Жылдамдық және оның футболдағы орны



бет32/43
Дата01.03.2022
өлшемі99,85 Kb.
#133851
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   43
Байланысты:
dip -oqu-zhattyqtyru-sabagynda-zhas-futbolshylardyn-zhyldamdyq-qacietin-damytu-2015-42 3

Балалар мен жасөспірімдердің ағзасы жылдамдық жүктемелеріне жақсы бейімделгіш келеді. Сондықтан 8 жастан 15 жасқа дейінгі кезең жылдамдықтың дамуы мен қозғалыс жылдамдығының артуына сәйкес кезең болып табылады. Жас футболшылармен жұмыс жасаудың алғашқы дайындығы кезеңінде мақсатты түрде жан-жақты физикалық дайындықты игеруге, денсаулықты жақсартуға және гармоналды дамуға, түрлі қабілет-дағдыларды игеруге бағытталған құралдарды және футболдың техникасы мен тактикасы негіздерін үйретуге бағытталған әдістерді пайдалану керек. Осы кезде физикалық дайындықтың міндеті, ең алдымен жас футболшылардың қозғалыс жылдамдықтарының қалыптасуынан тұрады, яғни оның басты бөліктері күш, жылдамдық, төзімділік және ептілік, сонымен қатар уақыт жағынан өз қозғалыстарын басқара алу қабілеті жатады. Қозғалыс жылдамдықтарын дамытуға ерекше назар аудару керек, себебі бала және жасөспірім жасында осы маңызды физикалық қасиеттерді тәрбиелеу мүмкіндігі жоғары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет