Жылдамдық қасиеттерін дамытуға бағытталған жаттығу жүктемелеріне бір серияға бірлестірілген және жоғары қарқындылықпен кезекпен орындалатын жүгіру және секіру жаттығулары жатады. Жас футболшылардың жылдамдық қасиеттерін дамытуға бағытталған жаттығу жүктемелеріне жоғары қарқындылықпен орындалатын арнайы жеке, топтық және командалық жаттығуларды жатқызуға болады. Жаттығу дәрістерін, жүктемелерін жоспарлау ең алдымен жүктемелердің сандық мәнін реттеумен байланысты.
Көптеген мамандардың пікірінше өсіп келе жатқан ұрпақтың денесін шынықтыру кезінде жылдамдық қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді, осы қабілеттердің жоғарғы деңгейі көбінесе адамның жемісті еңбек өміріне және жоғары спорттық нәтижелер көрсетуіне себепкер болады.