Жылдамдық және оның футболдағы орны



бет23/43
Дата01.03.2022
өлшемі99,85 Kb.
#133851
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   43
Байланысты:
dip -oqu-zhattyqtyru-sabagynda-zhas-futbolshylardyn-zhyldamdyq-qacietin-damytu-2015-42 3

Орта мектеп жасындағы жасындағы жас спортшылармен жаттығу процесінде көптеген қиындықтар туындайды. Жасөспірімдік кезең 12 жастан 16 жасқа дейінгі аралықта физикалық мүмкіндіктердің қарқынды дамуымен сипатталады және түрлі спорт түрлерімен айналысуға қолайлы кезең болып табылады. Сонымен қатар бұл кезең жасөспірімдерге спортты қосымша қоздырғыш ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Бұл жағдай биологиялық процестердің табиғи ағымын жақсартуы немесе төмендетуі мүмкін.

Орта мектеп жасындағы балалардың қозғалыстарында ритмнің бұзылуы да орын алуы мүмкін. Алайда осы кезең аяқталар кезде қозғалыс координациясы реттеледі. Жасөспірімдер қозғалыс белсенділігі және қозғалыстарының ретсіздігі байқалатын қызығушылығының жоғары болуымен ерекшеленеді. Әсіресе зат алмасуға әсер ететін гормондардың қызметі күшейе түседі. Ер балаларда 13-14 жаста қате реакциялардың пайызы өседі, осы онтогенез кезеңінде қоздырғыш орталық жүйке жүйесінің жалпы жоғарылауын дәлелдейтін дифференция бұзылады. Координациялық мүмкіндіктердің жасына қарай дамуын қарастыра отырып, 13-14-жастарда олардың деңгейінің ересектердің деңгейіне жететіндігін айта кеткен жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет