Жылдамдық және оның футболдағы орны


Жас футболшылардың техникалық және тактикалық дайындығы



бет41/43
Дата01.03.2022
өлшемі99,85 Kb.
#133851
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
dip -oqu-zhattyqtyru-sabagynda-zhas-futbolshylardyn-zhyldamdyq-qacietin-damytu-2015-42 3

3.2 Жас футболшылардың техникалық және тактикалық дайындығы

Футбол ұжымдық ойын бoлғандықтан әрбір ойыншы өзінің қадамын ұжымдық және командалық тактикаға сәйкестендіре білуі керек. Футболда ойыншылардың да маңызы зор. Сол себепті футболшы бойынан көптеген қасиеттер табылуы керек. Атап айтар болсақ, футбол алаңындағы әрбір ойыншы доп алып жүру, допты қақпаға дәл бағыттай білуі қажет. Сонымен бірге ойын барысында барлық ауыртпалыққа шыдай білуі керек. Себебі ойыншылардың өзінің денесі мен допты игеруі өте маңызды болып саналады.


Ойыншы, егерде жарыстарда жақсы жетістіктерге жеткісі келсе, өзінің дайындығына ерекше көңіл бөлуі керек. Осындай дайындық өзіне жоғары физикалық дайындықты, әр түрлі техникалық ойды қажет етеді. Физикалық дайындық ол физикалық жұмыс жасау қабілеті немесе футболшының физикалық жағдайы немесе күш, ептілік, икемділік, жылдамдық және шыдамдылық секілді физикалық қасиеттердің жиынтығы.
Техника – дегеніміз ол ойын кезінде футболшының допқа және өз денесіне ие болуы.
Тактика – дегеніміз ол ойланылған, әр бір ойыншының және бүкіл команданың қозғалысы [24,61 б.].
Ойын кезінде алаңдағы футболшылардың әдемі пас беруін көруге болады. Осылардың барлығы бұл футбол шеберлеріне көптеген жаттығулардың нәтижесінде келеді. Жаттығулар кезінде футболшылар физикалық, техникалық және тактикалық дайындықтарға көп уақыттарын бөледі. Жас футболшы допқа ие болуды, тез жүгіруді және жоғары секіруді үйреніп алса, ол ойынды өзінің бес саусағындай біліп алды деп айту қиын. Егер футболшы алаңда өзінің қозғалысын, күшін және техникалық әдісін ойынның жағдайымен салыстыра алатын болса, онда мұндай ойыншыны жақсы ойыншы деп атауға болады. Сондықтан әрбір жас футболшы өзінің техникалық әдістерін ғана үйреніп қоймай, физикалық қасиеттерін де жақсарта беруі керек, сонымен қатар ол ойынның тактикалық сырларын да түсінуі керек. Яғни дұрыс орын таңдап алу, мезгілінде әріптестеріне допты беру, қақпаға жақсылап доп соғу сияқты. Ең бастысы әрбір ойыншы ойын барысында әріптестерін және қарсыластарының ойларын байқап жүруі керек.
Тактика команданың доп жүргізу мәнін және әрбір ойыншының нақты міндетін белгілейді. Сол үшін әрбір ойыншы әр түрлі футбол жүйесі туралы білуі қажет және ол қорғауда және шабуылда ойынның басты принциптерін білуі керек. Футболшы алдыңғы және артқы қатардағы ойыншылардың міндеттерін білуі керек. Қарсыласқа жүргізілетін күрестің әрбір әдісін тактика деп атауға болады. Мақсатпен құрылған тактика ойлаған нәтижеге жеткізеді, ал мақсатсыз тактика нәтижеге жеткізбейді. Сонымен тактика дегеніміз қарсыласпен күресе білу. Футбол ойынының тактикасы ол өте үлкен жетістікпен ойнау болып табылады. Футбол тактикасының негізінде жатқан білім жиынтығы әр ойыншыға қол жетерліктей білім. Ең бастысы осы білімді ойында жүзеге асыру. Команда қандай тактикалық жүйеде ойнаса да, олардың ойын жүйесі көп гол соғу және қарсыластарына гол соққызбау.
Сондықтан команда ұйымдасқан түрде өзінің шабуылдаушыларына қарсыластар қақпасына гол соғуына мүмкіндік туғызуы керек. Ал қорғаныс тактикасы қарсыластарға гол соққызбау.
Қақпаға гол соғу үшін шабуылдаушы әр түрлі ұрымтал тұстан табыла білуі керек. Қарсыластар қақпасына допты жақындату техникасы ол соққы және доп алып жүру деп аталады. Бір ойыншыдан екінші ойыншыға доп беру ол – пас, ал допты ашық алаңда алып жүру ол – доп қуу, ал допты қарсылас жанынан алып өту – алдау деп аталады.
Қазіргі жаңа тактика негізінен пас беруге, ойыншылардың алаңда дұрыс қозғалысына, допты ала жүру және алдауына негізделген. Бір команданы жеңіске жеткізген тактика екінші бір командаға кері нәтиже береді. Бір командамен ойындағы тактика жеңіс әкелсе, дәл осы тактика келесі командамен ойында жеңіс әкелуі керек.
Тактикалық әдістер ол жеке ойыншыдан, ұжымдық қасиеттерден және футболшылардың күш жұмсауынан құрылады. Әдістер ойынның өзінде оның қарсыластар командасына қарамастан құрылады. Алайда осы жағдайларға қарап алдын ала ойланған тактикалық комбинациялар жүзеге аспайды деуге болмайды.
Футбол жарысында ойыншы әр түрлі тактикалық әдістер мен шешуші комбинацияларды қолдана білуі керек. Футболдағы ойынның нәтижелігі қай команда доппен қалай өнер көрсететіндігіне байланысты. Әр ойыншы қарапайым тактикалық әдістерді игеруі керек және оларды ойын барысында пайдалана білуі керек. Тәжірибеде футболшылардың мынандай қасиеттеріне назар аударылады:
а) допқа талас кезінде қарсыластарына қарағанда ұрымтал орынды таңдай білуі;
ә) әр түрлі доп беру кезінде дұрыс қабылдау;
б) доппен алдаса және алып жүре білу;
в) өзбетінше тактикалық мақсатты орындау үшін дұрыс кезеңді таңдай білу;
Осылардың барлығын командасымен тығыз қарым-қатынаста жүріп орындауы керек. Ойын барысында ойыншы дұрыс шешім қабылдау үшін бүкіл ойынды бақылауы керек. Сонымен қатар ол өзінің байқай алмайтын жерлерін жобалап ұға білуі керек.
Ойын барысын ұға білу өте қажетті комбинацияларды орындауға қажет. Ойын алаңын байқай алу туа біткен қасиет емес, ол біртіндеп оқу-жаттығу кезінде қалыптасады.
«Футбол» –ол әдістер күресі, ойыншылар шеберлігі, ол қарсыластар және әріптестерінің комбинацияларынан құралған. Футбол ойыны өте динамикалық және эмоционалды ойын түрі болып табылады. Ойыншылар әр түрлі техникалық әдістерді қолданып, белгілі тактикалық бағыт беріп, әріптестерімен түсінісе білуі қажет. Себебі, бір қателік бүкіл ойынның жоспарын бұзуы мүмкін. Алайда осы айтылған қимылдардың барлығын ойыншылар тыныш ойын барысында емес, қиын спорттық күресте орындайды. Ойын барысында ойыншылар психикасына әр түрлі сыртқы және ішкі күштер ықпал етеді. Ол күштер техникалық әдістерді қолдауға, тактикалық жоспарды шешуде ерекше әсер етеді. Ондай күштерге ойынның басқаша өтуі, төрешілердің іс-әрекеті, жанкүйерлер, қолайсыз ауа райы жатады. Міне, осындай жағдайлар ойыншының ойын кезіндегі қобалжуын туғызады, ол біртіндеп басқа ойыншыларға қарап бүкіл командаға кері әсерін тигізеді.
Сондықтан жаттықтырушы әр футболшыны осындай ауыртпашылықтарға төзімді, шыдамды болуға үйретуі керек. Ойыншылар жаттығу барысында өзінің шамасына қарай жасап емес, одан да жоғары жасауға тырысуы керек.
Әр ойыншы доп алғанда тез ойланып, ол допты ары қарай беруді және келесе допты қабылдауға дайын болуы керек. Мұндай жаттығулар ойынды жылдам жүзеге асыру үшін қажет.
Ойын барысында кездескен қиындықты творчестволық, жылдам және тез шешу керек. Тактикалық әдісін дамытқан ойыншы өзін алаңда жақсы ұстап, қарсыластарға жақсы қарсылық көрсетеді. Оны ойын жылдамдығы, ауыртпашылығы өзгерте алмайды. Мұндай ойыншының творчествосында ұжымдасып ойнау және жеке комбинация жасау жоғары дамыған.
Футболдағы комбинациялар әр түрлі. Олардың көбісі тәжірибеде дайындалып жалпы тактикалық жаттығуға кірген. Алайда ойындағы қайталанбас жағдайлар, ойыншылардың жеке творчествалық инициативасы жаңа тактикалық әдістер тудыруда.
«Жүйе» ұғымы әр футболшының индивидуалдық қабілетіне байланысты алаңда орналасуы. Бұл командаға қорғаныста және шабуылда нәтижелі ойлауға болысады. Ойын жүйесі бұл ойыншының тактикалық өнерінің айқын көріну түрі, ол анықталған тәсілде құралады. Яғни, басқа да қайталанып тұратын әдістің қолданысы [24,68 б.].
Ойын жүйесі – ойыншы мен жаттықтырушының коллективті творчествасының қорытындысы. Әдетте бұл үрдісті ойыншылар бастап, жаттықтырушылар аяқтайды.
Жүйе жаңа болған сайын, оның қолданысы нәтижелі бола түседі. Жаңа мазмұнды ойын жүйесін ойлап тапқан команда онымен қарсыласы түсінгенше ойнап, өз пайдасына қолданады. Бәрі түсінгеннен соң, бұл жүйе бәріне де қолданылатын болады. Алайда, футболда тұрақты қолданылатын бір момент бар. Ол бірін-бірі жоятын тактикасы бар командалардың ойынын шеше алады, әлсіз команданың күштісін ұтуына да апарады. Бұл момент сансыз ойыншылардың теке-тіресі, ойын осыдан құралады, ойын негізінен 2-ші, 3-ші паста бұзылады. Бұл қарсыластың, яғни бір ойыншының пайдасына шешіліп, оның командасының белсенді ойнауына жол ашады.
Ойыншылардың қабілеті әр түрлі және бір-біріне қарсы қолданылатындықтан болжамсыз және тұрақсыз нәтиже береді. Ойыншының индивидуалдық қабілеттері ойынды болжауға мүмкіндік бермейді, математикалық санауға бағынбайды. Демек ойын осымен қызықты. Ол адамның творчествалық әрекетіне байланысты.
Ойын жүйесі – ойын барысының жалпы түрі, ойыншыға әр моменттен және көп қарсыластан творчестволық шешім табу кеңістігі. Бірақ, жақсы ойластырылған жүйелер қарсыластың әрекетіне байланысты сәл өзгеріп, жүзеге асады. Қысқасы, өте жақсы жүйе деп әр ойында жаңа және күтпеген тактикалық анықталған ойын жүйесінде болатын тактиканы айтады. Мысалы, қарсыласын өз ойын жүйесімен ойнату, яғни ол команданы өз ыңғайына келтіру, бұл ол команданың тактикасымен силаспағандық емес, керісінше санаса отырып, өз ойыныңды ұсыну деген сөз.
Үздік қақпашы болу оңайға түспейді. Себебі, қақпашы ол ең соңғы ойыншы. Команданың жетістігі қақпашының қимылына байланысты. Қақпашы ойын басталар кезде екі жақтан да ойыншыларын бақылауы керек. Өйткені қақпашылардың ойыншыларды бақылауға мүмкіндіктері мол. Қақпашылар ойыншылардың артында тұрады және бүкіл алаңды жақсы көріп тұратындығы анық.
Футболдағы қақпашының ойнайтын да, шабуылдайтын да кездері болады. Оның допты ойыншыға дәл бере отырып, жақсы жетістік әкелуі әбден мүмкін.
Футболшының алаңда негізгі қаруы ол техника екені белгілі. Техникасы жақсы ойыншы өзі бірнеше қарсыластарды алдап өтеді. Соның арқасында қақпаның алдында қауіпті жағдай туғызады.
Қазіргі футболда ойыншылардың техникасы бір-сыпыра көтерілді. Жеңіске ұшырай беретін командалар жиі кездеседі. Мұның себебі техниканың және тактикалық ой-сананың жетіспеуінен болады. Мысалы, егер ешкім бөгет жасамаған және асықтырмаған ойыншы допты өз әріптестерінің басынан асырып қарсы жаққа беріп қойса, ол тактикалық ойдың кемістігі болып табылады.
Техникасы жақсы дамыған командалардың жеңілуі де жиі кездеседі. Себебі, тактикасы өте төмен. Егер ойыншылардың техникасы төмен болса, онда олардың ойыншы ешқашан да дәл, тез ойланбайды. Тактика болу үшін кез-келген жерде, тез арада шапшаң ойлану керек, ол ойыншыға байланысты. Егер баяу қалыпта ойнап жүрсе ол қарсыластардың пайдасымен шешілуі мүмкін. Тек қана шапшандықтың арқасында қарсыластан босата алады. Тек қана шапшандық қарсыластардың шабуылын тойтарата алады. Дәл осы шапшаңдық қана қарсыластардың қорғаныс шебін бұза алады. Бірақ жалғыз шапшандық көздеген жағымды жаңалық әкелуі мүмкін емес. Егер пасты дәл бермесе, ол ойлап қойған комбинацияны бұзады. Қақпаға дәлдеп бағытталмаған доп жақсы шабуылды жоққа шығарады. Техникасы жоғары, шапшаң ойыншыны – шебер ойыншы деуге болады.
Қарсыластар қaқпaсынa дoп жaқындaтy тeхникaсы oл соққы және доп aлып жүрy. Бір ойыншыдан екінші ойыншыға доп беру ол – пас, ал допты ашық алаңда алып жүру ол – доп қуу, ал допты қарсылас жанынан алып өту – aлдay деп aтaлaды.
Спорттық жаттығуларда техникалық дайындық белгілі спорт түрінің ерекшеліктеріне сәйкес және жоғары спорттық нәтижелерге жетуді қамтамасыз ететін спортшының қозғалыс жүйелерін меңгеру деңгейімен сипатталады. Техникалық дайындықты жеке қарастыруға болмайды, техникалық шешімдер спортшының дене, психикалық, интеллектуалды, тактикалық мүмкіндіктерімен тығыз байланысты болғандықтан оны бір толық нәрсе ретінде қарастыру керек. Сонымен қатар спорт әрекеті орындалатын ішкі ортаның да нақты шарттарымен байланысты болып келеді.
Қазіргі футбол көп жағдайда футболшылардың функцияларын өзгертті, сонымен қатар спортшыларға деген талапты және олардың дайындық деңгейін де өзгертті. Алайда әлі де тактикалық және техникалық дайындық спорттық шеберліктің негізі болып табылады.
Қазіргі футболда ойынның қарқыны өсуде, бұл футболшыдан алдымен жағдай кенеттен өзгерген сәтте, яғни уақыт шектеулігі және кеңістік өзгергенде тактикалық әдістерді тез және тиімді орындауды талап етеді. Қазіргі уақытта жетістікке жетуді қалайтын команда жылдам ойнауы керек, яғни қозғалысы жылдам ойыншылардан тұруы керек. Осыған байланысты кейбір футбол мамандары «жылдам техника» терминін қолданады.Қазіргі футболшылардың әрекеті ойында сенімді, жылдам және мақсатты болуы керек. Сондықтан техникалық-тактикалық дайындық әрбір дайындық кезеңінде өзінің нақты мақсаттары мен міндеттерінен тұрады.Бастапқы үйрену кезеңінде ойын әдістерін меңгеру барысында артта қалу футболшылардың дайындықтарына алдағы уақытта кері әсерін тигізеді. Спорттық ойындарда техникалық-тактикалық дайындық түрлі жаттығу құралдарының кездейсоқ жиынтығы бола алмайды. Солардың ішінен көпжылдық дайындықтың әрбір кезеңінде ойынның техникасы мен тактикасын сәтті меңгеруге оң әсер ететінін таңдау маңызды.
Техникалық-тактикалық шеберлік футболшының бойындағы техникалық әдістердің жан-жақты және көлемді болуымен, сонымен қатар осы әдістерді ойында тиімді пайдалана білумен сипатталады. Спортшылардың көпжылдық жаттығуында техникалық-тактикалық дайындық тұтас процесс ретінде қарастырылуы қажет.
Отандық футболшылардың шеберлік деңгейін көтеру футболшыларды дайындауды үздіксіз жақсартумен байланысты болуы керек. Спорт мектептеріндегі барлық оқу-жаттығу процесі мамандандырылған футболшыларды дайындауға бағытталған. Ол бағдарлама материалы мен спорт мектебінің жұмыс істеу тәртібі негізінде жасалады.
В.В. Лобановский, А.И. Шамардин және С.М. Яровой кәсіби командаларда ойнайтын жас футболшылардың және ойыншылардың ТТӘ (техникалық-тактикалық әрекет) көрсеткіштерінің дәлдігін салыстыру кезінде кері сабақтастық, әдістер көрінетіндігін айтады және мұны бала кездегі ақаулардың көрсеткіштерінің жоғары болуымен байланыстырады. Техникалық-тактикалық дайындық деңгейінің жеткіліксіздігін бала жастағы және жасөспірім кезеңіндегі оқу-процесі мәселелерімен байланыстырады. Спорт жаттығуларының теориясы мен әдістемесінде дайындық жетістігін жас тепе-теңдігімен және қозғалыс техникасының негіздерін дайындықтың бастапқы кезеңдерінде меңгерумен байланыстырады [25, 72 б.].
Жас футболшылардың ойын тактикасының жарысқа түсу және жаттығу көлемі сәйкестігінің шектеулі мәнін жас заңдылығы ретінде қарастырған жөн. Жаңа бастаған спортшылардың допқа топпен ие болу тактикасын жүзеге асыру мақсатында ойынның өзі едәуір ықпал еДайындық түрлері бір-бірімен тығыз байланысты–дене, техникалық, тактикалық және психологиялық. Мысалы, дене қасиеттерін дамыту және техниканы игеру бір-бірімен тығыз байланысты үйрету үрдісі. Дене қасиеттері техникалық әдістерді жақсылап үйренгенде дамиды, ал дене қасиеттерін дамыта отыра жоғары деңгейдегі техникалық әдістерді игеруге болады. Жоғары мектеп жасында дене тәрбиесі сабақтары қыздар мен жас жігіттер арасында бөлек жүргізіледі. Олардың ағзаларының анатомиялық, физиологиялық және психологиялық өзгешеліктері, ерекшеліктері дене тәрбиесі жаттығуларын үйрету, дене қасиеттерін дамыту амалдары мен әдістерін әр түрлі түрде таңдауды, жүктемені әр түрлі беруді, сабақты бөлек ұйымдастыруды талап етеді. теді, жасы келе 14-15 жастан бастап тактиканың жарысқа түсу жан-жақтылығы жаттығуға жол береді. Бұл мамандандырылған футбол ережелеріне сәйкес келеді.
Жаттығуды орындау техникасы әрқашан да дамып отырады. Ескі тәсілдер орнына жаңа, тиімді тәсіл, жаттығуды орындау техникасы келеді. Бұл құбылыс жаттығуды орындаудың жетілген жолын үздіксіз ізденуге, үйрену әдістемесінің кемеліне келуіне, осы арқылы күрделі, тиімді жаттығуларды орындауға қол жеткізеді.
Жаттығулардың техникасының өзіне тән бөлімі, бөлшегі болады. Жаттығу техникасының негізі – спортшының толық жаттығу орындаған қозғалыс суретінен тұрады.
Егер ойыншылардың техникасы төмен болса, ойыншылар ешқашан дәл, тез ойланбайды. Тактика болу үшін кез-келген жерде, тез және шапшаң қозғалу керек, ол да ойыншыға байланысты. Тек қана шапшандық қарсыласынан босата алады. Дәл осы шапшандық қарсыластардың шабуылын әлсірете алады. Шапшандық – ол футбол ойынын шешуші факторы. Бірақ жалғыз шапшандық көздеген жағымды жаңалық әкелуі мүмкін емес. Егер пасты дәл бермесе, ол ойлап қойған комбинацияны бұзады. Қақпаға дәлдеп бағытталмаған доп жақсы шабуылды жоққа шығарады. Шапшаң дәлдікті сақтау – ол үлкен техникалық жетістік, ал шапшаңдық пен дәлдік кез-келген тактикалық ойында қажет. Техникасы жоғары шапшаң ойыншы – шебер ойыншы деген сөз [26, 167 б.].
Футбол тактикасымен байланысты барлық жұмыс теориялық емес, тәжірибелік жұмыс болып табылады. Сол себепті, оқу-жаттықтыру сабағында футболшылардың тактикалық әдістерді пайдалана білу қабілеттеріне ерекше назар аудару керек. Футболшылардың техникалық және тактикалық дайындығында теориялық білім көмекші құрал ретінде қажет. Егер команда теориялық жағынан дайын болмаса, онда тәжірибелік сабақ та толық деп саналмайды. Ойыншылар оқу-жаттықтыру сабағы барысында техникалық және тактикалық бөліктерді тез меңгеріп, жеке жүзеге асыруы керек. Жаттықтырушының әдістемелік нұсқаулары оларға оқу үрдісін жылдамдатуға көмектеседі.
Футболшының тактикалық дайындығын жүзеге асыру дегеніміз ойынның түрлі жағдайларында жылдам шешім қабылдай алу міндетін орындау. Ойыншылардың жылдамдығы және жылдам шешім қабылдай алуы болашақтағы шешуші фактор болып табылады. Жаттықтырушының басты міндеті дайындық барлық кезеңінде сәйкес жаттығуларды таңдап, таба білуі.
Ойын техникасы мен тактикасын жетік меңгерген футболшы ғана жетістікке жете алады. Сондай футболшылар қажетті күшке, жылдамдыққа, төзімділікке және басқа да дене қасиеттеріне ие деуге болады. Егер қажетті күшіміз бен жылдамдығымыз болмаса, біз ойынның техникалық әдістерін орындауға қабілетіміз жетпейді. Ойыншылардың жылдамдығы мен төзімділігі ойын техникасы мен тактикасын меңгеруде өте маңызды болып табылады.
Қорыта келе, оқу-жаттықтыру сабағында жас футболшылардың жас ерекшеліктерін ескеру ең алдымен ептілік, жылдамдық және күш сияқты қасиеттерді дамытуға бағытталады. Жасөспірімнің ағзасы бір жағынан ден жаттығуларын едәуір арттыруды қаласа, басқа жағынан ұзақ уақытқы дайындықтан кейін қажетті демалуды талап етеді. Сол себепті орта мектеп жасындағы жас футболшылардың жылдамдық көрсеткіштері төмендеген кезде, сол қасиеттерді жүзеге асыруды жалғастыру керек.
Балалардың жасына және дене қасиеттерінің дамуына байланысты оқу үрдісі құрылады. Дене қасиеттерін жеткілікті деңгейде дамытқанда ғана жас футболшыдан шебер ойыншы шығатын айта кеткен жөн. 12-15 жастағы кезеңде жүгіру жылдамдығын ең бастысы бұлшықет күштерінің дамуы нәтижесінде арттыруға болады. 14-15 жаста жұмысқа қабілеттілік қарқыны төмендейді. Бұл барлық ағза жүйесінің дамуымен байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет