Жасөспірімдердің физикалық дамуындағы ең басты дәлел–жетілуі, (12 жаста) жылына бойына 6-10 см қосылады. Дене салмағы 4-6 кг өседі, көкірек қуысының шеңбері 3-5 см өседі, бойы мен дене салмағының өсуі 12 жастан 16 жасқа дейінгі кезеңде 25-30 см және 25-40 кг құрайды. Осының барлығын дене шынықтыру пәнінің мұғалімі сабақты жүргізу барысында, жаттығу кезінде, жарыстарда және басқа спорттық шараларда есепке алуы қажет.
Жасөспірім кезеңінде балаларда өзін-өзі танытуға және тәуелсіз болуға қажеттілік туады. Жасөспірімдерге тіән қасиет– ол жарысқа ұмтылу, физикалық қабілеттерін көрсету, олар өз күштері мен мүмкіндіктерін көп жағдайда әділетті бағаламайды. 7 жастан 17 жасқа дейін 10-11 жылдық білім алуында адамның жылдамдығын сипаттайтын көрсеткіштер 20-60% пайызға және одан жоғары жақсарады[16, 29 б.].