Жай сµйлемніњ ‰йірлі м‰шелері



бет52/85
Дата26.03.2022
өлшемі0,74 Mb.
#136885
түріЛекция
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   85
Байланысты:
Лекция тезисі 2
Абдил Аида, Презентация (4), Намуратова Сетара, Намуратова С

Бұйрықты сөйлемдер


Бұйрықты сөйлемдер сөйлесуші адамдарға қандайда болмасын істі істеуі не істеткізуі өнінде айрықша ықпал жасау үшін айтылады. Бұйрықты сөйлемдер диалогта қолданылады, публицистикалық стильмен байланысты кейде монологта да қолданылады.
Бұйрықты сөйлемдер басым интонациямен айтылады. Мұнда да ерекшелік бар: сөйлем не бәсең ырғақ арқылы не көтеріңкі ырғақ арқылы тиянақталып жұмсалады. Бұйрықты сөйлемдер белгілі бір грамматикалық тәсіл-жүйеде қалыптасады:
а) етістіктің бұйрық райы арқылы жасалады. Әсіресе ІІ жақта бұйрық етістікті сөйлемдердің мазмұны нақтылы да басым мағынада беріліп тұрады.
- Тараңдар! Тастаңдар жалғыз ұлықты! – деді ( М.Әуезов).
Сөйлем мазмұны тілек, алыну, ескерту, қауіп, сес білдіру мағыналарында берілгенде, бұйрық етістік баяндауыштар кейде -шы/-ші қосымшалы болып келеді.

  • Иә, қоя тұрсаңшы, Зайкүл, - деді оған Майра, - Ағайдың әңгімесін айтсаңызшы (Ә.Нұршайықов).

ә) етістіктің шартты, қалау, ашық рай тұлғалары арқылы қалыптасады.
1) Шартты райға + сен-ші немесе -йшы/-йші тұлғасы жалғанады. Шешінсейші, шай қояйын, - деді Хадиша (З.Шашкин).
2) -айық, -ейік, -йық/-иік+шы/ші

  • Күләнда, мына үйдің ішін жинастырайықшы, - деп, түрегелді

( Т.Ахтанов).
б) Баяндауыштың алдыңғы компоненті етістік + керек, қажет, шарт, тиіс, жөн, мақұл, дұрыс т. б. сөздер. Мұндай құрылымды баяндауышты сөйлемдер жақсыз сөйлем болып, грамматикалық субъект І жақта қатысты болып, берілу мазмұнына қарай хабарлы сөйлем болады. (Менің баруым керек. Маған бару керек). Ал грамматикалық субъект басқаша жақтық құрылымда болса, іс-әрекеттің бұйрықтық мағынада берілуі басымдау болып келеді.
в) Бұйрықты сөйлем қызметтерінде әй (ей), жә, сап-сап, сабыр, тек, тәйт, тсс, мә деген одағайлар да жұмсалады.
- Тсс, Давыдов келе жатыр!
Бұйрықты сөйлемдер мазмұны жағынан да, оның берілу сипаты жағынан да біркелкі емес. Олар нақты бұйрық пен бірге сөйлеу ситуациясына қарай кейде кеңес білдіру (әсемпаз болма....) ұсынас жасау (Бүгін киноға барайық), ескерту жасау (Осыған ұқыпты бол, келін), тілек, өтініш, жалыну мәнді (Жастар да аман болсын, сіз де аман болыңыз. Тығыз шара қабылдауыңызды өтінемін) болып та жұмсала береді. Бұйрық сөйлемнің осындай мағыналарын нақтылы тұлға-құрамына қарап ажырату мүмкін бола бермейді. Оларды белгілі бір сөйлеу жағдайында қолданушыға қарай, соған сәйкес, өзіндік құрылымы мен басқа да айтушы сөздеріне қарай анықтауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет