1 топқа тапсырма. Баяндау әдісінің жағымды және жағымсыз жақтарын анықтаңыздар
2 топқа тапсырма. Әңгімелесу - өте кең таралған және тиімді әдіс екенін дәлелдеңіздер.
3 топқа тапсырма. Кіріспе әңгімелесу мен жаңа білімді хабарлаудағы әңгімелесу -
дің мақсаттарын анықтаңыздар.
5. Дүниетану сабақтарында әңгіме.
Нан қиқымы (Әлдихан Қалдыбаев) Ертеде бір адамның шаруасы оңалып, ісі алға жылжып жүре беріпті. Сәті түсті деген сол, әлгі әне - міні дегенше, елден асқан бай болып шыға келіпті.
Басқа қонған бақты асыл тастай алып жүру жұрттың бәрінің қолынан келе бермеген. Аса байлық, әсіресе, ақылы кемді асқақтатып, алуан күйге түсірген.
Мына бай да сондай болып асып - тасып, деміне нан пісіп, ойына келгенін істеді.
«Барлық не дегізбейді» деген сөз рас. Байдың асқынғаны сонша, «Қайтсем кедейленем?» - деп жар салуға дейін барады. Кісі бір желіккен соң қиын, енді қайтып кедей болмайтынына сенімі артқан бай бұл сауалының жауабын жұрттан сұрайтын болды. О заманда, бұ заман кедейленудің жолын кім іздеп көрген, ешкім жауап бере алмады. Ұятты қойған бай бар ауылдасынан сұрап бітіп, енді әрі өткен - бері өткенге ауыз салды.
Бір күні көшеде байға ақ сақалы омырауын жапқан абыз жолығыпты.