Жай сµйлемніњ ‰йірлі м‰шелері



бет50/85
Дата26.03.2022
өлшемі0,74 Mb.
#136885
түріЛекция
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   85
Байланысты:
Лекция тезисі 2
Абдил Аида, Презентация (4), Намуратова Сетара, Намуратова С

Сұраулы сөйлемдер


Бір нәрсе жайында хабар алу үшін қойылған сұрақты білдіретін сөйлемдерді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемдер сұрау есімдіктері, шылау, интонация арқылы жасалады. Ғалымдар сұраулы сөйлемнің жасалуының 2 түрлі тәсілі көрсетіледі:
1. Сұраулы сөйлемнің синтаксистік тәсіл арқылы жасалуы. Бұған интонация, арнаулы модальдік сөздер мен демеулер арқылы жасалған сұраулы сөйлемдер жатады.
а ) Сұраулы сөйлемдер диалогта көтеріңкі ырғақ арқылы қалыптасады. Олардың лексикалық құрамы кейде алдыңғы бір сөйлемдегі сөздер болып келеді. Сонымен бірге бұл сұраулы сөйлемдер жеке бір сөйлем мүшесі мен сабақтас сөйлем бағыныңқысы ыңғайында, толымсыз түрінде де айтылады. Ал өзге сөйлем мүшелері мен басыңқы компонент түсіріліп қалады, бірақ мағынасы айтушыға да, сөйлеушіге де белгілі болады.
М: - Бір түнде көшіп кетсе, қайтесің?
Көшіп? Қайда кетеді?
Белгілі бір сөйлеу жағдайында сұраулы сөйлемдер кейбір модальдік сөзді, эмоциялық-экспрессивтік демеулікті болып келген баяндауыштардың басым сұраулық интонациямен айтылуы арқылы қалыптасады (болар, шығар, қайтеді, неғылды, білем, деймін модальдік сөздері, ғой, да, ау, ә, ма, иә демеуліктері арқылы)
- Өзіңіз жұмыстасыз ғой?
- Иә жұмыстамын.
- Кетті білем, көке?
- Жоқ, тыңдап тұр;
- Оның үйін білесің бе?
- Білем
2. Сұраулы сөйлемнің лексика-грамматикалық жасалу тәсіліне не? кім? қандай? қай? қанша? неше? қайсы? қайда? қалай? қашан? есімдіктері жатады.
Ондай сөйлемде сұраулық интонация синтаксистік амал арқылы қалыптасатын сөйлемдердегідей сұрақ мәнді негізгі, қосымша бір тәсіл тұрғысынан айқындалмайды, сөйлесуші жақтың жауап беруі туралы эмоциялық айтушы қатынасын кейде үстемелей білдіру үшін ғана жұмсалады. Ал сұрау есімдікті сөйлемнің жалпы интонациясы қалай дегенде, олар көбіне хабарлы сөйлемдікіне ұқсас келеді. Бұл сұрау есімдіктерінің лексика-семантика ерекшелігіне, қандай орын тәртібінде болмасын өзіне логикалық екпін түсіріп айтылуына байланысты.
Сұрау есімдікті сөйлемдер, негізінде, ой мазмұнының белгісіз бір жағын анықтап білу, айтушының түсінік, мәліметін кеңейту үшін қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет