Жылдамдық және оның футболдағы орны



бет24/43
Дата01.03.2022
өлшемі99,85 Kb.
#133851
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   43
Байланысты:
dip -oqu-zhattyqtyru-sabagynda-zhas-futbolshylardyn-zhyldamdyq-qacietin-damytu-2015-42 3

12-14-жастардағы кезеңде жоғары темптегі жылдамдық қасиеттерінің дамуы есебінен қозғалу жылдамдығы өседі. Сондықтан жылдамдыққа бағытталған жаттығуларды кеңінен жасау осы қасиеттің дамуына мүмкіндік береді. 14-15 жасқа қарай жылдамдықтың өсуі негізінде жатқан морфологиялық және функционалды қайта қалыпқа келу төмендейді. Осыған байланысты жылдамдықты күшейтетін жаттығулардың да тиімділігі де төмендейді және 17 жасқа дейін жылдамдық қасиеттерінің физикалық тұрақтылығы байқалады.

Мұндай жағдай орын алмас үшін жылдамдық қасиеттерін дамытуға арналған арнайы жаттығуларды орындау керек. 12-14-жастағы жас футболшылардың жылдамдық қасиеттерін дамытатын жоғары қарқынмен жүгіруді қажет ететін 10 метрден 15 метрге дейінгі жүгірістерді жүзеге асыруды ұсынылады. Бір жүгіргенді қайталау саны 6-дан бастап 8-ге дейін болуы мүмкін. Бір жаттығу кезінде 3-4 серияға дейін орындауға болады. Жас футболшылардың ағзасының функционалды мүмкіндіктеріне жаттығу жүктемелері сәйкес болу керек. Балалар мен жасөспірімдер үшін минутына 120-160 тең соққы көлеміндегі жаттығу жұмыстары ең жақсы режим болып табылады. Қажетті жаттығу нәтижелерін алу үшін барлық жаттығу сериялары тұрақты пульстік режимде өтуі керек. 14-16-жастағы футболшылар үлкен қарқындылықпен үлкен көлемдегі жаттығу жүктемелерін орындай алады [16, 122 б.].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет