Жылдамдық және оның футболдағы орны


Жас спортшыларда тыныс алу шегі спортпен айналыспайтын өз қатарластарынан 1,5-2 есе көп болады [19, 22 б.]



бет38/43
Дата01.03.2022
өлшемі99,85 Kb.
#133851
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
dip -oqu-zhattyqtyru-sabagynda-zhas-futbolshylardyn-zhyldamdyq-qacietin-damytu-2015-42 3

Жас спортшыларда тыныс алу шегі спортпен айналыспайтын өз қатарластарынан 1,5-2 есе көп болады [19, 22 б.].

11-12 жастағы психикалық қызметтердің даму деңгейінің толық еместігі жас футболшылардың жылдамдық қызметтерінің жоғары деңгейге жетуіне кедергі келтіреді. Ойынның техникалық әдістерін меңгеру жылдамдығы жасөспірімдерде 13-14 жас аралығында өте тез дамиды.

Жасөспірімдік кезеңде орталық жүйке жүйесінің дамуы тоқтайды, ми қыртыстарының қызметі едәуір жүзеге асырылады [19, 23 б.].

Сонымен қатар жасөспірімдердің психикасында айтарлықтай өзгерістер байқалады. Шығармашылыққа, жарыстарға деген талпыныс осыны сипаттайды. Жеке тұлғаның негізгі белгілері қалыптасады, мінез-құлқы қалыптасады, өзін-өзі бағалай бастайды.

Осылайша футболмен айналысу жасына байланысты орта мектеп жасындағы балалардың қозғалыс қабілеттеріне ерекше әсер етеді.


3 ОҚУ-ЖАТТЫҚТЫРУ САБАҒЫНДА ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ ЖЫЛДАМДЫҚ ҚАСИЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ

Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларда негізінен қарапайым қозғалыс жылдамдығы, дербес қимыл жылдамдығы жақсы дамиды. Сондықтан да оларға аз уақытта тез жылжып, орын ауыстыратын жергілікті қимылдары бар әр түрлі жаттығулар беріледі. Бұл қысқа немесе ұзын секіртпелермен жаттығулар (айналып тұрған секіртпе ішіне жүгіре кіру, секіру, жүгіре шығу), эстафеталар, қозғалмалы ойындар, доп лақтыру, оны қағып алу жаттығулары т.б.


Бүгінгі заманда футбол ойынының тәсілдері көптеген қозғалыстардың биомеханикалық жүйелерінен тұрады жөне ойын үстінде жұмыс істеп шығарған қуатты тиімді пайдалануға мүмкіншілік туғызады. Жаттығудың ең негізгі мақсаты - ойыншыға алаңда дұрыс қимылдауды, қозғалуды үйрету. Сонымен қатар, футболшының ағзасына жан-жақгы және іріктеп қана әсер етсе, сонда ойыншының ең жоғарғы шеберлікке жетуіне мүмкіншілік туады. Жаттығу сабақтарының күнделікті және ұзақтығына қарай бүкіл жаттығу процесін бірнеше бөлімдерге бөліп, әр бөлімнің арнайы талаптары мен мақсаты болуы керек.
Спорт жаттығу сабағының мазмұны:
-тәсілдерді, әдістерді үйрену және арттыру дайындығы;
-дене шынықгыру дайындығы;
- психологиялық дайындық [20, 23 б.].
Жаттығу процесінің ұзақ уақытқа созылуына қарай динамикалық бөлек элементтеріне бірдей салмақ түсуі керек. Осы элементтердің арасындағы қарым - қатынасына назар аударуға тиісті.
Ал, орта мектеп жасында жылдамдықты дамтытатын жаттығуларды орындаудың маңызы зор. Олар: әр түрлі секірулер, көп ретте жоғары секірулер, өзгермелі үдемелі жаттығулар, қысқа қашықтыққа шапшаң жүгіру (30-60 м) жаттығулары т.с.с.
Жоғары мектеп жасына жеткендебұл жаттығулар күрделілендірілген түрде беріледі, өз жылдамдығы, күш жылдамдығы және төзімділік жылдамдығын дамыту жаттығуларының саны көбейе түседі.
Дене тәрбиесі мұғалімі мен жаттықтырушы өзінің іс-тәжірибе жұмыстарында жылдамдық мүмкіншілігі қысқа қашықтықтарға жүгіруде ғана емес, күш жылдамдығы қасиетінің даму деңгейіне де байланысты екенін ескеруге тиісті.12—14-жастағы балалар үшін мысалы арқанға өрмелеу сияқты кішігірім динамикалық жаттығуларды жасауға болады.Жоғары жылдамдықты тез меңгеру қабілеті старттық жылдамдық бойынша анықталады. Бұл уақыт орташа 5-6 секундты құрайды. Қол жеткен жоғары жылдамдықты ұзақ уақытқа сақтау мүмкіндігін жылдамдық төзімділігі деп атайды және қашық жылдамдығына қарай анықтайды [21, 33 б.].
Ж.К. Холодов бойынша жылдамдық төмендегідей анықталады:
1. белгілі сигналға жауап ретінде қозғалыс жылдамдығын өлшеу арқылы;
2. белгілі уақытта қозғалыс санына қарай;
3. уақыт бойынша белгілі аралыққа төзе алу (мысалы, 20, 30 метрге жүгіру);
Жылдамдық пен қозғалыс жылдамдығын көрсету төмендегі факторларға байланысты:
1. орталық жүйке жүйесінің және адамның жүйке-бұлшықет аппаратының жағдайына;
2. бұлшықет тканінің морфологиялық ерекшеліктеріне, оның құрылымына (яғни, жылдам және баяу талшықтардың сәйкестігіне);
3. бұлшықет күшіне;
4.бұлшықеттердің ширыққан жағдайдан босаңсыған жағдайға тез өту қабілеті;
5. бұлшықеттегі энергетикалық қорларға;
8. ағзаның өміршеңдігінің биологиялық ритмі;
9. жасына және жынысына;
10. адамның табиғи жылдамдық қабілетіне байланысты.
Жылдамдық қабілеттерін дамыту сөз болғанда, ең алдымен қозғалыс шапшаңдығын арттыруға арналған жаттығулар пайдаланылады. 8—11 орта мектеп жасында секіру, акробатикалық және гимнастикалық жаттығуларды жасау да ұсынылады. Әрбір жаттығуды жасау кезінде шапшаңдықтыарттыруды көздеу керек. Негізінде жылдамдықты дамыту қарқыны көп жағдайда кіші жастарда және жасөспірім кезеңінде байқалады. Атап айтқанда, 8 жастан 9 жасқа дейін, 10 жастан 11жасқа дейін, 14 жастан 15 жасқа дейінгі аралықта.
Жас футболшылардың жылдамдық қасиеттерін дамытуға бағытталған жаттығу жүктемелері ретінде жоғары қарқынмен қысқа аралыққа жүгіруді (20 метрден 30 метрге дейін) атап өтуге болады. Орта мектеп жасындағы жас футболшылардың жылдамдығын дамытуда үлкен көлемдегі жаттығулар ұсынылмайды. Сол себепті аз көлемдегі, яғни 3-4 және 4-5 минутқа тең жүктемелерді ұсынуға болады.
Жас футболшы үшін жылдамдық қасиеті маңызды орын алады. Жылдамдық қасиетінің маңыздылығы, оны дамыту қажеттігін де айқындайды. Орта мектеп жасындағы, яғни 11-12 жастағы ер балаларда энергиямен қамтамасыз ету механизмі өсе бастайды, сол себепті жылдамдық қасиеттерін дамытуға бағытталған жаттығуларды молынан орындау ұсынылады. Жаттықтырушы немесе дене тәрбиесі мұғалімі оқу-жаттықтыру сабағы барысында осы ерекшеліктерді ескерер болса, жас футболшылардың дайындық деңгейінің тиімділігі арта түседі. Алғашқы спорттық дайындықтарда жылдамдық қасиеттерін дамытатын әдістер мен құралдар пайдаланылмаса, онда жаттығушылардың жылдамдық қасиеті айтарлықтай дамымайтындығын ескеру қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет