Жаратылыстану сабақ



бет5/16
Дата29.08.2023
өлшемі138,78 Kb.
#179988
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Жаратылыстану сабақ
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
1 топқа тапсырмаБаяндау әдісінің жағымды және жағымсыз жақтарын анықтаңыздар
2 топқа тапсырма. Әңгімелесу - өте кең таралған және тиімді әдіс екенін дәлелдеңіздер.
3 топқа тапсырма. Кіріспе әңгімелесу мен жаңа білімді хабарлаудағы әңгімелесу -
дің мақсаттарын анықтаңыздар.

5. Дүниетану сабақтарында әңгіме.

Нан қиқымы
(Әлдихан Қалдыбаев)
Ертеде бір адамның шаруасы оңалып, ісі алға жылжып жүре беріпті. Сәті түсті деген сол, әлгі әне - міні дегенше, елден асқан бай болып шыға келіпті.
Басқа қонған бақты асыл тастай алып жүру жұрттың бәрінің қолынан келе бермеген. Аса байлық, әсіресе, ақылы кемді асқақтатып, алуан күйге түсірген.
Мына бай да сондай болып асып - тасып, деміне нан пісіп, ойына келгенін істеді.
«Барлық не дегізбейді» деген сөз рас. Байдың асқынғаны сонша, «Қайтсем кедейленем?» - деп жар салуға дейін барады. Кісі бір желіккен соң қиын, енді қайтып кедей болмайтынына сенімі артқан бай бұл сауалының жауабын жұрттан сұрайтын болды. О заманда, бұ заман кедейленудің жолын кім іздеп көрген, ешкім жауап бере алмады. Ұятты қойған бай бар ауылдасынан сұрап бітіп, енді әрі өткен - бері өткенге ауыз салды.
Бір күні көшеде байға ақ сақалы омырауын жапқан абыз жолығыпты.

  • Асслаумағалейкум!

  • Уағалайкүмассалам!

Амандасу осымен бітіп, бай сауалын беріпті:

  • Ақсақал мен қайтсем кедейленем? Білгір болсаңыз, соны айтыңызшы.

  • Қазір үйіңе бар да, қолыңа бір таба нан алып, соны әрлі - берлі жүріп же, сөйтсең кедей тұрмақ, қайыршы боласың.

  • Бар болғаны сол - ақ па? !

  • Сол - ақ.

Қария басқа сөзге келмей, ұзай берді.

Проблемалық ситуация туғызып, сұрақ қоя отырып, жауап алу.

  • Осы әңгімені қай пәнге, қандай тақырыппен қолдануға болады?

  • 2 сыныпта «Еңбекпен келген нан қасиетті тағам» деген тақырыпқа қолдануға болады.

Жұмбақ беріп, оның шешуін тапқызу.
Далада жүр шапқылап,
Керемет тым саққұлақ.
Тек есектен басқада,
Оған ұқсас жоқ құлақ

  • Бұл жұмбақтың шешуі не?

  • Қоян.

  • Қоян жануарын сипаттағанда қандай сұрақтар қоюға болады?

  • Бұл жұмыстың түрін қай сыныпта, қандай тақырыпта қолдануға болады?

  • 1 сыныпта «Жабайы жануарлар» тақырыбына қолдануға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет