Жүктілікке және баланың туылу процесін ұйымдастыруға деген қатынас әр мәдениетте түрліше болғанымен, әрбір дені сау адам баласының дүниеге келуі бір биологиялық тәртіпке бағынады



бет7/26
Дата09.12.2021
өлшемі123,61 Kb.
#78603
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
Байланысты:
гинекология (1)
Лабораторная работа Йодометрическое определение меди в растворе медного купороса, Лабораторная работа Йодометрическое определение меди в растворе медного купороса, 32 сабақ.Рационал сандарды координаталық түзудіңкөмегімен қосу, 7 лекция
Нәрестенің шартсыз рефлекстері

 

     қоздырғыштар

         рефлекстер

Жарықтың әсері

Көздер жұмылады

Бала басының жанында қол шапалақтау

Көздер жұмылады

Баланың басын оңға қарай бұру

Иек көтеріледі, оң қол созылады,сол қол бүгіледі

Баланың алақанын саусақпен басу

Нәрестенің саусақтары жұмылып, ашылады

Баланың өкшесін саусақпен басу

Аяқ саусақтары тартылады

өкшені түйрегішпен түйіру

Тізе бүгіледі

Саусақпен аяқ саусақтарын өкшеге дейін тырнау әрекетін жасау

Аяқтың үлкен саусағы көтеріледі, қалғандары созылады

Жатқан баланы ішін төмен қаратып көтереміз

Нәресте басын көтеруге талпынады, аяқтарын созады

 

       Шартсыз рефлекстердің ішінде қорғаныштық және бағыт-бағдарлық рефлекстер кездеседі. Кейбір рефлекстер атавистік болып табылады-олар хайуан тектес бабаларынан тұқым қуалау нәтижесінде алынады. Мәселен,»маймылдікі» деп аталатын рефлекс өмірдің екінші айында-ақ жоғалады. Нәресте алақанына салынған саусақтар немесе таяқтарды маймылдың баласы секілді берік ұстайды. Мұндай «жабысқақтықтың» берік болатыны сондай нәресте көтеріп жүруге үйренеді. Кейіннен нәресте заттарды ұстауды үйренген соң мұндай қолдың беріктігінен айырылады.

Өмірдің бірінші айында соңына таман алғашқы шартты рефлекстер пайда болады. Бұл рефлекстер шартсыз рефлекстері туғызатын қоздырғыштардың алғашқы шартты қоздырғыштармен үйлесуі нәтижесінде қалыптпсады. Мәселен, нәресте терезеден өтіп бара жатқан автобусты көріп тұрғанда кенеттен найзағай даусын естісе,қорқып,жылай бастайды. Келесі ретте автобусты көргенде оның бойына қорқыныш сезімі қайта ұялайды. Жалпы, шартты рефлекстердің түзілуі кейінгі шақтарға тән.

Уақыт өткен сайын нәрестенің миы біртіндеп дами бастайды, сондықтан психикалық әмір ең бастысы жеткіліксіз дамыған негіздерге байланысты. Л.С. Выготский сол себептен де «сезімдік эмоциялық күйлер немесе сезімдер туралы» тұжырым жасайды.

Нәрестенің психикалық өміріндегі маңызды оқиғалар есту және көру қабілеттерінің дамуы. Естуге ден қою 2-3 аптада туындайды. 3-4 аптада нәресте адам даусына елеңдей бастайды. Нәресте дауысты естумен қатарбасын дауыс шыққан жаққа қарай бұрумен болады. Көруге ден қою 3-5 аптада пайда болып, осылай білінеді: нәресте затқа көз тастап,қарайды.

Нәресте уақытының басым бөлігін ұйқыда немесе ұйқымы-ояу күйде өткізеді. Біртіндеп бұл күйден сергектіктің қысқа мерзімдері бөліне бастайды. Көруге және естуге ден қою сергектікке белсенді алпат береді.

 Нәресте дүниеге әлсіз және көмекке мұқтаж болып келеді. Физикалық түрде анасынан бөлінегенімен, ол әлі де биологиялық тұрғыда анасымен байланысты болады. Ол өзінің бірде-бір мұқтаждығын өздігінше қанағаттандыра алмайды: оны тамақтандырады, шомылдырады, киімін ауыстырады,денсаулығына күтім жасалады. Мұндай көмекке мұқтаждық, ересек адамға толық тәуелділік нәресте дамуындағы әлеуметтік жағдай ерекшелігін құрайды.

 Нәресте өзіне күтім жасап жүрген анасының даусына елеңдеу, жүзін көру қабілетіне ие болған соң онымен эмоционалдық байланыс түзеді. 1 ай шамасында нәресте өзін күтіп жүрген адамды көргенде, олардың жүзіне көз тоқтатып, қолдарын сермейді, аяқтарын шапшаң қимылдатады, дыбвс шығарып, күле бастайды. Бұл эмоционалдық реакция «тірілу комплексі» деп аталады. Тірілу комплексі алғашқы әлеуметтік мұқтаждық қарым-қатынас мұқтаждықтың негізін қалайды. Наресте қарым-қатынасқа мұқтаждықтың қалыптасуы оның психикалық дамуда жаңа кезеңге өткенін білдіреді. Жаңа туған шақтың өтпелі кезеңі аяқталып, бүлдіршіндік кезең басталады.

Нәресте интенсивті дамиды. Дені сау баланың бойы бірінші жылы шамамен 1,5 есе,ал салмағы 2 есе артады, өскен сайын нәресте көбірек қимылдап, қозғала бастайды, сөйтіп қоршаған ортаның үлкен мүмкіндіктеріне ие болады. Нәрестенің физикалық дамуындағы негізгі кезеңдер мен олардың орта статистикалық пайда болу мерзімдері 2 кестеде көрсетілген. Нәрестенің танымдық дамуына келер болсақ, бірінші кезекте қабылдау мен қол қимылдарының дамуын қарастыру қажет.   



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет