жырау ӛмірімен қоштасар алдындағы адам кейпінде ӛткен дәуренінің мән-мағынасы
туралы терең тебіреніп ой қозғайды. Жаралы жауынгер-жыраудың кӛркем бейнеленген
шұрайлы тіл арқылы ӛткен ӛмірімен қимай қоштасуы, ішкі қайғы мен ӛкініштің
ақтарылып шыққан зарлы мұңы, кейінгі ұрпаққа арнай сӛйлеген жыр-аманаты елес береді.
Солай болғанмен де, оның жырларындағы басты қазық – ақынның туған жеріне, еліне
деген ыстық махаббаты, ынта-сезімі. Бұл қасиетті ұғым жолында туған жерін жаудан
қорғау–жырау үшін басты азаматтық парыз. Сол себепті де ол жауынгерлік жорық
жолдарын тебірене еске алып, жырға қосады. Доспамбет жырлары – майдан, ұрыс
кезеңінің жылнамасы іспетті. Оның жырларында ел үшін, жер үшін айқас, жаралы
жыраудың ӛлім мен ӛмір арасында қиналған арпалысты сәттері ерекше әсер қалдырып,
жорық кезіндегі қайсар қылықтарымен ӛршелене жауға ұмтылған ержүрек ерлердің
қимыл-әрекеті кӛркем бейнеленеді. Бұл жырлар – қазақтың қаһармандық поэзиясының
нағыз бастапқы қайнар бастаулары. Доспамбет поэзиясына тән үлкен бір ерекшелік –
оның ӛлең-толғауларындағы айтылған ой қазақ мақал-мәтелдерімен астасып, ішкі
мағынасы жағынан болсын, сыртқы айтылу түрі, ұйқасы, салыстыру ӛзгешеліктері
жағынан болсын үндесіп, қоғамдық құбылыс жӛнінде нақтылы сӛз ӛрнегімен беріледі.
«Арғымаққа оқ тиді, Қыл мықынның түбінен, Аймадетке оқ тиді Отыз екі омыртқаның
буынынан. Зырлап аққан қара қан, Тыйылмайды жонның уақ тамырдан. Сақ етер тиді
саныма, Сақсырым толды қаныма», – деген жыр жолдарында кӛшпенділер дәуіріндегі
еліне жан жүрегімен берілген нағыз батыр жыраудың, ер ақынның бейнесі зерделенген.
Доспамбет жырларында айшықты кӛркем теңеулер, сырлы суреттер, ӛрнекті ойлар,
образды символдар кӛп кездеседі. Мысалы: «Туған айдай нұрланып, Дулыға кидім,
ӛкінбен», – деген жолдарда жай ғана салыстыру, құбылыс мәнін ашу мақсат етілмеген.
Бұл үзіндіде, керісінше, нақтылы зат, құбылысқа айқын ой, бедерлі бояу, маңызды мазмұн
беру байқалады. Жырау толғауларында батырдың жорық пен майдандағы басты серігі –
атпен жылқы маңызына ерекше мән берілген. Халқымыздың сол замандағы басты
байлығының бірі, ер қанаты – жылқыны үстірт сӛзбен суреттемейді, керісінше, жауынгер
жырау мінер арғымақты мінсе – кӛлік, шапса – тұлпар, ішсе – сусын ретінде қараған, ел
тағдырымен етене құбылыс ретінде таныған. «Арыстандай екі бұтын алшайтып, Арғымақ
мінген ӛкінбес... Торы тӛбел ат мініп, Той тойлаған ӛкінбес», – деген жыр жолдары осы
ойды айқындай түседі. Қасиетті ӛзен Жайық бойы ежелден тұнған тарих болса, жауынгер
жырау жырларында Жайық азаттық жолындағы күрес тарихының ұйтқысындай елес
береді. «Айналайын Ақ Жайық, Ат салмай ӛтер күн қайда», – деген жыр жолдарындағы
жорықтың асқақ үнді, ӛршіл рухты сарыны Ақ Жайық бейнесімен астасып, бейбіт
күндерді аңсаған темірқазық іспетті. Мұның ӛзі жыраудың ерлікті дәріптеумен бірге
бейбіт ӛмірді армандағанын білдіреді. Доспамбет шығармалары аздығына қарамастан
ғұмырлы, қашан да мәңгілік. Оның толғаулары ӛзінің мән-маңызы, ішкі толғанысы
жағынан алып діңгектер сияқты үлкен әлеуметтік жүк арқалап тұр. Жырау жырлары
тарихтың талай аласапыран оқиғаларының арасында адасып жоғалып кетпей, бізге келіп
жетті де, рухани бастаулардың қуатты кӛзі бола отырып, шығармашылығы мен
күрескерлігі ӛзімен үндес XVIII ғасырдағы әдебиеттің ірі ӛкілі Ақтамберді мен XIX
ғасырдағы ӛршіл рухты азамат ақын Махамбет поэзиясына және одан кейінгі бүкіл
әдебиет дамуына игі әсерін тигізді. Жырау шығармаларының кеңінен тарап, дәстүрін
дамытқан ортасы – қазақ ортасы. Доспамбет есімінің қазақ жыраулар поэзиясының
кӛшбасшылары қатарында аталуы да осыған саяды. Қай шығарма болсын ӛз алдына жеке
пайда болмайды, оны орта тудырады. Доспамбет шығармалары ноғай топырағында туып,
қазақ ортасында дамыды. Сондықтан да жырау туындылары бүкіл әдебиетіміздің жемісі
болып табылады, халықтың рухани күш-қуаты мен мәдени қарым-қабілетінің артуына
орай кейінгі ұрпақ бұл ӛршіл де асқақ сезімге толы жыр жолдарынан біздің адамгершілік
қайнар кӛзіміздің бастаулары мен ерлік рухын, кӛркем сӛз құдіретін танып ашады.
Достарыңызбен бөлісу: