Жұмыс бағдарламасы (Syllabus) 6В01717 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет14/32
Дата26.02.2023
өлшемі2,24 Mb.
#170169
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32
Байланысты:
umkd 2
kalybaeva a oralbaeva n kazirgi kazak tilinin morfemalar zhu
 
Пайдаланылған әдебиеттер 
1. Мағауин М. Ғасырлар бедері. Алматы,1991. 
2. ХҮ-ХҮІІІ ғ.ғ қазақ поэзиясы. Алматы,1982.
3. Бес ғасыр жырлайды. 1-2 том. Алматы,1989.
4. Сүйіншалиев Х. ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. Алматы,1989.
5. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы,1973. 
6. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. А., 1993 
7. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.ғ.). А., 1998 
8. Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. А., 1992 
9. ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы. А., 1982 
10.Ӛмірәлиев Қ. ХҮ-ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі. А., 1976. 
№4 дәріс
Тақырыбы
:
Асан Қайғы шығармашылығы 
Мақсаты

Жырау Асан мен аңыздағы Асанның ара жігін ажыратып түсіндіру. 
1. Асан қайғының халық арасында әулие ретінде құрмет тұтылуы.
2. Асан және қазақ хандары. 
3. Асан туралы аңыздарға қысқаша шолу. 
4. Асан толғауларының кӛркемдік ерекшелігі, маңызы тәрбиелік орны. 
5. 
Асан қайғының шығармаларының зерттелуі жайлы. М.Әуезовтың, 
Ш.Уәлихановтың, Х.Сүйінішәлиевтіңт.б. ғалымдардың пікірлері. 
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар
: Жерұйық, аңыз, ноғайлы, шұрайлы жер.
Дәріс мәтіні 
(тезис) 
Асан Қайғының есімі қазақ сахарасының қай түкпірінде болмасын мәшһүр. Шежіре 
қарттардың Асан атын естімегені,оның бірер ауыз нақылын білмейтіні кемде-кем.Асан 
қайғының тағы бір ныспысы-Асан Ата,халық оны әулие тұтады,ерекше жаратылған жан 
деп есептейді.Асан жайындағы әңгімелер халық арасына кеңінен тараған.Тіпті,оған 
арналған эпикалық поэмалар да бар. 
Алайда,Асан бейнесін аңыз мұнары басқан.Оның ӛмірі жайында бізге жеткен 
деректер тым аз. 
Ел әңгімелері Асанның әкесінің аты-Саятшы Сәбит екен дейді.Қазақ тарихшысы 
Құрманғали Халитұлы «Тауарих хамса» атты кітабының айтуынша,Асан Қайғы-Шыңғыс 
ханның замандасы ұлан Майқы бидің алтыншы ұрпағы.Бұл-қазақтың кәдімгі «Түгел 
сӛздің түбі бір,түп атасы Майқы би» деген мақалындағы Майқы,Шыңғыс ханның 
тарихтан белгілі әскербасыларының бірі Үйсін Майқы. 
«Тауарих хамсаның» авторының «Асан Қайғыны кім деп білесіз?» деген сауалына 
Құдабай ақын мынадай жауап қайырыпты: 
Асанның асыл түбі ноғай деймін, 


Үлкендердің айтуы солай деймін, 
Бұл сӛзге анық қанық емес едім, 
Естігенім тақсыр-ау бұл-ай деймін. 
Тегінде ноғай,қазақ түбіміз бір, 
Алтай,Ертіс,Оралды қылған дүбір. 
Орманбет хан ордадан шыққан күнде 
Асан Ата қайғырып айтыпты жыр. 
Қазақ «Орманбет хан ӛлгенде,он сан ноғай бүлгенде» деп күй тартады. Халық 
аңыздарында 
қазақ-ноғайдың 
айырылуы 
Орманбет 
ханның 
есімімен 
байланыстырылады.Тіпті,Орманбет хан ӛлерінде айтқан екен деген бірер шумақ жыр да 
бар. 
Бұл Орманбетті қазақ шежіресі және кейбір зерттеушілер кәдімгі тарихтан белгілі 
Ұлұғ-Мұхамед хан деп тусінеді.Алтын Орда әміршілерінің бірі Ұлұғ-Мұхамед ХУ 
ғасырдың 20-жылдарында Сарайдан қуылып,Витовты паналаған да,кейінірек Қазанда 
хандық құрған.Біздің назар аударатынымыз-Асан ӛмірінің біраз уағы осы Ұлұғ-Мұхамед 
ханның тӛңірегінде ӛтуі.Асан Қайғының алдымен Сарайда,кейінірек Қазанда ханның оң 
тізесін басқан ықпалды бектердің бірі болғандығы байқалады. 
Бұдан соңғы жерде Асанды қазақ хандығында,Жәнібек ханның маңынан кӛреміз. 
Асанның нақты қай жылы,қай жерде ӛлгені белгісіз.Бір мәліметтерде Асан Ата 
қазіргі Ӛзбекстан жерінде,Жиделі Байсында дүние салды делінеді.Енді бір аңыздарға 
қарағанда Асан Ұлытаудың басында қайтыпты.Ал Шоқан Асанның зираты Ыстықкӛлдің 
маңында тұр деп жазады. Ақынның қанша жасағаны да мәлімсіз.Халық аңызында ол-кӛпті 
кӛрген кӛне.Бір аңызда Асан 95 жасқа келген қарт,енді бір аңызда оның жасы 120-да еді 
делінеді.Халық әңгімелерінде дана,ақылгӛй адамның қашан да тұғырдан таюға айналған 
ақсақалды қария етіліп кӛрсетілетіні мәлім,сондықтан мұндай деректерді нақты деп 
қабылдай беруге де болмайды.Алайда,Асанның шынында да ұзақ жасағанын 
байқаймыз:Жәнібек,Керейлермен бірге Шуға келерден бұрын Ұлұғ-Мұхамедтің 
ғұзырында жүрген кезінің ӛзінде ол егде тартып қалған адам.Соған қарағанда Асан 
Қайғының ӛмір сүрген дәуірі-ХУ ғасырдың іші. 
Тарихи Асан туралы біздің білетініміз осымен шектеледі.Алайда тағы бір Асан 
бар.Ол-халық қиялы тудырған аңыздар мен әңгімелердің геройы Асан. 
Ӛз заманының ой-санасына әсер еткен,биікте,асқарда тұрған жандар жайындағы 
жартылай шын,жартылай лақапқа құрылған әңгімелер ӛз кейіпкерінің тірі кезінде-ақ бой 
кӛрсете бастайды.Мұндай әңгімелер уақыт ӛткен сайын түрленіп,бара-бара аңызға 
айналып кетпек.Тиянағы-тарихи адам неғұрлым соқталы фигура болса,аңыздар да 
соғұрлым кӛп,әрі мазмұнды болуға тиіс. 
Асан Қайғы жайындағы толып жатқан аңыздардың нәр алған кӛзі-тарихи Асанның 
тірлігі мен кешкен ӛмірі.Алайда,біз білетін желмая мініп жер кезген данышпан қарттың 
шын Асанмен ортақ несі бар,тарихи Асан мен аңыз қаһарманы Асанның арасындағы 
қатыс қаншалық,бұлардың соңғысына қарап алғашқысының кейпін елестете аламыз ба 
деген мәселелерді шешу ӛте қиын.Әйткенмен,Мұхтар Әуезов айтқандай, «аңыз әңгіменің 
тарихтық адамды біржола ӛзіне ұқсамаған кейіпке түсіріп әкететіні болмайды...Әрбір аңыз 
әңгіменің негізінде тарихта болған адамның шын кескінінің түбегейлі ерекшеліктері 
жүреді». Сондықтан халық аңызы жасаған Асан Қайғының бейнесіне бажайлап 
қарасақ,белгілі дәрежеде тарихи Асанның кейпін кӛруіміз хақ. 
Жұрт санасынан орын алған Асан-халық бақытын,ел тыныштығын ойлаған дана 
қария. 
Ай ағамыз,ағамыз, 
Болдың бізге панамыз, 
Ноғайдың жетім-жесірін 
Қойдай айдап сен бақтың, 


Аш-арық болған ноғайға 
Пана болып,оларға 
Тамақ беріп жем таптың!- 
дейді ер Тоған Асан Қайғыға Мұрын жырау жырлаған «Қырымның қырық батырында». 
Қазақ даласына Асан Қайғы немесе Асан Ата жайындағы аңыз әңгімелер кеңінен 
тараған дедік.Бұл реттегі белгілі легенданың бірі-«Ежен хан мен Асан». 
Ертеде қазақ Ежен хан дегенге қарапты дейді аңыз.Тізесін бұрынғыдан да батыра 
түспекке сылтау іздеген Ежен халыққа:«Қорадағы биелерім құлын тастайды,айғырын 
кісінетпесін»,-деген жосықсыз талап қояды.Жұрт қысылғанда хан қаһарының бар 
тауқыметін кӛтеріп алмақ боп белсеніп шыққан-жас бала Асан болады.Бала қасына ерткен 
қырық мергеніне жолай кездезкен ауылдың иттерін атқыза беріпті.Алыстан келген 
елшілерді қабылдағанда Еженнің ең алдымен білгісі келгені осы содырлықтың себебі. 
Асан берген жауап мынау болады: «Жас кезімде қозы бағып жүргенде қозыма қасқыр 
шапты.Бар даусыммен айғайлап ойдың итін шақырдым,-келмеді,қырдың итін шақырдым,-
келмеді,қаланың итін шақырдым,-келмеді. Сонда бұдан былай ит біткенді қыра берермін 
деп ант ішіп едім».Ежен: «А,тентек шіркін,қазақтың мидай сары даласында жүріп 
айғайлаған даусыңды біздің қаланың иті қайдан естісін» депті.Бұған орай Асан бала: «Дат 
тақсыр,даладағы айғырдың даусын қаладағы бие естігенде,кісінің даусын ит естімеуші ме 
еді»,-дейді.Сӛзден тосылған хан тоқталыпты. Қалағаныңды ал дейді балаға.Бала 
халқының бостандығын сұраған екен, Ежен хан: «Бар,бердім қазақ деген жұртты,ӛзіңді 
хан сайладым»,-депті. 
Жаны таза,бала мінез кӛшпендінің санасы да балаңдықтан арылмаған: ұтымды 
айтылған бір ауыз сӛздің құдіретіне сенеді,қарадан шыққан жас бала даналығының 
арқасында хандыққа жетеді. 
Әңгіменің сюжеті-ертегілік.Алайда бұл хикаяның әлденеше нұсқасы барын 
ескерсек,оқиғаның 
Асан 
атымен 
байланыстырылуы 
кездейсоқ 
еместігін 
аңғарамыз.Әңгімеден жас кезінен-ақ халық бақытын ойлаған ел қамқоры Асан кӛрінеді. 
Асан жайындағы аңыздардың енді бір алуаны-оның қалайша Қайғы атануына 
байланысты. 
«Сенің талайыңа су перісінің әмірі су сұлтанының қызы несіп болайын деп тұр 
екен,-дейді бал аштырған жас Асанға балгер. -Тӛрт үлкен ӛзен бар: күн батыста Еділ, 
Жайық екі су,оңтүстікте ұзын аққан Сырдария,шығыста ӛр Ертіс. Бәріне де қармақ 
сал,бірінен болмаса бірінен ілінер».Перінің қызы Асанның қармағына Ертістің басынан 
ілініпті.»Адамзаттан ӛзге бӛлек түрі жоқ, сұлулықта міні жоқ,жалғыз-ақ айыбы-
сӛйлесерге тілі жоқ».Біраз тұрмыс құрған соң түсініспеушіліктің нәтижесінде шарттарын 
орындай алмаған себептіқыз Асанды тастап кӛкке ұшып кетеді.Ғашықтықтың азабынан 
Асан мұңды болып,сол себепті Қайғы атанған екен. 
Әрине,халық ұғымындағы Асанның қайғысының тӛркіні махаббаттан емес. Бұл бір 
зары адамды мұңға батырып, сарқылмас азапты ойдың тұңғиығына тартып кетер қаза күйі 
іспеттес нәрсе. Асан қайғысы-күнделікті ӛмірдің күйбеңі туғызған әдепкі,пенделік қайғы 
емес,адам атаулының қайғысынан мүлде ӛзгеше хал. Айтылмыш аңыздың бір нұсқасында 
Асанның ӛзінің асылы періден делінеді. Асан Қайғы шын әулие болса оның сүйегінде 
адамзаттық емес,құпия бірдеңе болуға тиіс. Тарихтан белгілі кейбір адамдардың халық 
аңыздарында нұрдан,нұр сәулесінен жаралған,немесе перінің қызынан туған болып 
кӛрсетілетіні де сондықтан. Асан қайғысының түп себебі перінің қызынан айрылудыңзары 
деп ұғыну да Асанды кӛтермелеудің, Асанға табынудың бір кӛрінісі, Асан қайғысының 
кәдімгі пенделік қайғы емес екендігін атап кӛрсетуге ұмтылудан туған құбылыс. 
Асанды кӛбіне хан қасынан кӛреміз. Оның бізге жеткен толғаулары түгел дерлік 
Әз-Жәнібек ханға арнай айтылған. Алайда, Асанды сарай ақыны деуге болмайды. Халық 
аңыздарында Асан Қайғы жайында «бұл қария қашан да ханға жағынбай, 
жарамсақтанбай тура сӛйлеуші еді» делінеді.
Бұл сӛздің ақиқаттығы Асан толғауларынан-ақ байқалады.


Ай хан, мен айтпасам білмейсің, 
Айтқаныма кӛнбейсің. 
Шабылып жатқан халқың бар, 
Аймағын кӛздеп кӛрмейсің, 
Қымыз ішіп қызарып, 
Мастанып қызып терлейсің, 
Ӛзіңнен басқа хан жоқтай 
Елеуреп неге сӛйлейсің, - [2, 60] 
дейді ол Жәнібек ханға.
Ханның елді ӛз бетімен билеп-тӛстеу, қаһары түскен адамын ӛлім жазасына кесу 
хақысынан айрылып, рубасы ақсақалдарсыз ешбір мәселені шеше алмайтын күйге жетуі – 
қазақ хандығының соңғы дәуіріне тән құбылыс. Ал Асан ӛмір сүрген заманда ханға 
жаңағыдай сӛйлеу кез келген шонжардың қолынан келер іс емес. Бұл – Асанның 
Асандығы ғана айтқызған сӛз.
Бұл жерде Асан – халық тілегінің жоқшысы. Асан мұңы – халық мұңы. Оның атына 
жалғанған Қайғы деген анықтама халық сүйіспеншілігінің белгісі іспеттес. «Таурих 
хамсаның» авторы ӛзі діндар Құрманғали Асанның «Қайғы» аталу себебін дінге тіремек 
болады. Бұл – халық санасындағы Асан бейнесімен қабыспайды. Асан қайғысы бақиды, 
ахирет жайын ойлағаннан туған қайғы емес. Асан мұңының тамыры тереңде. Оның 
негізінде халықтың сол кездегі тұрмыс-халіне жаны ашығандық, ӛмірге кӛңілі толмау бар. 
Асан қайғысы бүгінгі тіршіліктің, ертеңгі болашақтың қамын ойлағандықтан туған қайғы. 
Сондықтан да ӛз толғауларында ол үнемі халық атынан сӛйлейді.
Ата-мекеннен біржола безуге Асан тіпті де риза емес. Сондықтан Жәнібек, Керей 
хандардың Моғолстандағы Иса-Бұға ханға беттеп кӛшкен ұзақ сапар жүрісі Асанға мәнсіз 
де, қажетсіз де кӛрінеді. «Нәлет біздің жүріске!» - дейді ыза болған ақын. Елін қимаған 
ақын артта қалып бара жатқан қоныстардың артықшылығын айтып босқан жұртты 
қайырып, Жәнібек кӛшін тоқтатпақ болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет