Жұмыс бағдарламасы (Syllabus) 6В01717 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет13/32
Дата26.02.2023
өлшемі2,24 Mb.
#170169
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32
Байланысты:
umkd 2

 
Пайдаланылған әдебиеттер 
1.Мағауин М. Ғасырлар бедері. Алматы,1991. 
2. Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті. Зерттеулер. Алматы,1980.
3. Қазақ әдебиетінің тарихы. 3-4 том.
4. Жұмалиев Қ. ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. Алматы,1967. 
5. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы,1992.
6. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы,1973. 
7.Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы,1991. 
8.Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясы. А., 2001 
9.Мағауин М. Қобыз сарыны. А., 2003 
10.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. А., 1993 
12.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.ғ.). А., 1998 
12.Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. А., 1992 
13.ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы. А., 1982 
14.Ӛмірәлиев Қ. ХҮ-ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі. А., 1976. 


№3 дәріс
Тақырыбы
:
ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. Қазтуған Сүйіншіұлы 
Мақсаты
:
Қазтуған жыраудың ӛмірін, шығармашылығының зерттелуін толық 
игерту 
1. Қазтуған жыраудың ӛмірінен мәлімет 
2. Мұрат ақын, Мұрын жыраулар жырлаған «Қазтуған», «Қарға бойлы Қазтуған» 
атты толғау-поэмалары туралы 
3. Қазтуғанның нәзік лирик, әрі ірі эпик, жорық жырауы болғандығы 
4. Қазтуған жырларының маңызы 
5. Қиял байлығы, суреттеу шеберлігі, таза ұлттық рух, ұлттық тіл тазалығы 
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар
: Жырау, эпик ақын, шайыр, алдаспан. 
Дәріс мәтіні 
(тезис) 
Алтын Орда заманындағы ноғайлы-қазақ дәуірі әдебиетінің ірі ӛкілі - Қазтуған 
жырау. Ноғайлы аталып, артынан бір-бірінен бӛлініп кеткен түбі бір, тілі бір түркі тектес 
тайпалардың, шынтуайтқа келгенде, сол кезде жеке халық болып қалыптасқан 
қазақтардың бай әдебиеті, ақын-жыраулар поэзиясының бастауында тұрған үлкен эпик. 
Оның шығармалары бүгінгі уақытқа толық жеткен жоқ, кӛбі мүлде ұмыт қалса, қолда 
бары, баспа бетін кӛріп келе жатқандары үзінді күйінде ғана ақын мұрасынан азды-кӛпті 
мағлұмат береді. Қазтуған жыраудың ӛлеңдері алғаш рет Ғабдолла Мұштақ құрастырған 
«Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары» жинағында (Орынбор, 1912) 
жарияланса, кейіннен «Ертедегі әдебиет нұсқалары» (1967), «Алдаспан» (1971), «XV-
XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы» (1982), «Бес ғасыр жырлайды» (1984), «Ұлы арман» 
(1990), Ленинградтан тұнғыш рет орыс тілінде жарық кӛрген «Поэты Казахстана» (1978), 
«Поэты пяти веков» (Алматы, 1994) жинақтарында, «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» 
хрестоматиясында (1993) басылды. Жырау ӛмірі мен шығармашылығы туралы азды-кӛпті 
болсын С.Сейфуллин, М. Мағауин, Ә.Дербісәлин, Қ.Сыдиықов, X.Сүйіншәлиев, 
Ж.Тілепов сияқты белгілі әдебиеттанушы-ғалымдар қалам тербеді. Қазтуған XV ғасырда 
ӛмір сүрген ноғайлы батыры, би әрі ақын-жырауы екені анық. Алайда, ол туралы деректер 
ӛте жұтаң. Сол себепті де жоғарыда аталған ғалымдар жырау туралы азды-кӛпті жазды 
деуіміз де осыған саяды. 
Бұған дейін XIX ғасырдағы кӛрнекті қазақ ақыны Мұрат Мӛңкеұлының «Қазтуған» 
толғауында айтқандай, Қазтуған жыраудың қонысы «Жайықтың күнбатыс шетіндегі 
Нарын, Қабыршақты, Қаралау деген жерлер екен» деген жалғыз ғана мәліметке сүйеніп 
келдік. Жау жағадан алып, қысылтаяң кез туған шақта Қазтуған елін аман сақтап қалу 
мақсатында жұртты бастап Еділ, Жайықтан Қазақстанның күншығыс жағына ауған деседі. 
Оның басты себебі – талай құтты қоныс болған туған жердің жайсыз мекенге айналып, ел 
бірлігінің қожырай бастауынан болса керек. Ел қамын ойлап, халық мұңын жоқтаған 
Қазтуғандай жаужүрек батыр, қол бастаған басшы жұртын соңына ерте білді, елінің 
болашағын тереңнен толғанып, оны аман-есен сақтай алуды перзенттік парыз деп білді. 
Қазтуғанның ақындық қуатын танып, жыраулық жыр жолдарын биікке кӛтерген 
шығармалары санаулы ғана. «Алаң да алаң, алаң жұрт», «Бұдырайған екі шекелі», «Белгілі 
биік кӛк сеңгір» деп басталып, бүгінгі ұрпаққа сақталып жеткен үш жырының ӛзі оның 
үлкен эпик ақын болғанын дәлелдейді. Қазтуған жырларындағы шоқтығы биік шығарма – 
оның туған жермен қоштасу жыры. «Алаң да алаң, алаң жұрт, Ақала ордам қонған жұрт. 
Атамыз біздің бұ Сүйініш Күйеу болып барған жұрт, Анамыз біздің Бозтуған Келіншек 
болып түскен жұрт…» – деген, адамды елжіретер түйдек-түйдек сӛз тізбектері, жыр 
жолдары арқылы туған жерінен еріксіз үдере кӛшкен ел кӛрінісі кӛз алдымызға келеді. 
Қазтуғанның Еділ ӛзенін жағалап, Ақтұба, Бозан бойын жайлаған қазақ, ноғай 
тайпаларының рубасы, кӛсемі, қолбасшысы, әрі атақты батыры болғаны мардымсыз 
тарихи аңыздар арқылы белгілі. Осы қоштасу ӛлеңі оның XVғасырдың екінші 
жартысында ӛз қарамағындағы руларды бастап Еділден еріксіз ауып, Қазақ мемлекеті 


құрамына ӛткенінен сыр шертеді. «Салп-салпыншақ анау үш ӛзен, Салуалы менің ордам 
қонған жер, Жабағылы жас тайлақ Жардай атан болған жер»… Шиыршық атып, 
шымырқанған тебіреністен туған бұл теңеулер батыр жыраудың туған жерге сағынышын, 
шексіз махаббатын білдіріп, ақындық қиял ұшқырлығы мен ӛршіл романтикалық 
шығармашылық шеберлігін дәлелдей түседі. Қазтуған жырларында оның ақындық ерлігі 
мен шырқау биігін кӛрсетер тұс – ол жырды кім шығарғанын нақтылы дәлелдейтін. «Бұлт 
болған айды ашқан, Мұнар болған күнді ашқан, Мұсылман мен кәуірдің Арасын ӛтіп 
бұзып дінді ашқан, Сүйінішұлы Қазтуған», – деген жолдар арқылы қазақтың ноғайлы 
дәуіріндегі тӛл әдебиетінің жаңа белесінің бір қырын аңғартады. Ӛз шығармаларын 
ауызша шығарып таратқан Қазтуған сияқты дүлдүл жырау ӛз есімін жырларында ерекше 
атап ӛту арқылы авторлығына дау тудырмайтын амалды сол заманда-ақ білдіргендей. Бұл 
– сол кезде жеке жыраулардың, батырлардың сӛзі үлгісінде туғанноғайлы дәуіріндегі 
толғау ретіндегі ерлік, батырлық жырдың алғашқынұсқасы, яғни оған «қазіргі ноғай, 
қарақалпақ қазақ т.б. халықтардың тарихикезеңге, уақытқа телінген ауызекі поэзиясының 
үлгісі деп қарау керек».Соңғы жылдары осы мәселеге байланысты, қазақпен етене 
бауырлас, түбіде, тілі де бір ноғай, қарақалпақ халықтары әдебиеттанушы 
ғалымдарыныңзерттеулерінде Қазтуған жырау ӛз ұлтының ӛкілі, туған әдебиеті 
тарихындағы кӛрнекті тұлға ретінде бағаланып, дәріптеліп келеді, Бұл орайда 
Қазтуғанның «Алаң да алаң, алаң жұрт» толғауының ноғайлар арасына кең тараған 
нұсқалары «Ноғай жырлары» (Астрахан, 1912), «Шолпан» (Черкесск, 1969) жинақтарында 
жарияланып, «Ноғайлар» атты кӛлемді ғылыми зерттеуде ноғай әдебиетінің кӛрнекті ӛкілі 
ретінде жырау шығармашылығы арнайы сӛз болды. Сол сияқты, қарақалпақ ғалымы 
К.Мәмбетов ӛз зерттеуінде Қазтуған жырауды қарақалпақ әдебиетінің ірі ӛкілі ретінде 
қарастырады. Қазтуған – ноғайлы дәуірінен тілі де, ділі де, ұлттық, салт-дәстүрлері де бір 
болып келген қазақ, қарақалпақ ноғай халықтарына ортақ тұлға. Сол себепті де 
Қазтуғанды бауырлас осы үш ұлттың тӛл әдебиетінің бастауында тұрған ортақ ақын-
жырау ретінде бағаласақ ақылға сыяды. «Бұдырайған екі шекелі…» деп басталатын 
толғау-ӛлең – жыраудың ӛзіне дейінгі ақындық сӛз ӛнерінен алған үлгі-ӛнеге негізінде 
ӛмірге келген жыр. Кӛлемі жағынан аз ғана осы жыр үзіндісінің ӛзі Қазтуғаннан кейінгі 
ақындармен жыраулар шығармашылығына үлкен ықпал етті, нақыл, тақпақ, мақал-мәтел 
үлгісіндегі жыраудың терең толғанысты ой үрдістері қазақ поэзиясына үлкен таусылмас 
қазына 
болды.«Бұдырайған 
екі 
шекелі…» 
толғауы 
жыраулық 
поэзиядағы 
басқатолғаулардан 
оқшауланып 
тұратын 
кӛркемдік 
ӛзгешеліктерімен 
ерекшеленеді.Жырау ӛзін таныстыру монологы арқылы шағын толғауға қаймықпас қайсар 
«мұздай үлкен кӛбелі» батыр, «қойдың кӛсемі» іспетті елін соңына ерте білер басшы, 
халықты аузына қаратып, қара қылды қақ жарғызатын ділмар шешеннің жиынтық 
бейнесін сыйғыза білген. Мұның ӛзі жыраудың жай ғана қарапайым адам емес, жеке басы 
бірнеше ӛнерді меңгерген сегіз қырлы, бір сырлы жан екенін аңғартса керек. Осы 
толғаудағы «бұдырайған екі шекелі», «мұздай үлкен кӛбелі», «айдаса қойдың кӛсемі» 
және т. б. сӛз тіркестеріндегі ойнақы, асқақ теңеулер жырға шырай келтіріп, соны 
кӛркемдік ізденіс, тапқыр да айшықты ой иірімдерін байқатады. «Ұстаса қашағанның 
ұзын құрығы» деген бір жолдың ӛзі ғана кӛшпелі дала ӛмірін кӛз алдымызға әкеліп, 
буырқанған бұла күш иесіне теңеген кӛркемдік ерекшелікті аңғартады. «Буыршынның 
бұта шайнар азуы, Бидайықтың кӛл жайқаған жалғызы. Бұлт болған айды ашқан, Мұнар 
болған күнді ашқан, – деген осы толғаудағы кӛркем сӛз ӛрнегі кестеленген жыр жолдары 
– бейнесі ұлғая түскен метафоралардан құралып, үнемі үдей түскен кең үрдісті де күрделі 
эпитет жасайды. Сонау орта ғасырларда орныққан бұл кӛркем сӛз үлгілеріӛзінің сол 
қалпындағы нақышты қасиетін қазіргі қазақ поэзиясына дарытып, сақтап келгені Қазтуған 
жасаған ӛлең ӛрнектерінің ӛлместігін білдірсе керек. Қазтуғанның «Алаң да алаң, алан 
жұрт» деп басталатын толғауы да жыраулық поэзияның кӛркемдік қуаты жағынан шебер 
жасалған үлгілерінің бірі. Ақын шығармалары кӛлемі жағынан шағын болып келгенімен, 
негізгі тұспалдар ойы, ішкі мазмұнынан ерлік рухы, батырлыққа тән қасиеттер анық 


сезіліп, жыраулық поэзияның айшықты ерекшеліктерімен бедерленеді. Бұл жырларда бір 
ғана жырау атымен сақталып келген жыраулық үрдістегі поэзияның нағыз қаһармандық 
үні, жауға қарсы қаймықпас атой салған батырлық лебі басым. Шығармаларының 
мазмұндылығы мен әлеуметтік салмағы жағынан алғанда, «Қазтуған толғаулары қазақ 
халқының халық боп құрыла бастау тұсындағы жайлы қоныс, жақсы мекен іздеу 
мәселелерінің сол алыс замандағы жаңғырығы, поэзия ӛмірінде сақталған шағын 
ескерткіш үлгісі тәрізді кейінгі дәуірге жетті. Бұлар ӛз дәуірі мен шығарушысы жайында 
кішкентай болса да елес, ұғым бере алса, поэзия эволюциясындағы белгілі бір кезеңнің 
кӛркемдік дүниетанымы тарапында нышан таныта алса, ӛз міндетін артығымен 
орындағаны болып саналады». Қорыта айтқанда, Қазтуған Сүйінішұлы Сыпыра жырау 
негізін салған кӛнеден келе жатқан толғау жанрының дамуына үлкен үлес қосты, 
жауынгер ақынның дала поэзиясына тән ӛр рухты, дауылпаз үнді, асқақ қанатты сӛздерге 
толы, кӛркем тіркестерге бай жырлары қазақ әдебиеті тарихында ӛшпестей із қалдырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет