4-Тапсырма. Блиц-сұрақ әдісі. (Бір жауабы бар бес сұрақ) 1. Тілдің пайда болуына не себеп болды?
А. Адамзат қоғамының пайда болуы
В. Ұжымның пайда болуы
С. Отбасының пайда болуы
2. Тілді дамытатын кім?
А.Сөз, сөйлем
В. Оқушы, мұғалім
С. Қоғам, халық
3. Тіл не үшін керек?
А. Әңгіме айту үшін
В. Өмір сүру үшін
С. ЖОО-на түсу үшін
4. Адамды адам ететін не?
А. Тіл В.Ой С. Ақыл
5. Қазіргі кезде дүниежүзінде қанша тіл бар?
А. 4000 В.2000 С.5000
ХҮІІ. Әлемді өзгерту кілті-білімде. 33. Әлемді өзгерткен адамдар. 1- тапсырма. Мәтінді оқы, мазмұнын айтып бер. Билл Гейтс – әлем бейнесін өзгерткен адамдардың бірі. Бірақ оның басқа миллиардерлерден айырмашылығы – ол бұл жағдайға газ немесе мұнайдың емес, өз ақылының арқасында жетті. Билл Гейтстің негізгі еңбегі – қолмен ұстап көруге болмайтын нәрседен үстеме табыс көру мүмкіндігін онжыл бұрын көре білуінде, адамның интеллектік қызметінің өнімі болып табылатын – компьютерлік бағдарламалар болып табылады. Стивен Хокинг.Ол физика теориясын зерттеп, тіпті ғаламшар заңдылықтарын ашуға да септігін тигізген. Сонымен қатар ол 7 бестселлер мен 14 награданың иесі.
2. Ким Унг-Йонг.
Ким Унг-Йонг – кореядан шыққан вундеркинд. «Гиннестің рекордтар кітабына» енген. Екі жасында екі тілді еркін меңгеріп, төрт жасында математикадан қиын есептерді шешкен. Сегіз жасында АҚШ-қа НАСА да жұмыс істеуге шақырылған.
3. Пол Аллен.
Майкрософт компаниясының қосалқы құрылтайшысы. Ақылын ақшаға айналдырып, 14,2 миллиард доллар байлыққа ие болған. Жер шарындағы байлардың тізімінде 48 орында тұр.
4. Рик Роснер.
Ол телевидениеде продюсерлікпен айналысады. Былай қарап отырсаңыз, түкке тұрмайтын кәсіп. Алайда ақыл-ойының арқасында танымал болған.
5. Гарри Каспаров.
Шахматтан әлем чемпионы атағын 22 жасында алған. Осы атағын ұзақ жыл сақтаған бірегей адам. 2005 жылы Каспаров спорттық мансабын аяқтап, саясат пен жазушылыққа бет бұрды.
6. Сэр Эндрю Уайлс.
Британдық математик Эндрю Уайлс 1995 жылы Ферманың ұлы теориясын ашып, әлемдегі ең қиын есепті шешті. Математика мен ғылымда әлемдік маңызға ие 15 награданың иесі атанған.