Жексенбай н


Рефракциялық өлшем арқылы қоспа құрамын анықтау



бет81/135
Дата11.01.2022
өлшемі1,47 Mb.
#111125
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   135
Байланысты:
АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ

2.7.9. Рефракциялық өлшем арқылы қоспа құрамын анықтау


Қасиеттері бірдей сұйық қоспалардың меншікті рефракциясы аддитивті заңға бағынады:

r см = 1 r1 + 2 r2 егер

2 = 100 - 1 онда
100 r см = 1 r1 + (100 - 1) r2 сонда
(36)

мұндағы,1 – қоспаның компоненттерінің біреуінің массалық үлесі, %;

r см – қоспаның меншікті рефракциясы;

r1, r2 – қоспаның жеке компоненттерінің меншікті рефракциясы.

Меншікті рефракцияны анықтау үшін қоспаның және таза компоненттерінің сыну көрсеткішін аныктайды. Жеке компоненттердің тығыздығын кестеден алады, ал қоспа үшін тәжірибеден анықтайды.
Кесте 1 - Таза заттардың тығыздығы

Зат

Тығыздық, г/см3

Су

1,0

Глицерин

1,2613

Бензол

0,8790

Толуол

0,8669

Әдетте бұл әдісті қоспаларды анықтау үшін қолданады: спирт-су, глицсрин-су, бензол-толуол және т. б.

Эксперименттік бөлім.

Алдын-ала дайындық Көлемі 25,0 мл колба дайындау керек, оны техникалық таразыда өлшейміз, алған нәтижені журналға жазамыз (m1). Осы колбаға анықтайтын қоспаны құямыз (мұғалім береді), оны таразыда өлшеп, журналға жазамыз (m2).

Аналитикалык сигналды өлшеу

Таза компоненттердің (n1 және n2) және қоспаның nх сыну көрсеткішін рефрактометрде өлшейміз. Бұл үшін алдын ала сүртілген призманың бетіне қоспаның бір компонентінен 3-4 тамшы тамызып, сыну көрсеткішін өлшейміз. Осы кезде караңғы және жарық аймақтың ортасы окулярдың диагоналінің қиылысқан ортасында болу керек. Тура осылай екінші компоненттің сыну көрсеткішін анықтаймыз. Содан кейін анализге берілген қоспаның сыну керсеткішін дәл осылай анықтаймыз. Нәтижесін журналға жазамыз.



Анализ нәтижесін есептеу

Анализге берілген қоспаның тығыздығын анықтаймыз:


(37)

мұндағы, m1бос колбаның массасы, г;

m2 – колба мен қоспаның массасы, г;

V – анализге берілген қоспаның көлемі, см3 (1 см3 = 1 мл).

Қоспа мен жеке компоненттердің меншікті рефракциясын анықтаймыз. Таза заттардың тығыздығын кестеден аламыз:

Қоспаның бір компонентінің массалық үлесін есептейміз:



Басқа компоненттерінің массалық үлесін есептейміз:


2 = 100 - 1

Өз бетімен дайындалуға арналған бақылау сұрақтары

1. Рефрактометрияның теориялық негіздері.

2. Фаза аралық сыну бұрышының өзгеруі, ішкі толық шағылысу бұрышы.

3. Сыну көрсеткішіне әсер ету факторлары.

4. Меншікті және молярлы рефракция.

5. Меншікті рефракцияның аддитивті заңы және оны қоспа құрамын анықтау үшін қолдану.

6. Заттың концентрациясын анықтау үшін градуирленген график әдісін және рефрактометрлік факторды қолдану.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет