Жұмыс бағдарламасы (Syllabus) 6В01717 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет15/32
Дата26.02.2023
өлшемі2,24 Mb.
#170169
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32
Байланысты:
umkd 2
kalybaeva a oralbaeva n kazirgi kazak tilinin morfemalar zhu
 
Пайдаланылған әдебиеттер 
1. Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті. Зерттеулер. Алматы,1980. .
2. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы,1992.
3. Мағауин М. Қобыз сарыны. А., 2003 
4. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. А., 1993 
5. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.ғ.). А., 1998 
6. Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. А., 1992 
7. ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы. А., 1982 
№5 дәріс
Тақырыбы
:
Доспамбет жырау 
Мақсаты
:
Доспамбет туралы аңыз әңгімелердің орыстың ұлы ғалымдарына белгілі 
болғаны жайында, Доспамбет шығармаларының зерттелуін толық меңгерту. 
1. Доспамбет ӛмірі туралы деректер.
2. Жырау шығармаларының жариялануы. 
3. Доспамбет шығармашылығының зерттелуі. 
4. Доспамбет шығармаларының тілі, толғауларының маңызы, ӛзіне арналған 
жырлары.
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар
: Азау, шаһар, аймадет, шаһид,Стамбул, 
Дешті Қыпшақ т.б. 
Дәріс мәтіні 
(тезис) 
Жыраулық поэзия туралы сӛз қозғағанда, ноғайлы дәуіріндегі әдебиет мұраларына 
бір жақты қарап,оның ірі ӛкілдерін қазақ, қарақалпақ, ноғайдың әрқайсысына еншілеп 
келдік. Ал, шын мәнінде, Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз жырларын «тӛрде 


басы, тӛскейде малы бір болған», түбі бір туысқан, тілі етене жақын осы халықтардың тӛл 
шығармалары дегеннен гӛрі ортақ туындылар деп таныған жӛн болар еді. Мұның ӛзіндік 
тарихи сыры бар: Еділ мен Жайық арасын ноғайлар мен «қара бӛріктілер» 
(қарақалпақтар), осыӛ ңір мен оған жапсарлас Сарыарқаны қазақтар жайлап, аралас-
құралас отырған бауырлас үш халықтың әдебиеті бір арнадан тарады да, XV-XVI 
ғасырларда бұл халықтардың ара-жігі соншалықты ашылған жоқ. Үш халық ішінде бәріне 
ортақ ру аттарының кездесуі де осы туыстық тӛркінінен болар. Сол себепті де ауылы 
аралас, қойы қоралас, тілі бір, тіпті әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі де бір үш халық арасында 
Асан қайғы, Қазтуған, IIIалкиіз, Доспамбет аттары бірдей таралып, қазақ, қарақалпақ 
ноғайға ортақ тұлғалар болып танылған. Сондықтан да алғаш рет кӛрнекті қазақ ақыны 
Ғұмар Қараш «Ғабдолла Мұштақ» деген бүркеншік есіммен құрастырып, 1910 
жылыОрынборда шығарған «Шаир, яки қазақ ақындарының басты жырлары» жинағында 
олардың жырларын жариялады да, бұл кейін жыраулар шығармаларының белгілі жазушы-
ғалым М.Мағауин құрастырған «Алдаспан» (1971). «Бес ғасыр жырлайды» (1984,1989) 
жинақтарында, «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» хрестоматиясында (1993) жарық 
кӛруіне негіз болды.Сонымен бірге Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз 
шығармалары ноғай әдебиетінің ӛкілі ретінде М.Османов құрастырған «Ноғай уа құмық 
шиғырлары» (СПб, 1883), А.Жәнібеков құрастырған «Ауыл поэзиясы иа деноғай 
әдебиеті» (Мақашқала, 1935), «Яшав сокпаклары» (Черкесск, 1979) жинақтарына еніп, А. 
Сикалиевтің «Сынап қарап, сырласып...» атты зерттеуінде (Черкесск, 1975) олар ноғай 
ақындары ретінде, ал К.Мәмбетовтың Нӛкісте шыққан «Әмудария» журналында 
жарияланған мақаласында (1972. № 9) қарақалпақ жыраулары ретінде зерттеледі. Қазақ, 
қарақалпақ және ноғай халықтары бірге ӛмір сүрген кез жыраулық поэзияның алтын 
дәуірі болды. Сол себепті де бӛле-жаратын ештеңе жоқ екенін айта келіп, «бұл сипаттас 
біраз сӛз үлгілеріне қазақ, ноғай, қарақалпақ, т.б.халықтардың ортақ еншілігі бар мұра 
ретінде қарау керек» деген Қ. Ӛмірәлиев пікірі мен бұл нұсқаларды осы халықтарға ортақ 
туындылар деп тану қажеттігін айтқан Р.Сыздықова ойын толық қостаған дұрыс.Үш 
халық құраған «ноғайлы цикліндегі» әдебиетте үшеуінің де еншісі бар.Осы дәуірге тән 
жыраулар поэзиясы қазақ әдебиетінде кең арнамен дамыды да, ата-қоныс жер үшін, 
атамекен ел үшін «ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен» қан тӛгіп, «ақтабан 
шұбырынды» заманын бастан кешкен халқымыз ӛлең-жыр ӛзегін кейінгі ұрпақтарға аман-
есен жеткізді. Ғасырлар қойнауынан үзік күйінде болсын жеткен сондай асыл мұраның 
бірі – қазақ пен ноғайға да, қарақалпаққа да ортақ Доспамбет жырлары. Қазақ халқының 
ӛз атымен ӛмір сүруі XV ғасырдың орта шені десек, осы кезден басталатын қазақтың тӛл 
әдебиетіне ӛзіндік үлес қосқан, сол замандағы әлеуметтік іс-шаралардың бел ортасында 
болып, ерлігімен де, ӛрлігімен де, хас батырлығымен де, ӛр рухты жырларымен де ел 
құрметіне бӛленген кӛрнекті ақын-жыраудың бірі – Доспамбет жырау. Доспамбет – 
тарихи тұлға. Ноғайлының атақты биі Мамайдың заманында, яғни XVI ғасырдың орта 
тұсында Азов теңізі түбінде ӛз алдына жеке ел болған Азаулы ноғайлыларының басшысы, 
ел қорғаны, қол бастаған батыры немесе Азаулының Аймадет ер Доспамбет ағасы. Жырау 
ӛз есіміне Аймадет деген сӛзді қосып айтады. Бұл жӛнінде қарақалпақ ғалымы 
К.Мәмбетов Аймадет пен Доспамбетті екі батыр деп қарастырады, ноғай әдебиетінде 
Доспамбет Азаулы деген сӛз тіркесімен ғана шектеледі. Аймадет пен Доспамбеттің бір 
адам екендігі туралы М.Мағауин: «Бұл оның руының не тайпасының аты болса керек... 
Ноғай тайпалары кейде ӛздерінің билерінің немесе мекен еткен жерлерінің атымен де 
атала береді екен. Әрине, ондай тайпалардың біраз уақыт ӛткен соң есімін ӛзгертуіне тура 
келеді. «Аймадет» те сондай атаулардың бірі болуға тиіс» деп, дәлелді пікір айтады. 
Қазақта да ру атымен қосақтап айтылатын Албан Асан, Әбубәкір Кердері, т.б. ақындар 
біршама. Сондықтан да Аймадет Доспамбеттің бір кісі екенінде еш күмән жоқ. 
Жыраудың бүгінге жеткен мұрасы аз ғана – бар-жоғы 160 жолдың кӛлемінде. Осы 
жыр үзінділерінің ӛзіне қарап оның шығармаларының тікелей жорық үстінде, ұрыс 
майданында туғанына кӛзіміз жетеді. Себебі, оның қазір қолда бар шағын толғауларында 


жырау ӛмірімен қоштасар алдындағы адам кейпінде ӛткен дәуренінің мән-мағынасы 
туралы терең тебіреніп ой қозғайды. Жаралы жауынгер-жыраудың кӛркем бейнеленген 
шұрайлы тіл арқылы ӛткен ӛмірімен қимай қоштасуы, ішкі қайғы мен ӛкініштің 
ақтарылып шыққан зарлы мұңы, кейінгі ұрпаққа арнай сӛйлеген жыр-аманаты елес береді. 
Солай болғанмен де, оның жырларындағы басты қазық – ақынның туған жеріне, еліне 
деген ыстық махаббаты, ынта-сезімі. Бұл қасиетті ұғым жолында туған жерін жаудан 
қорғау–жырау үшін басты азаматтық парыз. Сол себепті де ол жауынгерлік жорық 
жолдарын тебірене еске алып, жырға қосады. Доспамбет жырлары – майдан, ұрыс 
кезеңінің жылнамасы іспетті. Оның жырларында ел үшін, жер үшін айқас, жаралы 
жыраудың ӛлім мен ӛмір арасында қиналған арпалысты сәттері ерекше әсер қалдырып, 
жорық кезіндегі қайсар қылықтарымен ӛршелене жауға ұмтылған ержүрек ерлердің 
қимыл-әрекеті кӛркем бейнеленеді. Бұл жырлар – қазақтың қаһармандық поэзиясының 
нағыз бастапқы қайнар бастаулары. Доспамбет поэзиясына тән үлкен бір ерекшелік – 
оның ӛлең-толғауларындағы айтылған ой қазақ мақал-мәтелдерімен астасып, ішкі 
мағынасы жағынан болсын, сыртқы айтылу түрі, ұйқасы, салыстыру ӛзгешеліктері 
жағынан болсын үндесіп, қоғамдық құбылыс жӛнінде нақтылы сӛз ӛрнегімен беріледі. 
«Арғымаққа оқ тиді, Қыл мықынның түбінен, Аймадетке оқ тиді Отыз екі омыртқаның 
буынынан. Зырлап аққан қара қан, Тыйылмайды жонның уақ тамырдан. Сақ етер тиді 
саныма, Сақсырым толды қаныма», – деген жыр жолдарында кӛшпенділер дәуіріндегі 
еліне жан жүрегімен берілген нағыз батыр жыраудың, ер ақынның бейнесі зерделенген. 
Доспамбет жырларында айшықты кӛркем теңеулер, сырлы суреттер, ӛрнекті ойлар, 
образды символдар кӛп кездеседі. Мысалы: «Туған айдай нұрланып, Дулыға кидім, 
ӛкінбен», – деген жолдарда жай ғана салыстыру, құбылыс мәнін ашу мақсат етілмеген. 
Бұл үзіндіде, керісінше, нақтылы зат, құбылысқа айқын ой, бедерлі бояу, маңызды мазмұн 
беру байқалады. Жырау толғауларында батырдың жорық пен майдандағы басты серігі – 
атпен жылқы маңызына ерекше мән берілген. Халқымыздың сол замандағы басты 
байлығының бірі, ер қанаты – жылқыны үстірт сӛзбен суреттемейді, керісінше, жауынгер 
жырау мінер арғымақты мінсе – кӛлік, шапса – тұлпар, ішсе – сусын ретінде қараған, ел 
тағдырымен етене құбылыс ретінде таныған. «Арыстандай екі бұтын алшайтып, Арғымақ 
мінген ӛкінбес... Торы тӛбел ат мініп, Той тойлаған ӛкінбес», – деген жыр жолдары осы 
ойды айқындай түседі. Қасиетті ӛзен Жайық бойы ежелден тұнған тарих болса, жауынгер 
жырау жырларында Жайық азаттық жолындағы күрес тарихының ұйтқысындай елес 
береді. «Айналайын Ақ Жайық, Ат салмай ӛтер күн қайда», – деген жыр жолдарындағы 
жорықтың асқақ үнді, ӛршіл рухты сарыны Ақ Жайық бейнесімен астасып, бейбіт 
күндерді аңсаған темірқазық іспетті. Мұның ӛзі жыраудың ерлікті дәріптеумен бірге 
бейбіт ӛмірді армандағанын білдіреді. Доспамбет шығармалары аздығына қарамастан 
ғұмырлы, қашан да мәңгілік. Оның толғаулары ӛзінің мән-маңызы, ішкі толғанысы 
жағынан алып діңгектер сияқты үлкен әлеуметтік жүк арқалап тұр. Жырау жырлары 
тарихтың талай аласапыран оқиғаларының арасында адасып жоғалып кетпей, бізге келіп 
жетті де, рухани бастаулардың қуатты кӛзі бола отырып, шығармашылығы мен 
күрескерлігі ӛзімен үндес XVIII ғасырдағы әдебиеттің ірі ӛкілі Ақтамберді мен XIX 
ғасырдағы ӛршіл рухты азамат ақын Махамбет поэзиясына және одан кейінгі бүкіл 
әдебиет дамуына игі әсерін тигізді. Жырау шығармаларының кеңінен тарап, дәстүрін 
дамытқан ортасы – қазақ ортасы. Доспамбет есімінің қазақ жыраулар поэзиясының 
кӛшбасшылары қатарында аталуы да осыған саяды. Қай шығарма болсын ӛз алдына жеке 
пайда болмайды, оны орта тудырады. Доспамбет шығармалары ноғай топырағында туып, 
қазақ ортасында дамыды. Сондықтан да жырау туындылары бүкіл әдебиетіміздің жемісі 
болып табылады, халықтың рухани күш-қуаты мен мәдени қарым-қабілетінің артуына 
орай кейінгі ұрпақ бұл ӛршіл де асқақ сезімге толы жыр жолдарынан біздің адамгершілік 
қайнар кӛзіміздің бастаулары мен ерлік рухын, кӛркем сӛз құдіретін танып ашады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет