Жалпы ережелер



бет10/204
Дата22.12.2021
өлшемі4,62 Mb.
#9690
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   204
Үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша оқып шыққан мұғалімдер:

- жоспарлау процесін, бағалау жүйесі мен рефлексиялауды жетілдіруі, жеті модуль тақырыбында кіріктірілген тізбекті сабақтар серияларын іске асыруға тиіс.



Екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша оқып шыққан мұғалімдер:

- менторинг мен коучинг арқылы мектепте әріптестерінің жұмыс тәжірибесін жетілдіруі, мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығын ұйымдастыруы, сынып аясында жоспарлауды және іс-әрекеттегі зерттеу жүргізуі тиіс.



Бірінші (жетік) деңгей бағдарламасы бойынша оқып шыққан мұғалімдер:

- мектепте және оның сыртындағы мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығын, соның ішінде коучинг пен менторинг процесін жүзеге асыратын мектеп мұғалімдері тобын ұйымдастыруы;

- білім беру саласында мұғалімдердің зерттеу жүргізу әдістерін түсіндіруді

дамытуы; мектеп көлемінде іс-әрекеттегі зерттеуді жоспарлауы және өткізуі тиіс.

Сертификатталған педагог кадрлардың ынтымақтастығын, сондай-ақ деңгейлік бағдарлама бойынша оқудан өтпеген мұғалімдерді процеске тартуды қамтамасыз ету үшін желілік ұйымдастырушы ретінде бекітілген тірек мектептері арқылы Бағдарлама идеяларының орындалуы жүзеге асырылады.

Бағдарламаның түйінді идеяларын бақылап отыру және жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу үшін жалпы білім беретін ұйымдардың басшылығы (директор, оның орынбасарлары) оқытудан өткен мұғалімдермен практикалық іс-шаралардың кешенін іске асыруы тиіс:



(Бағдарламаның үшінші (базалық) деңгейі бойынша:

- Бағдарламаның 7 модулін қолданудың, сабақтарға қатысу арқылы оқытуда инновациялық тәсілдерді қолданудың тиімділігін бақылау;

- сол мұғалімнен білім алатын оқушылардың білім сапасына мониторинг жүргізу.

(Бағдарламаның екінші (негізгі) деңгейі бойынша:

- бағдарламаның 7 модулін қолданудың, сабақтарға қатысу арқылы оқытуда инновациялық тәсілдерді қолданудың тиімділігін бақылау;

- сол мұғалімнен білім алатын оқушылардың білім сапасына мониторинг жүргізу;



- мұғалімнің өзі зерттеуін іске қосу барысында қызметінің нәтижелілігін қадағалау;

- әріптестерін оқытудың әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілгенін анықтау (жоспарлау, кесте құрастыру);

- бағдарламаның үшінші (базалық) деңгейі бойынша әріптестер тобының оқыту табыстылығына талдау жүргізу (6-10 адам);

- әріптестеріне коучинг және мониторингті меңгертудегі мұғалімнің жұмысына бақылау жүргізу.



(Бағдарламаның бірінші (жетік) деңгейі бойынша:

- бағдарламаның 7 модулін қолданудың, сабақтарға қатысу арқылы оқытуда инновациялық тәсілдерді қолданудың тиімділігін бақылау;

- сол мұғалімнен білім алатын оқушылардың білім сапасына мониторинг жүргізу;



- мұғалімнің өзі зерттеуін іске қосу барысында қызметінің нәтижелілігін қадағалау;

- әріптестерін оқытудың әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілгенін анықтау (жоспарлау, кесте құрастыру);

- бағдарламаның екінші (негізгі) деңгейі бойынша әріптестер тобының оқыту табыстылығына талдау жүргізу (6-10 адам);

- әріптестеріне коучинг және мониторингті меңгертудегі мұғалімнің жұмысына бақылау жүргізу;

- мұғалімдердің кәсіби қауымдастығының мектепте және одан тыс жерлерде ұйымына, қызмет етуіне бақылау жасау;

- деңгейлік курстардан өткен мұғалімдердің түсініктері бойынша талдау жасау, білім беру саласындағы зерттеулердің әдістерін түсінуі және жоспар құру мен мектеп көлемінде зерттеу жүргізуі бойынша нақты практикалық әрекеттер жасау қабілетіне талдау жасау.

Жалпы білім беру мектептерінің әкімшілігі үшін оқыту процесін және мектепішілік бақылауды тиімді ұйымдастыруға арналған нормативтер ұсынылады (1-кесте).

1-кесте – Оқу процесі мен мектепішілік бақылауды ұйымдастыруды жүзеге асыру нормативтері

Бақылау нысанасы



Нормасы

1

Сабақтарға және сыныптан тыс іс-шараларға қатысу және оларды талдау



Аптасына 3-4 сабақ (директордың орынбасарлары үшін);

Аптасына 3 сабақ (мектеп директорлары үшін).

2

Сынып журналдарын тексеру



Айына 1 рет, жылына 8-10 рет

3

Оқушылардың күнделіктерін тексеру



Айына 1 рет, жылына 8-10 рет

4

Пәндер бойынша оқу бағдарламалары-ның орындалуын тексеру



Тоқсанына 1 рет, жылына 4 рет

5

Оқушылардың жеке іс құжаттарын тексеру



Жылына 2 рет

6

Пәндер бойынша тақырыптық және күнтізбелік жоспарларды тексеру



Жылына 1-2 рет

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мұғалімдерге көмек ретінде келесі құралдар әзірледі және олар Академияның сайтында (www.nao.kz) орналастырылды:

1) PISA, TIMSS зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың математикалық, жаратылыстану-ғылыми және оқу сауаттылықтарын дамыту бойынша әдістемелік құралдар. Мұнда әдістемелік ұсыныстар мен оқушылардың білім жетістігін анықтау бойынша халықаралық зерттеулерде қолданылған тапсырмалар енгізілген;

2) білім беру салалары бойынша қолданбалы курстардың мазмұнын жобалау мен өткізу бойынша мұғалімдерге көмек ретінде әдістемелік құралдар;

3) ұлттық тілде оқытылатын мектептерде көптілді оқытудың озық тәжірибесін тарату бойынша әдістемелік ұсынымдар. Әдістемелік ұсынымда қазақстандық мектептерде көптілділікті дамыту жолдары қарастырылған, ұлттық мектептерде пәндерді екі тілде (мектептің оқыту тілінде және мемлекеттік тілде) қатар оқыту ұсынылған;

4) ұлттық тілде оқытылатын мектептерде «Математика», «География», «Физика», «Биология» пәндерін көптілді оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар. Әдістемелік ұсынымда жалпы білім беретін мектептердегі сабақта көптілді оқытуды ұйымдастыру мен пайдалану бойынша практикалық ұсынымдар, сабақты жүргізудің типтері мен формалары, әдістемелік тәсілдердің жиынтығы көрсетілген. Пәнді көптілді оқытудың дидактикалық тәсілдері суреттелген, пән бойынша оқушылардың тілдік құзыретін және функционалды сауаттылығын дамытудағы жұмыстың мазмұны, әдістері және нысандары бойынша ұсыныстар берілген;

5) ғылым негіздері бойынша ұлттық мектептерге арналған терминологиялық сөздік. Әдістемелік құралда терминологиялық сөздікті әзірлеудің әдістемелік негіздері ашылып, қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдеріндегі оқу әдебиеттерін оқып білуде көмек болатын кең таралымды және жиі қолданыстағы пәндік терминдердің жиынтығы берілген. Сөздікте ұлттық тілде оқытатын мектептерде тілдік пәндердің бірыңғай тақырыптық минимумы көрсетілген және ғылым негіздері бойынша көрсетілген тілдерде шамамен 11500 термин мен сөз тіркестері жинақталған.

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлеріндегі оқу процесіне қатысушыларын кешенді қолдауды Академия сайты қамтамасыз етеді (www.nao.kz). Мұғалімдерге көмек ретінде сайттың келесі бөлімдері ұсынылады:

- «Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету» (әдістемелік-нұсқау хат, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру), бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары, нормативтік-құқықтық база);

- «Білім беруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету» (әдістемелік құралдар, ұсынымдар, тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері, Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері);

- «Семинарлар, конференциялар» (Академияда атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат: ғылыми-практикалық конференциялар, тақырыптық семинарлар және т.б.);

- «Журналдар» (Академияда шығарылатын «12 жылдық білім беру – 12-летнее образование», «Білім – Образование», «Қазақстан кәсіпкері – Профессионал Казахстана» ғылыми-әдістемелік журналдар туралы ақпараттар);

- «Сұрақ-жауап» (оқыту мен тәрбиелеудің өзекті мәселелерін талқылау, Академия мамандарына сұрақтар қоюға болады).

Білім беру қызметін ұйымдастыру кезінде жалпы білім беру ұйымдары басшылыққа алатын Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық құжаттар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сайтындағы (http://www.adilet.gov.kz) «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйе» (http://adilet.zan.kz) блогында орналастырылған.

Жаңартылған білім мазмұнына көшетін 1-сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету үшін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ НЗМ сайтына (sk.nis.edu.kz сілтемесі арқылы кіру) ұсынылған Жүйелі-әдістемелік кешен (ЖӘК) әзірледі.


Каталог: uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Ғарыш әлеміне саяхат
uploads -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
uploads -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет