Байланысты: Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3
Драб тілді исламфилософиясы 87
кандай да болмасын қағидаларды, наным-сенімдерді жэне аргументтер жүйесін
қалай дэлелдеу немесе терістеу керектігін көрсетеді, сонымен қоса сол терістеу-
лер мен дэлелдеулер неге экеліп соғатындығын түсіндіреді. Үшінші баспалдақга
кандай ғылым саласынан болмасын шэкірттің өзі шешімін тауып қойған мәсе-
лелері қайтадан қарастырылады, сонымен бірге шешімі табылмаған мэселелер
де бар. Олай болса, шэкірт зерттеп жүрген гылымы бойынша толыққанды білім
алады, оның бойында ол «малякатқа» - интеллектуалды қабілеттілікке айнальш,
өзін осы гылым бойынша маман ретінде санап «и’джазат» («рұқсат ету») жэне
оны басқаларына үйретуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге тағы бір маңызды
жайт, жетекшісі, кейін өзі бастап шэкіртін оқуға сүйрелеп жүрмес үшін шәкірті-
нің қабілетгілігін анықтап алуы тиіс. Шэкіртін білім алуға баулу, егер ол өзі со-
ны қаламаса бос әурешілік. Сондықтан жетекшінің алдьш ала таңдау жасауы өте
маңызды.
Ибн Халдунды негізінен алғашқы ислам әлеуметтанушысы деп атайды, дә-
лірек айтар болсақ, әлеуметтануды жеке ғылым ретінде негізін қалаушы. Өзінің
трактаттарының бірінде осы ғылымды ашқандағы қуанышын былай бейнелеп
береді: «Мен бұл ғылымның мүлде жеке ғылым екендігін сездім. Оның мэселе-
сі болып адамзат өркениеті мен қоғамы саналады жэне оның мәндері келесіге
ұқсайтын көптеген сұрақтармен айналысады: адамзат қоғамы басынан өткеретін
кез келген өзгерістер мен уақиғаларды қалай түсіндіруге болады. Біліп жүр, осы
заттар туралы айту жаңа әрі қызық дүние жэне үлкен жетістікке ие. Дэл қазір
мен осы сүрақтарды зерттеумен айналысып жүрмін жэне жаңа ғылымның негі-
зін шыгарып отырғандығымды түсінемін. Ант етейін, осы заттар туралы айтқан
алдыңғы ғалымдардың бірде-біреуін білмеймін».
Осы ғылымның көзқарасы бойынша, тарих екі өлшемді алдына шығарады
- сыртқы, «күндер мен халықтар» туралы қарапайым ақпараггы білдірген кез-
де жэне ішкі, тарих мақсаты заттар мен уақиғалардың шығу тарихын түсінді-
ру жэне олардың ең маңызды, ортақ ұстындарын айқындау болып саналатын
теоретикалық жүйе ретінде түсінілсе. Сонымен бірге ол тарихқа: «Тарих
адамзат қоғамы туралы ақпарат болып саналады, яғни Жер бетінде өркениет
пен жағдайларды орнату үрдісі, бірнеше уақыттан кейін өркениет ауыстырып
отырады», - деген анықтама береді. Демек, тарихты оқып, білу үнемі алған ,
құндылықты дәріспен түйіндес болуы тиіс, тэртіптің мұндай моделі («құдұат»)
тарихты үйренушілерге маңызды тәжірибелік пайда әкеледі. Ибн Халдун үшін
тарихтың құндылығы ғылым ретінде өте үлкен. «Оның жолы қасиетті, пайдасы
өте зор, оның мақсаты игілікті» - ол тарихты осылай бейнелейді; ол үшін оның
көмегімен алдыңғы халықтардың құндылықты қасиеттері, пайғамбарлар мен
билеушілердің саяси жүйелері туралы өмірбаяндар секілді маңызды сэттер
ашьшады. Алайда жай ғана ақпаратты жинап қою қандай да болмасын дэуірдің
шынайы тарихи картинасын құрастыру үшін жеткіліксіз. Ол үшін тарихи мәлі-
меттердің барлық жиынтығымен терең ойланып («тафақкүр»), айналысу қажет.
Жақсы тарихшы қандай да бір оқиғаны туындауына эсер еткен факторлармен
ойлануы тиіс. Бұл жағынан, тарих аналогиялық «өркениет ғылымына» айналады.
Дэл осы қырынан тарих қандай да бір философияға жэне шынайы даналықтың
(«хикмет») элементіне айналады.