Жаратылыстану сабақ



бет16/16
Дата29.08.2023
өлшемі138,78 Kb.
#179988
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Жаратылыстану сабақ
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын тыңдайды. Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
Үй жұмысы Оқулық §54.оқу







Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қ
андай міндет қоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы

Оқушылар:
 

 


Жалпыбаға
Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралыда, оқутуралыдаойланыңыз)?
1:
2:
Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда н


Құстар-біздің досымыз
АВТОР: BILIMGER · 26 ОКТЯБРЯ, 2020
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат
Күні:
Сынып: 3 Мектеп: Тимирязев НЖББМ
Мұғалімнің аты-жөні: Оспанов Е.С
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Құстар- біздің досымыз
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 3.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/ мазмұндау
3.2.3.1 белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру
3.5.1.2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы диалогқа қатысады
Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, диалог барысында сұрақтар қояды, сөздерге қоымшаларды дұрыс жалғайды
Оқушылардың кейбірі: тақырыпқа қатысты қосымша ақпарат айтады, диалог барысында өз ойын түсінікті жеткізеді.
Бағалау критерийлері Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді.Тақырып бойынша диалогқа қатысады.Сөздерге қосымшаларды дұрыс жалғайды.
Лексикалық минимум Көгершін, құстар, қорғайды
Грамматикалық минимум Тәуелдік жалғау Құстар- біздің досымыз.
Жіктік жалғау Құстарды қорғаймын.
Құндылықтарды дарыту
Қоршаған ортаны қорғау
Пәнаралық байланыстар дүниетану
АКТ қолдану дағдылары Таныстырылымhttp://bala.soyle.kz/picture/training?id=12 сайтында тапсырманы орындайды
Бастапқы білім
Жәндік жанды табиғатқа жатады ма?
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
«Пойыз» ойыны (бірінші тұрған оқушы бір сөз айтады, келесі тұрған оқушы алдыңғы сөздің соңғы әрпіне сөз айту керек, айта алмаған оқушы ойыннан шығады).
Ара-ат-түйе-есек-күшік-кесіртке-ешкі
Үй тапсырмасын тексеру. “Таңдамалы тексеру” әдісі. Оқушылардың жазған жұмыстарының ішінен теріп алып, тек бірнешеуін ғана тексеру. Қайсысын тексеретінін ешкім де білмейді.
Сабақ мақсатымен таныстыру
Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінемін.
Тақырып бойынша сөздерді дұрыс қолданамын.
Заттың қимылын білдіретін сөздерді қолданамын.
Сабақтың ортасы
(МК, Ұ) Жаңа сөздерді суреттер арқылы меңгерту
Құстар Көгершін
Қорғау-көмектесу, жамандықтан қорғау, суықтан қорғау
Сөз тіркестерін және сөйлемдер құру.
Жыл құстары, құстарды қорғау. Құстарды қорғау керек.
Ақ көгершін. Мен көгершіннің суретін салдым.
(
Ө, Ұ) Тыңдалым
Тыңдалым алды тапсырма
Тыңдалымда кездесетін таныс емес сөздермен жұмыс жүргізу.
«Қамқорлық» сөзіне түсінік беру.
«Қамқорлық» — қорғау, күту, су, тамақ беру, ұя жасау.
Құстарға қамқорлық, әжеге қамқорлық, балаға қамқорлық, табиғатқа қамқорлық жасау
Сұрақтар қою арқылы мәтін мазмұнын болжату
 Қандай құстарды білесіңдер?
 Құстардың қандай пайдасы бар?
 Құстарға қандай қамқорлық жасайсыңдар?
Тыңдалым тапсырмасы
Мәтінді 2 рет тыңдайды және мәтін мазмұны бойынша сөйлемдерді толықтырады.
Тыңдалым мәтіні
Тоғайда әртүрлі құстар бар. Құстар жанды табиғатқа жатады. Құстар табиғатты қорғайды. Адамдар құстарға қамқорлық жасайды. Олар құстарға ұя жасайды, жем береді. 1 сәуір – құстарды қорғау күні.
Керекті сөздер: не? нелер? кім? қандай? нені?
Дескриптор:
• Мәтін мазмұны бойынша сөйлемді толықтырады.
• Сұрақтарды сөйлемде дұрыс қолданады.
• Суреттердің ретін анықтайды.
Сөйлемдер:
1. Тоғайда … бар ?Құстар … табиғатқа жатады?
2. Құстар … қорғайды? Құстарды … қорғайды?
3. 1 сәуір … күн?
Әр оқушы өз бетінше орындап болған соң, бірнеше оқушы жауаптарын оқиды (бір сөйлемнен), қалғандары өз жауаптарымен салыстырады, дұрыс/бұрыстығын анықтайды.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
Суреттерге қарап, сөйлемдерді толықтырады. Суреттердің ретін анықтайды.
_______құстарды қорғаймыз.
Құстар __________ қорғайды.
1 сәуір – құстар _________ .
Тоғайда ___________ бар.
Бірнеше оқушы өздерін дескриптор бойынша бағалайды.
Кері байланыс
Тапсырманы орындау қиын болды ма?
(Ж) Оқылым. Мәтінді оқып,әр сөйлемге сұрақ қояды. Деңгейлеріне қарай ашық, жабық сұрақтар құрастырады.
Үлгі (деңгейі жоғары сұрақтар):
Тоқылдақты неліктен «орман дәрігері» деп атайды?
Көгершіндердің қандай пайдасы болған?
Оқылым мәтіні
Құстардың пайдасы көп. Тоқылдақ ағашты қорғайды. Оны «орман дәрігері» деп атайды. Қарлығаш егінді қорғайды. Көгершіндер бұрын хат тасыған. Құстар да жанды табиғатқа жатады.
(Ж, Ө) Жазылым. Тапсырманы өзбетінше орындамас бұрын, «Жұбыңды тап» ойынын ойнату. Оқушылар тақтаға шығып, бір сөзден алады да сыңарын іздейді. Мысалы, менің үйім, сенің арманың және т.с.с. Бұдан кейін әр оқушы өздігінен көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауын қойып жазады.
Құстар — менің дос… .
Құстар — сенің дос… .
Құстар — оның дос… .
Құстар- біздің дос….
Тақтадағы дұрыс жауапты қарап, өзін-өзі тексереді.
(Ж) Айтылым. Диалог құрайды. Төмендегі сұрақтарды қолдану:
 Сен қандай құстарды білесің?
 Құстардың табиғатқа қандай пайдасы бар?
 Саған қандай құс ұнайды?
 Құстар неге жанды табиғатқа жатады?
Жұптар бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды.
Үлгі:
Сұраққа толық жауап береді. Құстар туралы қызықты ақпарат айтты.
Сөйлемдегі сөздердің ретін сақта.
Сабақты бекіту
АҚТ қолдану (http://bala.soyle.kz/picture/training?id=12)
Құстардың атауларын тыңдап, суретпен сәйкестендіреді.
Шатасқан әріптерден құстардың атауларын жазады.
Сабақтың соңы Үй тапсырмасы
4-тапсырма. Сурет бойынша сөйлем құрайды.
Үлгі: Бұл- көгершін. Ол хат тасиды.
Рефлексия
Мен бүгін … …. үйрендім.
• жаңа сөздер;
• сұрақтар құрастыруды;
• сұрақтарға жауап беруді;
• тақырып бойынша диалог құруды
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.
Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. Денсаулық сақтау технологиялары.
Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.
Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
әні Жаратылыстану
Бөлім: 2.3 Адам
Педагогтің аты-жөні Досмайлова Жанар Онласыновна
Күні:
Сынып: Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы Тыныс алу мүшелері
Оқу бағдарламасына
сәйкес оқыту
мақсаттары 3.2.3.3 тыныс алу жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау; 3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу;
Сабақтың мақсаты - тыныс алу жүйесін атайды; - тыныс алу жүйесін, оның адам ағзасындағы рөлін сипаттайды; - экспериментті жоспарлайды және жүргізе алады;
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну Қолдану Талдау Жинақтау
Сабақтың барысы
Сабақтың
кезеңі/
уақыт Педагогтің әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау Ресурстар
Сабақтың
басы
5 мин (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: Топтарға біріктіру Білу және түсіну «Ой дамыту» жаттығуы Сұрақтарға аталған обьектілер бойынша іштей өзіне ғана жауап береді. - Ауаны бірінші не арқылы жұтамыз ? (Мұрын және ауыз қуысы) (Мұрын, ауыз қуысының суретін тақтаға ілу) - Мұрыннан кейін ауа қайда түседі? ( Кеңірдекке) ( Кеңірдектің суретін ілу) - Кеңірдектен кейін ауа қайда барады? ( Ауа тамырларына,өкпеге) ( Ауа тамырлары мен өкпенің суретін ілу) Қорытындыла: - Ауа толған өкпе қандай өзгеріске ұшырады? - Тыныс алу жүйесінің басты мүшесі не? - Дем шығарудың осы бағытқа кері жүретінін қалай түсінесің? 1-топ «Денсаулық» 2-топ «Спорт» 3-топ «Дәрігерлер» Тыныс алғанда және тынысты шығарғанда ауаның ағзаға ықпалын түсінеді.Әр бала тыныс алу байқаған ерекшеліктерін айтып береді. Дескриптор: - Тыныс алғанда ауа мұрынға өтетітін біледі; - Мұрын қуысынан кеңірдекке, кеңірдектен ауатамырларға өтетінін біледі; - Дем шығарудың осы бағытқа кері жүретінін түсінеді. Мадақтау. Толықтыру Мұрын, ауыз қуысы, кеңірдек, өкпе суреттері
Сабақтың ортасы 2 мин 20 мин Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру: – Балалар, сендер бүгін берілген сөзді, тыныс алу жүйесін, оның адам ағзасындағы рөлін сипаттайсыңдар. Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды. Қолдану Топтық жұмыс. 1-топ «Денсаулық» Тапсырма.Тыныс алу мүшелерінің аттарын жаз. (https://itest.kz/uploads/images/%D1%82%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D1%81%20%D0%B0%D0%BB%D1%831-100.jpg) 2-топ «Спорт» Тапсырма.Модель жасау.Оқушылар қуыршаққа ермексазды жапсыру арқылы тыныс алу жүйесін модельде. Тыныс алу қызметінің атқаратын ерекшеліктерін сипатта.(https://images.app.goo.gl/aSPJSYroVwqRcSp88;https://images.app.goo.gl/udsfmQvKgWz8qjsA9) Оқушылар берілген тапсырмаларды орындайды. 1-топ «Денсаулық» Тыныс алу мүшелерінің аттарын жазады,атайды. Тыныс алу қызметінің атқаратын ерекшеліктерін сипаттайды. 2-топ «Спорт» Оқушылар қуыршаққа ермексазды жапсыру арқылы тыныс алу жүйесін модельдеп, атқаратын ерекшеліктерін сипаттайды. Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру. Ермексаздан таңбалардың сұлбасын жасауға көмек керек болған жағдайда бағыттап отыру. «Үш шапалақ» әдісі арқылы бағалайды. Сурет, қуыршақ, ермексаз, стетоскоп, маска.
3-топ «Дәрігерлер» Тапсырма.Зерттеу жұмысы. Қалай дұрыс тыныс алу керек? Мұрын жолының қызметін ата? Өкпені стетоскоп арқылы тыңда.Тыныс алу жолдары гигиенасын құра.(https://images.app.goo.gl/udsfmQvKgWz8qjsA9) 3-топ «Дәрігерлер» Тыныс алу жолдарын зерттейді, қызметін атайды, гигиенасын құрайды. Модельдеу барысында қойылатын жетекші сұрақтар: 1. Тыныс алу жүйесі қандай мүшелерден құралады? 2. Мұрынның қызметі қандай? 3. Өкпе қайда орналасқан? 4. Өкпеге ауа қалай жетеді? Дескриптор: - Тыныс алу жолдарының құрылысы мен қызметін анықтайды, атайды, жазады; - тыныс алу қызметінің атқаратын ерекшеліктерін сипаттайды ; - тыныс алу механизмін түсіндіреді.
Талдау 2-тапсырма.Тыныс алу жүйесін жұпта зерделе және нәтижесін кестеге толтыр.
№ Зерттеу тапсырмасы Нәтиже 1 Терең дем алып шарды үрле. Шарларды салыстыр. Не байқадың? 2 Терең және тез-тез дем ал. Қандай өзгеріс байқадың? 3 Қолыңды мұрныңа қой. Терең дем ал. Дем шығарған-да ауа қалай өзгерді? ЕБҚ тапсырмасы.(ЗТГС) Тыныс алу мүшелерін кластер құрып жаз. Сергіту сәті Қолыңды жоғары көтеріп мұрныңмен терең дем ал. Қолыңды қайта түсіріп аузыңмен дем шығар. Оқушылар жұпта зерттейді және нәтижесін кестеге толтырады. Дескриптор: - үрленген шарларды салысты-рып қорытынды жасайды ; - терең және тез-тез дем алу айырмашылығын салыстырады; -дем шығарғандағы өзгерістерді байқайды. Тыныс алу мүшелерін кластерге жазады. Оқушылар сегіту сәтін жасайды. Кестені дұрыс толтыруға жәрдемдесу. Тапсырманы дұрыс орындаған балаларды мадақтау. Мадақтау Кесте, шар
Жинақтау «Жоқ пен ия» әдісі. 3-тапсырма. Сөйлемдегі ойға «ия», «жоқ» деп өз пікірін белгіле.
№ Пікір ия жоқ 1 Таза ауа өкпеге кеңірдек арқылы енеді. + 2 Өкпе үш бөліктен тұрады. + 3 Өкпе кеудеде орналасқан. + 4 Асқорыту мүшесі – өкпе. + 5 Ауаны жылытып, ылғалданды-ратын мүше-мұрын. + 6 Күн сайын таза ауада серуендеу керек. + Оқушылар сөйлемдегі ойға «ия», «жоқ» деп өз пікірін белгілейді. Оқушылар мұғалім көмегімен жауаптарын тексереді. Оқушылар өзін-өзі «Басбармақ» арқылы бағалайды. Кесте
Сабақтың
соңы
5 мин Бекіту. Рефлексия Кері байланыс. «ҚҚҚ» әдісі. - Бүгінгі сабақтан не үйрендің? - Сабақтағы қай тапсырма қызықты болды? - Қай тапсырма қиын болды? - Қандай қызықты мәлмет алдың? Оқушылар бүгінгі сабақтан алған білімін сұрақ-жауап арқылы пысықтайды. Мадақтау
Кіріспе
Балабақша түлектерінің дайындық деңгейі Мемлекеттік стандарт тағайындаған талаптардан төмен болмауы тиіс. Бұл деңгейлерге жету
мектепке дейінгі білім ұйымдарының алға қойған мақсаттарға жетуінің куәсі болып табылады. Тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар сай болуы тиіс. Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу - әрбір ұстаздың, тәрбиешінің басты міндеті. Қайсыбір тәрбиешілер оқу қызыметінің жаңа түрлерін пайдаланса, кейбірі жаңашыл педагогтардың тәжірибесін қолданады. Қай әдісті пайдаланса да мақсат- бағдарламадағы материалдың мазмұнын шәкірт бойына сіңіру, оқу қызметіне деген ынтасын, қызығушылығын арттыру, тәрбиелеу.
Мектепке дейінгі білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйекс балаға белгілі бір көлемдегі білім, білік дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып , олардың сыни ойлауын жан- жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу- тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс- тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.
Мектепке дейінгі тәрбие- ерте және мектепке дейінгі жастағы баланың жас және жеке мүмкіндіктеріне, қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес тұлғасын жан-жақты дамытуға, оның адамгершілік нормаларын қалыптастыруға, әлеуметтік тәжірибені меңгеруге бағытталған негізгі білім деңгейі.
Мектепке дейінгі жас- баланың үш жастан бастап жалпы орта немесе арнаулы білім алу үшін оқу орнына түскенге дейінгі жеке тұлғасының физикалық, психикалық және әлеуметтік даму кезеңі.
Тапсырма- мақсатқа жету жолы (мәселелерді шешу қажетті нәтижеге жетуді қамтамасыз етеді).
Зерттеудің обьектісі: мектепке дейінгі білімнің оқу үрдісі.
Зерттеудің мақсаты:
- Мектепке дейінгі «Жаратылыстану» сабақтарында балалардың іс-әрекетін ұйымдастырудың тиімді формалары жұмыс жасау дағдыларын дамыту;
- тапсырмаларды орындау мүмкіндіктерін анықтау
- танымдық тапсырмаларды орындаудың жолдарын, іздестіру;
Зерттеудің ғылыми болжамы:
Егер балаларға жеке, топтық, ұжымдық жұмыс қызықты болса, оқу үрдісін де жеңіл қабылдайды, проблемалық мәселелерді тез шешеді
Зерттеудің міндеттері:
1. Қазіргі дамыта оқу жағдайына сәйкес, мектепке дейінгі балаларды білім беруде тиімді формаларын жүргізу түрлерін дәлелдеу.
2. Мектепке дейінгі білім беруде балаларды жаратылыстану сабағына баулу барысында орындалатын шығармашылық, танымдық тапсырмалардың мазмұнына сипаттама беру.
3. Мектепке дейінгі білім беруде балаларын шығармашылық, танымдық тапсырмаларды түсінуін және оны орындау жолдарын белгілеу.
1. Жаратылыстану сабағы нені үйретеді
1.1 Балалардың жас ерекшеліктеріне тоқталу
Мектепке дейінгі тәрбиешінің кәсіби қызметі оқу - тәрбие процесінің арнайы ұйымдастырылған формаларын жүргізу сияқты жұмыстағы маңызды
бағытты қамтиды. Тәрбиеленушілердің табысты оқытудың шарты - тәрбиешінің балалардың ой - өрісі, қабілеттері мен дағдыларының жүйесін қалыптастырудың дидактикалық заңдылықтарын білуі, олардың танымдық іс-әрекетін ынталандыратын оқытудың заманауи әдістерін меңгеруі, ізденімпаздық қасиетке ие болуы. Жаратылыстану саласы баланың жеке іс -әрекеті тәрбие жұмысының негізі болып табылады. Тәрбиеленушілердің ой -өрісін дамыту, іскерлік пен дағдыны меңгеруі мектепке дейінгі тәрбиенің мақсаты емес, оларды дамытудың құралы ғана болып табылады. Мектепке дейінгі білім беру бағдарламасының білім беру бағыттарының мазмұнын жүзеге асыруда тәрбиешінің басты мақсаты - дайын білімді беру емес, оларды өз бетінше меңгеру қабілетін, қызығушылығын қалыптастыру. Осылайша, мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы оқу - тәрбие процесінің сапасына қойылатын заманауи талаптар балалармен әртүрлі (балалардың жасына, дидактикалық тапсырмаларына, жеке дара жұмыстарына, топтық тапсырмаларына оның мазмұнына, құрылымына байланысты) ұйымдастырылған оқу қызметін жоспарлау мен ұйымдастыруға деген көзқарасты өзгерту қажеттілігін өзекті етеді.
Ерте жас - тірі және өлі табиғат құбылыстары туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру. Заттарды, олардың белгілерін, қарапайым әрекеттерді тани білуге, табиғат бұрышындағы аквариумдағы балықтарды,жемсауытқа ұшып келетін құстарды,үйқұстары мен жануарларды (ит, мысық, қоян, тотықұс) бақылауға, шөпті, гүлдерді, ағаштарды (бұталарды) ажыратуға және оларға қамқорлық жасай білуге үйрету. Заттарды, еңбек құралдарын, жануарларды, кейбір еңбек әрекеттерін білдіретін сөздермен сөздік қорларын толықтыру. Өсімдіктер мен жануарларға деген қызығушығы дамыту,оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Кіші топ - Тірі және өлі табиғат құбылыстары туралы білімді қалыптастыру.Табиғат құбылыстарына қызығушылықты, өсімдіктер мен жануарларға сүйіспеншілік пен және қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Дағдыларды қалыптастыру:
- ауа-райыныңжағдайынанықтау;
- табиғатқұбылыстарын(маусымдық)бақылау.
Өсімдіктер әлемі
Туған өлкенің кейбір өсімдіктері, көкөністері мен жемістері туралы қарапайым ұғымдарды қалыптастыру; бөлме өсімдіктерінің түрлері (шегіргүл, қазтамақ, бегония жәнет.б.) олардың айырмашылықтары туралы білімді қалыптастыру
Жануарлар әлемі
Үйжануарларымен олардың төлдері туралы білімдерін бекіту.
Жабайы аңдармен Қазақстанның жер аумағында тіршілік ететін аңдар туралы ұғымдарды қалыптастыру; табиғат бұрышының тіршілік иелерін бақылау дағдыларын қалыптастыру.
Табиғат бұрышының тіршілік иелерімен қыстап қалатын құстарға (торғай, шауқарға, қарға, кептер)және жыл құстарына (ұзақ,қараторғай) ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Құммен судың қасиеттерімен таныстыру.
Ортағы топ - Тірі және өлі табиғат құбылыстары туралы түсініктерін қалыптастыру.
Өлі табиғат нысандары туралы білімдерін кеңейту.
Өсімдіктер әлемі
Балалардың бөлме өсімдіктері туралы білімдерін байыту.
Табиғаттағы, жыл мезгіліндегі маусымдық өзгерістер туралы нақты түсініктерін қалыптастыру.
Балабақшаның ауласындағы және маңайдағы өсімдіктерді атауға үйрету.
Көкөністер мен жемістердің 3-4 түрін, бөлме өсімдіктерін, ағаштар мен бұталарды атауға үйрету.
Өсімдіктер әлеміне қамқорлық жасауға тәрбиелеу.Қарапайым тәжірибелерді жүргізуге қызығушылықтарын, зейіндерін дамыту.
Жануарлар әлемі
Үйжануарлары және олардың төлдері туралы,кейбір жабайы жануарлардың табиғи жағдайдағы тіршіліктері туралы білімдерін кеңейту.
Ересек топ - табиғат нысандарын бақылау дағдыларын дамыту, олардың кейбір ерекшеліктерін көру және ажырату: сыртқы кейпі, мінез-құлық әрекеті (жануарлар), өсіп-өну жағдайдары (өсімдік), оларға күтім жасау, табиғаттың жеке өзара байланысын көру;
- тұрмыстағы, табиғаттағы экологиялық салауатты мінез - құлықты қалыптастыру және жағымсыз қылықтардың неге әкелетінін алдын ала білу;
- балалардың сөйлеу тілін, зейінін, ойлауы мен бақылау жүргізіп, қарапайым қорытынды шығару білігін дамыту.
2. Жаратылыстану сабағын ұйымдастыру
2.1 Жаратылыстану сабағын ұйымдастыру барысында (процесі)
Жаратылыстану сабағын ұйымдастыру барысында (процесі) - бұл білім беру міндетімен айқындалатын идеяларды меңгеру, дағдыларды қалыптастырудан тұратын балалардың дербес ақыл - ой немесе практикалық
әрекеті. Сабақтың бұл кезеңінде әр баланың даму деңгейіне, қабылдау қарқынына, ойлау ерекшеліктеріне сәйкес әдіс - тәсілдер жекелендіріледі. Мектепке дейінгі тәрбие түсіндіру мен көрсетумен тығыз байланысты және оған бағынады; түсіндіру жаттығуға кіреді. Баланың оқуға, ойынға деген құштарлығы болуы үшін оның физикалық және психикалық жағдайын ескеру қажет. Бала мұғалімнің айтқанының бәрін сөзсіз қабылдап қана қоймай («ассимиляциялау») ғана емес, ол үшін жеке маңызды, өзінің бұрыннан бар тәжірибесін барынша пайдалана білуі керек. Бұл тұрғыда мұғалім мен бала тең серіктес, гетерогенді, бірақ бірдей қажетті тәжірибенің тасымалдаушысы ретінде әрекет етеді. Тәрбиешінің негізгі міндеті - баланың жеке тәжірибесінің мазмұнын ашып, оны сұралатын нәрсемен үйлестіру және сол арқылы осы жаңа мазмұнды тұлғалық игертуге қол жеткізу. Балалардың «нұсқаларын» қатаң бағалау жағдайында (дұрыс немесе бұрыс) емес, тең диалогта қалай талқылау керектігі туралы ойлану керек. Тек осы жағдайда ғана балалар ересектердің «естуіне» ұмтылады. Балалардың танымдық іс-әрекетінің нәтижесі, егер ол ішкі мотивтерге түрткі болса, әлдеқайда жоғары болады. Ішкі мотивация баланың танымдық қызығушылығынан туындайды: «қызықты», «білгім келеді, білгім келеді» - бұл мақсат баланың өзінің белсенділігіне айналады.
Топ - тәрбиеші пен тәрбиеленушілердің арасындағы белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге бағытталған, күнделікті тәртіптегі уақыт пен орынмен, балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес ұзақтығымен нақты реттелетін арнайы ұйымдастырылған әрекеттестік формасы, тәрбиенің арнайы ұйымдастырылған түрі.
Сабақтың нәтижесі - балалардың жан - жақты дамуы, олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру ретіндегі идеяларды, қабілеттер мен дағдыларды меңгеруі. Тәрбиешінің іс-әрекет тәсілдерін түсіндіруі мен көрсетуі негізінде бала қарапайым тапсырманы жеке дара,топтық жұмыстарды қандай реттілікпен орындау керек, қандай нәтижеге ұмтылу керек екенін түсінеді.
Сабақтың соңы - тәрбиеленушінің үлгерімін айғақтаған, алған білімдерін көрсеткен танымдық іс - әрекетінің нәтижелерін қорытындылауға және бағалауға арналған. Алынған нәтиженің сапасы балалардың жас және жеке ерекшеліктеріне, берілген жеке, топтық, ұжымдық тапсырмаларының күрделілігіне байланысты. Кейін тәрбиеші оның тиімділігін талдайды, рефлексия жасайды, одан әрі оқу қызметінің болашағын белгілейді.
Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста бағдарламалық міндеттерді оқыту, тәрбиелеу және дамыту болып бөлу таза шартты болып табылады, өйткені педагогикалық процесте олар бірлікте көрінеді. Тапсырмаларды әзірлеу тәрбиеленушілердің дамуын қамтамасыз ету танымдық қызығушылық, шығармашылық, ерік-жігер, эмоциялар, баяндамалар (сөздік қорын байыту және күрделендіру, мазмұнын байыту, сөйлеудің коммуникативтік қасиеттерін жетілдіру); ойлау(барлық қажетті ақыл-ой операцияларын орындау дағдыларын қалыптастыру; талдау, синтез, абстракциялау, жіктеу, сериялау, салыстыру, ажырату, негізгі нәрсені ерекшелеу және т.б.); моторлы сфера (шеберлік, қозғалыстардың пропорционалдылығы, қозғалыс әрекеттері және т.б.); сенсорлық (көз,
дәлдік, спектр түстеріндегі айырмашылықтардың нәзіктігі, жарық пен көлеңке, дыбыстар, сөйлеу реңктері, уақыт пен кеңістіктегі бағдарлау және т.б.); есте сақтау, елестету, қабылдау, зейінжәне т.б.
2.2 Жаратылыстану сабағын тиімді ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдері
Оқу бағдарламасының мазмұнын жүзеге асыру бала тұлғасының жан-жақты дамуын және өзін - өзі дамытуын, оның адамгершілік нормаларының қалыптасуын және әлеуметтік тәжірибені меңгеруін, білім берудің келесі деңгейіне сәтті өтуге дайындығын қамтамасыз етеді.
Тәрбие мен оқытудың әртүрлі әдістері қолданылады: ауызша, көрнекілік, практикалық, ойын. Грек тілінен аударылған «Әдіс» дегеніміз - бір нәрсеге апаратын жол, мақсатқа жету жолы.
Көрнекі-әрекетті және көрнекі - бейнелі ойлау мектепке дейінгі балалардың оқытуын ұйымдастыруда ең басты орын алады, көрнекілік принципі. Мектепке дейінгі балаларда оның маңызы күрделене түседі, оның мазмұны оларда бейне ретінде қалыптасады, тікелей заттарды, құбылыстарды, қоғамдық өмір және табиғатты қабылдау. әртүрлі көрнекіліктің түрлері (заттар, суреттер, кітаптың графикалары және т.б.), оқыту процесінде қолданылады, балаларда жаңа құбылыстарды толық, нақты бейне қалыптастыру үшін, кейде барларына түзетулерде жүргізіледі. Мектепке дейінгі балаларды оқытуда көрнекілік принципін жүзеге асыру үшін ең тиімді тәсіл, балалардың күнделікті тәжірибесін ұйымдастыру және оны қолдану. Зерттеулер бойынша балалардың тәжірибесін қалыптасытрудың жолдарының (каналдарының) көптігі: үлкендер іс - әрекетіне қатысулары, іздену әрекеттері және сынамалар және т.б. Күнделікті тәжірибесін жолдар (каналдар) арқылы қалыптастыру, толықтылығын қамтамасыз етеді, оқыту процесінің көрнекілік негіздерін кеңеюіне белсенді ықпал етеді.
Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің оқу - тәрбие процесінде дамытушылық және оқу сабақтарын тренинг қолдануға болады.
Тренинг сабағында балалар қажетті жеке тәжірибені жинақтайды: идеялар, қабілеттер, дағдылар мен танымдық белсенділік дағдысы, өз бетінше зерттеу әрекетінің дағдыларын меңгереді. Дамытушылық бойынша, бұрын алған тәжірибесін пайдалана отырып, олар білімді өз бетінше алады. Осы мақсатта олар оқу материалын ұжымдық немесе жеке дербес іздеуді, эксперименттік әрекетті ұйымдастырады. Алайда, мұндай ойындар, сабақтар нақты дамытушылық әрекеттерге деген көзқарас болып табылады.
Оқыту түрі (жаңа идеяларды игеру).
Мақсат: балаларға танымдық тапсырмаларды қою, балалардың қоғамдық өмір мен табиғат объектілері мен құбылыстары туралы түсініктерін ұсыну, кеңейту және нақтылау;
Бекіту түрі (балалардың жинақталған тәжірибесін жинақтау және жүйелеу).
Мақсат: қабылданған идеяларды түсіну және бастапқы жалпылауды қалыптастыру.
Біріктірілген (аралас) түрі. Топтар арасында
Мақсат: жаңа мазмұнды тану және балалардың бұрыннан бар тәжірибесін қайталау, бекіту және жүйелеу.
Көрнекі әдістерді қолдану айқындықтың дидактикалық принципіне сәйкес келеді және мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау ерекшеліктерімен байланысты. Оларға мыналар жатады: демонстрациятабиғи объектілер (заттар, құбылыстар), көрнекі құралдар (суреттер, тұлыптар, макеттер, үлгілер және т.б.), фильмдер, телебағдарламалар, диафильмдер, магнитофондық жазбалар; бақылау(адамның қоршаған дүниенің заттары мен құбылыстарын мақсатты, жоспарлы, азды-көпті ұзақ қабылдауы); объектілерді қарау, көрсету(ыдыс-аяқ, тұрмыстық заттар, құралдар және т.б.), суреттер, иллюстрациялар, үлгілер, іс-әрекет тәсілдері және т.б. фильмдерді, бейнефильмдерді көрсету; дидактикалық көрнекі құралдар, дидактикалық материал.
Мектепке дейінгі тәрбиемен тығыз байланысты түсіндіру және көрсету және олардың соңынан ереді; түсіндіру жаттығуға кіреді. Көрсету мен түсіндіру әрқашан бірдей дәрежеде бола бермейді. Кейде дисплей, кейде түсіндіру басым болады. Бірте-бірте сөз бала үшін шоуды алмастыра бастайды (мұғалім қимылды қалай орындау керектігін айтады немесе бұл туралы жай еске салады).
Сөздік әдістер. Оқиға (оқу материалын ауызша баяндау (сұрақсыз) қолданылады: жаңа білімді, айналадағы құбылыстар мен оқиғалар туралы, табиғат туралы мәліметтерді жеткізу үшін; сурет бойынша, берілген тақырыпты (соңын ойлап табу). Балаларды әңгіме айтуға үйрету кезінде, оларға жиі үлгі беріледі;жеке әсерлері туралы (қалай мен ...); әңгіме - кіріспе, әңгіме-презентация, әңгіме-қорытынды.
Практикалық әдістер оқыту - бұл тәрбиешінің балалардың танымдық белсенділігін, жаңа идеяларды, практикалық сипаттағы дағдыларды меңгеруін беретін әдістер..
Балалардың танымдық белсенділігін арттыруна үлес қосады:
элементарлық талдау (себеп-салдарлық байланыстарды орнату),
салыстыру,
проблемалық жағдайлар мен тапсырмалар,
модельдеу және дизайн,
логикалық есептерді шешу,
эксперимент және эксперимент.
Ойын әдістері - дидактикалық ойындар, драмалық ойындар, ашық ойындар, эпизодтық ойын тәсілдері (жұмбақтар, еліктеу жаттығулары, басқа тапсырмаларды орындау арасындағы аралықтағы ойын әрекеттері). Ойын әдісі оқу әрекетін шартты жоспарға көшіруді, баланың ойын жағдайына толық енуін көздейді. Ойын техникасы: заттың кенеттен пайда болуы, ойын әрекеттерін орындау, сахналау, жұмбақтар, жарыс элементтері, ойын жағдайын жасау. Ойын әдістері мен оқыту әдістерінің артықшылығы олардың балалардың қызығушылығын, жағымды эмоцияларын оятуында, баланың жеке мақсатына айналатын оқу міндетіне зейінін аударуға көмектесуінде. Үлкен эмоционалды өрлеу кезінде сабақтар, оның ішінде қысқа әңгімелерді, өлеңдерді, драматизация элементтерін және рөлдік ойындарды драматизациялау өткізіледі.
Сабақтың тиімділігі көбінесе оның қаншалықты эмоционалды өтуіне байланысты. Эмоциялық белсенділікті арттыру балалар пайдалануы керек:
· ойын және ойдан шығарылған жағдайлар,
· ертегілер, әңгімелер, өлеңдер, жұмбақтар және т.б.
· драмалық ойындар,
· тосын сәттер,
· шығармашылық пен жаңашылдық элементтері,
· юмор және әзіл (білім беру комикстері).
Топтарда қалай жұмыс істеуге болады?
Топтық жұмыстан барынша көп басымдылық алу үшін, тәрбиеші мен балалар барлығынан хабардар болуы қажет және бақылау мен қарым-қатынас жасау барысында жеке тұлғалық дағдыларын дамытып, өз ойларын білдіріпжәне басқаларға қолдау көрсету өте маңызды
2.3 Жаратылыстану"сабақтарында балалардың іс-әрекетін ұйымдастырудың тиімді формаларына жаңа әдістер енгізу
Білім беру салаларын ықпалдастыру - құрылымдық үдеріске бағытталады:
- түрлі үдерістердің әр қырынан қарастыруға;
- түрлі білім беру салаларында нақты шығармашылық міндеттерді шешуде білім, білік және дағдыны дамыту мақсатында білімін қолдана алуға;
- өздігінен шығармашылық зерттеулерді жүргізу білу қабілеттерін қалыптастыру;
- кез келген әрекетте өзін көрсете алу ықыласын дамыту.
Ықпалдастырылған үдеріске қойылатын талаптар:
Түрлі білім беру үдерісі мен әдістерін ықпалдастырып ендіру мақсатында оқу материалдары нақты ойластырылған, қысқа әрі жүйелегенген болуы. Мазмұнды сапалы меңгеруге ықпал етуі үшін, барлық қолданылатын оқу материалдары, әдістері, әрекет түрлері ұйымдастырылған оқу қызметінің өн бойында логикалық тұрғыда бір-бірімен байланысты болуы. Мазмұнды ақпараттардың барынша кеңінен қолданылуы. Балалық түсінікті бекіту мақсатында оқу материалдары балаға қарапайымнан күрделіге бағытталып, түсінікті тілде жеткізілуі. ҰОҚ баланың жас кезеңдеріне сәйкес болуын үнемі ескеру қажет.
СМАРТ мақсаты
4 S-specific- нақты
4 M-measurable-өлшенімді
4 A-attainable- қол жетімді
4 R-realistic, result-oriented, relevant-шынайы, қарапайым әрекеттерге емес, нақты нәтижеге бағытталуы
4 T-time-bound-уақытпен шектелуі
«Таным» білім беру саласы
Балалар заттарды белгіленген белгілер бойынша топтастыра алады
4 Нақты
4 Өлшенімді
4 Қол жетімді
4 Шынайы және нәтижеге бағытталған
4 Уақытпен шектелген
Мақсат қоюда қолданылатын етістіктер
4 Әрекетті көруге, естуге, оқуға болатын етістіктерді қолдану қажет.
Мысалы,
4 Балалар түсіндіре алады…..
4 Балалар жіктей алады…
4 Балалар салыстыра алады…..
4 Балалар атай алады…
4 Балалар санай алады…
4 Балалар жасай алады…
4 Балалар шеше алады…
4 Балалар құрастыра алады….
Креативті оқыту әдістері
Қазіргі көзқарастар бойынша,балалардың креативті қабілеттерін дамыту - білім берудің негізгі мақсаттарының бірі. Кішкентай балалар үшін оларға белгілі заттарды, құбылыстарды, оқиғаларды жәнет.б.ойластыру немесе біріктіру тән. Бұл сапаны немесе қасиетті балаға сақтау маңызды, өйткені бұл баланың сөзін ғана емес,ойлау қабілетін дамытады.
Ойлап табу әдісі - белгілі бір ақыл - ой әрекеттерінің нәтижесінде балаларға бұрын белгісіз өнімді жасау тәсілі. Әдіс келесі тәсілдердің көмегімен жүзеге асырылады:
а) жаңа объектіні құру мақсатында бір объектінің сапасын екіншісінің сапасымен алмастыру;
б) басқа ортада объектінің қасиеттерін іздеу;
в) зерттелетін объектінің элементін өзгерту және жаңа, өзгертілген объектінің қасиеттерін сипаттау.
«Егер де ...» әдісі
Балаларға егер әлемде бірдеңе өзгерсе, мысалы: сандар, сөздер жоғалса; барлық үйлер үшбұрышты; жыртқыштар шөп қоректі жануарларға айналса; барлық адамдар Айға қоныс аударса жәнет.б.туралы сурет салып немесе сипаттап беруге ұсынылады. Балалардың осындай тапсырмаларды орындауы олардың қиял қабілеттерін дамытып қана қоймай, нақты әлемнің құрылымын, ондағы барлығымен өзара байланысын, әртүрлі ғылымның іргелі негіздерін жақсы түсінуге мүмкіндік береді.
Теорияларды құрастыру әдісі
Балалар нақты әлем жаңалықтардан тұратынын түсінуге үйренеді. Олар түсініктеме беруді немесе теориялық жалпылауды орындауды үйренуі керек.
Гипотезалар әдісі
Балаларға қойылған сұраққа немесе мәселеге жауап нұсқаларын құрастыру ұсынылады. Бастапқы міндет нұсқаларды құрастыру үшін негіздерді таңдау болып табылады.
Болжау әдісі
Балалар бұрынғы бақылауларға, анықталған заңдылықтарға және өзінің болжамдық қабілеттеріне сүйене отырып, тапсырманы орындайды. Берілген
уақыттан кейін болжам шындыққа салыстырылады, нәтижелер талқыланады, қорытындылар жасалады.
Қорытынды
Қорыта келгенде жаңартылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын іске асырудың негізгі бағыттары ол жаңартылған Стандарт және Бағдарламадағы мектепжасына дейінгі балалардың дайындық деңгейіне қойылған талаптарды жүзеге асыру болып табылады, жаңа инновациялық технологияларды оқу және іс - әрекет барысында қолдануымыз қажет.
Педагогикалық еңбек - нағыз шығармашылық еңбек. Педагоггикалық ұжымның қызметіндегі бұл бағыт педагогты шығармашылық еңбекке деген құштарлығын арттыру болып табылады.
Тәрбиеленушілерімен сапалы білім мен тәрбие беруде үнемі ізденіс үстінде боламын. Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында мектеп табалдырыған білімді, қабілетті оқушы дайындау - менің тәрбиеші ретінде
үлкен борышым. Алдағы уақытта, яғни болашақта жаңа технологиялардың тиімді әдістерін зерделеп, алауан түрлі әдіс - тәсілдер, логикалық, дидактикалық тапсырмаларды оқу қызметіне байланыстыра отырып, тәрбиеленушілерімнің өзін - өзі бағалауына, жеке, дара, топтық тапсырмаларды орындай алатын нақты критерийлер жасау білу арқылы дамыта отырып, олардың білімге, өмірге деген құлшынысын арттыруды әрі қарай жалғастыра отырып дамытамын. Жеке пікірлерін жеткізе білетін, білімін өмірде қолдана алатын тәрбиелушінің оқушы ретінде дайындауға алдағы уақытта жұмыстану арқылы шәкірттеріме сапалы білім беріп, өркениетті елдің еңсесін түсірмейтін шәкірт дайындауға өз үлесімді қосамы
Жаратылыстану
3 «Б» сынып
№ 53 мектеп-лицей Мұғалімнің аты-жөні: Мустафина А.З. Қатысқандар саны: 27 Қатыспаған оқушылар: 2
Күні: 19.02.2019
Тақырыбы: Күн мен түн қалай ауысады?
Оқу мақсаты: 3.4.3.1 Жердің өз осінен айналуының салдарын түсіндіру 3.1.1.1 маңызды ғылыми жаңалықтар мен олардың адамның күнделікті өміріне әсері туралы әңгімелеу 3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау;
Сабақтың мақсаты: Күн мен түннің ауысуының Жердің өз осінен айналуының салдарынан болатынын түсінеді
Бағалау критерийі Күннің тәуліктік жолының қалай өтетінін түсіндіреді Тәуліктің бөліктерін сипаттай алады
Тілдік мақсат:
Тәуліктің бөліктерін атайды, жаңа ұғымдарды қолданып, тәуліктегі күн жолының өзгерісін сипаттап береді. Пәндік терминология мен тірек сөздер күннің шығуы күннің батуы талтүс түн ортасы
Құндылықтар: Дүниетанымын кеңейту, байқампаздық, өзара сыйластық, ынтымақтастықта жұмыс істеу дағдылары
Пәнаралық байланыс Дүниетану, математика
Алдыңғы меңгерілген
білім Жердің өз осінен айналуы, оның күн мен түннің алмасуындағы маңызын біледі.
Сабақ барысы
Жоспарланған
уақыт Сабақта жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
Ой қозғау. Нені өлшеуге болады? Нені өлшеуге болатынын атау (ұзындық, масса, заттарды санау, уақыт) Тақырыпқа кіріспе тапсырмасы. «Өлшем бірліктері». Суретте берілгендерді қандай уақыт бірліктерімен өлшейтінін анықтау (1 – сағат/сағат, минут, 2 – аудармалы күнтізбе/апталар, тәуліктер, 3 – секундомер/секунд, 4 – жылдық/ айлық күнтізбе). –Жыл неден құралады? (айлар, апталар, күндер). –Апта неден құралады? (тәулік). –Тәулікті қандай бөліктерге бөлуге болады? –Қашан ұйқыға жатасың? Таңғы асты қашан ішесің? (таң, күндіз, кеш, түн.) –Таң, күндіз, кеш, түн – бұлар нелер? (Тәулік бөліктері) Сабақтың тақырыбын мақсатын айқындау. Сонымен, біз бүгін сабақта нені оқып білеміз? (Тәулік, уақыт, мезгіл, т.с.с.) Сағат, күнтізбе, секундомер немесе суреттері
Сабақтың
ортасы
Пейзаждарды салыстыр. Суреттерді сипаттау. Саралау. Кейбір оқушылар дала туралы сипаттама-әңгіме құру. · Пейзаж деген не? (табиғатты суреттейтін Тәуліктің төрт мезгілі бейнеленген суреттер, теллурий немесе глобус пен үстел шамы; жапсырмалар/ стикерлер;
бейнелеу өнерінің жанры) · Суреттер несімен ерекшеленеді? (әртүрлі тәулік мезгілдері) · Суреттерді атау (мысалы, «Даладағы таң», «Күндіз», «Даладағы кеш», «Түнгі дала»). · Суреттерді ретімен орналастыр (таң, күндіз, кеш, түн). · Неліктен осы ретпен орналастырдың? Түсіндір. Кімге қандай пейзаж ұнайды? Неліктен? · Адамдар таңды не үшін жақсы көреді? Кешті ше? · Таң қашан басталады? · Түнгі ауысымда жұмыс істейтін адамдар үшін таң қашан басталады? · Саған тәуліктің қай мезгілі ұнайды? · Түрлі тәулік мезгіліндегі табиғат туралы өлең/тақпақ айта аласың ба? ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы Зертте. Берілген тапсырма екі кезеңде орындалады. Зерттеу барысы: Бірінші кезең. Күн мен түннің біртіндеп алмасуын көрнекі көрсету үшін Жердің Күннің айналасындағы жылдық қозға-лысын және Жердің өз осінен тәуліктік айналымын көрсетуге арналған құралды – теллурийді, егер жоқ болса, үстел шамы мен глобусты пайдалану. Осы кезеңде сұрақтар қоя отырып, тәжірибе көрсету. • Глобусқа Астана немесе оқушылар тұратын елді мекен орналасқан жерге жапсырма жапсыру. Шамды қосу. Глобусты ақырын айналдыра бастау. • Жапсырма шам жарығы түсетін аймаққа жеткен кезде глобусты тоқтату. –Астана қазір Күннің тікелей сәулесінің астында орналасқан деп айтуға болады ма? –Астана тұрғындарына қазір Күн жақсы көріне ме? (жоқ, Күн енді ғана көрініп шығып келе жатыр). • Глобусты Астанаға барынша жарық түсетіндей етіп айналдыру. –Қазір қалада тәуліктің қай мезгілі? –Күн сәулесі қалай түседі? • Глобусты Астана оның жарық түспейтін жағында болатындай етіп айналу. –Енді не айтуға болады? –Астана тұрғындары қазір Күнді қалай көріп тұр? (көкжиектің астында) 2 Екінші кезең Сыныпты төрт адамнан тұратын топтарға біріктіру. Оқушыларға парақтар таратып беру. Көкжиек сызығы бейнеленген және жоғарғы бұрышында көкжиектің төрт бұрышына бағытталған бағыттама көрсетілген үлгіні көрсету. • Әрбір топ мүшесі тірек сөздердің біреуін таңдайды. • Парақтың тиісті бөлігіне Күнді салу (Күннің шығуы – шығыста, көкжиектің астында. Талтүс – жоға-Интернет-ресурстар: Поляр күні мен түні туралы бейнекөрініс.
ры, шамамен парақтың ортасында. Күннің батуы – ба-тыста, көкжиектің астында. Түн ортасы – Күн жоқ). • Әр топ жартылай дұрыс шеңбер құрып, өз су-реттерін бір сызық бойында болатындай етіп көтеруі тиіс. Осылайша Күннің тәуліктік жолының болжамды траекториясы жасалады. • Бірнеше тәуліктегі Күннің тәуліктік жолын құрастыру. Ол үшін барлық оқушыларға реттілік бойынша жартылай шеңбер құрып тұрады (таң ату, талтүс, кеш бату, түн ортасы). Қорытынды жасалады. Балалар Күннің аспан бойымен тәулік ішінде қалай қозғалатынын түсінеді. Зерттеу жұмысынан кейін алынған Күннің тәуліктік жолын диаграмма-графика түрінде бейнелеу. Содан соң оларды бір кестеге «қосуға» болады. –Қандай сызық шықты? (толқынды). –Ол нені көрсетеді? (бұл диаграмма Күннің күнделікті тәуліктік жолын көрсетеді) Берілген тапсырма жоспар бойынша жүргізілген эксперимент нәтижесін диаграмма түрінде жазу, қорытындыны тұжырымдау қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы. Ойлан. Әңгімелесу және топтық не жұптық жұмыс. –Неліктен «Таң атпаймын десе, Күн қоймаймын» деп айтады? –Пікірге инфографика, сызба, сурет арқылы бейнелеп көрейік. Топ не жұпта инфографика жасау. Таныстыру, түсіндіру. ҚБ. Өзара бағалау. Сен білесің бе? Глобустан полюстерді - жер осі өтетін тұсты көрсету. –Олардың орналасуында қандай ерекшелік бар? (остің көлбеу болу себебінен бұл жерлерге Күн сәулесі ұзақ уақыт бойы түседі немесе керісінше, мүлде түспейді) Поляр күні мен поляр түні туралы ақпарат Поляр түні түн деп аталғанымен, ол көбірек ымыртқа ұқсайды. Күн көкжиектен көп түспейді де, сәулелері көрініп тұрады. Бейнефильм көрсету. Дәптермен жұмыс. 21-жұмыс парағы. «Тәулік мезгілі» Өзіңді тексер! Оқушылар өздігінен сұрақтарға жауап беріп, тиісті бағанды сызады. 22-жұмыс парағы. «Таң атқаннан күн батқанға дейін» Тәулік мезгілдерін бейнеле. Суреттердің аттарына қарап, Күнді бейнелейді. Содан кейін, олар суреттерді дұрыс ретпен нөмірлейді. ҚБ. Мұғалімнің жазбаша кері байланысы Ынталы оқушыларға қосымша тапсырма Тәулік мезгілдері туралы жұмбақтар ойлап шығару немесе түрлі дереккөздерден іздестіру.
Сабақтың соңы
Рефлексия. Парақшаға жұлдыздар салу А) Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіре аламын – 5 жұлдыз
Б) Өзім түсіндім, бірақ басқаға түсіндіріп бере аламын деп ойламаймын – 4 жұлдыз В) Толық түсінуім үшін бәрін қайталауым керек – 3 жұлдыз ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы.
Қосымша ақпарат
Саралау – оқушыларға қалай
көбірек қолдау көрсетуді
жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары
оқушыларға қандай міндет қоюды
жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы
Топтық тапсырмаларды саралау
бойынша беру.
Қосымша тапсырма арқылы
саралау «Өте жақсы!», «Жақсы!», «Талпын!» сияқты қысқа комментарий сөздерімен өзара бағалау. Оқушылардың жұмыстарын бақылау арқылы бағалау. Комментарий арқылы ауызша кері байланыс беріп бағалау. Парақшаға жұлдыздар салу Сергіту сәті мен белсенді іс-әрекет түрлері. Қауіпсіздік ережесін сақтау
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары дұрыс
қойылған ба?
Оқушылар оқу мақсаттарына қол
жеткізді ме?
Оқу мақсаттарына қол
жеткізілмесе себебі неде?
Ынтымақтастыққа қол жеткізілді
ме?
Саралау бойынша жұмыстар
дұрыс жүргізілді ме?
Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды
ма?
Жоспардан ауытқулар орын алды
ма? Неліктен?
Қорытындылау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не
көмектесетін білдім?

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет