп пе 
едіңдер?
– Жоқ, Оның жалған сөйлегенін ешқашан естімедік.
Хаттың ғажайып әсерімен қоса сол кездегі 
мұсылмандардың қас дұшпаны Әбу Суфиянның 
жоғарыдағыдай жауаптарына тап болған Геракл:
– Осы уақытқа дейін адамдарға жалған сөйлеуден 
бойын аулақ ұстаған жанның енді келіп Хақ Тағалаға 
жалған сөйлеуі әсте мүмкін емес, – дейді
20
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет